Зерттеу жұмысының тақырыбы: Йогурттың пайдасы

Конкурсы
Мақсаты:Йогурттың шығу тарихы және оның адам ағзасына тигізер пайдасы жайлы зерттеу жүргізу Міндеттері: Йогурттың шығу тарихын зерттеу Йогурттың пайдасы туралы мәліметтер жинақтау Жинақталған мәліметтерді көпшілікке жариялау Пайдалы кеңестер беру Болжам:Егер йогурттың адам ағзасына тигізер пайдасын зерттесем, онда йогуртты зиянды дейтін көзқарасты жояр едім. Жобаныңмаңыздылығы,жаңашылдығы: Йогурт балалардың сүйікті асының бірі.Көптеген ата-аналар йогурт туралы жағымсыз жалған ақпараттарға сенеді де, балалардың оны қолдануына шектеу қояды. Ал йогурт адам ағзасына пайдалы тағам, оны сусын ретінде адамдар өте ерте заманнан бері пайдаланған. Жоба барысында қолданылған әдістер: бақылау, сауалнама алу, эксперимент жасау.
Батырбекова Хадича Сынасаповна
Содержимое публикации

10


Зерттеу жұмысының тақырыбы: Йогурттың пайдасы

Жобаны дайындаған: Берікбай Ақниет

3 «А» сынып оқушысы

Жоба жетекшісі:

Батырбекова Хадича Сынасаповна

Мақсаты:Йогурттыңшығутарихыжәнеоныңадамағзасынатигізерпайдасыжайлызерттеужүргізу

Міндеттері:

Йогурттыңшығутарихынзерттеу

Йогурттың пайдасы туралы мәліметтер жинақтау

Жинақталғанмәліметтердікөпшіліккежариялау

Пайдалыкеңестер беру

Болжам:Егер йогурттың адам ағзасына тигізер пайдасын зерттесем, онда йогуртты зиянды дейтін көзқарасты жояр едім.

Жобаныңмаңыздылығы,жаңашылдығы:Йогурт балалардың сүйікті асының бірі.Көптеген ата-аналар йогурт туралы жағымсыз жалған ақпараттарға сенеді де, балалардың оны қолдануына шектеу қояды. Ал йогурт адам ағзасына пайдалы тағам, оны сусын ретінде адамдар өте ерте заманнан бері пайдаланған.

Жоба барысында қолданылған әдістер: бақылау, сауалнама алу, эксперимент жасау.

Йогурттың шығу тарихы

«Йогурт» сөзі түрік тілінен аударғанда «қоюланған» деген мағынаны білдіреді. Скифтер және көшпелі халықтардың көпшілігі (оның ішінде қазақтар да ) сүтті теріден жасалған ыдыстарға құйып, түйе, жылқы, есекпен алыс мекендерге тасығаны белгілі. Ауадан және мал жүнінен сүтке пайдалы бактериялар түсіп, күннің ыстығынан сүт аши бастаған, мал қоңында үнемі шайқалып отырғандықтан сүт ұйып, бұзылмай , көпке дейін өзінің пайдалы қасиеттерін сақтайтын сусынға айналған. Бұл сусын жайлы тұңғыш рет «Нақты тарих» шығармасында Плиний Үлкен «Скифтер сүтті ұйытып,одан

қышқыл да, ерекше дәмді сусын дайындай алады» ,- деп жазған. Олардың оны ішу үшін оған су араластырғанын , ал тамақ үшін оны сүзіп ірімшік тәрізді ас дайындағандарын айтқан,яғни сөз құрт жайлы болып отырғыны белгілі.

Йогурттың Отаны— Балқан аралы, нақты Фракия жері.

Тағы бір ақпарат көздеріне сүйенсек , йогуртке ұқсас сусынды көне балқарлар жылқы сүті “қымыздан” дайындаған деседі.Кейін осы , балқарлар қой асырап, қой сүтінен айран жасаған.

Ал Европада король Людовик он біріншінің асқазаны қатты ауырады, оған бір емші түрік «айран-йогуртын» әкеліп береді.Айран ішкен корольдің ауруы басылады. Осыдан соң король емдік қасиеті бар сусын жайлы ақпарат таратқан екен.

Алғаш рет ашыған сүт-айран, йогурт жайын зерттеген болгар студенті Стамен. 36 елдегі адам жасының шекті деңгейін анықтауға байланысты мәліметтер жинаған ол, яғни болгарлардың 1000-нан 4-і жүз жасаған адамдар екенін анықтаған.

Ғалым Мечников Стаменнің еңбегін жете зерттеп, ашыған сүттің адам ағзасына өте пайдалы екенін анықтаған.Өзі өмірінің соңына дейін күнделікті айранды, яғни йогуртты ішіп отырған.

Йогурт Европада ХХ ғасырдың бірінші жартысында Данон компаниясының арқасында танымал бола бастады.Олардың дайындаған сусындары йогурттың бастапқы қалпынан өзгеше болды, сондықтан да олардың дайындаған өнімдері «йогурт тектес сусындар» болып аталды.

