«Ішкі мүшелер топографиясы» факультативті курсы
Оқу – әдістемелік кешені
Қостанай, 2014 ж
УДК 611 (075.3)
ББК 28.706 Я 72
У 98
Рецензенттер:
Абдыкаликова К. А., химия ғылымдарының кандидаты, ҚМПИ-дің химия кафедрасының доценті
Оразымбетова Б.Б., биология және география кафедрасының аға оқытушысы, ҚМПИ нің доценті.
«Ішкі мүшелер топографиясы» факультативті курсы. Оқу – әдістемелік кешені, құраст: А.Н.Мускина, - Қостанай, «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, 2014 ж. – 88 б.
ISBN 978-601-7545-40-6
Мектеп оқулығында келтірілмеген адамзаттың өте күрделі дене құрылымдары, оның туғаннан бастап өсіп дамуы, кәрілікке жетіп өшуі және олардың жыныстық өзгешелігі, кей жағдайлардағы қалыптан тыс ауытқу жолдары тақырыптар ішінде келтірілген.
Ұсынылып отырған факультативті курсы 7 тараудан тұрады. Мектеп бағдарламасына сай 34 сағатқа құрастырылған. Оқу – әдістемелік кешен курс бағдарламасынан, мұғалімдерге арналған нұсқаулықтан, сабақ жоспарларынан тұрады.
Қазіргі бағалау түрлі нысанда,түсінікті,психологиялық тұрғыдан жайлы,екі құрамды: жиынтық және формативті болуы керек. Жиынтық бағалаудың немесе Оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест,емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды.Формативті бағалау әр сабақта және күнде жүргізіліп тұрады. Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді әздеу және түсіндіру үдерісі.
УДК 611 ( 075.3)
ББК 28.706 Я 72
ISBN 978-601-7545-40-6
© БАҰО «Өрлеу» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ, 2014
Мазмұны
Тақырыбы | Беті |
«Ішкі мүшелер топографиясы» факультативті курсына кіріспе | 3 |
«Ішкі мүшелер топографиясы» факультативті курсының бағдарламасы | 7 |
«Ішкі мүшелер топографиясы» факультативті курсына әдістемелік нұсқаулық | 10 |
«Ішкі мүшелер топографиясы» факультативті курсының күнделікті сабақ жоспарларының жиынтығы. | 31 |
Қолданылған әдебиеттер | 87 |
«Ішкі мүшелер топографиясы» факультативті курсынына кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:Адам анатомиясы адам денесінің пішіні мен құрылысын және даму заңдылықтарын оның қызметімен байланыстырып зерттейтін ғылым. Адам анатомиясы биологиялық пәндердің ішіндегі оқушыларды адам ағзасының құрылыс ерекшелігімен таныстыратын бірден – бір пән.
Анатомия - биологияның бір бөлігі болып саналады. Әдетте биологияны екіге бөледі: морфология және физиология. Морфология адамның пішіні мен құрылысын зерттейтін болса, физиология қызметін қарастыратын ілім. Анатомия гистиологиямен, цитологиямен және эмбриологиямен бірге морфологиялық ғылымдарға жатады.
ХХI ғасыр мектебінің маңызды мақсаты балаларды оқытудың барысында олардың түрлі салада жеткілікті түрде күрделі білімдерді, икемдер мен дағдыларды игеруді талап ететін олардың одан кейінгі оқуына толыққанды негіз бола алатын даму ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Білім алушылардың алған білімдерін жинақтап жүйелеуін, қолдануын және қолдану барысында өз бетінше жаңа мағлұматтар алу барысын көздейді, яғни белгілі бір проблеманы бөлшектеп, өңдеу арқылы бір мақсатқа жетудің тәсілі. 12 жылдық білім беруге көшуде, яғни нәтижеге бағытталған білім беру аясында бейінді оқытуға аса көп назар аударылады. Сол себептен де мектеп бағдарламасына құрастырылып отырған аталған факультативті курс, білім алушыларға 10 сыныпта бағытты таңдауына көмегін береді.
