Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Мейірімді жүрек»
Мақсаты: Адамның рухани- адамгершілік дұрыс әрекет құндылықтары туралы ұғымдарын тереңдету.
Қамқорлық,кеңпейілділік түсініктерін кеңейту;
Балалар бойындағы мейірімділік сезімдерін,жақсы қасиеттерін дамыту;
Керектіаақұралдар:слайд,пүнтаспа, бейнебаян, даналық сөздер, «жүректер».
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар бүгін «Өзін өзі тану» оқу іс-әрекетінде кездесіп отырмыз.Бүгін ерекше күн, себебі бізге қонақтар келіп отыр.
Шаттық шеңбері:
Мейірімді жандар айнала
Шеңберге келсін жайлана
Жалықпастан қайта біз,
Махабат сөзін айтамыз
Сүйеміз барлық ананы
Жүрегім оттай жанады
Бақыттымыз осы біз
Қасымызда досымыз
Бір бірімізге жылу сыйладық.Ал енді орнымызға отырайық.
Жағымды күйге келу: Балалар, қазір ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстаңдар. Қол мен аяқты айқастырмаймыз. Біз қазір тыныс алуға жаттығу жасаймыз. Біз тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш сезімін қабылдап,демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі жаман қасиеттерді сыртқа шығарамыз. Қәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тік ұстап. Қолдарымызды тізеге қоямыз
Дем ал...., шығар (9-10 рет қайталайды) Біз бүгінгі оқу қызметімізде де адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз.Балалар мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді. Мейірімділікті адамның көзінен көруге, іс-қимылынан табуға болады. Мейірімділік жүректе орналасады, ал мейірімді адамды барлығы жақсыоокөреді. - Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?Әр адамның жүрегі мейірімді болу үшін не істеуіміз керек?
-Балалардың жауабы.
Тәрбиеші:Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
Дәйек сөз:
Бүгінгіоқу іс-қызметіміздің дәйек сөзі: «Мейірімділікті –анадан үйрен»
Мәтінмен жұмыс:«Сары тауық пен балапандары»М.Төрежанов
1. Әңгіме не туралы?
2. Сары тауық пен балапандар қайда қалды?
3. Балапандар неге таласты?
1. Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
2. Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
3. Ал сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?Осы «Мейірімділікті анадан үйрен»деген бдәйек сөзден ен түйдіңдер?
Далида: Аяулы анам мейірімді,
Қадірлі әкем мейірімді,
Әлпештеген әжем мейірімді,
Жылы жүзді ұстазым мейірімді.
Ақжан: Мейірімі мол ананың
Жүрегі жылы,қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы,жолы кең.
Тәрбиеші:Жақсы,жарайсыңдар балалар!.Себебі ананың балаға деген сезімі шексіз.Ендеше балалар,түн ұйқысын төрт бөліп,мәпелеген,бар жақсыны алдымызға ұсынған анамыз аман болсын.
Сергіту сәті: «Шөп шөп шөжелерім» әуенімен балалар балапандар биін билеп береді. Әңгімелеу: Ал енді балалар, менің Сіздерге сыйлығым бар, қәне назарымызды экранға аударайық «Адамдардың мейірімділігі» (видео)
1.Жас бала құлап қалғанда өтіп бара жатқан адам не істеді?
2. Адамдар немен айналысып жүр?
3. Бұл видеода сендер не байқадыңдар?
4. Видеода қандай адамдар болды?
5. Олар бір-біріне қандай іс-әрекет жасап жүрді?
6. Ал біз осылай жасаймыз ба?
-Балалардың жауабы.
-Тәрбиеші: - Жақсы жарайсындар балалар.
Балалар,күнделікті өмір болғаннан кейін,түрлі жағдаяттар болып жатады.Ендеше осы жағдаяттардан сіздер қалай шыға білесіңдер,соны «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша суретке сәйкес сұрақтарға жауап берейік.
«Суреттен жұмыс»
Ол үшін екі топқа бөлінейік.
«Қайырымдылық» тобы.
«Мейірімділік» тобы.
Балалар суретпен жұмыс жасайды ,өз ойларың еркін жеткізеді
-Тәрбиеші:Жақсы жарайсыңдар балалар !Сурет бойынша жақс жауап беріп,мән мағынасын аша білдіңдер.Тірі табиғатқа,айналадағы жан –жануарларға ,құстарға,адам баласына жақсылық жасау,жанашырлықтаныту тек қана жүрегі мейірімге толы рухы мыхты адамның қолынан ғана келеді екен,балалар.
Ануар : Табиғаттағы барлық жылу –күннен,
Өмірдегі барлық жылу –адамнан.
Жақсылық жасап мейірімділік танытып ,бізде бір-бірімізге көмек көрсетіп,бірігіп отырып шығармашылық жұмыс жасайық.Тақтамен жұмыс.
Шығармашылық жұмыс: балалар қазір біздер сіздермен отырып, бәріміз тапсырма орындаймыз. Алдарыңызда жүрекшелер жатыр, сол жүрекшелерге көңіл күй сыйлаумыз қажет. Сендердің ойларыңызша мейірімді жүрек қандай болады? Соны бейнелейік.
Жүрекшелерге көңіл-күй сыйлайды.
Тәрбиеші:-Жұмыла көтерген жүк жеңіл деп сендер шығармашылық жұмыстыда аяқтадыңдар.
Шеше сен бақыттысың жыламағың,
Жай түсіп жатқандада жыламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтанда жыламағың,жыламағың,- деп ақын атамыз М.Мақатаев айтып өткендей,анамыз қаңдай мейірімді болса,бізде сол кісіге бар мейірімізді көрсетіп бәріміз бірге «Ана» ән шырқайық.
Соңғы тыныштық сәті: Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тіземізге қойып отырайық. Көздерімізді жұмайық. Күн нұры сіздердің төбелеріңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Бұл күн сәулелері . Сіздің бойларыңызға жақсылық пен қуаныш сезімін таратады. Барлық жақсы сезімдеріңізді жүрегіңізге жиналды. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жәймен көзіңізді ашыңыздар.
Осымен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Ал енді, қонақтармен қоштасып, тобымызға оралайық.Сау болыңыздар!
«Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Күршім ауылының балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны»
№5 педагогикалық кеңеске арналған ашық
ұйымдастырылған оқу қызметі
Бөлімі. Математика негіздері
Тақырыбы: «Қорытынды сабақ»
Тәрбиеші: Нургазина Қ.Қ



