Артикуляция мүшелері қозғалысының бұзылуы да сөйлеу тіліне дейінгі дамудың тежелуіне әкеп соғады. Мұндай тежелістер сөйлеу аппараты иннервациясының бұзылу салдарынан 1 жасқа дейінгі балалардың сөйлеу тілі нышандарының қалыптасуын 2-3 айда артық уақытқа кешеуілдетеді. Ал осы тежелудің себебін дәрігер- невропатолог пен логопед бірлескен тексеру нәтижесінде анықтап диагноз қояды. Сөйлеу тіліне дейінгі даму тежелістерінің бұл түрі көбіне қимыл-қозғалыс бұзылыстарымен үйлесіп келеді (балалар сал ауруы) және асфиксия, босану травмасы, нәрестенің гемолитикалық ауруы салдарынан орталық жүйке жүйесі перинатальді түрде зақымдалған балаларда болады.