Ересек тобына арналған "Сиқырлы суретші" вариативтік компонент
Түсінік хат
Қазіргі таңда мектепке дейінгі сәбилік жаста ерекше назар аударатын тәрбие түрі-сезім тәрбиесі. Сезім тәрбиесі алдымен қоршаған ортадағы болымысты қабылдау мен түйсікке негізделеді. Ең алдымен таным көзі-сезім арқылы қабылдауы,бала өз тәжірибесінен бақылап, көріп тануынан тұрады. Сезіну процессі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды.
Баланың логикалық ойлау түсінігі ең алдымен , оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы, жас ерекшеліктеріне байланысты болып табылады.
Сезімдік тәрбиемен басталып, математикамен жалғасатын бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, математикалық қарапайым ұғымдарды қалыптастырудың алғашқы баспалдағы деп ойлаймын. ІІ кішкентайлар тобында сезімдік және құрастыру жұмыстарын орындау барысында баланың математикалық қарапайым ұғымдар жөніндегі түсініктері қалыптасады.Мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік эталондарды игеруі балабақшада тәрбиелеу мен білім бағдарламасында көрсетілген геометриялық пішіндермен, түстер мен танысудан басталады. Мұндай танысу негізінен көпшілік қабылдаған үлгілерден басталады да, тиімді іс –әрекеттердің көптеген түрлерін меңгеру үрдісінде өтеді. Тәрбиеші ақыл-ой, сезім тәрбиесінің міндеттерін ойын формасында қойып, оны ойынмен байланыстырады.
Балалардың қабылдауы мен ұғымын дамыту үшін білімді меңгеру, дағдыны қалыптастыру ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде емес қызықты ойын әрекетінде (жасау және табу, жұмбақ айту, шешу, сурет салу, жарыста нәтижеге жету) іске асады.
Міндеттері: -Балаларды бірыңғай заттарды сезімдік белгілеріне қарай (көлемі, пішіні, түсіне байланысты) топтауға үйрету;-Баланың қабылдау, ес, ойлау сияқты психикалық процестерін дамыту;
Заттардың қасиеттерін анықтау мақсатымен оларды тексере білуге және бес түсті (ақ, қара, қызыл, сары, көк) ажырата атай білуге үйренеді;
Қандай түсініктерді игерді: Сезімдік тәрбиеде құрастыру жұмыстары арқылы үйренген сөздерін (киіз үй, ағаш тостаған, ағаш қасық, қоржын, сәукеле, тақия т.б ) толық меңгеру;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Баланың өз бетімен жұмыс істеуі;
"Сиқырлы суретші" (вариативтік жоспар)
ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары
Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспарының тақырыптары | Мақсаттары | Сағат саны | |
Қыркүйек | 1 | ||
«Алтын күз» | Балалардың күзгі табиғат құбылыстары ерекшеліктерін әсерлі қабылдай білуін қалыптастыру. Күздің бейнесін сюжетті сурет салу барысында жапырақтарды әр жеріне қылқаламның ұшын басып жағу тәсілімен салуды үйрету. Табиғат әсемдігін сезіну арқылы эстетикалық тәрбие беру. |
«Түрлі түсті таспалар» | Балалардың бояумен сурет салуға қызығушылықтарын арттыру. Жуан таяқшаға оралған губкамен оң қолдарына ұстап түзу сызықтар сызуды, екі үш түсті бояуменсызуға үйрету. Жлақ жолдарға біркелкі бояуды жағу тәсілін үйрету. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. | 1 | |
«Түлі түсті орамал» | Балаларды шаршы пішінді орамалға өрнектер салуға жаттықтыру. Өздері салған өрнектерді дамуына мүмкіндік туғызу. Бояудың түсін таңдай білуге, көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу. | 1 | |
« Бұлт күнді жапты» | Балаларды күзгі табиғат құбылыстары ерекшеліктеріне бақылау жасауға үйрету. Күннің бетін аспанда қалқып жүрген бұлттардың қалқалаған суретін дөңгелек және сопақша пішінде сала білуге дағдыландыру. Табиғатты сүюге, қастерлеуге және ұқыптылыққа тәрбиелеу. | 1 | |
Қазан | 1 | ||
