Касымбаева Сандуғаш Кантаевна
Ы.Сүлейменов атындағы
№37 орта мектептің ДОІЖО
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп білім алушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған. Оның үшеуі жалпы орта білім беру жүйесіне қатысты айтылған. Оның ішінде 76-қадамда «12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту» болып белгіленген.
Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады.Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.
Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері болып табылады..
Оқушының математикалық дайындығын тексеру мазмұны математикалық сауаттылық түсінігіне негізделген. Ол «адам өмір сүретін әлемде математиканың рөлін анықтау және түсіну қабілеті, қисынды математикалық пікірлер айту, келешектегі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу» дегенді білдіреді.
Білім беру саласының пәндерін оқыту барысында әртүрлі адами іс-әрекеттер саласында кездесетін кең ауқымды өмірлік есептерді шешу үшін білім мен біліктерді пайдалану дағдыларын кеңейтуге, яғни функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша жұмыстарға көңіл аудару керек.
«Сауаттылық» термині бүгінгі мектепте айтылып жүрген бағдарлама бойынша анықталатын «білім, білік, дағдылар» жиыны емес. Мұнда ойлауды және түсінуді талап ететін, түрлі контексте әртүрлі жолдармен қолдана білуді қажет ететін математикалық білімге баса назар аударылады. Бұл халықаралық PISA талабы. Демек, ондай зерде болуы үшін іргелі білім керек. Оны әрине бала мектептен алады. Сауаттылықтың лингвистикалық мәні сияқты, математикалық сауаттылықтың мәні де шексіз. Бірақ, міндетті түрде математикалық терминологияны білуді, қандай да бір операцияларды, белгілі бір тәсілдерді қолданып іске асыру дағдысы болып табылады. Математикалық сауаттылық ұғымына оқушылардың келесі қабілеттіліктері жатады.
-Қоршаған ортада пайда болатын және математика арқылы шешілетін мәселелерді тани білу;
- Оны математика тілінде құрастыру;
-Бұл мәселелерді математикалық айғақтар мен әдістерді қолданып шешу;
-Шешімдерде қолданған әдістерді талдау;
-Қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижені түсіндіру;
-Нәтижелерді құрастырып жазу.
Әр тапсырма математиканың мына бөліктерінің біріне сәйкес келеді:
-сандар;
-кеңістік және форма;
-өзгерістер мен қатынастар;
-белгісіздік.
Сонымен бірге математикалық сауаттылық деңгейі математикалық құзіреттіліктің даму деңгейімен сипатталады. Ол үш деңгеймен сипатталады, яғни елестету деңгейі, байланыс орнату,ойлау деңгейі.
Сондықтан, оқыту мақсаты үшін математикалық сауаттылық аспектілерінің санын анықтау қажет. Мұндай аспектілер- төртеу, оның екеуі негізгі, екеуі қосалқы.
Негізгілер- математикалық компотенттілік негізгі математикалық түсініктер.
Қосалқы- математикалық оқу программасының элементтері.
Математикалық \құзырлылыққа\ компотенттілікке жалпы дағдылар мен білім, яғни есеп шығара білу, математикалық тілді және модульді пайдалана білу, негізгі математика –ұғымдар.
Қосалқы аспектілер:
-Математикалық оқу программасының элементтері:
-Жағдаяттар мен орта\ қоршаған\ математикалық құзырлылыққа жалпы дағдылар мен білім,яғни есеп шығара білу, математикалық тілді және математикалық модульді пайдалана білу дағдылары жатады.
Негізгі математикалық ұғымдар:
Негізгі математикалық ұғымдар тобының кейбіреулері, мысалы: ықтималдық, өзгеру мен өсу, тәуелділік пен өзара байланыс т.б.
«Негізгі ұғымдар» деп айырықша таңдау жасаудың өзіндік себебі, бұл ұғымдар математиканы жасанды бөлімдер мен тақырыптарға бөлмейді.
Математикалық аспектілердің қосалқы тобына сауаттылықтың негізгі аспектісі математикалық құзырлылық дедік. Бұл топқа төмендегі элементтер жатады.
1. Математикалық ойлау дағдысы:
-Математикаға ойлау дағдысы;
-Математикаға ғана тән –«қалай табу керек? қанша?» т.б. сұрақтарды қамтитын мәселелерге тиісті жауаптарды білу.
-әр түрлі, яғни анықтама, теорема, қорытынды, болжам, мысал, тұжырым т.б әр түрлі орындағы ұғымдардың арасындағы айырмашылықты ажырата білу. Берілген математикалық концепциялардың шегі мен шетін түсініп оларды шеше білу дағдыларын қамтиды.
2.Математикалық дәлел дағдысы:
Бұл математикалық дәлелдеулерді білу, олардың басқа математикалық дәлелдерден өзгешелігін ажырата білу. Математикалық дәлелдемелерді құра білу дағдылары қамтиды.
3. Модульдеу дағдысы.
Бұл мәселе есептер,математикалық модульдің түрліше түрлерін білу. Математикалық модульмен жұмыс істей білу, модульді және оны нәтижесін талқылау, бақылай білу дағдыларын қамтиды.
4.Есеп шығара білу дағдысы.
Бұл- әр түрлі математикалық есептерді тұжырымдау, анықтау және оларды түрлі әдістермен шеше білу дағдыларын қамтиды.
5. Баяндау дағдысы-бұған барлық математикалық түрлі интерпретациялық қолдана білу дағдысы жатады.
6. Коммуникациялық дағды – математикалық мазмұндағы мәселелердің бәрінде ауызша, жазбаша түрде өзін көрсете білу, түсіну дағдысын қамтиды.
7.Құрал жабдықтар мен оларды қолдана білу дағдысы.
Математикалық әрекетке мүмкіндік беретін ретін, барлық құрал-жабдықтарды оның ішінде информациялық технология инструменттерін қажетіне қарай қолдана білу дағдысын қамтиды.
8.Символдық, техникалық және формулалық тілдерді интерпретациялау дағдысы.Бұдан символдық, техникалық және формулалық тілдерді түрлі интерпретацияда қолдана білу, табиғи тілмен байланысын түсіну, табиғи тілді символдық, техникалық және формулалық тілдерге аудара білу.
Сонда нақты математикамен шұғылданғанда жоғарыдағы айтылған дағдылар түгел қолданылады.
«Математика» пәнін оқыту барысында математикалық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында:
- оқушыларға анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу;
- математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру;
- игерілген математикалық білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларды пайдаланып практикаға бағытталған тапсырмаларды шешу;
- дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау;
- математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу)
- математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру іскерліктерін үйренеді.
4