Оқушылардың биологиялық сауаттылығын қалыптастыру, биология мазмұнының басқа ғылымдармен интеграциясы негізінде заттардың, тірі ағзалардың, қоршаған ортаның бірлестігі және өзара қарым-қатынасы туралы әлемдік көзқарас қалыптастыру, қоғамның материалдық, интеллектуалдық және мәдени тұрғысының қайта қалыптасуында биология және биотехнология рөлдері туралы тұтастай көзқарасты қалыптастыру, ғылымның және техниканың қазіргі ашылуларымен биология бойынша бастапқы білімдерінің өзара логикалық байланысын жүзеге асыру осы курс барысында айталады.
Мақсаты:Адам ағзасы, мүшелер жүйесімен байланысын сонымен бірге біртұтас жүйе екендігі жөнінде білім алушыларға дұрыс түсінік қалыптастыру. Ішкі мүшелер топографиясы курсын оқыту процесі кезінде білім алушылар адам ағзасының қоршаған ортамен байланысы бар екендігіне көз жеткізу.
Міндеттері:
1.Адам ағзасының дамуы, қалыптасуы заңдылықтарын ескеру.
2.Білім алушылардың теориялық алған білімдерін практикамен ұштастыра білуге үйрету.
3.Үйрету, дағдыландыру, аналитикалық талдау жасату.
4.Теорияда алған білімдерін практика жүзінде пайдалана білуге үйрету.
5.Адам ағзасының өсу кезеңін, дамуын, заңдылықтарын қарастыру.
Білу керек:
Білім алушылардың оқылған материалдарын синтездеп, оған анализ жасау.Морфологиялық формалардың, функциялардың өзара байланысын ескере отырып, оны практикалық жұмыста пайдалана білуге үйрену.
Дағдылану керек:
1.Алған теориялық білімдерін практикада дұрыс қолдана білуге үйрену;
2.Дайын препараттар және құрал-жабдықтарды (скальпель) дұрыс қолдана білу керек;
3. Ішкі мүшелердің жеке бөлімдерін көрсете білу.
Күтілетін нәтиже: Білім беру саласындағы өзгерістермен, жаңарған білім мазмұнымен жұмыс жасауға даярлығы, жеке тұлғаны дамыту үшін білім беру технологияларын насихаттай отырып, өз жұмыстарын, дайындығын іске асыруға бағыт алғандығы, құзырлы білім алушының қалыптасуы.
Мектеп оқулығында келтірілмеген адамзаттың өте күрделі дене құрылымдары, оның туғаннан бастап өсіп дамуы, кәрілікке жетіп өшуі және олардың жыныстық өзгешелігі, кей жағдайлардағы қалыптан тыс ауытқу жолдары тақырыптар ішінде келтірілген.
Ұсынылып отырған факультативті курсы 7 тараудан тұрады. Мектеп бағдарламасына сай 34 сағатқа құрастырылған.
«Ішкі мүшелер топографиясы» таңдамалы курсының бағдарламасы
Кіріспе (2 сағат). Анатомия – медицина ғылымдарының ірге тасы. Анатомия ғылымының қысқаша тарихы. Адам денесін зерттеу әдістері.
Тірек – қимыл аппараты – остеология (6 сағат). Сүйектер туралы ілім, филогенез процесіндегі скелеттің дамуы. Сүйектердің негізгі қасиеттері мен химиялық құрамы. Сүйектердің дамуы немесе остеогенез (десмалық және хондрлық остеогенез). Сүйектердің пішіні мен түрлері. Бас сүйек. Сүйектер байланысы туралы ілім – астрология. Буындар және олардың классификациясы.
Бұлшықеттер туралы ілім – миология (4 сағат). Тарихи және жеке даму процесіндегі бұлшық ет жүйесінің өзгеруі. Бұлшықеттердің құрылысы мен пішіні. Тұлға, арқа, кеуде және құрсақтың бұлшықеттері. Қол және аяқ бұлшықеттері.
Ішкі органдар туралы ілім – спланхнология (5 сағат). Ас қорыту жүйесі. Тыныс алу жүйесі. Зәр шығару жүйесі. Көбею жүйесі. Оқушылар проекты.