« Кілемше» | Балаларды тұрмыстық заттардың әдемілігін байқай білуге үйрету. Кілеммен таныстыруды жалғастыру, кілемді түзу және ирек сызықтармен әшекелей білуге үйрету, сурет салуға дағдыландыру. Әсемділікті сезінуге, көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу. | ||
«Кесені әшекелейміз» | Балалардың қазақтың ою – өрнектері туралы түсініктерін қалыптастыру. Кесені әшекейлегенде «тұмарша», «ерексу» ою- өрнек элементтерін пайдаланып салуды үйрету. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тазалыққа, салт – дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. | 1 | |
«Сүлгіні әшекейлеу» | Сәндік қолданбалы өнермен таныстыруды жалғастыру, тік төртбұрышты пішіннің ортасына «тұмарша» оюын дұрыс орналастыра білуге үйрету, сүлгінің шетіне шашақтарды түзу сызықпен сызуға жаттықтыру. Эстетикалық тәрбие беру. | 1 | |
«Тікенекті кірпі» | Балалардың тікенекті кірпі туралы түсініктерін жетілдіру. Қысқа түзу сызықтырды сызу арқылы кірпінің суретін салуға жаттықтыру. Жануарларға, аңдарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. | 1 | |
Қараша | 1 | ||
«Тәрелкені әшекейлеу» | Балаларды шеңберге өрнек сала білуге үйрету, бояу реңктерін таңдауға және үлгіге қарай отырып оны сақтауға дағдыландыру, жқмыс кезінде сызбаны пайдалану, әсемдікті сезіне білу арқылы эстетикалық тәрбие беру. | ||
«Сүйікті ойыншықтар (мұнара, көлік) | Балалардың ойыншықтар жайлы түсініктерін кеңейту. Өз ойыншықтарын сипаттап әңгімелету арқылы сөздік қорын молайту. Сүйікті ойыншықтарының суретін салуға жаттықтыру. Сурет салу дағдыларын қалыптастыру, Ойыншықтарына | 1 | |
«Құстар» | Құстар туралы түсініктерін кеңейту. Құстардың үнін, қимыл – қозғалысын бейненлеп, дене бөліктерін ажырата білуге үйрету. Құстардың бейнесін сала білуге үйрету, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру. Құстарға қамқорлық жасап | 1 | |
«Жапалақтап алғашқы қар жауып тұр» | Балалардың алғашқы табиғи құбылыстарға қуана біуіне ықпал ету, қоршаған ортаға – үйлерге, заттарға, ағашқа, жерге қарай қардың қалай әдемі болып жауатындығын бақылату. Көк түс пен ақ түстің бір – бірімен үйлесімділігіне көңіл бөлуді үйрету. Таяқшаларды пайдаланып тіс пастасымен қар салуды үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу. | 1 |
Желтоқсан | 1 | ||
«Қыстағы шуақты күн.» | балалар бойында байқағыштық, қысқы табиғат құбылыстары ерекшелігін сезіне білушілік, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік қасиеттерін тәрбиелеу. | ||
«Түзу жолда, мен жүремін тура» | Балалардың бояумен сурет салуға қызығушылықтарын арттыру. Қылқаламды оң қолдарына ұстап, сурет салуға жаттықтыру, саусақтың ұсақ бұлшық еттерін дамыту. Жолақ «жолдарға» бояуды біркелкі жаға білуге дағдыландыру, қағаз бетінде кеңістікті бағдарлауға үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. | 1 | |
«Мерекелік отшашу» | Мерекенің өзіне тән ерекшеліктерін беру,отшашуды әртүрлі реңктермен бейнелеу,Бала қиялын дамыту ,әдемілікке ,әсемдікке тәрбиелеу. | 1 | |
«Ұзын құлақ сұр қоян» | Бірнеше бөліктерден тұратын пішіндерді үлестіре біуге жаттықтыру, дөңгелек және үлкен – кіші сопақша дөңгелектерді қосу арқылы қоянның бейнесін салуға жаттықтыру. Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту | 1 | |
Қаңтар | 1 | ||
«Аққала» | Балалардың қыс мезгілі және қысқы ойындар туралы түсініктерін кеңейту, Аққаланың бейнесін үзік сызықтарды бір – бірімен қосу арқылы салуды үйрету, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру. Эстетикалық талғамын дамыту. | ||
