Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Абай облысы білім басқармасы«Көлік колледжі» КМҚК
КГКП «Колледж транспорта» управления образованияобласти Абай
Сыныптан тыс жұмыс
физикапәні бойынша
Тақырыбы:«Ғажайып физика»
Дайындаған: Дюсупова М.Т.
Жалпы білім беру пәндерінің
комиссиясымен құпталды
«___» ________ 2022 ж.
Хаттама № ______
Циклды комиссияның
төрайымы _____ Слямова А.Т.
Семей қаласы 2022-2023 оқу жылы
г.Семей 2022-2023 учебный год
Тақырыбы: «Ғажайып физика» интеллектуалды танымдық сайысы.
Мақсаты:студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру, топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.
Көрнекілігі: Слайд, конверт, кубик, плакат
Ойын шарты:
«Қара мысық» түссе жолыңыздың болмағаны, ойын кезегі келесі топқа беріледі.
«От» келсе, жинаған ұпайларыңыздың 20 ұпайы күйіп кетеді.
«Лотерея билеті»- керісінше 20 ұпай сыйлыққа беріледі.
«Қамалға» келсеңіз, қиын есепке ие боласыз. Ол арнайы сұрақ болады.
«Өрмекші торына» туссеңіз, көрермендер сұрағына ие боласыз. Сұрақтың
дұрыс жауабын таппаса, тордан шыға алмайды.
Жоспары:
Таныстыру (топ аты, ұраны)
«Жанды сұрақтар»
«Бір әріпке бірнеше жауап»
«Сөз таразысы»
Барысы:
Жүргізуші: Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім,- деп Абай атамыз айтқандай, уақытында математика, физика, биология пәндерінін сырын түсінбей кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін, өткізгелі отырған «Талаңтымен таныл» сайысына қош келдіңіздер.
Қол соғады көрермендер таңдана.
Сайыскер өнеріңді ортаға сал,
Осы кеште біліміңді сынап ал.
Білмегеніңді осы бүгін біліп ал.
(Ортаға топтар шақырылады)
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!
(Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтейік)
Ал, қанеки сайысты біз бастайық
Ұрандарымызды айтып,
Өзімізді таныстырып тастайық.
(сөз кезегін әр топқа береміз) Бағалау ұпайы 10 балл.
Ойынды бастайтын команданы анықтау үшін, капитандары ортаға шақырылады.
Енді кезекті екінші бөлімге береміз. Ол бөліміз «Жанды сұрақтар» деп аталады. Әр команда кезектесіп 1-30 аралығындағы сандарды таңдайды.
Әр дұрыс жауап 10 ұпайдан бағаладанады.
1-сары: Қолда 10 саусақ бар, 10 қолда неше саусақ бар? (50 саусақ)
2-қызыл: Жер қай уақытта тез қозғалады: күндіз бе әлде түнде ме? (Бірдей)
3- көк:«Ақ маржан» аталатын дәнді дақыл? (күріш)
4-жасыл: Жай көзге көрәнбейді
Қозғалуға ерінбейді (молекула)
5- сары: Қайсысы көп 2 метр ме, әлде 201 см ме?
6- Қара мысық:түссе жолыңыздың болмағаны, ойын кезегі келесі топқа беріледі.
7-қызыл:Алғаш жасушаны ашқан кім? (Р.Гук)
8-көк: Тастардың «патшасы» қандай зат? (Алмаз)
9-жасыл:Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында ,біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында. Барлығы неше үйрек ұшып барады? (3).
10-сары:«Лотерея билеті»- керісінше 20 ұпай сыйлыққа беріледі.
11-қызыл:«От» келсе, жинаған ұпайларыңыздың 20 ұпайы күйіп кетеді.
12-көк: Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)
13- қызыл: Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда дорбада бір асық қалып қойды. Бұл қалай? (бір бала асықты дорбасымен алды)
14-жасыл:Ең жақын жұлдыз. (Күн)
15-сары: 5 қарама-қарсы сан (-5)
16-қызыл: Архимед Герон патшаның тәжінің таза алтынан емес екенін қалай білді? ( тығыздықты салыстырды)
17-көк:Өсімдіктің жер асты мүшесі (тамыр)
18-жасыл:Қияр тұздау қандай процеске негізделген? (Диффузия)
19-сары:Бір жанұяның 5 ер баласы және олардың әрқайсысының қарындасы бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6)
20-қызыл:Тірі ағзалар туралы ғылым? (биология)
21-көк:Таудан түскенде автомобильдің қай дөңгелегі айналмайды? (артық дөңгелегі, запаска)
22-жасыл:Тауды биік демеңдер,
Талаптансаң шығарсың, - «Қамалға» келсеңіз, қиын есепке ие боласыз. Ол арнайы сұрақ болады. 1 2 3 4 5 = 2 теңдік орындалатындай цифрлар арасына амалдар таңбасың қой. (1+2+3+4:5=2)
23-сары:Қазақстанның «Қызыл кітабы» тұңғыш рет қай жылы шықты (1978ж)
24-қызыл:Айға алғаш қонған қай елдің азаматтары? (американдық Армстронг пен Олдрин)
25-көк:Қан қысымын өлшейтін аспап (Тонометр)
26-жасыл:Ойла-ойла тереңнен,
Жақсы емес-ау көп бөгелген.
Сұрақтарды шешпесең
Өте алмайсын бөгеттен
«Өрмекші торына» туссеңіз, көрермендер сұрағына ие боласыз. Сұрақтың дұрыс жауабын таппаса, тордан шыға алмайды.
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі.
Екі қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой. (15)
27-көк:Қан беруші адам (донор)
28-қызыл:Суда қандай тас болмайды. (Құрғақ)
29-көк:Елеуішпен су әкелуге бола ма? (Болады. Қар мен мұз күйінде)
30-жасыл: Ура! Мәре
Жүргізуші: Ойын шартын құйып ал.
Кәне мұнда кім батыр?
Кәне мұнда кім тапқыр?
Бағымызды сынап көрейік,- деп «Бір әріпке бернеше жауап» кезеңін бастаймыз. Әр командаға бір – бір әріптен беріледі. Сол берілген әріпке сәйкес физика, математика, биология ғылымына үлес қосқан ғалымдарды атайды. Дұрыс жауап 10 ұпайдан бағаланады.
Әріптер: «Д» және «П»
Жүргізуші:Ойын – толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан
Біреу мініп жатқанда аптығыста,- деп келесі сайыс кезеңін бастаймыз.
«Сөз таразысы» жұмбақтың шешуін үш тілде айтып, таразылай отырып шешу.
А) Қабат – қабат қаттама,
Ақылын болса аттама. (Кітап, книга, book)
Б) Жоқ өзінде баста, қаста, мойында.
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, а ruler)
В) Суға салсаң батпайды,
Отқа салсаң жаңбайды. ( мұз, лед, ісе)
Г) Бар ма жоқ па оны анық білмейсің,,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа, воздух, air)
Д) Өмірдің бұл шырағы,
Әрі жүйрік көреген. ( көз, галаза, eyes)
Е) Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер. (от, огонь, fier)
Қорытынды: Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер, - деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз.
(Сайыснәтижесін әділқазылар хабарлайды