Қыс мезгілі керемет

Конспект занятия
Конспект на тему прекрасная пора-Зима
Бралина Гульнар Какимбековна
Содержимое публикации

Ересек «Ақ кеме» тобындағы ҰОӘ конспектісі

Өткізу күні06.01.2020:

Тәрбиеші:Турсынбаева Ж.К.

Білім беру саласы: Қатынас

Пән: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: «Қыс керемет мезгіл!»

Тақырыбы: «Қысқы табиғат»

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: қысқы табиғатқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыра отырып, табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.

2.Дамытушылық : шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыру.

3.Оқыту: Балаларға қыс мезгілінің табиғатын сипаттауға, өз ойларын хабарлы , синоним сөздерді пайдаланып жеткізуге дағдыландыру.

Педагогикалық технологиялар: компьютерлік, денсаулықты сақтау бойынша педагогикалық технологиялар, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету: интербелсенді тақта, суреттер, қағаздан қиылған қар бүршіктері, жыл мезгілдерінің суреті.

Билингвалдық компонент: қыс - зима, қар - снег.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Қызықты сәт: Балалар сендер қысқы табиғатқа саяхат жасағыларың келе ме? (Интербелсенді тақтадан қардың сықырлаған, боранның ұйытқыған дыбысы естіледі)

Ендеше көздерімізді жұмайық. Қыс мезгіліндегі табиғатты елестетейік.

Қыс мезгілінде табиғатты тамашалауға немен баруға болады?

Шаңғымызды алып мына өлең жолдарын айтып барсақ тез жетеміз.

Шаңғы теуіп аппақ қарда

Жорыққа біз шығамыз

Ну орманға асқар тауға

Биікке алыс шығамыз.

2.Негізгі бөлім:

Интербелсенді тақтамен жұмыс. (сурет бойынша әңгімелесу)

Балалар суреттен қандай мезгілді көріп тұрсыңдар?

Қысқы табиғат қандай?

Айналада нелер жатыр?

Билингвалдық компонент: қыс - зима, қар - снег.

Қыста ауа райы қандай болады?

Суретте балалар немен сырғанап жүр?

Адамдар қалай киінеді екен?

Жеке жұмыс: Амира қыста адамдар қалай еңбектенеді?

Дала өте суық екен. Біз тоңып барамыз. Денемізді қыздырып жаттығу жасайық.

Сергіту сәті:

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт-сұрт, сарт-сұрт,

Шапалақты соғамыз.

Тоңса біздің аяғымыз,

Етік киіп аламыз.

Топ-топ, топ-топ,

Топылдатып билейміз.

Тоңса біздің денеміз,

Тоңды киіп аламыз.

Зу-зу, зу-зу.

Шанаменен зулаймыз.

Балалар сендер қыста ойналатын қандай ойын түрлерін білесіңдер?

Суреттен қыста ойналатын ойындарды айту: шаңғы тебу, мәнерлеп сырғанау, коньки тебу, хоккей, шанамен сырғанау, аққала жасау.

Балалар енді біздің топқа қайтатын уақытымыз келді. (музыка қосылады)

-Қыс мезгілінің ерекшеліктерін есімізге түсірейік ,ол үшін мен сендермен бірге ойын ойнағым келеді.

Д/ойын: «Қыс мезгілінің ерекшеліктерін тап»

Ойын шарты: Менің қолымда ғажайып қалташа бар оның ішінде жыл мезгілдерінің суреті бар сендер оның ішінен тақтаға тек қана қыс мезгілінің суретін тауып ілу керексіңдер. Балалар ойын шарты бойынша орындайды.

3.Қорытынды:

Балалар біз бүгін қайда серуенге бардық?

Қыста ауа райы қандай болады?

Дала қандай екен? Ағаштар мен шыршалар не жамылған?

-Қысқы ойындар қандай?

Жарайсыңдар балалар сендер бүгін сұрақтарға өте жақсы жауап бердіңдер. Мен сендерге қар бүршіктерін сыйға тартамын.

Комментировать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ бесплатно!
Подробнее
Также Вас может заинтересовать
Окружающий мир
Конспект занятия по окружающему миру для дошкольников «Путешествие по Приокско-Террасному заповеднику»
Окружающий мир
Конспект занятия по окружающему миру для дошкольников «"Мой родной край"»
Окружающий мир
Презентации по окружающему миру для дошкольников «Детский сад - это домик для ребят!»
Комментарии
Добавить
публикацию
После добавления публикации на сайт, в личном кабинете вы сможете скачать бесплатно свидетельство и справку о публикации в СМИ.
Cвидетельство о публикации сразу
Получите свидетельство бесплатно сразу после добавления публикации.
Подробнее
Свидетельство за распространение педагогического опыта
Опубликует не менее 15 материалов и скачайте бесплатно.
Подробнее
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и скачайте рецензию бесплатно.
Подробнее
Свидетельство участника экспертной комиссии
Стать экспертом и скачать свидетельство бесплатно.
Подробнее
Помощь