Статья

Разное
Жобалық әдіс шығармашылықты дамытуға көмектесетін әдістің түрі, сонымен қатар оқушылардың қабілеттерін, топта жұмыс істеу дағдыларын дамытады. Жоба жеке жұмыс немесе жұппен жүргізілуі мүмкін.
Жайсембаев Нурбек Даутович
Содержимое публикации

Колледж оқытушыларының жобалық әдісті сызу пәнінде тиімді пайдалануы

Жайсембаев Н.Д

«Көлік колледжі»КМҚК

Әр оқытушы тек өзінің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында ғана емес, сонымен қатар студенттердің сабаққа қызығушылын оқытуда түрлі педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданады.Қазіргі заманның ағымына байланысты, 21 ғасырға және технологиялық дәуірге сай оқытушалар «Жобалық әдіс»,«Проблемалық оқыту технологиясы», «Ұжымдық оқыту технологиясы», «Тірек сигналдары бойынша оқыту технологиясы»және басқалары. Берілген мақалада жобалық әдістің колледж оқытушылары үшін тиімді жақтары қарастырылады.

Жобалық әдіс шығармашылықты дамытуға көмектесетін әдістің түрі, сонымен қатар оқушылардың қабілеттерін, топта жұмыс істеу дағдыларын дамытады. Жоба жеке жұмыс немесе жұппен жүргізілуі мүмкін. Мақсаты мәселені шешуді және іздеуді қамтиды. Мектепте бұл әдіс, пәндерді интеграциялауда белсенді қолданады және студенттерді пәнаралық байланыстарды зерттеуге шақырады .Мысалы, тіл мен әдебиет, математика және химия, тарих және биология.

Тарихына үңіліп қарайтын болсақ, жобалық әдіс, әлемдік педагогикада жаңа әдіс емес. 1920 жылдары ең алғашқы болып қолданғандардың бірі АҚШ мемлекеті болды. Ал Қазақстанда, бұл әдіс соңғы 10 жылда, білім саласында ауқымды түрде қолдана бастады. Жоба әдісінің негізі «жоба» ұғымының мәнін құрайтын идеяға негізделген. Әдіс практикалық және теориялық негізге сүйене отырып, шешім немес нәтиже шығаруыға негізделген. Нәтижеге қол жеткізу үшін , студенттерді өз бетінше ойлауға, анализ жасауға, шешім қабылдауға үйрету қажет, сонымен қатар есептер, осы мақсатта әр саладан білімді жоғарлату, қабілеттілік шешімдердің әртүрлі нұсқаларының нәтижелері мен ықтимал салдарын болжау, себеп-салдар байланысын орнату қабілеті дамиды. Жоба әдісі студенттердің өзіндік іс-әрекетіне бағытталған . Берілген тапсырманы жеке, жұппен немесе топпен орындауға болады.

Енді сызу пәні төңірегінде берілген әдісті қолдану жөнінде тоқталсақ. Мысалы 1-ші курс студенттерімен «Құрылыс сызбалары. Ғимарат жоспары. Бөлім және қасбет» тақырыбы кезінде, машина жасау және құрылыс сызбалары бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленбейді. Дегенмен, құрылыс сызбаларының өзіндік ерекшеліктері бар. Жобалау тапсырмасына сүйене отырып, техникалық жобалық сызбалар жасалынады, яғни:

1) құрылыс алаңының негізгі жоспары;

2) құрылыс жоспары;

3) санаттар;

4) қасбеттер .

Берілген тапсырмаларды студенттерді бірнеше топқа бөле отыра, топтық жоба әдісін қолдануға болады.Белгілі бір уақытта студенттер жобаны құрастырып, қорғауға дайындалады. Бұл жерде мұғалім маңызды рөл атқарады, ол жобаның үйлестірушісі,

оқушыларды жаңа білімді іздеуге бағыттаушы болып табылады.Бұл жаңашылдықты сызу сабақтарында қолдану арқылы студенттер сыни тұрғыдан ойлау, анализ жасау, талдау , топпен жұмыс жасау сияқты дағдылар қалыптасады .

Оқытушыға келетін болсақ, жобалау әдісінің сызу пәнінің оқытушына да тиетін пайдасы бар. Біріншіден, студент пен оқытушы арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді. Мысалы, белгілі жоба бойынша студенттер ізденіс жұмыстарын жасайды, соған байланысты студент оқытушыдан қажетті ақпарат алады, көп уақыттарын бірге өткізеді. Екіншіден, жоба әдісі оқытушыларға замануи әдісті өз сабақтарында қолдануға септігін тигізеді. Соған байланысты оқытушы ұжымдағы басқа әріптестерімен өзінің тәжірибиесімен және білімімен бөлісіп, ұжымда беделін арттыра алады. Үшіншіден, теорияға бағытталға сабақтарға қарағанда, оқушылардың өз бетінше ізденіс жұмысын жүретін әдістің түрі, оқытушыны сабақ түсіндіруден босатып, уақытын үнемдетеді.

Берілген әдістің студенттерге тиімді екені белгілі болды,яғни заманауи оқытушы студенттердің «21ғасыр дағдыларын» (21 century skills) қалыптастыратын, сыни тұрғыдан ойлау, анализ жасау, талдау , топпен жұмыс жасау сияқты әрекеттерді қалыптастыратын педагогикалық әдісті қолдану пайдалы. Сонымен қатар, сызу пәні төңірегінде, жоба әдісі бірден бір тиімді тәсіл себебі, студенттер көбіне берілген объектіні әр түрлі бұрыштан, сызады. Осыған орай, берілген пішінді қай жағынан тиімді болатынын анализ жасап салған дұрыс болады.

Қорытындылай келе, білім саласында жаңа технологиялар оқытушылардың сабақ процесін қызықты әрі жоғарғы деңгейде өтуіне үлкен себебін тигізеді. Дегенмен, көп оқытушылар педагогикадағы әдістерді қолдануға қорқады. Оған себебі оқытушының белгілі әдісте білімінің жоқтығы. Бұл мәселенің тиімді шешілу жолы бар. Ол ұжымдағы тәжірибиесі жоғары әріптестрдің көмегіне жүгіну немесе кәсіби шеберлікті арттыратын курстарға бару. Келешекте Қазақстанның оқытушыларының білім бері әдістері шет елдік оқу орындарының оқыту әдісінен еш артта қалмайды деп сенемін.

Комментировать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ бесплатно!
Подробнее
Также Вас может заинтересовать
Комментарии
Добавить
публикацию
После добавления публикации на сайт, в личном кабинете вы сможете скачать бесплатно свидетельство и справку о публикации в СМИ.
Cвидетельство о публикации сразу
Получите свидетельство бесплатно сразу после добавления публикации.
Подробнее
Свидетельство за распространение педагогического опыта
Опубликует не менее 15 материалов и скачайте бесплатно.
Подробнее
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и скачайте рецензию бесплатно.
Подробнее
Свидетельство участника экспертной комиссии
Стать экспертом и скачать свидетельство бесплатно.
Подробнее
Помощь