Деңгейлік тапсырмаларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру

Оценка знаний
Это хороший материал для молодого специалистам.Для тех кто начинает работа с нулевого опыта
Құрманәлі Гүлдана Қуантқанқызы
Содержимое публикации

Аңдатпа

Білім – ортаны, қоғамды әлеуметтік- мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана.

Олай болса, зерттеудің ортақ тақырыбы:«Деңгейлік тапсырмаларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру» деп таңдалып алынды.

Зерттеу мақсатыДеңгейлік тапсырмаларды реттілікпен қолдану барысында химия сабағында оқушылардың ой-өрісін, белсенділігін дамытудың көрсеткіштерін анықтап, əдістемесін жасау.

Зерттеудің міндеттері:

деңгейлік тапсырмаларды химия сабағында тиімді қолданудың теориялық негізін жаңашыл жағдайда қалыптастыру;

теорияда алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алатындай, тəжірибе түрінде эксперимент көмегімен дамыту;

тиімді ұсынылған тапсырмалар көмегімен оқушылар белсенділігін арттырудың көрсеткіштері негізінде əдістеме құрастыру.

Зерттеу болжамы: сабақ зерттеу мақсатына сай тиімді ұйымдастырумен жүргізілетін болса, оқушының

-пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігі артып,білімділік пен біліктілік деңгейі жетілген, әлемнің дамыған білім кеңістігіне ену талабына сай дағдылары қалыптасады.

Зерттеу əдістері:

-педагогикалық зерттеу тәжірибесі мен бақылау сауалнамалары

-зерттеу мәселесі бойынша психодиагностикалық, педагогикалық əдістемелік

əдебиеттерге анализ;

-алдыңғы қатарлы педагогикалық еңбектер мен тəжірибелерге сүйену;

Зерттеудiң ғылыми жаңалығы мен теориялық мəні:

-зерттеудің негізінде деңгейлік тапсырмаларды тиімді ұйымдастыра білген сабақтар негізінде оқушының пəнге деген қызығушылығын арттырудың теориялық мəні айқындалды;

-тиімді деңгейлік тапсырмалар оқушылардың оқу-белсенділігін арттырып, білім деңгейін көтеретіні дəлелденді, осының нәтижесінде қорытынды жасалынып, шығарылды.

Аннотация

Говоря о ценностях образования, необходимо рассмотреть её ценность для личности и для общества. Ценность образования для общества отражает коллективную, групповую значимость этого культурного феномена, и в советский период отечественного образования именно она выступала во многих педагогических концепциях на первый план.

Таким образом, общая тема исследования была выбрана: «Повышение познавательной активности учащихся через использование уровневых заданий».

Цель исследования: Разработка методики и определение показателей развития активности учащихся на уроках химии при последовательном применении уровневых заданий.

Гипотеза исследования: если урок проводится с эффективной организацией в соответствии с целями исследования

-возрастает интерес и активность к предмету, совершенствуется уровень образованности и квалификации, формируются навыки, отвечающие требованиям вхождения в развитое образовательное пространство мира.

Методы исследования:

- опыт педагогического исследования и контрольные анкеты

- психодиагностические, педагогические методические рекомендации по проблемам исследования;

анализ литературы;

- опираться на передовые педагогические труды и опыты;

Научная новизна и теоретическое значение исследования:

-на основе исследования выявлена теоретическая значимость повышения интереса учащихся к предмету на основе уроков, которые способны эффективно организовать уровневые задания.;

Annotation

Education is a powerful weapon that you can use for saving theworld or a country or a human being. 

In a knowledge economy, education is the new currency by which nations maintain economic competitiveness and global prosperity.

The General theme of the study has chosen: "Increasing the cognitive activity of students through the use of level tasks".

Purpose of research. Development of methods and determination of indicators of development of students ' activity in chemistry lessons with consistent application of level tasks.

