методическая разработка занятия

Конспект занятия
Методическая разработка занятия по дисциплине "История Казахстана" .
Алимханова Лаура Султанбековна
Содержимое публикации

Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқытушының сабақ жоспары


Тақырып

«Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті»

Модуль /пән атауы:

Қазақстан тарихы

Дайындаған оқытушы: Алимханова Лаура Султанбековна

1.Жалпы мәліметтер
1 Курс, 2023-2024 оқу-жылы, топ 1 ВФ-20

Сабақ типі: Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты:Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптастыру ерекшеліктерін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік:студенттергеерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптастыру ерекшеліктерін түсіндіру, Қазақстан жерін мекендеген тайпалар туралы түсінік беру.

Тәрбиелілік:студенттерді оқушыларды өз елінің тарихын біліп, құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:студенттердің логикалық ойлау қабілетін дамыту, салстырмалы талдау жасауға дағдыландыру, салыстыра отырып сипаттауға, қорытынды жасау,қорытынды жасауға дағдаландыру

2.1 Оқыту нәтижесі,бағалау өлшемдері:

ОН: Ерте көшпінділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениетінің ерекшеліктерін түсіну, болжам алу, талдау жасау. Ұлы Дала көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін басқа әлемдік өркениеттермен салыстыру, бағалау.

БӨ: 1) Көшпеділер өркениетінің ерекшелігін анықтайды,

2) Ерте көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихи процесстер барысына әсерін бағалайды

Қажетті ресурстар:

  1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер: Презентация

  2 Техникалық құралдар, материалдар: Компьютер, Электронды кітап

Пайдаланылған әдебиеттер: Джандосова З.А. Қазақстан тарихы, 10 сыныбына арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2019

Сабақтың мазмұны

Элемент №

Сабақтың элементтері, оқу мәселелеріоқыту әдістері мен формалары

І

Дәйексөз:2 мин.

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) бір біріне жылы лебіздер айтып топқа бөлінуі. (Мозайка)

ІІ

Үй тапсырмасын сұрау: 15 мин
1 топ сұрақтары:
1.Неге Қазақстанның тарихы Ұлы Дала тарихымен тығыз байланысты?
2.Не себепті археологтерге Ұлы Даладағы қандай да бір археологиялық мәдениетті таратушылардың қай тілде сөйлегенін анықтау қиындық тудырады?
3. Кестені қолдана отырып, Ұлы Дала тарихындағы маңызды аспектілерді баяндандар
2 топ сұрақтары:
1.Ботай-Терсек мәдениеті көшпеліліктің қалыптасуына қалай әсер етеді? Неге ботайлықтарды көшпелілер деп атауға болмайды?
2. Ежелгі жерлеу қорғандарымен қандай Дала Мәдениеті белгілі?
3. Қазақстан аумағында қола өндірісінің дамуына не ықпал етті?
3 топ сұрақтары:
1. Не себепті археология ғылымы Қазақстанның ежелгі тарихын зерттеуде ерекше маңызға ие?
2. Орталық Қазақстандағы андрондық ескерткіштердің ерекшелігі туралы айтындар.
3. Федоровтың бір қонысынан табылған «егіншілік үйі» мен «тоқымашының үйі» нені білдіреді?

ІІІ

Жаңа тақырыпты түсіндіру: 30 мин

Көшпеліліктің пайда болуы
Сақтар
Сақтардың Тасмола мәдениеті
Сарматтар
Сақтардың әлеуметтік ұйымы

