Өзін - өзі тану - өзекті пән

Презентации
Курс «Өзін - өзі тану» раскрывает ключевые аспекты самопознания как важнейшего учебного предмета. Материал дает четкое понимание его целей, структуры и особенностей преподавания в рамках социальной педагогики и психологии. Вы узнаете практические методики для помощи детям и подросткам в изучении своих эмоций, способностей и ценностей. Этот образовательный ресурс станет надежной основой для планирования уроков, направленных на развитие гармоничной личности. Используйте эти знания для создания глубоких и поддерживающих занятий по самопознанию.
Бакытгуль Кенжеханова
Бакытгуль Кенжеханова
Содержимое публикации

Өзін-өзі тану – өзекті пән.

«Сыртқы дүниенің көптігі сонша бірақ жүректе ешнәрсе жоқ...»

О.Гадецкий

   Өзін-өзі тану сабағының мақсат-міндеттері әр баланың өз жүрегінде жалпыадамзаттық рухани құндылықтар  (Ақиқат, Дұрыс әрекет, Сүйіспеншілік, Ішкі тыныштық, Қиянат жасамау) бар екендігіне көздерін жеткізіп, өмірде осы құндылықтарды басшылыққа алуды үйретуді көздейді. Сонымен қатар олар осы жалпыадамзаттық құндылықтар қамтитын рухани-адамгершілік қасиеттердің әлеуетін ашып, әр баланың ізгілік жолын таңдауға ықпал етуі керек. Өзін-өзі тану сабақтарының рухани-адамгершілік тереңдігі осы жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды балалардың бойынан ояту негізгі мақсаты болып табылады. 

   Өзін- өзі тану пәннің негізгі мақсаты – адамның қоршаған ортаны танып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін-өзі тану негізінде, адамгершілік – рухани әлеуетін көтеру, баланың өзіндік «Менің» қалыптастыру.

    Бала – кең әлемдегі ең пәк, ең таза асыл жан.Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ.

    Балабақша – білім ошағы, тәрбие ортасы, тағылым табалдырығы. Осы ұлағатты ұяда жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы руханилық – адамгершілік тәрбие берудің ошағы «Өзін-өзі тану» пәні десек өте орынды.

    Пәннің әр тарауы, әр тақырыбы болашақ ұрпақтың бойында рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптері мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген.

   «Өзін-өзі тану» сабақтарының өзіндік ерекшелігін байқататын «Шаттық шеңбері», «Армандайық», «Өзіммен-өзім», «Әңгімелесейік», «Сергіту сәті», «Сахналау», «Ойын-Жаттығу», Жүректен –жүрекке шеңбері» балалардың дамытушы ортасын құруға ықпал етеді.

    «Өзін-өзі тану» сабақтарында ұсынылып отырған ойындардың басым көпшілігі балаларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, сыйластыққа үйретуді көздейді, яғни сабақтардағы ойындардың өздері бала бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіруді көздейді.

   «Жүректен-жүрекке» кезеңінде сабақ үстіндегі алған білімдерін, жаңа ақпараттарын қорытындылай келе ой бөлісіп, жылы тілектер жүректен – жүрекке ұштасып жатады. 

        Осы  пән арқылы  бала бойына мейірім мен рахымшылдықтың, адамгершіліктің, әділдіктің, шынайылықтың дәнін себуге болады. Болашақ ұрпақтың бойына рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. Жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіншілігін жан-жақты ашып, адамгершіліктің биігіне көтеретін, ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге, шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға, өз өмірін жоғары мәнмен өткізуге жетелейді.

  Міне, осындай үйлесімділік болған жағдайда бүгінгісін ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік сабағы – сол көздеген нысанаға жетелейтін шамшырақ іспетті пән.

Комментировать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ бесплатно!
Подробнее
Также Вас может заинтересовать
Социальная педагогика, психология
Социальная педагогика, психология
Разное по социальной педагогики, психологии для дошкольников «Правовые аспекты, связанные с ответственностью родителей за воспитание детей»
Социальная педагогика, психология
Социальная педагогика, психология
Уроки по социальной педагогики, психологии для 8 класса «Урок: Как старшеклассникам устроить домашнюю вечеринку»
Социальная педагогика, психология
Комментарии
Добавить
публикацию
После добавления публикации на сайт, в личном кабинете вы сможете скачать бесплатно свидетельство и справку о публикации в СМИ.
Cвидетельство о публикации сразу
Получите свидетельство бесплатно сразу после добавления публикации.
Подробнее
Свидетельство за распространение педагогического опыта
Опубликует не менее 15 материалов и скачайте бесплатно.
Подробнее
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и скачайте рецензию бесплатно.
Подробнее
Свидетельство участника экспертной комиссии
Стать экспертом и скачать свидетельство бесплатно.
Подробнее
Помощь