ЖОСПАР;
Кіріспе сөз!
Монолог.
Шахизада
«Қартым» Аманкелді Жайлыханұлы
Көрініс
Шахизада
Жұлдыз ұйымының оқушылары
Құттықтау сөз
Бата
Дискотека
Асхана
Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
«Қарттарым – асыл қазынам» атты бүгінгі мерекемізді ашуға рұқсат етіңіздер.
Қарттарым жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен
Рухани жан - жылытар сезім артар.
Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,
Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.
Тербедің көктем бағын самал болып
Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,-
деп асыл қазына, арқа сүйер тірегіміз болып аман - есен жүре беріңіздер.
Қазан айындағы Қарттар күніне арналған
мерекелік кешімізге қош келіңіздер!
Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен баланың тілін сындырады, ана тілін игеруге көмектеседі. Көшеде, жүрген ортада үйренген қолайсыз сөздерге тыйым қояды. Бұның бәрі тәрбие.
Ал,тәрбие ол,әрине отбасынан бастау алады. «Отан - отбасынан басталады» деп,бекер айтпаса керек-ті.
Атасы мен әжесі, бала үшін тәрбиенің көзі.Атадан тарих,үлгі-өнеге алар.Әжеден мейірім,жылу алар.
Сол себепті біздің ұлтымызда,біздің дінімізде ақжаулықты әжелерімізбен,ақсақалды қарияларымыздың алатын орны тым бөлек.
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар. Деп, құрметті қонақтарымызға монолог оқып берейін.
«Атаңа не қылсаң,алдыңа сол келер»
Таң ертең төртеу, күндіз екеу, кешке үшеу. Бұл не? Адамның өмірі.
Қамшының сабындай қысқа мынау бір жалған дүниеде адамгершілігі жоғалмай,мейірімі сарқылмай,жомарттығы кемімеген адам ғана жеңіс табады.
Адамды,адам қылатын ол,оның иманы.
Уақыт өтеді.ал айтылған сөздер,жасалған істер олардыңда есебі болады.
«судыңда сұрауы бар»деп,бекер айтпаған.
Сол себепті, Ауру келместен бұрын-денсаулықтың қадірін білейік.
Өлім келместен бұрын-өмірдің қадірін білейік.
Және де кәрілік келместен бұрын,жастықтың қадірін білу керекпіз.
Өмір деген қызы қарап отырсаңыз.
Жастығыңда – күш бар, уақыт бар: қаражат жоқ
Отбасы болғанда – күш бар,қаражат бар: уақыт жоқ
Қарттығыңда – қаражат бар,уақыт бар: күш жоқ.
Сол себепті әр нәрсенің қадіріне жете білген абзал.
Адамның күні адаммен...
«Ата – бәйтерек,бала оның жапырағы»демекші...
Бала көбіне айтқанды емес,көргенді істейді. Монологымның тақырыбын еске түсіре кетейін, «Атаңа не қылсаң,алдыңа сол келер» осы тақырыпқа,бір мазмұнды мысал келтіре кетсем....
Сексеннің сеңгіріне келіп қалған,Белі бүкірейген,көзі шүңірейген,шашына ақ түскен,көңіліне дақ түскен,Жүзіне өмір әжімнен сурет салған,жанары жасаураған,айғай-шуға басы ауырған.Жүрісі бәсеңдеген,аяқ-қолы дірілдеген,нан шайнайтын тісі қалған,таяғын көтеретіндей күші қалған,құлағы ауыр еститін,үйдегі мәселені шешпейтін,ауызында тек шүкірімен тәубесі бар ас бөлмеге қарт кісі кіріп келеді.Өз орнына отырады.
Ас бөлмеде Ұлы газетін оқып,сағатына қарап қойып үстел басында отырады.
Немересі ойыншықтарын жиыстырып,қолын жуып орнына отырады.
Келін барлық отбасы мүшелеріне күнделікті әдетпен тамақтарын құйып,орынға жайғасады.
Бұл қалыпты көрініс күнде қайталанып,жалғаса береді.
Тек соңғы кездері,қария өз ыдыстарын құлатып,не сындырып ала беретін болыпты.
Күндердің бір күнінде қарт қолынан ыдысын түсіріп,сындырып қояды.Тамағы жерге шашылады.
Келіні бұлқан-талқан болады.Бүкіл ыдыс-аяқты құртып бітті.Қонақ келгенде тамақты төгіп масқарамызды шығарады.деп,күңкілдеді.
Ұлы айтылған шағым сөздерді іс-жүзінде жүзеге асырды.Әкесіне ағаштан ыдыс аяқ жасап,бөлек тамақ ішетін орынға шығарды.
Бір шаңырақта,бір үйдің адамдары екі бөлек дастарханда тамақтанатын.
Бұл жайттың барлығы әрине баланың көз алдында.
Бір күні есік алдында баласы ағашты жонып отырады.
Ә,балам не істеп отырсың?
Әке,ертең анам екеуіңіз атам сияқты қартайғанда, мен де сіздерге бөлек дастархан,жәнеде сынбайтын ағаштан ыдыс аяқтар жасап жатырмын,қазірден-ақ.дейді.
Сонда әкесінің жүрегіне найза қадалғандай жүгіріп барып,әкесін құшақтайды.
Барымызды бағалайық,болашағымызды қазірден ойлайық ағайын.
- Өмір ырғақ, нәзік әуен, асқақ үн,
- айдын, дала аспан - үн!
- Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!