Көшпеліліктің пайда болуы
Көшпелілік, Даладағы шаруашылықтың негiзгi түрі ретінде, ерте темір (б.з.б. I мынжылдық) дәуiрiнде қалыптасты. Темiрдi игеру мыс пен қоладан жасалған еңбек қуралдары мен қаруларды темiрге алмастырды.
Бейнеролик
Далада ұзақ ғасыр көшпелі малшы-егінші шаруашылығы өмiр сүрді. Б.з.б. II мыңжылдықтың ортасында көшпелі малшаруашылығына етудiн барлық
алғышарттары қалыптасқанымен, ол жузеге аспады. Көшпелiлiкке етуге б.з.б. I мынжылдықта болған кезектi қурғақшылык ықпал еттi. Б.з.б. I мыңжылдықтың алғашкы жартысында қурғақшылыққа ұшыраған Далада шаруашылық жүргiзудiн жалғыз түрi көшпелiлiк болды. ҰлыДаланын барлық белдеуiнде андрондық мәдениет түрінің мұрагерлері тұрақты қоныстардаң бас тартып, жыл бойы көшіп жүретін көшпелілікке ауысты. Қоныстар мулдем бос калды немесе маусымдық қоныска айналды. Осыдан бастап малшаруашылығы басты шаруа
шылық түрiне айналды. Кошпеліліктін тағы бір ерекшелiгi малды жыл бойы далада бағу болды.
Көшпелілер мал құрамын өзгертіп, тебiнге ынғайлы қой мен жылқыны көбірек өсіре бастады. Жайылымды тиiмдi пайдалану үшін көшпелілер маусымдық көшуді меңгерді: шөптің қашан, қайда өсетінін зерттеді, бір маусымдық жайылымнан басқасына көшу жолдарын есте сактады, малдарды суаратын су кездерiн iздестiрдi.
2.Сактар. Ертедегі көшпелілер - сақтар, скифтер (көне парсыша - сақа, көне қытайша-сэ) мен сарматтар және Ұлы Даланың шығыс бөлiгiндегi тайпалар туралы тек археологтердiн деректерінен ғана емес, сондай-ақ кестеген жазба дереккөз аркылы да білуге болады. Б.з.б. VI ғасырдың ежелгi парсы жазбалары - сақтар заманы туралы жазылған ең алғашкы дереккөз. Ежелгi парсы бедерлі суреттерiнде сактардын бейнесі де кескінделген. Екiншi жазба дерек Геродоттың еңбектері мен грек-римдік тарихнама дәстүрінде кездеседі. Үшiншi дерек б.з.б. I мын- жылдыққа жататын кенекытайлык жылнамаларда баяндалады. Парсы патшасы 1 Дарийдің бехистундық жазбаларында оның
Орга сак-тиграхаудаларға («шошақ берік киетін») жасаған жорығы сипатталады. Олардын үлкен өзен жағалауында өмір сүретіні («Парадарайя»), сол кезенді Дарийдің кесіп өткені баяндалады. Басқа жазбаларда Дарий өз империясының солтүстік шетіндегі мемлекеттi «соғдылықтардың сырты сактар» деп атаған. Сондай-ак сактар хаомаваргалар туралы да айтылады («хаома дайындайтындару). Парсылар мен гректер сақтардың өзге де тайпалары: дахтар (дайлыктар), массагеттер, сарматтар (савроматтар), исседондыктар туралы мәлімет береді.
Дарий жүзiп өткен өзен Сырдария болуы мүмкін. Солай болса, ол бағындырған өзеннiң әр жағындағы сақтар осы өзеннiң сол-түстік-шығысындағы қазақ, даласын мекендеген болып шығады. «Соғдылыктардын сыртындағы мемлекет деген атау да бұл устанымды бекіте түседі (кандай тарихи от Согды аталатынын еске түсiрiндер). Қазақстанның Онтүстік және Онтустік-Шыгыс даласында сақ тиграхаудалар көшiп-конып жүрген болуы керек (олардын катарында әйгiлi
төменгi ағысы мен Арал манын мекендеп, тайпалық одақ құрған «Алтын адам» болуы да мүмкін). Дахтар мен массагеттер Сырдарияны Дахтардан пари тайпасы (парфин) бөлініп шығып, кейін олар Иранда Аршакидтер империясын қурды. Исседондар Орталық Қазақстанда оқшауланып тіршілік кешті. Сақтар мен оларға туыстас тайпалар Ұлы Даланын шығыс бөлігі - Шығыс Қазакстандыгаа сондай-ак Алтай мен Онтүстік Сiбiр жан Жонғарияны да мекендеді. Шығыс сақтар ендi парсы және гректермен емес,ғундар мен ОртаАзияны осы аймағын мекендейтін өзге де халықтармен соғыс жүргізді.
Сақтар алғашкы нағыз көшпелі малшылар болды.
3.Сақтардың Тасмола мәдениеті (б.з.б. VII-III гг.) Солтүстік және Орталық Қазақстан аумағына таралды. Тасмолалық сақтардың (исседондықтар болуы мумкiн) жерлеу құрылыстары мәйітті жерлейтін үлкен қорған мен оның мінген атын кеметiн жапсарлас шағын қорғаннан турады. Шағын корғаннан шығысқа бағытталып, ұзындыгы 20 м-ден 200 м-ге жететін екі доға тектес тас тізбектер тiзiледi. Жерлеу орындарынан жылқы мен қойдын бас сүйектері, сондай-ақ
жебенің қоладан жасалған ұштары, ақинак (қысқа темiр семсер), саздан жасалған ыдыстар, қурбандық шалатын тас пен ат әбзелдер кездеседі.
Исседондықтарда қазақтың қыстауына уқсайтын қоныстар болды.Бұл солтүстік сақтардың суық климатқа бейімделгенiн керсетеді. Қоныстардың қорымының шағын болуы бытыранқы шаруашылық жүйесін көрсетеді, яғни исседондықтар шағын топтармен кешiп журді.
4.Сарматтар. (Геродот бойынша савроматтар») - сақтарға мәдениеті жағынан жақын көшпелі тайпалар одағы. Олар Батыс Қазақстан Еділ мен Жайық өзендерінің аралығын мекендеген. Б.з.б.ғасыр олар дах-массагеттердің ығыстыруымен Ұлы Даланын батыс бөлігін тастап шығады. Жерлеу қорғандарын тұрғызу, ақинактар жасау, өнердегі «аң» стилі оларға да тән ерекшелік болды. Сарматтарда егіншілік манызды шаруашылық түрi болды. Олардын қоғамында әйелдің орны жоғары болды. Сарматтар Орталык Азиядағы сақтар мен Қара теңіз манындағы скифтерді өзара байланыстырды.
5.Сақтардың әлеуметтік уйымы.
Қарапайым адамдардан айырмашылығы бар патшалар әулетінің қорғандары қоғамда әлеуметтік жіктелуді ғана емес, сақтарда патша әулеттерiнiң болғаның көрсетеді. Жазба дереккөздердің мәліметінше, патша-көсемдер әскери қолбасшылар болған әрi олар дипломатиялык келіссөздер жүргiзген. Осыл
шi тектен шыққандар (көсемдер мен ақсақалдар) оскери-тайпалын
аксуйектерді курады. Кезінде тайпаластарынын әскерін баскарды. Сонымен қатар олар күнделікті өмірде билік жүргізіп, абыздар тобы да болды. Көптеген жәдігерлер мен жазбалар сақтар ат қулағында ойнаған жақсы садақшылар болғандыгын дәлелдейді. Салт атты садақшылар қаһарлы, жеңілмейтін жауынгерлер болды. Олар әскери жорыктардан бос кезінде қарапайым көшпелi турмыс кешiп, мал өсірумен айналысты. Осы сақтардын әлеуметтiк иерархиясынын ең төменгі сатысында егiншi шаруалар туруы мүмкін. Өйткені кейбiр тайпалар егiншiлiкпен де айналысқан еді.
Әлеуметтiмның туыстық ұйым әскери көсемдер мен ақсақалдар беделі, жауынгер-көшпелілердің еркіндігі сияқты белгілері көшплі өркениетінің ерекшелігіне тек табиғат жағдайына бейімделген шаруашылық түрі ғана емес, әлеуметтік ұйымның да ортақтығы тән.

