"Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес."
Қ.И.Сәтпаев
Қазақтың ұлы ғалымы
.Қазақ халқының мақтанышы, тұңғыш академик,елімізде тау –кен ғылымының негізін қалаған ғалым –Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Қазақстан ғылымының орасан зор табыстарға жетіп, әлемдік биікке жетуде айрықша еңбек сіңірген , дүниежүзіне танымал, халқының сүйікті перзенттерінің бірі – Қаныш Имантайұлы Сәтбаев артына көп салалы ғылыми мұра қалдырған энциклопедияшыл білгірі.
Биыл қазақ даласының ұлы перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толып отыр. Қ.И.Сәтбаев – алгебрадан мектеп оқулығының алғашқы құрастырушысы, тұңғыш кәсіби тау-кен инженері, ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, Қазақстандағы алғашқы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еліміздегі ғылымның негізін салушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері. Сондықтан да ұлы ғалымның есімі қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылған.
Халқымыздың рухани өміріндегі ерекше ұлы тұлға Қ.И.Сәтбаевтың есімі халқының жанында мәңгі сақталмақ. Оның есімі өзі ұзақ жылдар жетекшілік еткен ҚР Ұлттық ғылым академиясының геологиялық ғылымдар институтына, Алматы, Балқаш, Семей т.б. қалалардағы көшелерге, кіші планетаға берілген. Қ.Имантайұлының құрметіне Жоңғар Алатауы, жотасындағы мұздық пен шың, Қаратаудағы ванадий кен орны рудаларында табылған “Сатбаевит” минералы “Академик Сәтбаев” гладиолус гүлі аталған.
Жезқазған кен-металлургия комбинатын, Қарағанды мен Балқаш металлургия зауыттарын, Ертіс-Қарағанды арнасын салу, Маңғыстау, Мұғалжар, Торғай өңірлерінің табиғи байлықтарын анықтау жөнінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, республикамыздың ірі минералдық шикізат қорларын – Кенді Алтайды, Қаратау фосфоритін Қостанай мен Жезқазған – Ұлытау өңірлеріндегі темір, марганец, т.б. көптеген кен орындарын игеру Сәтбаев есімімен тығыз байланысты.
Академик Қаныш Сәтбаевтың баға жетпес үлесі – ғылыми мәдениет пен ғылымда методологиялық әдістерді орнатуы. Бұлар – Қазақстанның ғылыми қызметкерлерінің қазіргі буыны мен ғылымға қызығатын жастар үшін жүйеленген зерттеу жұмысының үлгісі іспеттес.