Мақала "Қазақ тілін оқытуда қолданылатын жұмыс түрлері туралы"

Разное
Бұл мақала жас мұғалімдерге мектепке алғаш қадам бастағанда, кеңес беру ретінде көмегі тиеді деп ойлаймын. Сабақты қалай ұйымдастырған жөн, қандай жұмыс түрлерімен жақсы нәтижеге жетуге болады деген сұрақтарға жауап ала алады.
Индира Жилкайдаровна Садуакасова
Содержимое публикации

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы

«№1 орта мектеп-гимназиясы» КММ

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Садуакасова Индира Жилкайдаровна

Мақала

Қазақ тілін оқытуда қолданылатын жұмыс түрлері туралы .

Әрбір мұғалім өз сабағына жоспар құрар алдында сол сабақта қандай әдістерді қоладана алатыны туралы ойланады. Қандай жұмыс түрлерін ұйымдастырған жөн, қандай технологияны қолданса тиімді болады деген ойлар келеді. Сол сияқты мен де өз сабағымды жоспарлағанда түрлі ойлар жетелейді. Баланың қабілетіне, сынып оқушыларының қабілетіне қарай әдістер мен жұмыс түрлері таңдалып алынады. Бүгінгі бөліскім келіп отырған жұмыс түрлерін мен өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Оқыту әдістерінсіз мақсатқа жету мүмкін емес. Әдіс мақсат пен нәтижені біріктіріп оқытудың жүрегі бола алады. Кез келген сабақта жұмыс түрлері үш жолмен жүзеге асады.

1.Жұптық;

2. топтық;

3. ұжымдық.

Жұптық – екі оқушы бір тақырып көлемінде сұхбат ұйымдастырса, тапсырма орындаса, оқып аударса, бірігіп диаграмма құраса, т.б жұмыстарды екеуара бірігіп атқарса жұптық жұмыс болып табылады. Олар тіпті бірін-бірі бағалай да алады.

Топтық – арнай құрылған шағын топ 4-5 адамнан құралса керек. Топтық жұмыста тыныштық сақтау үшін арнайы ереже құрып, мұғалім сол ережемен алдына ала таныстырып қойса, жұмыс жақсы нәтижеге жетеді. Оқушылар да бір-біріне кедергі жасамайды. Топтық жұмыста жоба жасап, қорғап, дәлеледеп, өзін өзі бағалау жұмысын ұйымдастырған жөн. Бір-бірінің ойын тыңдап, сұрақтарына жауап беріп, өз ойларын ашық жеткізсе, міне сонда нәтиже болады. Оқушыларды топқа бөліп жұмыс жасату, оларды ұйымшылдыққа тәрбиелейді, жанашырлыққа, көмек көрсете білуге тартады. Қарым -қатынасын жақсартады, білімдерін толықтырады. Ең бастысы бір-бірін тыңдап үйренеді.

Ұжымдық – оқушылармен толық жұмыс жасау. Бөліп жармай жалпы ортақ тапсырма беріп, оны өзара бағалау. Бұл жерде де бір-бірін тыңдата білу, тыныштық сақтау, жұмысқа қызығушылығын арттыру өте маңызды. Ұжымдық жұмыс кезінде мұғалім көбіне бақылаушы, бағыттаушы болады.

Жалпы сабақты тиімді ұйымдастыру үшін сабақтың мақсаты мен оған қойылатын талаптарды дұрыс таңдап алған жөн. Мақсатқа жету үшін жұмыс түрлерін таңдап аласыз. Жұмыс түрлеріне сәйкес келетін дидактикалық құралдар мен тапсырма түрлерін іріктеп алдын ала жобалайсыз. Әрине баланың жас ерекшелігін ескеру керек. Сабаққа қойылатын талаптар: сабақтың тақырыбы, түрі, өткен сабақпен байланысы, үй тапсырмасының көлемі, дидактикалық, демонстрациялық, техникалық құрал жабдықтардың болуы. Тәрбиелік мәні, мазмұны, шығармашылығы тағысын бар. Сабақ көңілді тартымды өтуі үшін мұғалімнің өзі көңілді болуы керек. Сабақ бір қалыпты емес, жанданып, шапшаңдықты талап етіп, нәтижеге қол жеткізуге тырысуы керек. Мұғалімнің дауыс ырғағы мен қарқыны да нәтижеге қол жеткізуге септігін тигізеді. Оқушымен арадағы түсіністіктің маңызы зор.Оқушы сабақтан жақсы әсер алып кетуі керек. Сол кезде ғана оның пәнге деген қызығушылығы оянады. Мұғалім жылы лебізімен де оқушыны өзіне тарта алады. Әрбір сабаққа жауапкершілікпен қараған мұғалім үлкен жетістіктерге жетеді деп ойлаймын.

Комментировать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ бесплатно!
Подробнее
Также Вас может заинтересовать
Литература
Конспект занятия по литературе для 7 класса ««Человек – певучая звезда» Андрей Платонович Платонов»
Литература
Презентации по литературе для «Буклет "Новелла Э.По "Золотой жук"»
Литература
Планирование по литературе для «Введение в «Народный Самиздат»»
Литература
Комментарии
Добавить
публикацию
После добавления публикации на сайт, в личном кабинете вы сможете скачать бесплатно свидетельство и справку о публикации в СМИ.
Cвидетельство о публикации сразу
Получите свидетельство бесплатно сразу после добавления публикации.
Подробнее
Свидетельство за распространение педагогического опыта
Опубликует не менее 15 материалов и скачайте бесплатно.
Подробнее
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и скачайте рецензию бесплатно.
Подробнее
Свидетельство участника экспертной комиссии
Стать экспертом и скачать свидетельство бесплатно.
Подробнее
Помощь