- Ей, адамзат, бас әуенге, қос әнге,
- Шырқат биік тіршіліктің дастанын!!
Қарсы алыңыздар ортада
Өнерін келген арқалап.
Шахизада қыздарың
Әнін шырқап жар салар. «Ата мен Әже» әнімен 4 сынып оқушысы.
Қолым қалт етсе қалам алып өлең жазамын (айтыс)
Екі мыңның бітіп қалды он сегізі
18 дің жаңалығы мол негізі.
Халық саны 18 млн құрап,
Бұның өзі халқым-ау той негізі. Әгигәгім,әгигәгім-ай
Ел ордамның толып жасы жиырмаға
Тойладық келіп небір қиырлардан.
50 жылда ел жаңа деген сөзді
Астанамыз дәлелдеді жиырмада
Атыңа затың сай бол ел Амандық
Көрмегін өзгеден сен жамандық
Аталар мен апалар тату болса
Бұл өңірден таралар тең адалдық
Аман болшы ескінің көзіндейім
Тарихтан сыр шертер сөзің дейін
Кәрімін деп,өзіңді жей бермегін
Білім нұры,көңілі жас өзің деймін.
Ай,жылы сөзбен төгетін шуақтарын
Апаларым,әжелерім тұрақ мәнің.
Тойдан келсе,құрт кәмпиті қалтасында
Қандай бақыт немереңді қуантқаның
Аталарым асқарлы тауымдайсың
Сөзің нәрлі нөсерлі жауындайсың.
Жас буынға өмірлік ақыл айтар
Дуалы сөзді жасыл-желек бағымдайсың
Ертеде ұстаз болып қызмет еттің
Балаға білімнің нәрін септің.
Тәтті болар бейнеті қаттының,деп
Отырсың-ау көріп соның бал зейнетін
Баланың жақсы өсіп,көгергені
Бағалап отыр шәкірт өнерлерін.
Ортада көрініспен шығатұғын
Қуантуға жас қаламгер көрерменін
Диалог түріндегі мюзикл «Ұстаз бен шәкірт»
«Ұстаз бен шәкірт»
Ұстазым талды,қолдарым
Бірақ та,жазып болмадым.
Не деген бітпес жазулар
Мен әлі жарты жолдамын.
Жазғаның қалар есіңде.
Шықпасын сөзім есіңнен.
Жазғаныңнан сабақ ал,
Құр кітаптан көшірмей
Жазғанша бұлай тоқтамай
Бір оқысам жетеді.
Құр дәптерде сақтамай,
Миға тоқысам не етеді?
Оқушым мені,тыңдағын
Жалқаулық сірә,қылмағын.
Оқыған ол бас білім
Ал жазу болар жалғауы.
Түсінгендей болдым, мен
Миыма енді қонды білем.
Оқу деген ай болса...
Ал жазу жұлдыздар дер ем.
Айналдым ойлы сөзіңнен
Күтемін үміт өзіңнен.
Асуды талай асасың
Дос болсаң білім көзімен.
Жетелейтін мені ертеңге
Жар саламын сен екен деп.
Жазу үйреткен ұстазымды,
Құттықтаймын, мерекеңмен!!!
Жүргізуші сөзі:
«Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» демекші.......
Ардагерлер ардақты асыл жандар
Шәкіртімен мерейі тасығандар
Білімнің сәулесі мол нұр көшінде
Шуақ боп, шапағат боп шашылғандар,деп ұстаздарға,ардагер ұстаздарға арнап Шахизада ән салады.
Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген
Шәкірттерін сүйген таза көңілден
Тағылым беріп жас ұрпаққа қашан да
Өз соқпағын тапқан мынау өмірден
Ізгілікті өң бойына жинаған
Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған
Тәрбиелеп жаңа адамын Отанның
Ардақтысы болған елдің мұғалім
Жұлдыз ұйымының оқушылары
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата - бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл - кеңестеріңіз, тәлім - тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп - өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілікпен ізгіліктің, пайым - парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.
1 -
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
2 -
Ана мейір күн көзімен пара –пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
3 -
Бақытты отбасы- келешек кепілі,
Тәрбие — бұл жұмбақ шешімі.
Үйрету, үлгі ету, өнеге көрсету
Әрқашан үлкендердің міндеті.
4 -
Дүниеге келер бір рет
Дария кеуде тау – мүсін
Құрыштай күйген құдірет
Қарттарым, аман –саумысың?
Өздерің болсаң жанында
Ел іші жомарт, еңселі
Дән исі сіңген қанында
Даламның бір-бір бөлшегі,құттықтау сөз......................
Шәкірттердің тыңдап жазып, сұрағын
Жас сынаға төгіп білім шуағын
Хат танытып, жол сілтеген өмірге
Барша жұртқа құрметті ол мұғалім.құттықтау сөз
Шәкірттерін еліне абыройлы, халқына сыйлы, адал, шыншыл азамат етіп шығарамын деп, әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшасын қатайтып еңбек еткен ардагер ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Осындай халықтың ыстық ықыласына бөленіп, еңбек еткен ардақты ұстаздарымызға зор денсаулық отбасыларына амандық тілейміз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! оларды сыйлап, қадірлеңдер! олай болса, алдағы өмірлеріңде жүрегі кең, адал, мейірімді, қайырымды азамат болып өсіңдер! Қарттардың алдында әрқашанда бас иіп тұрыңдар! Енді бүгінгі кездесу кешімізде қадірлі қонақтарымыздан бата алып, шарамызды аяқтаймыз!