Research objectives:

-formation of theoretical foundations for effective use of level tasks in chemistry lessons in modern conditions;

-development of the obtained knowledge in theory by means of an experiment in the form of an experiment that allows applying the obtained knowledge in everyday life;

-development of a methodology based on indicators of activation of students with the help of effectively proposed tasks.

Research forecast:if the lesson is conducted with an effective organization in accordance by the research goals:

-increasing interest and activity in the subject, improving the level of education and qualifications, forming skills that meet the requirements of entering the developed educational space of the world.

Research methods:

- pedagogical research experience and control questionnaires

- psychodiagnostic, educational methodical recommendations on the study;

analysis of the literature;

- rely on advanced pedagogical works and experiments;

Scientific novelty and theoretical significance of the research:

-based on the research, the theoretical significance of increasing students ' interest in the subject is revealed based on lessons that are able to effectively organize level tasks.;

-it has been proved that effective level tasks increase the level of knowledge of students, as a result of which the results were summed up and summed up.

«Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты» деген Ә.Жүнісбектің пікірін ерекше атауға болады [1].

Оқушының алатын негізгі білімдерінің сапасы олардыоқыту дәрежесіне тікелей тәуелді. Сондай-ақ, жаңашылдық енген қазіргі қоғамда бала санасына әртүрлі өзгерістер түрліше әсер етері сөзсіз. Десе де, қоғамға пайдасын тигізер жеке тұлғаны қалыптастыру мен өркениетті ел қатарына қосылатындай ұрпақтарды сапалы білім мен саналы тәрбиелеу, жаңа инновациялық технологиялар негізінде оқытуды қажет етеді.

Білім сапасы- өте маңызды мəселе, сондықтан оқу-тəрбие жұмысын үйлесімді ұйымдастыру мұғалімнің оқыту әдістерін таңдаудағы шеберлігіне, оқыту əдістерін таңдауына, жаңашыл идеяларына, шығармашылығына және талабына байланысты болады. Сондай-ақ, оқушылардың сұранысы мен бейімділігін, қызығушылығын дамыту үшін жұптық, топтық және жеке жұмыстарды тиімді ұйымдастырудың рөлі ерекше.

Мектебімізде сапалы білім беруде мұғалімдердің алға қойып отырған мақсат-міндеттерінің бірі-оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы инновациялық технологияларды меңгеру. Тиісінше, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамыту, оқыту мен оқуды жетілдірудің тәсілі ретінде Action Research, Lesson Study, т.б әдістері қолданылады. Соның ішінде әріптестермен бірлескен пәндік-әдістемелік отырысында Lesson Study-дің зерттеу топтары ішінара пәндік топтарға бөлінген болатын. Зерттеу тобы оқытушылар мен оқушылардың білімін жетілдіруде бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі әріптестерден құрылды. Топтық талқылау барысында әріптестер бүгінгі күндегі ортақ мәселе: «химия пәнін оқитын оқушылардың оқу құзіреттілігін қалай және қаншалықты арттыра аламыз» деген мәселені көтерді. Әр түрлі көзқарастарды қалыптастыруда кәсіби даму мақсаттарымыз бойынша, үш адамнан құралған топ құрастырылды. Топтық құрамадағы мұғалімдер: Құрманәлі Г.Қ, Апиева Қ.Е, Габбасова Р.Р болды. Одан әрі іс-әрекеттер жоспары құрылып, ортақ зерттеу тақырыбын анықтауда әріптесіміз Разхан Х шеберлік сыныбын өткізді.

