"Үздіктер шеруі" - мектепішілік мереке сценарийі

Другие сценарии праздников
Оқу жылы аяғында мектептің үздіктерін марапаттауға арналған шара сценарийі
Аралбаева Актолкин Габбасовна
Содержимое публикации

«ҮЗДІКТЕР ШЕРУІ» салтаннаты кеші бағдарламасы

Құрастырған: Аралбаева Актолкин Габбасовна

Х.Есенжанов атындағы ЖОББМ

Сарыөмір аулы

Теректі ауданы

БҚО

Мектебімізде оқу жылы соңында “Үздіктер шеруін” өткізу дәстүрге айналған. Мақсаты оқу жылы бойындағы жетістікке жеткен ұстаздар мен оқушылардың еңбегін дәріптеу, ынталандыру, өзгелерге үлгі ету.

Фанфар ойналады.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі күн ерекше себебі биылғы 2022-2023 оқу жылын 54 үздік, 97 екпінді оқушылармен және 65% білім сапасымен аяқтап отырмыз. Бүгінгі күні түрлі интеллектуалдық, зияткерлік сайыстар мен байқаулардың, спорттық сайыстардың жеңімпаздары атанған оқушыларымыз бен түрлі байқаулардың жеңімпазы атанған ұстаздарымыздың еңбектерін ел алдында дәріптемекпіз. Мектеп үздіктері мен мақтаныштарына алдағы уақытта биік-биік белестерді бағындыруды тілей отыра бүгінгі күнгі «Үздіктер шеруін» ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші:

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халыққа

Жарасады жігер берер әнұран.

(ҚР-ның гимні орындалады)

1-жүргізуші: Мектепте үздік оқып, ата-анасы мен ұстаздарының қуанышы болған оқушылар мен бір жылғы еңбек жолдарында үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарымыздың еңбектері – мектебіміздің ғана емес, еліміздің де мақтанышы. Олардың болашағынан ел-жұрты үлкен үміт күтеді. Олардың барлығы да өз білімдерін дәлелдей алды. Олар сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздардың еңбегін, аялап өсірген ата-аналарының үмітін ақтап, жүзден жүйрік шығып бүгінгі күні «Үздіктер шеруін» құрып отыр. Бүгінгі күн – үздіктер үшін де, ұстаздар мен ата-аналар үшін де қуанышты, салтанатты сәт.

2-жүргізуші: Биылғы жылы оқуышыларымыз білім биіктерін бағындырып, жақсы жетістіктерге жетті. Ел ертеңі, ақылына білімі сай тәуелсіз елдің жастары – Сіздерсіздер. Сондықтан да жауапкершілікті терең сезініп, әрқашан сенім биігінен шыға білулеріңізге тілектеспіз!

1-жүргізуші: Құрметті үздіктер, алдағы уақытта тек жақсы жетістіктеріңізбен, жоғарғы көрсеткіштеріңізбен қуанта беріңіздер. Бәріңізге ақ жол тілейміз!

2-жүргізуші:

Білімдінің бұл өмірде жеңгені көп,

Білім қалар халқымның сенгені боп.

Білімді шәкірттердің тобын бүгін

Атадық «Үздіктердің шеруі»-деп.

1-жүргізуші:

Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі,

Жақсы ұрпақ – Еліміздің шын жүрегі.

Мектептің директоры осы тойда

Айтады Сіздер үшін нұр тілегін.

2-жүргізуші:

Үздіктер шеруі салтанатының алғашқы құттықтау сөзі Хамза Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп директоры Қайырқұл Шынар Самиғоллақызына беріледі.

1-жүргізуші:

Өнерді жанымменен түйсінемін,

Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.

Әдемі би билесін мың бұралып,

Биімен шашу шашып бишілерім.

4 сынып оқушыларының орындауындағы көңілді биді қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші:

Бастауышым ғажабым,
Бастау болған білімге.
Болдың өзің күн,  айым,
Жолын ашқан ілімге
.

Бүгінгі«Үздіктер шеруін» бастауыш сыныптың үздік оқушылары бастайды. «Жыл үздігі» құрметті белгісін тапсыру үшін сахнаға білім негізін қалаушы бастауыш сынып мұғалімдері шақырылады.

1-жүргізуші:

Назарларыңызға тағы бір әдемі әнді жолдаймыз. Бастауыш сынып мұғалімі Алмагүл Болатқызы мен шәкірттерін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Ұрпағы, ұландары текті жердің,
Қашанда болмысына сүйсінемін.
Келешек ғалымдар да, даналар да,
Шығады өздерінен деп білемін!
- сахнада
5-8 сынып оқушыларының үздіктері мен аудандық пәндік олимпиада жеңімпаздары марапатталады.

Үздіктерді марапаттау үшін мектебімізде шәкірттерін білім нәрімен сусындатып отырған, педагог - сарапшы категориялы пән мұғалімдері шақырылады.

