«Алтын күз»
Жүргізуші:
Қуандырып біздерді
Мерекелді күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін ел енді.
Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз мерекесі құтты болсын! Ендеше «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз..
Балалар музыкалық әуенмен қолдарына жапырақ алып кіреді.
Би : «Қызыл-сары жапырақтар»
Жүргізуші: Ал енді балаларымыздың күз мезгіліне арнап жаттаған тақпақтарын тындайық.
Абдрахман:
Ән салайық күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Би билейік ойнайық.
Роман:
Наступила осень,
Пожелтел наш сад.
Листья на берёзе
Золотом горят.
Роза:
Алтын, сары, қызыл көк,
Алуан, алуан жапырақ.
Ән : « Осенние слезинки »
1.Кап-кап, кап-кап-Капают дождинки
Это,это-Осени слезинки
2. Топ-то, топ-топ-Мокрые тропинки
Это,это-Осени слезинки
3.Плачут,плачут Клены и осинки
Это,это-Осени слезинки
(балалар өз орындарына отырады)
Жүргізуші: Балалар бізге сонау алыстан «Күз ханшайымы»келіпті
(осы кезде себетке толы жемістері бар «Күз ханшайымы» билеп кіреді.)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздерме балалар!Сәлеметсіздерме қонақтар
Балалар:Салеметсізбе!
Күз ханшайымы:
Уа халайық, дархан далам армысың!
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен күзгі ханшайыммын сендерді көргеніме қуаныштымын.Мен сендерге сонау алыстан «Ақбота» тобына арнайы келдім.Маған өнерлеріңді көрсетесіңдерма?
Балалар: Ия
Жүргізуші: Хош келдің Күз ханшайымы! Төрлет.Біздің балалар әнде,тақпақта ,биде билей алады.Біздің балалардың барлығы ақылды.
Күз ханшайымы:Ондай болса балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын
Ағайынды бәрі,
Шықса –жасыл
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз ханшайымы: Дұрыс, балалар олай болса жапырақтармен ойын ойнайық Кім маған көп жапырақтар жинап береді екен
Ойын: «Кім жылдам» (жапырақтармен)
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар , балалар ойынымыз қызықты болды , ал енді басқа да өнерлеріңді көрейін.
Жүргізуші:
Ән салыңдар күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Би-билейік ойнайық.
Би: «Саңырауқұлақтар»
Жүргізуші: Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайқ.
Балалар тақпақтары:
Никита:
Осень, осень, погоди!
И с дождями не спеши,
Дай еще нам лета,
Солнышка и света
Бекарыс:
Күздің айы тамаша
Жеміс жидек піседі
Астықтар оралып
Қоймаларға түседі
Ксюша:
Заглянула осень в сад -
Птицы улетели.
За окном с утра шуршат
Жёлтые метели.
Күз ханшайымы:Жарайсыңдар балалар. Мен жалғыз келмедім өзіммен бірге досым қоянды ерте келдім.(Қоян кіріп келеді)
Қоян: Балалар күз ханшайымы менен бұрын кетіп калыпты мен артынан жүгіріп жүгіріп,секіріп секіріп әрең жеттім.Менің ойнағым келіп тұр.Балалар менімен ойнайсыңдарма?
Балалар: Ия
Қоян:Ендеше ойынымызды бастайық.
Ойын: «Күн мен жаңбыр»
Қоян:Балалар ойын ұнадыма?
Балалар : Ия
Қоян: Ал ендеше балалар мені қасқыр қуып жетіп алмай тұрғанда мен орманға кетейін.Сау болыңдар балалар.
Балалар : Сау бол қоян
Жүргізуші: Ал, енді тақпақтарымызды айтып берейік.
Балалар тақпақтары:
Айсана:
Күзім-ау, күзім-ау!
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау.
Марк:
Вот и осень наступила,
Вот и листики летят.
Вот и серенькие зайки
шубки поменять спешат.
Жүргізуші: Кане балалар шеңбер болып тұрып әнімізді орындап берейік
Ән:«Осень в гости к нам пришла»
1.Осень,осень к нам пришла
Дождь и ветер принесла
Кап,кап,кап -4 р
2. Пожелтел зеленый сад
Листья кружатся летят
Шу,шу,шу- 4 р.
3 . Песен птичек не слышны
Подождем их до весны
Чик-чирик -4 р.
Жүргізуші: Күз ханшайымы сізге біздің балалардың өнері ұнадыма?
Күз ханшайымы: Ия өте өнерлі балалар екен.Менің сендерге әкелген аздаған сыйым бар .(сыйлықтар тарату)
Берекелі бақ-дәулет
Арта түссін тойланып,
Сау болыңдар, балалар
Келгенше жыл айланып.
Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді.
Балалар: Қош бол Күз ханшайымы!
Жүргізуші: Күздің кереметі,байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдаға, көкеністерге, жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Міне балалар осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыға бақыт-береке тілеймін.