ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ
Ұзақ мерзімді сабақ жопардың тарауы Балалар мен үлкендер | Мектеп:Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты - жөні: А.Утенова | ||||||||
Сынып7 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||
Сабақтың тақырыбы: | М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру Б/С 2. Әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру. | ||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар орындай алады: | ||||||||
1.Шығармадағы эпизодтарды анықтай алады. | |||||||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: | |||||||||
2.Шығармадағы бейнелерді салыстыра алады. | |||||||||
Кейбір оқушылар орындай алады: | |||||||||
3. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесіне заманауи тұрғыдан баға бере алады. | |||||||||
Бағалау критерийі | 1. Шығармадағы эпизодтарды анықтау. 2. Шығармадағы бейнелерді салыстыру. 3. Шығарманың жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру. | ||||||||
Тілдік мақсаттар | Дала тағысы, жыртқыш, қатігез, табиғат перзенті, тақырып, идея, сюжет, Ыстықкөл, итаяқ, арлан. | ||||||||
Құндылықтарға баулу | Тарихтың , мәдениет пен тілдің ортақтығы | ||||||||
Пәнаралық байланыс | Жаратылыстану , бейнелеу өнері, биология | ||||||||
Алдыңғы білім | Әдебиет теориясы . Әңгіме дегеніміз не? | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтың жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы: Сабақтың ортасы | А)Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық ахуал. Оқушылар тілектер айтады.Топқа бөлу.Сандар арқылы 2 топқа бөлу. I ." Уақыт тізбегі"әдісі. бойынша шығармадағы эпизодтарды анықтайды. Дескриптор : 1. Шығармадағы эпизодтарды анықтайды 2. Оқиға желісін сақтайды. Қалыптастырушы бағалау: «» әдісі Қызықты деректер (Слайд арқылы көрсету) Әңгіме желісі бойынша түсірілген кинофильмнен үзінді көрсету. II. Оқулықпен жұмыс Көксерек қандай? 7- тапсырма .Көксеректің бейнесіне сипаттама беріңдер.Ауыл иттерінен Көксеректің ерекшелігі қандай? III . "Венн "диаграммасы бойынша шығармадағы бейнелерді салыстыру 1-топ Ауыл өмірі мен Тағылық өмірді салыстырады. 2-топ Дала тағылары мен адам әрекетіндегі ұқсастықты салыстырады. Дескриптор : 1.Шығармадағы бейнелерді салыстырды. 2.Шығармадағы ортақ қасиеттерін табады . Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз , бір тілек» әдісі IY . Ой толғаныс Ж.Ж. Екі жақты түсіндірме күнделігі
Дескриптор : 1.Мәтіннен қатты әсер еткен тұстарын жазады. Қалыптастырушы бағалау: Смайликтер арқылы бағалау Y.«Коллаж әңгіме» Т.Ж. Оқушылар түрлі-түсті суреттері бар журналдардан әртүрлі суреттерді қиып алып, флипчартқа жабыстырып, тақырыпқа қатысты әңгіме құрастырады, қасқыр атаулының болмысына тән кейбір детальдарға талдау жасай келе: «Шығарманың жаңашылдығы неде?» - деген сұраққа жауап іздейді. Топтық бағалау YI.Шығармашылық тапсырма Шығарма желісі бойынша кейіпкерге хат жазу, иллюстрациялық сурет салу, өлең шығару.(Оқушының өз қалауы бойынша) Қалыптастырушы бағалау: «Бес саусақ» әдісі арқылы бағалайды. | "Қазақ әдебиеті" Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Интербелсенді тақта,оқулық. Кітап,сызбалар Сызба, дәптер Кесте , дәптер Түрлі – түсті суреттер, плакат |
