Бөлім: | ||
Педагогтің аты-жөні: | Битабарова Хадиша Исабековна | |
Күн: | Сыныбы : 7 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Тақырыбы: | Табиғи қышқылдар және негіздер. Индикаторлар. 7-зертханалық жұмыс. «Ерітінділердің қышқылдығын және негізділігін анықтау» 8-зертханалық жұмыс. «Хлор сутек қышқылын бейтараптау реак-ы» | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 7.3.4.1-қышқылдық және сабындық қасиеттер кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің белгілері болуы мүмкін екендігін білу 7.3.4.2-химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруін білу 7.3.4.3-рН шкаласы негізінде әмбебап индикаторды қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтай білу 7.3.4.4-антацидтік заттарды қолдану мысалында қышқылдардың бейтараптануын түсіну | |
Сабақтың мақсаты: | қышқылдық және сабындық қасиеттер кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің белгілері болуы мүмкін екендігін біледі; -химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруін біледі; рН шкаласы негізінде әмбебап индикаторды қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтай біледі; антацидтік заттарды қолдану мысалында қышқылдардың бейтараптануын түсінеді; |
Сабақ барысы | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 3мин | І. Ұйымдастыру кезеңі: а) «Комплимент айту» әдісі бойынша жағымды психологиялық ахуал орнатады в) «Стикер түсі» бойынша топқа бірігуге нұсқау береді. | Оқушылар шеңберге тұрып «Комплимент айту»тәсілі арқылы сыныпта жағымды ахуал орнатады . «Стикер түсі» бойынша топтарға бірігеді. | Кері байланыс: Мадақтау арқылы бағаланады. | Түрлі түсті стикерлер |
4мин | ІІ Үй тапсырмасы «Сұрақты ұстап ал!» тәсілі арқылы сұрақ қояды, өткен тақырыптар бойынша білімдерін еске түсіреді. «Миға шабуыл» тәсілі арқылы сұрақтар қою отырып жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды. | Оқушылар «Сұрақты ұстап ал!» тәсілі арқылы жауап береді., өткен тақырыптар бойынша білімдерін еске түсіреді. «Миға шабуыл» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды | Кері байланыс: Мадақтау арқылы бағаланады. «Жарайсың!» «Тамаша жауап»т .б | Экран |
Сабақтың ортасы 2 мин | ІІІ Білімді толықтыру үшін оқулықтағы мәтінді оқуға тапсырма береді. | Оқушылар оқулықтан мәтінді оқып танысады, тірек сөздерді дәптерге жазып алады. | Кері байланыс: Мадақтау арқылы бағаланады. | Окулык Химия 7-сынып |
15 мин | ІV Жаңа сабақ Мұғалімоқушыларға оқулықтан тапсырма береді. 1-топ «Қышқылдар» 2-топ «Сілтілер» 3-топ «Индикаторлар» туралы ақпаратпен танысуды, топта талдап, түсіндіруді ұсынады. «Кинометафора» тәсілі бойынша бейнеролик көруді, пікір алмасуды ұсынады Зертханалық жұмысты ұйымдастырады | Оқушылар мұғалімнің түсіндіруін тыңдап , берілген нұсқау бойынша топта жұмыс жасайды. 1-топ «Қышқылдар» 2-топ «Сілтілер» 3-топ «Индикаторлар» туралы ақпаратпен танысуды, топта талдап, түсіндіруді ұсынады. Жасалған жұмыстары бойынша әр топ плакат дайындайды. . Әр топ тақтаға шығып өз плакаттарын қорғайды. «Кинометафора» тәсілі бойынша бейнеролик көреді, пікір алмасады Қышқылдар https://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/057b368e-9696-43ef-bffc-406417e04ffa 7-зертханалық жұмыс. «Ерітінділердің қышқылдығын және негізділігін анықтау» 8-зертханалық жұмыс. «Хлор сутек қышқылын бейтараптау реак-ы» Косымша-1-2 | Кері байланыс: «Бутерброд» тәсілі арқылы бағалайды | А4 парағы Маркер Химия 7-сынып |
