Ұстаз - мектеп жүрегі

Психология и педагогика
Данная статья об учителей, как нужно их уважать и почитать
Алдабергенова Дариға
Содержимое публикации

Алдабергенова Дариға

«Бастауыш білім беру» факультет студенті

ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы

Ұстаз - мектеп жүрегі

Ұстаз! Қандай қасиетті сөз. Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі - Ұстаз. Ұстаз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер – тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам да ұстаз. Себебі, шәкірт өнер, білім, әдеп тәрбие, кәсіп үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санап, ұстазының көзі тірісінде өзін, өлгеннен кейін аруағын сыйлап, ардақтап өтеді.

Мен қазір «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы бойынша білім алып жатырмын, яғни болашақ мұғаліммін. Менің осы мамандықты таңдауыма арқау болған, ол – менің ұстаздарым. Қызығы мен шыжығы, бейнеті мен зейнеті көп бұл мамандықтың иесі атану, мен үшін үлкен мәртебе. Оның ішінде бастауыш сынып мұғалімі болу – үлкен жауапкершілік деп ойлаймын. Алдыңда отырған кішкентай ғана балапандарды, ертеңгі күні сауатты да тәрбиелі азамат болып қалыптастыру, мұғалім үшін ерекше іс. Абай атамыздың «Сен де бір кірпіш дүниенің , тетігін тап та бар қалан» деген керемет сөздерінде терең мағына жатыр. Әсіресе, мен сияқты мамандық алу жолына жаңа қадам басқан студент үшін. Мен де келешекте, еліміз үшін ерен еңбек еткім келеді. Бүгінгі таңда, біз сияқты жастарға білім алу үшін барлық мүмкіндіктер бар. Технологияның дамыған кезеңінде, барлық мүмкіндікті пайдалану керек, тек ерінбей оқу керек. Мұғалім – өмір бойы ізденіп, оқудан ешқашан жалықпаған, шаршамаған маман. Білімнің негізі кітапта болса, мектептің жүрегі – Ұстаз. Болашақта менің де шәкірттерім адамгершілігі мен білімі керемет ұштасқан тұлға болса, мен мамандық таңдауда қателеспедім деп есептеймін.

Комментировать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ бесплатно!
Подробнее
Также Вас может заинтересовать
Научная статья
Научная статья
Комментарии
Добавить
публикацию
После добавления публикации на сайт, в личном кабинете вы сможете скачать бесплатно свидетельство и справку о публикации в СМИ.
Cвидетельство о публикации сразу
Получите свидетельство бесплатно сразу после добавления публикации.
Подробнее
Свидетельство за распространение педагогического опыта
Опубликует не менее 15 материалов и скачайте бесплатно.
Подробнее
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и скачайте рецензию бесплатно.
Подробнее
Свидетельство участника экспертной комиссии
Стать экспертом и скачать свидетельство бесплатно.
Подробнее
Помощь