Ішкі секреция органдары туралы ілім –эндокринология (3сағат). Гипофиз, қалқанша без, қалқаңшамаңы бездері. Бүйрекүсті бездері, парагаглийлер,эпифиз. лангерганс аралшықтары мен асқазан – ішек жолының бездері, алқым без, жыныс бездері.
Тамырлар туралы ілім – ангиология (4 сағат). Қан тамырлары және олардың құрылысы. Жүректің құрылысы. Қанайналым шеңберлері. Лимфалық жүйе, қан жасаушы және иммундық жүйе органдары.
Нерв жүйесі туралы ілім – неврология (6 сағат). Нерв жүйесінің дамуы. Ми. Ми сыңарлары. Мидың қабықтары. Шеткі ми жүйесі. Ми нервтері.
Сезім органдары туралы ілім – эстезиология (3 сағат). Рецепторлар түрлері. Дәм сезу және иіс сезу органдары. Көру және есту органдары.
Қорытынды (1 сағат)
Тақырыптық жоспар
№ | Тақырыбы | Сағат саны |
Кіріспе (2 сағат) | ||
1 | Анатомия – медицина ғылымдарының ірге тасы | 1 |
2 | Анатомия ғылымының қысқаша тарихы. Адам денесін зерттеу әдістері | 1 |
Тірек – қимыл аппараты – остеология (6 Сағат) | ||
3 | Сүйектер туралы ілім, филогенез процесіндегі скелеттің дамуы. Сүйектердің негізгі қасиеттері мен химиялық құрамы | 1 |
4 | Сүйектердің дамуы немесе остеогенез (десмалық және хондрлық остеогенез) | 1 |
5 | Сүйектердің пішіні мен түрлері | 1 |
6 | Бас сүйек | 1 |
7 | Сүйектер байланысы туралы ілім – астрология | 1 |
8 | Буындар және олардың классификациясы | 1 |
Бұлшықеттер туралы ілім – миология (4 Сағат) | ||
9 | Тарихи және жеке даму процесіндегі бұлшық ет жүйесінің өзгеруі | 1 |
10 | Бұлшықеттердің құрылысы мен пішіні | 1 |
11 | Тұлға, арқа, кеуде және құрсақтың бұлшықеттері | 1 |
12 | Қол және аяқ бұлшықеттері | 1 |
Ішкі органдар туралы ілім – спланхнология (5 сағат) | ||
13 | Ас қорыту жүйесі | 1 |
14 | Тыныс алу жүйесі | 1 |
15 | Зәр шығару жүйесі | 1 |
16 | Көбею жүйесі | 1 |
17 | Оқушылар проекты | 1 |
Ішкі секреция органдары туралы ілім –эндокринология (3сағат) | ||
18 | Гипофиз, қалқанша без, қалқаңшамаңы бездері. | 1 |
19 | Бүйрекүсті бездері, парагаглийлер, Эпифиз | 1 |
20 | Лангерганс аралшықтары мен асқазан – ішек жолының бездері, алқым без, жыныс бездері | 1 |
Тамырлар туралы ілім – ангиология (4 сағат) | ||
21 | Қан тамырлары және олардың құрылысы | 1 |
22 | Жүректің құрылысы. Қанайналым шеңберлері | 1 |
23 | Лимфалық жүйе, қан жасаушы және иммундық жүйе органдары | 1 |
24 | «Адам денсаулығы» дөңгелек үстел | 1 |
Нерв жүйесі туралы ілім – неврология (6 сағат) | ||
25 | Нерв жүйесінің дамуы | 1 |
26 | Ми | 1 |
27 | Ми сыңарлары | 1 |
28 | Мидың қабықтары | 1 |
29 | Шеткі ми жүйесі | 1 |
30 | Ми нервтері | 1 |
Сезім органдары туралы ілім – эстезиология (3 сағат) | ||
31 | Рецепторлар түрлері | 1 |
32 | Дәм сезу және иіс сезу органдары | 1 |
33 | Көру және есту органдары | 1 |
Қорытынды (1 сағат) | ||
34 | «Ішкі мүшелер топогрфиясы» курсын қорытындылау | 1 |