Конкурсы
(11 работ)
01 Марта – 25 Мая
Қазақстан Республикасының оқу – ағарту министірлігі
(министрліктің немесе ведомствоның атауы)
Абай облысы Білім басқармасының «Көлік колледжі» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
(Білім беру ұйымының аты)
Пісіріп дәнекерлеу іс-тәжірбиесі
сабақ жоспары №8
Электродоғалық пісіру
(сабақтың тақырыбы)
« Пісіріп дәнекерлеу іс-тәжірбиесі»
Оқытушы: Қабдуали С.А.
«_30_» ___12____ 2025 ж
1. Негізгі ақпарат
Курс, топ: II курс 22ТЭМ-к
Сабақтың түрі: іс-тәжірибелік сабақ
2. Сабақтың мақсаты:
- Білімділік:Электродоғалық пісіру туралы жалпы түсінік беру. Электродоғалық пісірудің топталуы және түрлерін білу. Еңбек тәсілдері мен операцияларын үйрету, білімдерін жинақтау, қолдану.
- Дамытушылық:Электродоғалық пісірудің негізгі түрлеріменөз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
- Тәрбиелік:Жұмыс кезінде техника қауіпсіздігін үнемі сақтауға, жұмысты мұқият орындауға және өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыруға.-3 стр. 1я-1ть скручивание шатунаояние верхней и нижней головки шатуна. және тәжірибелік сабаққа деген назары мен ынтасын көтеру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
3. Сабақтың жабдықталуы:Құрал-саймандар және презентация.
3.1 Анықтамалық әдебиеттер:
В.Г.Геворкян- Основы сварочного дела.
Пән аралық байланыс:физика,Металл технологиясы, сызу, слесарлық іс-тәжірибе .
Сабақтың құрылысы:
№ | Сабақ құрылымы | Уақыт |
I. | Ұйымдастыру | 1 мин |
II | Презентация | 3мин |
III. | Үй тапсырмасын тексеру | 15 мин |
IV | Жаңа тақырыпты түсіндіру | 30 мин. |
V | Жаңа сабақты бекіту | 10 мин |
VI | Үй жұмысын беру | 1 мин |
VII | Тәжірибелік жұмыс | 235 мин |
VIII | Сабақты қорытындылау | 5мин |
4. Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Студенттердің сабаққа дайындығына назар аудару. Студенттерді тексеру, белгілеу, кезекшілерді тағайындау. Техника қауіпсіздігі жөнінде айту.
II. Сабақтын презентациясы. Сабақтың мақсаты мен сабақ жоспарымен таныстыру.
Электродоғалық пісірудін негізгі түрлерінің әдістерін түсіндіріп айту.
Электродоғалық пісіргішпен негізгі түрлерін сабақ барысын айту.
Электродоғалық пісіргішпен қандай дәнекерлеу жұмыстарын құрлыста және әртүрлі салада көп қолданылады және кездеседі.
Бұйымды біріктіру үшін құрлыста және әртүрлі салада көп кездеседі.
III. Үй тапсырмасын тексеру.
Комплекстік жұмыстар.Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру және ойын ұйымдастыру .
І «Ойыңды аяқта»
Дайындық жұмысына жатады: кесу,түзету, тазалау және (құрастыру)
Пісіру кезінде бастысы.......... (жылумен) кесуді қолданады
Металды түзету қолмен және ....(станокта)орындалады.
Белгілеу дегеніміз...... (сызбадағы нақты өлшемді металға салу)
Белгілеу кезінде қолданатын құралдар: сызғыш, бұрыштық, чертилка және (кернер)
Пісіру доғасын тұттандырудың екі амалы бар: шертіп және (тақап)
ІІ «Кім жүйрік» ойыны
1. Пісіру режимі дегеніміз (пісіру үрдісіне қатысатын параметрлер жиынтығы);
2. Пісіру режимінің негізгі параметрлеріне жатады (ток күші, пісіру жылдамдығы, доғаның кернеуі, электрод диаметрі);
3. Пісіру режимінің қосымша параметрлеріне жатады (ток түрі, тұрақты токтың полярлығы, электрод қаптамасының түрлері, электродтың көлбеу бұрышы);
4.Электродтың диаметрін таңдайды (пісірілетін металдың қалыңдығы мен маркасына байланысты);
5. Пісіру тогын таңдайды (электродтың диаметріне байланысты);
6. Жікті тез аяқтауда пайда болатын ақау (пісіру шөгісі);
7.Тігінен пісіруде электрод диаметрі болу керек (4 мм-ден артық емес);
8.Тігінен және көлденең күйде пісіруде пісіру жігін азайтайды (10-15%);
9. Төбелік күйде жікті пісіруде пісіру жігін азайтайды (15-20%);
IV. Жаңа тақырыппен таныстыру.
Элктродоғалық пісіру
Қазіргі кезде пісіруді көп салаларда қолданады,атап кетсек:құрлыс,автокөлік құрау және т/б.