«Қысқы шыршалар» | Балалардың сурет салу іскерлік дағдыларын жетілдіру, тіс пастасымен жұмыс істеуге жаттықтыру. Табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай білуге,ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу | 1 | |
«Сиқырлы таяқшалар» | Балаларды қағаз түрлерімен және түрлі түсті қарындаштармен таныстыруды жалғастыру. Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру, қарындашты оң қолмен ұстауға үйретіп жаттықтыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, дөңгелек, таяқшаларды салуға үйрету. Ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу. | 1 | |
«Қар кесегі» | Балаларға қыстағы аяздың өнермен таныстыруды.Қарды орналастыра білу,түсті сезіне білуге баулу. | 1 | |
Ақпан | 1 | ||
«Атама арналған тымақ» | Балаларға киім туралы түсінік бере отырып,тымақпен таныстыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. | ||
«Әдемі көйлек» | Көйлек үлгісін әшекейлеуге үйрету. Саусақпен немесе мөртаңбалармен, қылқаламмен сурет салудағдыларын қалыптастыру. Эстетикалық талғамын арттыру, әдемілікке тәрбиелеу. | 1 | |
«Саты» | Балаларға жануарлардың бейнесіне лайқты дауыс ырғағына қарай баспалдаққа орналастыруды түсіндіру. Керіктің мойынының ұзындығына қарай түрлі бағыттарға сызықтар жүргізіп, оларды қиыстырып, саты салуға үйрету. Музыканы көғіл күйлеріне қарай қабылдау сезімдерін дамыту. Жануарларға деген сүйіспеншілікке, қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. | 1 | |
«Қуыршақтың мойынорағышы» | Балалардың мойынорағыш туралы түсініктерін қалыптастыру. Мойынорағыштың суретін салуда сызықтарды дұрыс сызу және ұқыпты бояй білуге үйрету. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу. | 1 |
Наурыз | 1 | ||
«Анама арналған моншақтар » | Балаларға дөңгелек болып сызылған жіпке гуашь бояуымен бірдей көлемде дөңлелек моншақтардың суретін салуды үйрету. Моншақтың сәндік бұйым екендігін түсіндіру арқылы эстетикалық талғамын дамыту. Көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу. | ||
«Кесені әшекелейміз» | Балалардың қазақтың ою – өрнектері туралы түсініктерін қалыптастыру. Кесені әшекейлегенде «тұмарша», «ерексу» ою- өрнек элементтерін пайдаланып салуды үйрету. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тазалыққа, салт – дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. | 1 | |
« Алжапқышты әшекейлейміз ( киімнің жиегіне ұлттық ою – өрнек.)» | Балалардың алжапқыш туралы түсініктерін жетілдіру. Алжапқышты ұлттық ою – өрнектермен әшекейлеуді үйрету.Іскерлік дағдыларды қалыптастыру, алжапқышты әдемілеп әшекейлеу арқылы эстетикалық талғамын дамыту. | 1 | |
«8 Наурыз мерекесімен құттықтау ашықхаты.» | анаға арнап ашық хат жасай білуге үйрету, балаларды өз аналарын және барлың басқа да аналардықұрметтеуге, қыз балаларды сыйлауға, мейірімділік пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу. | 1 | |
Сәуір | 1 | ||
«Күн жарқырап, шөп өсті» | Балаларды боямен сурет салуға қызығушылықтарын арттыру. Дөңгелек затты түрлі бағыттағы түзу сызықтармен үйлестіріп салу біліктілерін бекітк. Ұқыптылыққа, әсемділікке тәрбиелеу. | ||
«Бақбақ» | Балалардың көктемгі табиғат ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға көктемде өсетін бақбақтың бейнесін сауды үйрету. Табиғатты сүйе білуге, жанашырлықпен қаруға тәрбиелеу. | 1 | |
« Балапандар көк шалғында» | Көк шалғындағы балапандар жайлы түсініктерін жетілдіру, сөздік қорларын жетілдіру, қылқыламды пайдаланып, үзік сызықтарды қосу арқылы сурет салуға қызығушылықтарын арттыру, эстетикалық талғамын дамыту. | 1 | |