15 | Сабақты бекіту тапсырмалары. Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. Мұғалім жаңа тақырып бойынша білімдерін тиянақтау үшін жеке, жұптық жұмыстар ұйымдастырады Жұмыстың орындалуына бақылау жасайды, ЕБҚ оқушыға қолдау көрсетеді. | 1-тапсырма (а) Төменде берілген суреттің 1 және 2-бағанында берілген заттардың қандай ортақ қасиеттері бар? Осыған ұқсас қасиеттері болатын қандай заттарды білесіз? Өзіңіз мысал келтіріңіз 2-тапсырма ЕБК тапсырмасы Индикатор шкаласын анықтап, бос шаршыға толтыр | Дескриптор табиғи қышқылдардың қасиеттерін сипаттайды; табиғи сілтілердің қасиеттерін сипаттайды; табиғи қышқылға мысал келтіреді; табиғи сілтіге мысал келтіреді. .Жалпы балл -5 Дескриптор : индикатор шкаласын анықтап, бос шаршыға толтырады; Жалпы балл-3 | Оқулық Химия 7-сынып Тапсырма жазылган парактар |
Сабақтың соңы 5 мин | Кері байланыс «Шығу билеті» Маған сабақта қиын болды ......................... Маған сабақта жеңіл болды ........................ Маған әлі де көмек керек …........................ | Кері байланыс «Шығу билеті» Маған сабақта қиын болды ......................... Маған сабақта жеңіл болды ........................ Маған әлі де көмек керек …........................ | Кері байланыс: «Шығу билеті» арқылы | |
1 мин | Үй тапсырмасы §.14оку |
Лабораториялық тәжірибе
«Ерітінділердің қышқылдық, негіздік ортасын анықтау».
Мақсаты: қышқылдық, негіздік орталарды индикатордыңтүсін өзгертуі арқылы анықтауды үйрену.
Құралдар мен реактивтер: пробиркалар, штатив, натрийгидроксиді, мыс (ІІ) хлориді, тұз қышқылы, су, лакмус,фенолфталеин, метилоранж.
Жұмыс барысы: қышқылдың, сілтінің ерітінділеріне жәнесуға 2 тамшыдан индикаторлардан қосыңыз.Кестені толтырыңыз.
Индикатордың атауы | Индикаторлардың түсі | ||
Қышқылдық орта | Бейтарап орта | Сілтілік орта | |
Лакмус | |||
Фенолфталеин | |||
Метилоранж |
Қорытынды:
Төменде кестеде орта реакциясына байланысты ерітіндітүсінің боялуы берілген. Осы кестеде ортаға байланыстысәйкес келетін түстерді анықтап толықтырыңыз
Дескриптор
Білім алушы
− индикаторлардың ерітінділерге әсерін зерттейді;
− индикатор туралы анықтама жазып, қорытынды жасайды;
− ортаға байланысты сәйкес келетін түстерді анықтайды.
Сабақта түсінікті мысалдар мен эксперименттер арқылы материалды иллюстрацияласа ңыз, оқушылардың қызығушылығын арттырып, тақырыпты тереңірек түсінуіне көмектесер еді. Практикалық жұмыстар арқылы қышқылдар мен негіздердің қасиеттерін анықтау оқушылардың тәжірибелік дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Жалпы, сабақ оқушылардың химияға деген қызығушылығын оятып, ғылыми ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Тамаша жұмыс, оқушыларға білім алуда сәттілік тілеймін!
Зертханалық жұмыстың негізгі мақсаты – әртүрлі ерітінділердің pH деңгейін анықтау, бұл арқылы қышқылдық және негіздік сипаттамаларын білу. Индикаторлардың , мысалы, лакмус, фенолфталеин сияқты, қышқылдар мен негіздерді айқындаудағы маңызды рөлін түсіндіру – жұмыстың басты аспектілерінің бірі.
Зертханалық жұмыстың барысында оқушылар теориялық білімдерін практикалық дағдылармен байланыстыра отырып, реакцияларды бақылау, нәтижелерді талдау және дұрыс қорытынды жасау сияқты маңызды дағдыларды меңгереді. Оған қоса, қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы білімді нығайту да маңызды.
Жалпы алғанда, бұл зертханалық жұмыс оқушыларға химияның негіздерін тереңірек түсінуге, зерттеу дағдыларын дамытуға және ғылыми әдіснаманы қолдануға көмектеседі.