Тәуелсізідігім-тұғырым

Конкурсы
"Тәуелсізідігім-тұғырым"
Орманова Галия Нышанбековна
Содержимое публикации

Пәні:

Әдебиеттік оқу

Күні:

23. 10. 2020 ж.

Сыныбы:

2 «Д»

Мұғалімі:

Орманова Г.Н

Сабақтың тақырыбы:

Қайрат Жұмағалиев. Бесік жыры.

Мәжит Сейфуллин. Қолғанат.

Оқу мақсаты

2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеумәдениетін сақтап, диалогке қатысу.

2.2.1.1 - мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;

2.3.2.1*- мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар: мәтінді оқиды, түсінеді, бағалауға қатысады, сурет бойынша ертегіні бөліктерге бөледі.

Көптеген оқушылар: тақырыпты болжайды, жоспар құрады, әңгімелейді.

Кейбір оқушылар: ертегіден көңіліне түйгенін қағазға түсіреді.

Бағалау критерийі

мәтінді оқиды, түсінеді, бағалауға қатысады.тақырыпты болжайды, әңгімені мазмұндайды, сахналық қойылымды көрсетеді. мәтіндегі негізгі ойды табады, мақал мен мәтінді байланыстырады.

Алдыңғы білімдер:

Ақ шаш

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту:

Ой сергек. «Есте қалған қызықты оқиға»

Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі.

Допты бір-біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ажырату.

Ой қозғау

«Бесік жыры» әнімен айт.

Бесік жыры

Әлди, әлди ақ бөпем

Ақ бесікке жат, бөпем

Жылама, бөпем, жылама.

Жәлік шағып берейін

Байқұтаннын құйрығын.

Жіпке тағып берейін.

Тақырыпты болжау

Бесік жыры кімдерге, қашан айтылады? Ал сендер айтасыңдарма? Кімге айтасыңдар?

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Мақсатқа сәйкес оқушылармен бірлесе отырып, жетістік критерийін анықтау.

Оқылым

Мәтінді түсініп оқы.

Мәжит Сейфуллин. Қолғанат

Есіңе сақта!

Әңгімені жазған Мәжит Сейфуллин – көрнекті ақын әрі жазушы Сәкен Сейфуллиннің інісі.

Жұптық жұмыс. «Топтастыру»

Мәтінді басқаша қалай атауға болады?

Мәтінді бөліктерге бөліп, жоспарлап көріңдер

Жетістік критерийі: Мәтінді бөліктерге бөле алады, жоспар құрастыра алады, әңгімелеп бере алады.

Бағалау.Бас бармақ көрсету арқылы бір-бірін бағалайды.

Топтық жұмыс.

Үлкендерден «қолғанатым менің!» деген мақтау сөз еститіндей 3 түрлі оқиға ұйымдастырыңдар. Әңгімелеңдер.

Бағалау.Бас бармақ көрсету арқылы бір-бірін бағалайды.

Ой толғаныс «Автор орындығы»

Мәтіндегі оқиғаға сүйеніп, бала Сәкенді сипатта. Бала Сәкеннен қандай үлгі алдың? Өзің кішілерге қалай көмектесіп жүрсің?

Ресурстар

Үнтаспа.

Оқулық

Бейнежазба

Постермен жұмыс

Сабақтың соңы

Кері байланыс. Ауызша

Рефлекция.Сұраққа жауап бер. Менің көңіл-күйім!!!

Дифференциация - қабілеті жоғары оқушыларға қолдау көрсету.

Өз бетінше туыстық атауларды табу.

Бағалау – жетістік критерийі арқылы

Бағалау критерийі

Дескриптор

1

мәтінді оқиды, түсінеді, бағалауға қатысады.

мәтінді түсінді,

1

бағалауға қатысты.

1

2

әңгімені мазмұндайды, жоспар құру

әңгімені мазмұндады,

1

жоспар құрады

1

3

мәтіндегі оқиғаға сүйеніп, бала Сәкенді сипаттау

мәтіндегі оқиғаға сүйеніп, бала Сәкенді сипаттайды

1

Орманова Галия Нышанбековнаның

Қайрат Жұмағалиев. Бесік жыры. Мәжит Сейфуллин. «Қолғанат».атты тақырыптағы өткен зерттеу сабағы бойынша рефлексивті

ЕСЕБІ

Мектепте тіл мен әдебиетті оқытуда ұстаздар алдында оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттың рухани саласын қалыптастыру, олардың әдебиетке деген құштарлығын ояту, әсемдікке баулу, шығармашылық қабілетін арттыру, ақыл-ойын, сөздік қорын, тілін дамыту міндеті қойылған.