Элктродоғалық пісіру
Пісіру өндірісінің тарихы. 1888 жылы тау инженері Н.Г.Славянов графит электродты металл электродына ауыстырған. Қазіргі кезде доғалық пісіру жұмыстарының 99 % Славянов әдісімен жүргізіледі. Электродоғалық пісіру деп металл бөлшектерді балқу температурасына немесе пластикалық күйге дейін қыздырып, бір-біріне тығыз жанастырып ажырытылмайтын қосылыс алу технологиялық процессті айтады. Пісіру арқылы бір текті металдар, әр түрлі металдар, металдар мен металл емес заттар (керамика, әйнек т.б.), пластмассалар қосылыстар құрайды.
Қазіргі кезде пісіру процестерінің 150-ден астам түрлері бар.Оның ішінде кеңінен тараған түрі электродогалық пісіру.
Электрдоғасымен пісіру - металдарды пісіру әдістерінің ішіндегі көп тараған түрі. Электрдоғасының құрал жабдықтары ( сурет). 1 – электрод ұстағыш, 2 – электрод, 3 – металл, 4 – доға, 5 – пісіргіш ванна, 6 – пісіру тігісі, Г- тоқ көзі. Пісірудің бұл түрінде металды қыздыру үшін қажет
Пісірудің бұл түрінде металды қыздыру үшін қажет жылу электродтардан немесе электрод пен металл арасында түзелетін доғадан алынады. Белгілі ортада пайда болған электрондар мен иондардың үздіксіз ағыны электр доғасы болып табылады. Доғаны қоздыру үшін электродтар шамалы уақыт тұйықталып, алыстатылады. Тұйықталған кезде электродтардың ұштары қызып, алыстатылғанда доға пайда болады. Тоқ көзі теріс полюсімен жалғанған электродтан (катод) бос электрондар ұшып шығып ток көзінің оң полюсінен жалғанған электродқа (анод) қарай ұшу жолында электродтар аралығындағы газ молекулаларымен соқтығысып, оларды иондайды.
V.Сабақты бекіту.
Quizizz платформасы арқылы тест орындау.
Қосымша сұрақ-жауап:
Электродоғалықпісіру дегеніміз не?
Электродоғалықпісіруді кай жылдан бері қолдана бастаған ?
Пісірудін қандай түрлерін білесіндер ?
Электродоғалықпісіруде қандай құрал-жабдықтар қолданылады?
VI. Үй тапсырмасы.
Электродоғалықпісіру тақырыбы бойынша есептер беру.
VII. Тәжірибелік сабақ.
Студенттер электр доғасымен пісіру аппратымен іс-тәжерибе жұмыстарын жасайды.
VIII. Қорытындылау. Сабақта белсенділік көрсеткен студенттерді атап өту, бағалау.
Өндірістік оқыту шебері : _____________ Қабдуали С.А.
Қазақстан Республикасының оқу – ағарту министірлігі
(министрліктің немесе ведомствоның атауы)
Абай облысы Білім басқармасының «Көлік колледжі» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
(Білім беру ұйымының аты)
ШАҚЫРУ – КАРТОЧКАСЫ
«Пісіріп дәнекерлеу іс-тәжірбиесі»
(пәннің/модульдің атауы)
Өткізілу уақыты: 30. 12. 2025
Сабақтың тақырыбы:Электродоғалық пісіру.
Оқытушы: Қабдуали С.А.
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік:Электродоғалық пісіру туралы жалпы түсінік беру. Электродоғалық пісірудің топталуы және түрлерін білу. Еңбек тәсілдері мен операцияларын үйрету, білімдерін жинақтау, қолдану.
- Дамытушылық:Электродоғалық пісірудің негізгі түрлеріменөз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
- Тәрбиелік:Жұмыс кезінде техника қауіпсіздігін үнемі сақтауға, жұмысты мұқият орындауға және өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыруға.-3 стр. 1я-1ть скручивание шатунаояние верхней и нижней головки шатуна. және тәжірибелік сабаққа деген назары мен ынтасын көтеру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: іс-тәжірибелік сабақ
Сабақтың жабдықталуы: Құрал-саймандар,мм-проектор, презентация
Пән аралық байланыс: физика, металл технологиясы, сызу, слесарлық іс-тәжірибе .
Қолданылатын технология: Ақпараттық-коммуникациялық технологиясын қолдану
Көрнекіліктер:Презентация, құрал-саймандар.
Өндірістік оқыту пәндер
цикл комиссиясының төрайымы Каржаубаева Ж.К.
Қазақстан Республикасының оқу – ағарту министірлігі
(министрліктің немесе ведомствоның атауы)
Абай облысы Білім басқармасының «Көлік колледжі» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
(Білім беру ұйымының аты)
«Келісілді» Колледж әдіскері ___________Куандыкова А.Б «__»_______________2025ж | «Бекітілген» директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары _________Қасенова А.З. «__»_______________2025ж |
Ашық сабақ
Открытый урок
Пән атауы: «Пісіріп дәнекерлеу іс-тәжірбиесі»
Тақырыбы:Электродоғалық пісіру
Дайындаған: Қабдуали С.А. |
Өндірістік оқыту пәндерінің циклды комиссиясы отырысында қарастырылды. хаттама №____ «____»____________ 2025жыл Циклдық комиссия төрайымы: Каржаубаева Ж.К.______________ |
Семейқаласы, 2025 жыл