Қазіргі жағдайда оқу мен оқытудың түрлі әдістерін қолдану барысында оқушының қабілеті мен танымдық дағдыларын қалыптастыруға болады. Десе де, мұғалім ұсынатын әрбір әдіс-тәсілдің сабақтың кезең-кезеңіне дұрыс реттілікпен қойылуының өзі оқушының түбегейлі өзгеруіне себепші болары анық. Осының негізінде оқушы бойындағы жеткіліксіз дағды ретінде оның белсенділігін көтеру, зерттеу тақырыбын таңдауға негіз болып, оның көкейкестілігіне көңіл аудартты. Сондықтан да осы айтылған қарама-қайшылықты ғылыми-теориялық тұрғыдан шешу, оның педагогикалық-əдістемелік мүмкіндігін ашу қажеттігі ғылыми зерттеуіміздің тақырыбын «Деңгейлік тапсырмалар арқылы химия сабақтарында оқушы белсенділігін арттыру» деп алуға себеп болды.

Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі — қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сəйкес өзге адамдармен қарым-қатынас жасау белсенділігінің түрі өзгеріп отырады. [2].Себебі, мұғалімнің оқушыға, оқушының өзіне және достарына қоятын талабы, бір-біріне көмектесуі, ұйымдастырушылық іскерліктің дамуы барлығы оқы белсенділігіне әсер етеді.Бұл турасында дидактиктер — В.Ф.Шмаргун, Л.П.Аристова, Н.А.Плотникова, Р.А.Низамовтың еңбектерінде түрлі-түрлі бағытта түсіндіріледі[3]. Дегенмен,баланың оқығысы келуі үшін қалай, не істеу керек?деген сұраққа үнемі жауап іздеумен келеміз.  Н.П.Гузиктің көзқарасында, білім шығармашылық арқылы жүзеге асырылады [4], ал В.Ф.Шаталовта əуелі білім, сонан соң шығармашылық [5], Е.Н.Ильин сыныпта барлық ұжымның шығармашылықпен жұмыс жасауына қолайлы атмосфера тудырып, əр баланың пікірін тыңдауға көңіл бөледі [6]. Оқытудың белсенді əдістері дегеніміз — оқушының таным белсенділігі дəрежесін барынша көтеретін, талпына оқуға жетелейтін əдістер. Осы əдістермен жүргізілген сабақтар кезінде сынып оқушылары түгел қарқынды, қызығушылық жəне ерікпен ойлана отырып тыңдайды, бақылайды, оқиды, еңбек етеді.

Әрине, бұл сұрақтың төңірегінде зерттеу жүргізуде Апиева К.Е ның «Химиялық реакция жылдамдығы», «Ерітінді. Ерігіштік» және «Металдар мен құймалар» бойынша сабағына ену кезінде оқушымен өзара қарым-қатынас кезінде оқушылардың тек білім деңгейіне ғана емес, жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды ұсынуы да айқындалып тұрды. Оқушылардың оқу əрекетінде жоғары деңгейдегі дербестігін анық байқауға болады. Бұлайша дербестік сыйлау- оқушы белсенділігінің артуына тікелей себепші болады. «Тіл-қатынас құралы» демекші, оқушыны диалогтік қатынасқа жиірек тарту арқылы белсенділігін көтере білді. Сол сияқты Габбасова Р.Р өз кезегінде «Металдардың химиялық қасиеттері», «Ертінділер мен ерігіштік» секілді сабақтарында оқушылардың белсенділігін дамытуда түрлі кестелер мен графиктік суреттер ұсыну арқылы жұптық жұмыстар ішінде талдау, бағалау жұмыстарын жасатып, алғашқы сабақтарынан гөрі соңғы сабақтарында оқушының ашылып, белсене тақтаға шығып, ойларын ашық жеткізуінен байқатты. Одан әрі өзімнің сабақтарымда «Металдардың сумен рекциясы», «Металдардың әртүрлі қышқылдармен реакциясы , «Металдардың тұздармен реакциясы» және «Металдардың белсенділік қатары» тақырыптары тізбектелген сабақтар бойынша зерттеу жүргізгенімізде алғашқы кезеңде сыныптағы ұяң, өз ойын ашық жеткізуге қысылатын, топтық жұмыстар кезінде енжарлық танытатын, сонымен қатар белсенділігі жоғары оқушылардың «мендік» жүйесі жоғары болғанын көріп, оқушыларды бақылауға ала отырып, зерттеуді бастадық. Оқушылардың теориялық білімі металдардың белсенділік қатарын құрумен басталса, оқушылар оларды сумен, тұздармен және қышқылдармен реакциясын эксперименттік тұрғыда қарау барысында көз жеткізіп, өздері құрған металдардың белсенділік қатарын салыстыра отырып, қызығушылықтары арта түсті. Кей оқушылар өздеріне таныс кей металдарды одан әрі тану үшін жеке қасиеттеріне зерттеу жүргізу мақсатында қосымша тапсырмалар алып жатты. Әрине, оқушының осындай еңбегінің жемістілігі мен ізденімпаздығы оның белсенділігінің артқанын білдіреді.