Оқыту мен оқудағы, оқушылардың бірлесіп, ынтымақтастықта жұмыс жасауы үшін оқушыларды І ,ІІ ,ІІІ деген топтарға бөлдім. Оқытуды басқару және көшбасшылық модулін басшылыққа ала отырып, топ ішінен топта белсендісін табамын.Сабақ жоспарын құруда «Неге үйретуге болады?», «неге қол жеткізуге болады?» деген болжам жасалынды. Бұл технологиялар бойынша мұғалім тек бағыт беруші рөлінде. Бар оқу үрдісі оқушы әрекеті, оқушы пікіріне сүйенеді.

Сабақ барысының сәтті өтуі оқушылардың икемділігіне байланысты. Сол үшін сабақ мақсатына жету жолында «Ой толғаныс» «Ой қозғау»әдісі арқылы орындалды. Оқушылар сабақ басында өздеріне мақсат пен міндет қоя білді.

Сабақты ары қарай «Тақырыпты болжау»әдісімен жалғастырдым. Бұл әдіс арқылы оқушылар өздері сабақтың тақырыбын тауып, көңілдерін сол тақырыпқа дайындады.

Көп мағлұматты ыңғайлы, ықшам, жылдам, өнімді түрде беруде шығарманың авторы Мәжит Сейфуллиннің өмірін шолуда Маңызды мағлұматтар, деректер сол сызбада көрініс тауып, оқушы назарына жинақталған күйі ұсынылды. Кейін Үй тапсырмасын сұрарда жауап беруге ыңғайлы сызба оқушы дәптеріне кіріктіріледі.

СТО технологиясының «Топтастыру» әдісі бойынша ақынның кім екенін қорытамыз.

Өлеңнің жазылуында болған әдеби талас жөнінде оқушылар пікірін сұрадым. Сондай-ақ, баланың қабылдау деңгейін түсіну мақстаныда психологиялық сұрақ та қойдым.Бұл арқылы өлеңді жанымен түсіну, қиял кеңістігін арттыру мақсатында орындалды.

«Ойлану» әдісі бойынша әр топ бүгінгі тақырыпқа байланысты сұрқтарға жауап береді.

Әдебиетті оқытудағы тамаша әдістің бірі «Автор орындығы» тәсілі. Бұл тәсіл арқылы оқушыларды сөйлету, қиялын дамыту сынды мақсатқа жетуге болады.

Қорыта айтсам, оқушылар бір шешімге келуді, дарындылықты анықтауды, сыни тұрғыдан ойлауды да, шығармашылықпен айналысуды да тереңінен түсінуге бағыт алды. Топтасып жұмыс жасауда ойларын еркін айта алуын, дәлелдемелер арқылы постер қорғап, білімдерін кеңейтетінін ұқты. Бағалауда мұғалімге тәуелді болмайтынын, өз білімдерін өздері бағалауға болатынын көрді.

   Қ. Бітібаеваның технологиясы бойынша жұмыс жасағанда оқушыға басты рөлді берудің тиімділігін түсіндім. «Ой тастау.Ойланту.Ойлау» технологиясын ықпалдастырып сабақ өткізудің нәтижелі болатынына көз жеткіздім.

Комментировать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ бесплатно!
Подробнее
Также Вас может заинтересовать
Конкурсы для детей
Конкурсы по для «Проект "Я-пешеход"»
Конкурсы для детей
Конкурсы по для дошкольников «выпускной в стиле "оскар"»
Конкурсы для детей
Конкурсы по для 9 класса «Интеллектуальная игра Эрудицион»
Конкурсы для детей
Комментарии
Добавить
публикацию
После добавления публикации на сайт, в личном кабинете вы сможете скачать бесплатно свидетельство и справку о публикации в СМИ.
Cвидетельство о публикации сразу
Получите свидетельство бесплатно сразу после добавления публикации.
Подробнее
Свидетельство за распространение педагогического опыта
Опубликует не менее 15 материалов и скачайте бесплатно.
Подробнее
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и скачайте рецензию бесплатно.
Подробнее
Свидетельство участника экспертной комиссии
Стать экспертом и скачать свидетельство бесплатно.
Подробнее
Помощь