Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: | Мектеп: "М.Мақатаев атындағы №47 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: А.Алшынбекова | |||||||
Сынып:8-сынып | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктеу | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.4.1 - тірі ағзалардағы тыныс алу маңызын сипаттау; 8.4.2.1 Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын классификациялау | |||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы білім деңгейлерін тексеру, әртүрлі тапсырмаларды орындатып білімдерін одан әрі дамытады Оқушылардың басым бөлігі: Өсімдік және жануар энергияны қайдан алатынын және не үшін қолданатынын талдайды. Кейбір оқушылар: Анаэробты және аэробты тыныс алу үдерістерін салыстырып, энергетикалық маңызын тұжырымдайды. | |||||||
Бағалау критерийі | Тірі табиғаттың бір бөлігі өсімдіктер мен жануарлар туралы әңгімелеу. Тірі ағза үшін энергияның маңызын айта алады. Өсімдік пен жануар үшін энергияның пайда болу жолын талдай алады. Анаэробты және аэробты тыныс алу типтерін салыстырады. | |||||||
Тілдік мақсаттар | - Тыныс алу үрдісі және энергияның пайда болуы байланыстарын түсіну, ұғыну, зерттеу (оқылым дағдылары); - Тірі ағзалар үшін анаэробты тыныс алудың маңызын сипаттау (айтылым, тыңдалым және жазылым дағдылары) Негізгі сөздер мен тіркестер: Тыныс алу, кеңірдек, өкпе, лептесік, терінің беткі қабаты, чечевичка, анаэробты, аэробты, ашытқылар, ішек паразиттері, жасыл өсімдік, саңырауқұлақтар,жануарлар | |||||||
Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары бойынша: Құрмет Негізгі ұғымдарды талдау кезінде оқушылардың бір-бірінің пікірімен санасып, бір – бірінің сөзін бөлмей құрмет көрсетуі. Ынтымақтастық және сыйластық: Жұпқа және топқа берілген тапсырманы бірлесіп орындау, оқушылар арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз етеді. Ашықтық: Оқушылар сабақ барысында өз ойларын еркін айтып, тапсырманы бірге талдайды. | |||||||
Пәнаралық байланыс | Химия – тыныс алу үдерісі барысындағы химиялық реакциялар контекстінде. Оттек, көмірқышқыл газы Физика – газдардың қозғалысы, энергия контексттерінде. | |||||||
Алдыңғы білім | Оқушылардың «Жаратылыстану» курсынан тыныс алу, бөліп шығару және фотосинтез туралы жалпы түсінігі қалыптасады | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы (4минут) | Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушылар түрлі анықтамалар жазылған қағаздарды алып, оны оқып, сол анықтаманың жауабын айта отырып топқа бөлінеді. Мысалы: а) Фотосинтез арқылы қоректенетін ағзалар Жауабы:өсімдіктер -І топ ә) Дайын органикалық затпен қоректенетін ағзалар. Жауабы:жануарлар - ІІ топ б) өлекселермен қоректенетін ағзалар Жауабы: микроорганизмдер - ІІІ топ Осылай 3 топқа бөлініп, топ басшылары сайланады. | Үлестірмелі карточкалар |
5минут | «Әңгімелесу» әдісі. Оқушыларға аузыңыз бен мұрыныңызды бірнеше минутқа жауып қойыңыз. 2-3 минут балалардың сезімін талқылаймыз. 1. Өзіңізді қалай сезінесіз? (Мүмкін болатын жауаптар: ауа жетіспеді, әлсіздік, бас айналады, ауыздың құрғауы) 2.Неге сізде осындай сезімдер туындады? Балалар жауабы:Біз тыныс алмадық, оттегі жетіспеді. Осылайша жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. | |||||||
Сабақтың ортасы 30минут | Мәтінмен ЖЖ. 5минут Ой шақыру: Өзекті сұрақ: Неліктен жануарлар өсімдіктерсіз, ал өсімдіктер жануарларсыз тіршілік ете алмайды ? Жануарлар мен өсімдіктердің қайсысы маңызды? 1 –топ –Жануарлардың маңыздылығын дәлелдейді . 2-топ –Өсімдіктердің маңыздылығын дәлелдейді. 3-топ –Қорытынды шығарады Табиғат туралы видеоролик көрсету. Оқушыларға сұрақ қою 1.Осы видеороликтен нені ұқтындар? 2.Олар немен қоректенеді? 3.Осылардың барлығының жиынтығын не деп атаймыз? Оқушылар жауап береді.Сонымен балалар бүгінгі сабақта не туралы өтеміз деп ойлайсыңдар? 6.Оқушыларды үш топқа бөлу:1-топ.