1-жүргізуші:Үздіктеріміздің құрметіне аудандық Қадір оқуларының дипломанты Шахиден Баянсұлу «Қазақ осы» әнін орындайды. Қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші:

Ізденімпаз, біз талапшыл жастармыз,

Елімізді биіктерге бастармыз.

Өнер, білім, ғылым сара жолында

Шаршамаймыз, артқа қадам баспаймыз.

Келесі кезекте 9-11 сынып оқушылары оқудағы және түрлі байқаулар мен олимпиадалардағы жетістіктері үшін«Жүл үздігі» белгісімен марпатталады.

Үздіктерімізді марапаттау үшін сахнаға мектебіміздің үлгілі ұстаздары, «педагог - зерттеуші» категориялы пән иелері шақырылады. Олар:

1-жүргізуші:Үздіктерімізге арнаған тағы бір әдемі әнді қабыл алыңыздар. Сахнада 3 сынып оқушылары.

2-жүргізуші:

Саламатты қоғамда салауатты өмір сүру қажет.Салауатты өмір-бұл спорт. Спорт-денсаулық кепілі. Біз, республика, облыс, аудан көлемінде спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар, алтын,күміс,қола медалдар жеңіп алып жүрген спортшы жастарымызбен мақтанамыз. Кезектіүздік спортшылар керуеніне берелік.

1-жүргізуші:

Арыстандай айбатты
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін, - деп ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай ,ауданоблыс, республика көлемінде мектебіміздің атын асқақтатып жүрген спорт майталмандарын марапаттауға мектебіміздің ер азамат мұғалімдерін, осы өскелең ұрпақты салауаттылыққа тәрбиелеп, денелерін шынықтыруға септігін тигізіп отырған дене шынықтыру пәні мұғалімдері шақырылады.

2-жүргізуші:Мектебіміздің мақтанышы, спортшы жастарымыздың құрметіне сахнаға «Үкілі үміт» әнімен вокал номинациясы бойынша аудандық байқаулар жеңімпазы, «Ауыл баласы» жобасының олбыстық кезеңінің дипломанты Елемес Марғұланды шақырылады. Қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:Мағжан Жұмабаев атамыз: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм қазақ жанына үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» деген екен.

2-жүргізуші:Ия, мектепте тек білім алып қана қоймай, сонымен бірге өмірлік өз жолымызды қалыптастыра бастаймыз. Ортамен, адамдармен қалай қарым-қатынас орнату қажет соның бәрін осында үйренеміз. Мектеп – өмірлік ұстазымыз. Барлығын дерлік осында үйренеміз, көреміз, ой түйеміз.

1-жүргізуші:

Біздің мектептің де білім беру мен тәрбие ісінде орындап келе жатырған миссиясы жоғары. Түрлі тақыптағы семинарларға, байқауларға, сайыстарға қатысуда өзіндік орны бар мекеме. Ендеше кезекті «Жылдың үздік тобы 2023» номинациясына беріледі. Бұл номинация бойынша түрлі байқауларға қатысып, үздік шапқан топ жетекшілері марапатталады. Марапатты тапсыруға мектебіміздң әдістеме бірлестік жетекшілері шақырылады.

2-жүргізуші:

Сонымен қатар «Үздік оқырман» номинациясы бойынша мектебіміздің үздік оқырмандары марапатталады. «Үздік оқырман» белгісімен марпаттау үшін сахнаға мектеп кітапханашысы Заругүл Зинетоллақызы шақырылады.

1-жүргізуші: Мектебіміздегі талапты да , талантты оқушыларымыздың қатарын толықтырып жүрген жас актерларымызбен таныс болыңыздар. Сахнада «Соқыр ана» қойылымы. Шағын театр жетекшісі Мендикулова Жансұлу Болатқызы.

2-жүргізуші:

Хамза мектебінің 70 жылға жуық тарихы бар. Осы жылдар ішінде мектеп нығайып, мықты мұғалімдер құрамын қалыптастырды, оқытудың тың әдіс-тәсілдерін тапты, баға жетпес тәжірибе жинақтады!

2022-2023 оқу жылында да әртүрлі жарқын шаралар ұйымдастырылды. Қызықты да көңілді апталықтар, түрлі бастамалармен есте қалды биылғы жыл. Осы істің бас қасында жүріп, әдістеме бірлестігін ұйымдастыра білген білікті ұстаздарымызды неге атап өтпеске бүгінгі күн.

1-жүргізуші

Ендеше,«Үздік бірлестік» номинациясымен мектебіміздің пәндік бірлестік жетекшілері марапатталады. Бұл марапатты табыстау үшін сахнаға мектептің ата аналар комитеті мен қамқоршылық кеңесінің мүшелерін шақырамыз.

2-жүргізуші:

Кезекті мектебіміздің жас ұстаздарының өнерлеріне береміз. Қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші«Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі", - деген қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев.

Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл – ұстаздардың еңбегінің жемісі.

2-жүргізуші:

Олай дейтін себебіміз ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да ұстаз тәрбиелейді. Мұғалімі қандай болса, қоғамы да сондай болмақ делінген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде-ақ белгілі болды. Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекет қана озып шыққан.