IV

Сабақты бекіту 35 мин

1 Тапсырма: Сақ тайпаларын атап, картадан олардың қоңыстану орындарын көрсетіндер. Картамен жұмыс. (Жеке карточкалар таратылады)

2 тапсырма:

«ПТМС» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс жасайды. Берілген мәтін бойынша еуропа ғалымдарының көзқарастары негізінде,көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихи процестер барысына әсерін талдайды

Позиция (мен солай санаймын,....)

Түсіндіру(....себебі...)

Мысал (мен мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын....)

Салдар (айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймын....)

3 тапсырма: Көшпелілер өркениеті туралы әртүрлі көзқарастар жазылған мәтінді ықшамдап ұсынылады.

Топ: XVIII—XIX ғасырлардағы Еуропа ғалымдарының көшпелілер туралы көзқарастары қаншалықты дәлелді?

Топ: XX ғасырдағы Еуропа ғалымдарының көшпелілер туралы көзқарасы қалай өзгерді?

Топ: Л.Н. Гумилевтың зерттеулері бойынша көшпенділер өркениеті әлемдік тарихи процестерге әсер етті ме?

4 Тапсырма:«Көшпелілер өркениетінің әлемдік тарихи үдерістегі маңызы қандай?» деген тақырыпта шағын эссе жазады.

Кіріспе (көшпелілер өркениеті туралы шолу жасау)

Негізгі бөлім.Көшпелілер өркениетінің маңыздылығын ашу үшін кем деген 3 дәлел келтіру;

Қорытынды. Алған білімінің негізіде өз ойын қорытындылап, болжам жасау.


V

Қорытынды: 3 мин

Бағалау

Рефлексия: 3 мин

Рефлексия пирамидасы

Мен үйренген 4 мәлімет

Мен білген 3 мәлімет

Менің көбірек білгім келген 2 мәлімет

Есте сақтау керек 1 маңызды мәлімет

VII

Үй тапсырмасы: 2 мин

Параграф 10, 41 -47 беттер.

Ізденімдік жұмыс: Тасмолалық мәдениетке қаңдай қорғандар түрі тән? Қосымша дереккөздерден мұндай қорғандар тұрғызу не үшін қажет болғанын түсіндіретін болжамды табыңдар.

Комментировать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ бесплатно!
Подробнее
Также Вас может заинтересовать
История
Планирование по истории для «9 класс КТП: История Казахстана»
История
Разное по истории для дошкольников «Дидактическая игра»
История
Конспект занятия по истории для 5 класса ««Мы вместе! Крым и Россия»»
История
Разное по истории для «Н.И.Ашмарин»
Комментарии
Добавить
публикацию
После добавления публикации на сайт, в личном кабинете вы сможете скачать бесплатно свидетельство и справку о публикации в СМИ.
Cвидетельство о публикации сразу
Получите свидетельство бесплатно сразу после добавления публикации.
Подробнее
Свидетельство за распространение педагогического опыта
Опубликует не менее 15 материалов и скачайте бесплатно.
Подробнее
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и скачайте рецензию бесплатно.
Подробнее
Свидетельство участника экспертной комиссии
Стать экспертом и скачать свидетельство бесплатно.
Подробнее
Помощь