УАҚЫТТЫ ӨЛШЕУ. Жұлдыздық уақыт. Нақты және орташа күндік уақыт. Уақыт теңдеуі.

Разное
Астрономия - Әлем туралы ғылым, ол аспан денелері мен олардың жүйелерінің қозғалысын, құрылысын және дамуын зерттейді. Астрономия Күн мен жұлдыздарды, планеталар мен олардың серіктерін, кометалар мен метеорлық денелерді, тұмандықтарды, жұлдыздар системалары мен жұлдыздар мен планеталар араларын толтырып тұрған материяларды зерттейді.
Ақжолова Әлия Әбдірайымқызы
Содержимое публикации

УАҚЫТТЫ ӨЛШЕУ.

Жұлдыздық уақыт. Нақты және орташа күндік уақыт. Уақыт теңдеуі.

Астрономиялық білімнің негізінде сфералық геометрияның маңызы зор. Себебі, аспан денелерінің қозғалысы орталық өрістегі қозғалысқа жатады.

Орталық өріс деп қозғалатын дененің алатын толық үдеуі оның кеңістіктегі орнына емес, орталық дене деп аталатын массасы көп үлкен денеден ара қашықтығына ғана (радиус-векторға) тәуелді болатын өрісті айтады. Орталық өрістегі қозғалысты сфералық координат системасында түсіндіру жеңіл. Егер радиус тұрақты болса, онда біз сфера бетіндегі қозғалысты қарастырамыз. Осыған байланысты сфера бетіндегі қатынастарды қарастырамыз.

Сфера бетінде шеңберлер кіші және үлкен шеңберлер болып бөлінеді және кез келген екі нүкте арасы шеңбер доғасымен қосылады.

Үлкен шеңбер деп жазықтығы сфераның центрі арқылы өтетін шеңберді айтады. Жазықтығы сфераның центрі арқылы өтпейтін шеңбердікіші шеңбер деп атайды.

Сфера бетіндегі екі нүктенің ең қысқа ара қашықтығы үлкен шеңбердің доғасы болып келеді.

Сфера бетіндегі өзара үлкен шеңбердің доғаларымен қосылған үш нүктенің құрайтын фигурасын сфералық үшбұрыш деп атайды.

Жұлдызды түні аспандағы жұлдыздарды бақылаған адам, біріншіден, олардың бір бағытта, шығыстан батысқа қарай, тұрақты бұрыштық жылдамдықпен айналатынын байқайды. Бұл Жердің өз осінен айналуына байланысты. Екіншіден, барлық жұлдыздар мен планеталар, тағы басқа объектілер аспанда бірдей қашықтықта, төңкерілген сфераның бетінде, орналасқандай болады. Оны аспан сферасы деп атайды.

Аспан денелерінің көрінерлік қозғалысы деп олардың алыс жатқан жұлдыздарға қатысты Жердің айналуын ескермеген кездегі қозғалысын айтады. Ол негізінен күн системасының мүшелеріне қатысты айтылады (планеталар мен серіктері, кометалар, астероидтар және т.б.).

Аспан денелерінің нақты қозғалысы деп олардың космостық кеңістікте басқа денелер тарапынан болатын тартылыс күштерінің әсерінен қозғалысын айтады. Денелердің нақты қозғалыстарын астрономдар есептеп, қозғалыс таблицалары арқылы береді. Таблицалар аспан денелерінің эфемеридаларын – аспан сферасындағы орындарын – анықтау үшін қажет.

Егер аспандағы жұлдыздарға қатысты Айдың қозғалысын біраз уақыт бақылайтын болсақ, онда оның батыстан шығысқа қарай баяу қозғалатынын көреміз. Ол әр тәулікте алыс жұлдыздарға қатысты шамамен 13о-қа жылжиды да, 12 шоқжұлдызды «басып өтіп», 27,32 тәулікте аспан бойынша толық бір айналыс жасайды. Оны сидерлік (жұлдыздық) ай деп атайды.

Ұзақ уақыт бойы жүргізілген бақылаулар Күннің де Ай сияқты аспан сферасында батыстан шығысқа қарай 12 шоқжұлдызды басып өтетінін көрсетті. Тек Күннің жылдамдығы тәулігіне 1о шамасында, сондықтан бүкіл жолды Күн бір жылда өтеді.

Күн мен Айдың жолдары өтетін шоқжұлдыздардызодиакалды деп атайды. Ол гректің зоон – жануар деген сөзінен алынған. Олардың аттары: Балықтар, Тоқты, Торпақ, Егіздер, Шаян, Арыстан, Бикеш, Таразы, Сарышаян, Мерген, Тауешкі, Суқұйғыш. Алғашқы үш шоқжұлдызды Күн көктем айларында, келесі үшеуін – жаз айларында, тағы келесі үшеуін – күзде, соңғы үшеуін – қыс айларында өтеді. Бақылау кезінде Күн орналасқан шоқжұлдыз аспанда көрінбейді, ол тек шамамен жарты жылдан соң ғана жақсы бақыланады.

Комментировать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ бесплатно!
Подробнее
Также Вас может заинтересовать
Комментарии
Добавить
публикацию
После добавления публикации на сайт, в личном кабинете вы сможете скачать бесплатно свидетельство и справку о публикации в СМИ.
Cвидетельство о публикации сразу
Получите свидетельство бесплатно сразу после добавления публикации.
Подробнее
Свидетельство за распространение педагогического опыта
Опубликует не менее 15 материалов и скачайте бесплатно.
Подробнее
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и скачайте рецензию бесплатно.
Подробнее
Свидетельство участника экспертной комиссии
Стать экспертом и скачать свидетельство бесплатно.
Подробнее
Помощь