Йогурт ССРО –да (СССР) 1920 жылдан бастап дәріханаларда емдік сусын ретінде сатылды.1980 жылдары жемісті айрандар шығара бастады, оның сыртына “жемісті йогурт” деген жапсырмалар жабыстырылды.

Нағыз йогурт таза сүтпен ,адам ағзасына пайдалы бактерияларға бай айран ұйытқысынан тұрады.

Йогурт дегеніміз-құрамында термофильді ашыған сүт стрептококгы мен «болгар ашыған сүт таяқшалары» бар, майы алынған сүттен жасалған қою ұйыған сүт.

Йогурттың пайдасы

Йогурт жайлы не білесіз?

Сауалнама қорытындысы

Йогуртты жеп көрдіңіз бе? деген сауалға сұралған 16 оқушы “ия” деп жауап берді.

Йогурт зиянды ма? деген сауалға 8 оқушы “ия” деп жауап берді.

Йогурт пайдалы ма? деген сауалға 8 оқушы “ия” деп жауап берді.

Сауалнаманың осындай теңбе-тең жауабына сәйкес , аталған тақырыптағы жобаны жазуым керек деп шештім.

Үй ішіндегі отбасы мүщелерінің йогуртты қолдану жиілігін анықтап, бақылау жүргіздім. Егерде тамақ алдында айранды ішсең тамақты шектен тыс жей беруге құлқың болмайды, яғни адамға тойымдылық сезімін туғызады. Тамақтан кейін жатар алдында ішсең, ұйқың тыныш болады екен. Бұны атам мен әжемнің «жақсы ұйықтадым» деген сөздерінен кейін осындай қоытындыға келдім.

Ал анам йогуртты жиі қолданғаннан бері бет әлпетінің түзеліп, тегістеліп, шырайлана түскенін айтты.

Әкем йогуртты күнделікті ішіп жүргеннен бері қарнының бұрынғыдай қатты ашықпайтынын , қарны ашқан кезде йогурт ішсе бірден қанағаттану сезімінің пайда болатынын айтты.Бұл жұмыстар күнделікті бақылау жүргізіп, йогуртты ұмытпай жиі қолдануға байланысты жүргізген экпериментімнің арқасына белгілі болды. Отбасымызбен жергілікті «Рен- Милк» және «Нәтиже» өнімдерін пайдаланғанымызды айтқым келеді.

Пайдалы кеңестер:

-Йогурт қорабыныңсыртындағыжазудыкөңілқойыпоқыңыз,ондатіріөнімдердің саны жәнежарамдылықмерзімікөрсетіледі.Жаңаұйытылғанйогурттыңпайдасыекіесекөп.

- Сүйекжасушалары мен иммунитеттіңжақсаруыүшіндағдылыйогуртпенқатартәттіжәнежемістійогурттыңтигізерәсерікүшті. Еңбастысы йогурте тірі және маңызды бактериялардың болуы. Ескертетін жағдай егер сіз өз салмағыңызды қалыпта ұстағыңыз келсе тәтті йогурттен гөрі дәстүрлі йогуртты ішкен жақсы Ең жақсы шешім ол дәстүрлі йогуртке жеміс шырынын немесе ұсақталған жеміс- жидектерді қосып қолдану.

- Йогуртты қосып тағам пісіруге тыйым жоқ, бірақ бірескеретін жәй йогуртты қыздырғанда ол өзініңк өптеген пайдалы қасиеттерін жояды.

Қорытынды

Осы жобаны жазудағы мақсатым йогурттың шығу тарихын және оныңадам ағзасына тигізер пайдасы жайлы зерттеу жүргізу болатын. Жобаны жазып біткен соң, он сыныптағы оқушылармен олардың ата-аналарына оқып бердім. Оқушылар мен ата-аналар мұндағы мәліметтермен таныс болды және йогуртты йде дайындау әдістері жайлы мағұлыма талды.

Қорыта келгенде менің жобамның мақсаты орындалды, йогурттың пайдасы жайлы өзімді қоршаған таныстарыма жария ете алдым. Таныстарым өз таныстарына менің мәліметтерімді жеткізетініне сенемін.

Түркістан облысы. Жетісай ауданы

«М.Мақатаев атындағы №47 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Секциясы:Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы

Жобаның атауы:Йогурттың пайдасы

Авторы:Берікбай Ақниет Ерболқызы

3-сынып оқушысы.

Жетекшісі:Батырбекова Хадича Сынасаповна

«М.Мақатаев атындағы №47

жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің

3 «А» сынып оқушысы

Берікбай Ақниеттің

«Йогурттың пайдасы » тақырыбында

жазған жобасына

пікір.

3 «А» сынып оқушысы Берікбай Ақниеттің «Йогурттың пайдасы » тақырыбында жазған жобасын оқып , таныса келе жобаның заман талабына сай маңыздылығы зор екенін түсінуге болады. Себебі қазір йогурттың дәмін татып көрмеген бірде-бір бала жоқ шығар, йогурт- балалардың сүйікті тағамдарының бірі. Әрине қай нәрсе болмасын шектен тыс қолдансаң зиянды, сондықтан да йогуртты да шектен тыс көп ішуге болмайды.