«Құстар» тобы 2-топ. «Өсімдіктер» тобы 3-топ. «Жануарлар» тобы INSERT стратегиясы: Тақырыпты өз бетінше оқып, таныс мәліметтерді белгілейді, өзі білмеген мәліметтерді табады да кестені толтырады. V - + ? Білемін Білмеймін Мен үшін жаңалық Мені таң қалдырды Тапсырма -1 (10 минут) «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі. Әр топқа тыныс алу үдерісі бейнеленген суреттер беріледі. Топтарға суретке қатысты үш түрлі сұрақ қойылады. Жеке, сосын жұппен, соңында топ ішінде талқылап, жауап береді. a) Тыныс алу үрдісін түсіндіріңіз 1-топ b) Тірі ағзалар үшін тыныс алудың маңызын түсіндіріңіз. 2-топ (с) Тыныс алу үрдісінің компоненттерін атаңыз. 3-топ Дескриптор: - Суретке қарап тыныс алу процесін түсіндіреді. - Тірі ағзалар үшін маңызын айтады. - Тыныс алу процесінің компоненттерін дұрыс айтады. Бағалау: «Бас бармақты көтеру» әдісі Оқушыларға ДЖИКСО стартегиясын пайдалану арқылы жаңа сабақты талдау. 1 – топ тапсырмасы. Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік үшін маңызы зор. Жануарлар - жанды табиғат өкілі. Оларда тірі организмге тән белгілердің бәрі бар. Олар тыныс алады, қоректенеді, өседі, көбейеді, қартаяды, өледі. Жануарлар өсімдіктердің және басқа жануарлардың бойында болатын дайын заттармен қоректенеді. 2 –топ тапсырмасы. Өсімдік өз бойына ауадағы көмір қышқыл газын, топырақтан тұз және түрлі қоректік заттарды сініреді. Күн сәулесінің әсерінен алынған қоректік заттардан өсімдік жапырақтарында, оның өсуіне жағдай жасайтын қант, крахмал түзіледі. Адам өсімдіктерді тамаққа және ауырғанда ем ретінде пайдаланады. Өсімдіктер мен жануарларда қоректенеді. 3 –топ тапсырмасы. Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігін тоқтатқанда олардың қалдықтары топыраққа түседі. Ол қалдықтар шіріп, қарашірікке айналады. Ұсақ организмдер оларды одан әрі бұзып, түрлі тұздарға айналдырады. Бұл заттармен қайтадан өсімдіктер қоректенеді. Өсімдіктермен жануарлар қоректенеді. Осылайша табиғатта үнемі зат айналымы болып тұрады. Ол ешқашан үзілмейді. 2 –тапсырма (8 минут) «Оң – теріс» әдісі. Кестемен жұмыс ЖЖ |
Сипаттама | ағзалар | ||||||
a) оттексіз тіршілік ете алатын тіршілік иелері. b) шіріту, ашыту бактериялар c) оттексіз тіршілік ете алмайтын тіршілік иелері. d)жануарлардың асқазанында немесе ішегінде тіршілік ететін i)барлық өсімдіктер, омыртқалы жануарлар, көптеген омыртқасыз жануарлар және көптеген бактериялар жатады. f)пайдалы ағзаларқозғалуғаэнергия жұмсамайды. g) көп энергия жұмсайды. | I анаэробты II аэробты | ||||||
A | B | C | D | I | F | G | |
Дескриптор:
-Анаэробты ағзалардың сипаттамаларын дұрыс жазады
- Аэробты ағзалардың сипаттамаларын дұрыс жазады
- Тыныс алу типтерінің айырмашылығын айтады.
3-тапсырма«ПАЗЛ»әдісі(7минут)
ГЛЮКОЗА |
1)Өсімдік үшін энергия пайда болатын реакция
?+?=?+?
2)Жануар үшін энергия пайда болатын реакция
?+?=?+?
Дескриптор:
- Реакцияға қатысатын заттарды атайды.
- Өсімдік пайдаланатын энергияны жасайтын реакция компонентін анықтайды
-Жануар пайдаланатын энергияны жасайтын реакция компонентін анықтайды
- Екі реакцияның пазлын дұрыс құрастырады.
Бағалау: «Таным ағашы» әдісі.
А.Р. СОЛОВЬЕВА, Б.Т. ИБРАИМОВА, Ж.Ә. АЛИНА
«Биология»
Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық . Алматы «Атамұра» 2017
Интербелсенді тақта
Слайд 2
Интербелсенді тақта. Слайд 3
ActiveInspire
Флипчарт,
суреттер
Сабақтың соңы
6минут
"Рефлексиялық эссе" тәсілі
- Мен сабақ басында ....... деп ойладым
- Сабақ ортасына келгенде ...... түсінік қалыптасты.
- Сабақ соңында ....... шешімге келдім.
- ....... деп қорытынды жасадым.
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Сабақтың мақсаты оқушылардың қабілетіне байланысты сараланып алынды.
Әр тапсырмада күрделі деңгейдегі сұрақтар бар.
«Таным ағашы» әдісі,
«Бас бармақ көтеру» әдісі.
Бағалау кезіндегі әдістерді сергіту ретінде пайдалануға болады.
Кабинеттің санитарлық жағдайы.