Сабақтың соңы | Қорыту: Соңғы сөзді мен айтайын ..... Проблемалық ұрақтар. 1. Қасқырлар апанын адамдар неге талқандады? 2. Бөлтіріктерге істегендеріне қалай қарайсыңдар? 3. Өзін мәпелеп өсірген Құрмашты танымай, Көксеректің жауыздық істеген себебін қалай түсінесің? Рефлексия Мен............... таныстым. | . | |
Кері байланыс | . | ||
Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыарға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | |
I. " Уақыт тізбегі"әдісі Барынша қолдау - Эпизод сөзінің мағынасын түсіндіремін, Озат оқушымен жұптастырамын. Орташа қолдау –оқиғалар тізбегін сақталуын талап етемін. Төмен қолдау – бойынша:әр бөлімге өз көзқарасын білдіруді сұраймын. II «Венн диаграммасы » бойынша Барынша қолдау – жеке және ортақ қасиеттерін табуға көмек көрсетемін. Орташа қолдау – Мысалдар арқылы көмек беремін. Төмен қолдау – Әр кейіпкердің ерекше қасиеттерін табуын сұраймын. 3. III "Коллаж әңгіме "әдісі бойынша Барынша қолдау – жақын, орташа, алыс қасиеттерді ажыратуға мысалдар арқылы көмек беремін . Орташа қолдау – тірек сөздер беру арқылы көмектесемін. Төмен қолдау сыни тұрғыдан ойландыратын сұрақтар қоямын. – | «Бағдаршам» әдісі «Бес саусақ» әдісі «Смайликтер тарату» әдісі Дескрипторлар арқылы бағалау. | Техника қауіпсіздігімен таныстырдым. Сергіту сәтін буындарға арналған жаттығу жұмыстарымен өткіздім. |
Оқушыларға
Эпизодтар
Қарадырдағы қасқырлар мекенісуреттеледі
2. Адамдардың шабуылы. Бөлтіріктер тағдыры.
3. Көксеректің ауылдағы өмірі. Адамдардан көрген жәбірі.
4. Көксерек және Құрмаш. Баланың таза көңілі.
5. Көксеректің ауылдан кетуі. Ұяластарымен тез тіл табысуы.
6. Көксеректің жойқын, дүлей күшке айналуы. Құрмаштың қазасы.
7. Көксеректің жазасын тартуы. Әже зары.
2.Көксерек қандай ?
Қасқыр
Жыртқыш,қомағай.
Ұлиды, шабуылдайды,жортуылдайды
Қасқыр-түз тағысы, перзенті.
Бөрі,көкжал
Ауыл иттерінен Көксеректің ерекшелігі қандай?
Көксерек- айлакер, ашқарақ, дыбыс шығармайды, сұсты, жасымайды
.
Ит- қолдан тамақтанады, өз иесіне бауыр басады, еркелейді, тілін алады, иесіне қызмет етеді.
Көксерек туралы ел не дейді?
Кәпір, қырыс, тағы емес пе? Кеудесін бермейді,жасымайды. Ұры ,
асырасаңда мал болмайды, тұқымы жау емес пе? Дейд.
3.Венндиаграммасы 1- топ
2- топ Дала тағылары мен адам әрекетіндегі ұқсастықты салыстырады
Адам - Сөйлейді,
еңбектенеді,
ойлайды,
оқиды,
түсінеді,
қоректенеді,
сезім мүшелері
дамыған
Қасқыр - Жыртқыш,
дала санитары,
бөрі,
дала тағысы,
қомағай,
мейірімсіз
IY . Ой толғаныс Ж.Ж.
Екі жақты түсіндірме күнделігі
Адамдар қолынан қасқыр күшіктерінің өлтірілуі.
2. Құрмаштың күшікті бағып алуы мен Көксерек деп атауы.
3. Көксеректің алғаш рет табиғатқа қарап ұлуы.
4. Ауылға шабуы, Құрмашқа шабуыл жасауы.
5. Әжесінің қайғыруы. Құрмаштың қайтыс болуы. Табиғат ананың тыныштығын жауыз адамдар бұзды. Жазықсыз күшіктерді өлтіруі дұрыс емес.
Y.« Коллаж әңгіме» Т.Ж. Суреттер беру
Егер адамдар қасқыр апанын бұзып, бөлтіріктерін өлтіріп, Көксректі алып
кетпегенде, оқиға әрі қарай қалай дамуы мүмкін еді? Көз алдыңызға
елестетіңіздер
Қорытынды
Сұрақтар.
1. Қасқырлар апанын адамдар неге талқандады?
2. Бөлтіріктерге істегендеріне қалай қарайсыңдар?
