«№1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ
«Бекітемін»
«№1 психологиялық-педагогикалық
түзету кабинеті» КММ
әдіскер Аманкелдина А.К.
__________________
«Ақ Мамам!»
атты мерекелік ертеңгілік
«Мамочка моя!»
Весенний утренник
27.02.2024
Басталуы: сағ:10-30
Жүргізуші: Дархан С.-ЛФК
Коктем: Коркем-дефектолог
Қызыл Телпек: Куралай-музыка жетекші
Каскыр: Гүлдана –логопед
«Ақ мамам» мерекелік ертеңгілік сценарий
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекемен құттықтау, балаларды мейірімділікке тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Барысы:Зал көктем мерекесіне орай әдемі безендірілген. Көңілді әуен қосылып, балалар аналарымен кіреді.
Жүргізуші: Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Сәлеметсіздер ме құрметті Аналар,ұстаздар, бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға қош келдіңіздер!
(Әуенмен Қызыл телпек кіреді)
Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Қызыл телпек! Мұнда қайдан жүрсің?
Қызыл телпек: Әжемнің жағдайын сұрап, құттықтауға бара жатырмын. Осы жерден өтіп бара жатып, әуеннің дауысын естіп келдім.
Қызық телпек: Қанеки балалар олай болса менде сендерге қосылайын, барлығымыз орнымыздан тұрып амандасып алайық!
«Салем» жаттығу «тук –тук» «Балапан алақан» жаттығуларды балалар аналарымен бірге жасайды
.
Осы кезде Қасқыр кіреді
Қасқыр: Мен Қызыл телпекті іздеп жүрмін. Иісінен сезіп тұрмын, ол осында. Әлде келіп кетті ме екен? Мен оны ұстап алуым керек. Қайда? Қайда?
Қызыл телпек: Құтқарыңдар мені!
(Қасқыр таңданып басын шайқайды, Аңдып жүріп Қызыл телпектің қасына жетіп келеді)
Қасқыр: А, міне , өзіңе жеттім бе? Менің қарным ашып тұр, мен сені жеймін
Қызыл телпек: Қасқыр! Қасқыр! Үлкен мереке өтіп жатыр. Балалардың өнерін тамашалайық! Олар аналарына арнап ән, айтады. Мен де әжемді құттықтауым керек. Тамашаға қатысып, ойын ойнайық. Қалай қарайсын?
Қасқыр: Егер балалардың өнері маған ұнаса, мен саған тимеймін!
Жүргізуші: Балалар, қасқырға озіміздің өнерімізді көрсетейік
Ән: «Топ-топ, балақан»
Қасқыр: Ой, балалар, сендердің өнерлерін маған ұнады, көп рахмет сендерге,.ал енді менде сендермен ойын ойнайын
Қасқыр ойын ойнатады
Балалар, мен жаңа келе жатып жолда осы заттарды тауып алдым, бұл не екен? ( жасырылған суреттерді ашады)
Ұшақ ұшады уууу, Жаңбыр жауады кап кап, Балық жүзеді буль буль. Қайшы кеседі чик чик. Сағат соғады тик-так
Балалар сендер білесіндерме? Күн жылынып қар еріп жатқанда ұйқыдағы аңдар оянатытынын. Менің досым аю ұйқысын аша алмай жатыр. Оған оянуға көмектесейікші.
Сергіту сәті: Аю аю тұршы
Жүргізуші: Балалар бүгін біздің мерекемізге тағы қрнақтар келді. Көктем ханшайымы келіп жетті
Әсем әуенімен Коктем кіреді.
Көктем: Сәлеметсіңдер ме , балалар!
Міне келдім табиғатты оятып,
Күн күркірі нөсерімен тоя түп.
Ағаштардың тамырына қан жүрді,
Жапырағын жасыл түске боятып.
Қандай әдемі болып құлпырып кеткенсіңдер!
Жүргізуші: Салеметсізбе ару көктем! Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше көңілді.
Қызыл телпек пен Қасқыр Коктеммен амандасады.
Коктем балалармен ойын ойнатады.
Ойын: «Аналарға гүл сыйлаймыз мерекеде»
Жүргізуші: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
Келесі кезекте шулы аспаптар ансамблін ортаға шақырайык
«Көктемгі көңіл күй» балалар аналарымен бірге шулы аспаптарда ойнайды
Қызыл телпек пен Қасқыр: Балалар , сендер қандай өнерлісіңдер! Ана туралы ән де біледі екенсіңдер,аспатарда ойнайды екенсіндер Біз сендерге ризамыз.
Ал енді тағы бір ойын ойнайық бәріміз
ОЙЫН ойнатылады
Коктем: Ашық хат жасау. (қолмен-оймен жұмыс) Ендеше, анамыздың мерекесіне арнап сыйлық жасайық, келіңдер, мен сендерге көмектесейін. Мына қиылған қағаздар, желім, бәріналып ашық хат жасайды)
Балалар аналарымен бірге ашық хат жасайды
Аналарына сыйлайды
Жүргізуші:
Бал бөбегін баптаған,
Анам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын ақ мамам!
Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам!
Балалар өз аналарымен биге билеуге шақырамыз!!!!Көктем: Балалар , сендер қандай өнерлісіңдер! Мен сендерге ризамын, мен қайтайын басқа да күтіп отырған сендер сияқты балалар бар. Сау болыңыздар!
Қасқыр: Ой, балалар, сендердің өнерлерін маған ұнады, көп рахмет сендерге. Жүр Қызыл телпек әжеңді бірге барып құттықтайық. Сау болыңдар балалар!
Жүргізуші: Осымен көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурызға байланысты аналарымызға арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Көріскенше күн жақсы болсын!