Қарастыратын сабақтың өтуін жоспарлауда оқушының жаңа тақырып туралы не білетіндігі анықталынады, себебі бұл әрекет те белсенділігінің артуына әсер етеді. Бұд қызығушылығын арттыру бөлімі. Одан әрі оқушы жаңа ақпаратты алдыңғы білімімен ұштастыра түседі, демек мағынаны ажырату бөлімі.Алған жаңа білімдерін ортаға салып, топта не жұпта өз пікірлерін жаңа ақпаратқа сәйкес бөліседі,ой толаныс бөлімі, яғни еркін сөйлеу, пікірталаста ашық ойын жеткізу сияқты дағдылар өздеріне деген сенімсіздікті жойып, аз ойлары болса да ортаға еркін айтуға жетелейді, оқу белсенділіктері дами түседі. Әрбір сабақ жоспарына бірлесе кірісіп, сабақтарды соңына дейін талдау жасап, келесі сабақтар үшін қадағалау керек мәселелерді басты назарға қойып отырдық.

  Орыс жазушысы Л.Н.Толстойдың адамның жеке дамуын жеміс ағашының өсуімен салыстыра отырып бақылауы тегін емес. Себебі, шын мәнінде жеміс ағашына адам бағбан ретінде әсер етіп, қарамаса ол өздігінен өспейтін еді. Осылайша адам оның топырағын қопсытады, тыңайтқыштар себеді, артық бұтақтарын кеседі, яғни жалпы жағдайларын жасап, оған күш, қуат, дем береді. Осының нәтижесінде оның ішкі дүниесі де керемет үйлесімде үндестік табары сөзсіз деп сөзімді аяқтағым келеді.

Əдебиеттер:

«Жаңа технология негізі сапалы білім» Қазақстан мектебі №4 [1].

Жаңабаева Р.А., Шалғынбаева Қ.Қ. Қазіргі жағдайда оқушының танымдық əрекетін белсендірудің əдіс-тəсілдері. —Алматы, 2003.

Выготский А.С. Игра и ее роль в психическом развитии ребенка // Вопросы психологии. — 1966. — №5

Гузик Н.П. Учись учиться. — М.: Просвещение,

Шаталов В.Ф. Куда и как исчезли тройки. — М.: Педагогика.

Ильин Е.Н. Герой нашего урока. — М.: Педагогика.

Комментировать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ бесплатно!
Подробнее
Также Вас может заинтересовать
Комментарии
Добавить
публикацию
После добавления публикации на сайт, в личном кабинете вы сможете скачать бесплатно свидетельство и справку о публикации в СМИ.
Cвидетельство о публикации сразу
Получите свидетельство бесплатно сразу после добавления публикации.
Подробнее
Свидетельство за распространение педагогического опыта
Опубликует не менее 15 материалов и скачайте бесплатно.
Подробнее
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и скачайте рецензию бесплатно.
Подробнее
Свидетельство участника экспертной комиссии
Стать экспертом и скачать свидетельство бесплатно.
Подробнее
Помощь