1-жүргізушіҚасиетті қара шаңырақтан білім нәрімен сусындап, мұғалім деген атақты алып шығу, оқушыларға жақсы тәрбие мен білім беру үлкен ерлік. Себебі біз тәрбиелеген ұрпақ ертеңгі күні еліміздің тірегі болмақ. Тәуелсіздіктің тұғырын, еліміздің тыныштығын сақтап қалатын да солар. Сондықтан ұстаз болу - жүректің батырлығы!- дей келе кезектіұстаздардың «Үздіктер керуеніне» берелік.

2-жүргізуші:

Жылдың үздік ұстаздарын марпаттау үшін сахна төріне

Теректі аудандық маслихатының депутаты Лукпанов Руслан Саменұлы,

Шалқар ауылдық округінің әкімі Тлешжанов Шынтемір Халиматұлы,

«Өркен» балабақшасы меңгерушісі Уразгалиева Жаңылсын Балтабайқызы,

Сарыөмір мәдениет үйінің директоры Ахметова Болғанай Меңдігерейқызы Сарыөмір ауылдық амбулатория меңгерушісі Салахиева Алмагул Орынбасарқызы шақырылады.

1-жүргізушіСахнаға ұстаздарына деген құрметпен облыстық Сырым оқуларының дипломанты 6 сынып оқушысы Мұрадым Мансурды шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші:

Қу тірлікпен қиқулап барамыз да,
Тек пайданы жапсырдық санамызға,
Сен жақсылап көз салшы айналаңа,
Жомарт жандар бар екен арамызда.

Жаны жайсаң жандардың жолы даңғыл,
Олар əркез пейіштің жолында тұр,
Қамқор адам Алланың сүйкімдісі,
Олардыңда арманы орындалсын.

1-жүргізушіҚазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік, қайырымдылық. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу.

Ендеше, бүгінгі күн маңдай терімен тауып отырған нәпақасын ортақ іске қосып отырған жомарт ағаларымыз да ортамызда. Оларға да бүгінгідей жарқын күнде шексіз алғысымызды білдіру парызымыз деп білемін.

Саханаға«Аялық алақан 2023» номинациясын тапсыру үшін зейнеткер ұстаздарымызды шақырамыз.

2-жүргізуші:

Жақсы сөзге орай жақсы әнді неге тыңдамасқа. Сахнада Ақтолқын Ғаббасқызы. Қарсы алыңыздар!

1-жүргізушіБүгінгі тамаша кешімізде қаншама жаңа жұлдыздар жанды десеңізші. Мектебімізге осындай жұлдыздар тәрбиелеген үшін әкелеріне, аналарына, ата-әжелеріне, мейірбан ұстаздарымызға қамқорлықтары, зеректіліктері мен шыдамдылықтары үшін алғысымызды айтамыз.

2-жүргізуші:

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болмақ сіздің баршаңызда.

Бір жыл қалай зымырап өтіп кеткен.

Жаз да кепті мінекей ортамызға

Қоштасады алтын ұя мектебің,

Маңдайыңнан сипап өтер көктемің.

Демалысын шәкірттердің жаздағы

Тілейікші қызықты боп өткенін

1-жүргізушіБүгінгі дарынды оқушыларымыз бен ұстаздарымызды мадақтау, марапаттау кеші өз мәресіне жетті. Жетістіктеріміз көп, оқушыларымыз алғыр, отбасымыз аман болсын!

2-жүргізуші:

Кешімізді мектеп гимнімен аяқтаймыз. Баршаңыздың назарларыңызға көп көп рахмет!

Комментировать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ бесплатно!
Подробнее
Также Вас может заинтересовать
Сценарии праздников
Сценарии Выпускной по сценарии праздника для 11 класса «Сценарий торжественного вручеения аттестатов»
Сценарии праздников
Сценарии на День матери по сценарии праздника для «Праздничный концерт ко Дню мам "Нашим мамам посвящается"»
Сценарии праздников
Другие сценарии праздников по сценарии праздника для 11 класса «Люди разных в Великой Отечественной Войне»
Сценарии праздников
День космонавтики по сценарии праздника для 4 класса «12 апреля - День космонавтики»
Сценарии праздников
Сценарии Выпускной по сценарии праздника для дошкольников ««Путешествие по стране знаний»»
Комментарии
Добавить
публикацию
После добавления публикации на сайт, в личном кабинете вы сможете скачать бесплатно свидетельство и справку о публикации в СМИ.
Cвидетельство о публикации сразу
Получите свидетельство бесплатно сразу после добавления публикации.
Подробнее
Свидетельство за распространение педагогического опыта
Опубликует не менее 15 материалов и скачайте бесплатно.
Подробнее
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и скачайте рецензию бесплатно.
Подробнее
Свидетельство участника экспертной комиссии
Стать экспертом и скачать свидетельство бесплатно.
Подробнее
Помощь