3. Өзін мәпелеп өсірген Құрмашты танымай, Көксеректің жауыздық істеген себебін қалай түсінесің? ( 1-шіден ол аш, 2-шіден адамдарға деген өшпенділік және ол бөрі, тағы аң, оның иесі болмайды).4.Ауыл адамдарының іс-әрекетін ақтауға бола ма?
(Ақтауға болмайды. Себебі жазушы өз шығармасында табиғатқа қиянат келтіргендерді «екі аяқтылар» деп суреттеген.)
5.Табиғатқа қиянат келтіру, оның тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыздар? (табиғатқа қиянат жасау, оның тыныштығын бұзу мәселесі-қауіпті мәселе.
Өз пікірің
1 .Құрмаштың таза көңілі мен мейрімді жан екенін білдім.
Қасқыр - табиғаттың бір бөлшегі. Қасқыр қашанда қасқырлығын қылады.
Көксеректің бұл іс - әрекетіне адамдардың өздері себеп болды. Ол түз тағысы қасқыр емес пе , әбден өшпенді болып алған.
2.Түйінді ой бұл әңгімеде : Күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұясы, талбесігі - табиғатты аялауымыз қажет.
3.Ата-бабамыз қасқырды «Көк бөрі» деп атап қадір-қасиет тұтқан,оның атын атамай, «ұлыма», «итқұс», «жаманауыз» деп атаған.Оны орман санитары деп те атайды, ол-түз тағысы , ол еш уақытта цирк ареналарына шықпайды, қолға үйренбейді.
4.Әңгімедегі бейкүнә бала Құрмаштың өлімі – табиғаттың адамға берген жауабы секілді, екі аяқты пенделер, біздер, табиғат заңдылығын бұзуға хақымыз жоқ . Себебі, адам мен табиғат арасында тығыз байланыс бар. Ендеше, балалар, табиғатты зорлықпен, күшпен бағындыру мүмкін емес! Екенін түсіндім.
Адам, жануар – табиғат жаратылысы, олар өмір сүру үшін, ұрпақ сақтап қалу үшін күреседі. Қасқырлар жыртқыш та болса, тіршілік иесі. Адамдар осыны түсіне білуі керек еді. Ал қасқыр апанын бұзу, бөлтіріктерін апаннан алып кету – адамның табиғатқа жасаған қиянаты.
«Ойланбай істеген істің опық жегізетінін білеміз. Құрмаш бірнеше рет үлкендер ескертіп, Көксеректі соймақшы болғанда көнбеді. Үлкендер де ертеңді ойламай, арланның өсіп, жыртқыш болуына бар жағдайды жасайды. Қасқырдың ит бола алмайтыны белгілі. Екеуінің табиғаты екі түрлі.Сөзімді қорытындыласам – Құрмаш өліміне Көксерек кінәлі емес. Ол өз болмысына қарай әрекет жасады.
Мұғалім :
Құрмаш өліміне адамдардың өзі, қатыгездігі, ойсыздығы кінәлі. Көксерек, біріншіден, тегіне тартып өлтірсе, бір жағынан оны мұндай қылыққа итермелеген – адамдардан көреген зәбір – жарасы. Адамдар «Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас», «Жаманға айтқан сөз суға жазған хатпен тең» деген даналық сөзді ескермеген. Көксерек күшік емес, бөлтірік. «Бөрі – бөрілігін істейді». «Қасқырдың баласын қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды» - деген ата-баба даналығына және Көксеректің табиғат заңдылығына сәйкес әрекет еткеніне көзіміз жетті.
"Көксерек" көркем фильмі 1973 жылы көрермендерге жол тартты. Бүкілодақтық тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірде Мәскеу қаласында өтті.
1974 жылы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен Бүкілодақтық кинофестивальдің бірінші жүлдесіне ие болып, Швейцарияның Локорно қаласында өткен кинофестивалінде құрмет грамотасымен марапатталды:
Фильмге хайуанаттар бағынан жас қасқырлар алынған. Көксерек болып екі қасқыр ойнаған, екеуін де фильмге түсіру үшін Мәскеу қаласынан арнайы әкелген.
«Қойға қасқыр шабу» көрінісіне түскен қылшық жүнді, теген құйрықты қойлар мал шаруашылығы институтының тәжірибе отарынан алынған.
Фильм Қырғыз тауларының баурайында, Ыстықкөл жағалауында түсірілген.