Жобамен танысқан соң йогурттың арғы тегі айран екені белгілі болып тұр, ал айранның адам ағзасы үшін пайдасы зор екенін екінің бірі біледі.Айгерім йогурттың адам ағзасына тигізер пайдасын анықтап, оны қарапайым тілмен жеткізе алған.Оған әліде осы тақырыпты кеңірек зерттеу ұсынылады, келешекте Қазақстандағы қолданыстағы барлық йогурттардың маркасын жазып, олардың қайсысы адам ағзасына пайдалы, ал қайсысының сапасы төмен екенін анықтаса деген ұсыныс қосар едім.

Ақниеттің осы тақырыпты таңдауының да жайдан-жай емес екенін түсіндік, яғни йогурт туралы керітартпа пікірлерді жою мақсаты болғанын анық түсінідім.Қазіргі заманда семіздік мәселесі кең етек жайып келе жатқаны белгілі, оған жартылай піскен фасфудтар, фри картоптары, бутербродтар т.б осы сияқты тағам түрлерін үнемі қодану себеп болып отыр.Ал йогурт адам ағзасына пайдасын тигізіп, холестериндерді жоюға, тәбетті ашуға, иммундық жүйені қалыпқа келтіруге септігін тигізетінін ұмытпаған жөн.

Ақниетке өз жұмысын бұдан да көп қауымға кеңінен таныстыруын ұсынамын.

Пікір жазған : Батырбекова Х.С.

«М.Мақатаев атындағы №47 жалпы

білім беретін мектеп» КММ-нің

3 «А» сынып оқушысы

Берікбай Ақниеттің

«Йогурттың пайдасы » тақырыбында

жазған жобасы бойынша жүргізген

зерттеу журналы

Мерзімі

Жүргізілген жұмыс түрі

Жетекші қолы

02.09.2024

Журналдың басталған күні.

03.09.2024

Жобаның тақырыбын анықтау

05.09.2024

Сынып оқушыларынан «Йогурттың пайдасы » тақырыбында сауалнама алу үшін дайындық. Сауалнама бойынша құрастырылған 3 сұрақ:

1.Йогуртты жеп көрдің бе?

2.Йогурттың пайдалы сусын ба?

3.Йогуртты зиянды деп ойлайсың ба?

12.09.2024

Оқушылардын саулнама алу.

13.09.2024

Сауалнама нәтижесін шығару.

19.09.2024

Жобаның мақсатын,міндеттерін, болжамын құрастыру.

26.09.2024

Отбасының йогуртты жиі қолдану барысын бақылауға алу.

30.09.2024

Жиналған материалдарды саралау.Қажетті мәліметтерді тізімге алу.

04.10.2024

Жобаның алғашқы нұсқасын жазуды бастадық.

11.10.2024

Йогурттың пайдасы жайлы диаграмма құрастырдым.

18.10.2024

Жобаның теориялық бөлімімен сынып оқушыларын таныстырдым,қызықты жайттармен бөлістім.

25.10.2024

Отбасындағы жүргізілген экперимент қорытындысын, нәтижесін отбасымен бірге талқылап,жетекшіге баяндадым.

8.11.2024

Жобаның презентациясын құрастыруды бастадық.

15.11.2024

Дайын жобамен сынып оқушылар арасында оқып, талқыға салдық.

22.11.2024

Сынып ата-аналары алдында өз жобамды оқып шықтым.Ата-аналар пікірін тыңдап,қорытынды жасадым.

29.11.2024

Жобаны қорғауға дайындық жұмысы.

Аннотация

Бұл жоба йогурттың шығу тарихын және оныңадамағзасына тигізер пайдасы жайлы зерттеу жүргізу жұмысы жайлы.

Йогурт балалардың сүйікті асының бірі.Көптеген ата-аналар йогурт туралы жағымсыз жалған ақпараттарға сенеді де, балалардың оны қолдануына шектеу қояды. Ал йогурт адам ағзасына пайдалы тағам, оны сусын ретінде адамдар өте ерте заманнан бері пайдаланған.

Комментировать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ бесплатно!
Подробнее
Также Вас может заинтересовать
Конкурсы для детей
Конкурсы по для дошкольников «Экологический КВН « Зимушка-зима!»»
Конкурсы для детей
Конкурсы для детей
Конкурсы для детей
Комментарии
Добавить
публикацию
После добавления публикации на сайт, в личном кабинете вы сможете скачать бесплатно свидетельство и справку о публикации в СМИ.
Cвидетельство о публикации сразу
Получите свидетельство бесплатно сразу после добавления публикации.
Подробнее
Свидетельство за распространение педагогического опыта
Опубликует не менее 15 материалов и скачайте бесплатно.
Подробнее
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и скачайте рецензию бесплатно.
Подробнее
Свидетельство участника экспертной комиссии
Стать экспертом и скачать свидетельство бесплатно.
Подробнее
Помощь