«Машина» | Көлік жайлы түсініктерін кеңейту. Айнала қоршаған ортадан көргендерін, алған әсерлерін бейнелеу іс – әрекетінде бере білуге жаттықтыру. Тік төртбұрыш, дөңгелек пішіндерін тұратын заттық сурет салу дағдыларын қалыптастыру, ұқыптылыққа, әдемілікке үйрету. | 1 | |
Мамыр | 1 | ||
« Кілемше» | Балаларды тұрмыстық заттардың әдемілігін байқай білуге үйрету. Кілеммен таныстыруды жалғастыру, кілемді түзу және ирек сызықтармен әшекелей білуге үйрету, сурет салуға дағдыландыру. Әсемділікті сезінуге, көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу. | ||
Атама арналған тымақ. | балаларды ер адамға арналған баскиімнің түрлерімен, олардың ерекшеліктерімен, баскиімнің басқа да киімдерден өзгешелігімен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрін сыйлап-қадірлеуге тәрбиелеу. | 1 | |
«Сылдырмақ» | Балалардың ойыншықтар жайлы түсініктерін кеңейту. Сылдырмақ жайында әңгімелету, тақпақтар айтқызу арқылы сөздік өорын байыту, сурет сала білуге үйрету, көркемдік талғамын дамыту. | 1 |
«Қуыршаққа арналған сақина» | Балаларды сақинанаң дөңгелекке ұқсастығын тауып, соны сала білуге жаттықтыру. Сақинаны салуда бояуды сызықтың шеттеріне шығармай бояуды үйрету. Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу. | 1 | |
Барлық сағат саны: | 36 |
Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары
Күні: Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші» Тақырыбы: «Алтын күз» Мақсаты: Балалардың күзгі табиғат құбылыстары ерекшеліктерін әсерлі қабылдай білуін қалыптастыру. Күздің бейнесін сюжетті сурет салу барысында жапырақтарды әр жеріне қылқаламның ұшын басып жағу тәсілімен салуды үйрету. Табиғат әсемдігін сезіну арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Күз, күз, кел, кел, Қорықпаймын ешқашан. Суық, суық, жел, жел, Далада, далада, Өте әдемі. Алтын күз, алтын күз, Көңілді келді.
Тиын да жақсы бейне таспа бар екен., тиын сол бейнетаспаны бізге көрсетуге келіпті.
Тыныш отырып көреміз.
Балалар тиын бізге табиғаттың көрінісін көрсетті. Ормандағы ағаштар және жерге түскен жапырақтарды.
Жапырақтардың түсі қандай?
Балалар осы көріністі «Алтын күз» деп атауға болады.
Енді ормандағы ағаштардың күзгі көрінісін әдемі сурет етіп саламыз.
Балалар аққағазда
Ағаштың діңі салынған, сол ағашқа сары түсті бояумен жапырақ саламыз. Қылқаламды сары түске батырып жапырақ жасаймыз. Артынан төбешіктерді сары түске батырып жапырақ жасаймыз. Артынан төбешіктерді сары түске бояймыз. Ол үйілген сары жапырақтар. Сергіту сәті: Балалар күн шықты! Балалар күнді бұлт жапты! Балалар жел соқты!
Қорытынды Күзгі табиғи ерекшеліктерді. Ормандағы әр – түрлі ағаштар болатындыған. Басып, жасау тәсілімен жапырақтарды салуды.Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары
Күні: Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші» Тақырыбы:«Түрлі түсті таспалар» Мақсаты:Балалардың бояумен сурет салуға қызығушылықтарын арттыру. Жуан таяқшаға оралған губкамен оң қолдарына ұстап түзу сызықтар сызуды, екі үш түсті бояуменсызуға үйрету. Жлақ жолдарға біркелкі бояудыжағу тәсілін үйрету. Тазалыққа, ққыптылыққа тәрбиелеу.
Балалар ортаға шығып шаттық
Шеңбер құрамыз. Қолдарымыздан ұстаймыз да жылы сөздер айтамыз. Біз ақылдымыз! Біз доспыз! Біз бақытты баламыз! Балалар менде әдемі сандық бар. Сандықтың ішінде не бар екен.
Балалар сандықтан шыққан мынау не екенін кім біледі?
Мынау не балалар?
Иә, дұрыс айтасыңдар балалар, таспалардың түстері әртүрлі екен. Кәне бірге айтайықшы: қызыл, сары, көк, жасыл таспалар бар екен.
Ал, балалар қоңыр бояудың көмегімен іздің суретін салыңдар.
Ақ қағаз бетіне қылқаламды бояуға батырып алып, ізді саламыз.
Жарайсыңдар балалар!
Ал енді қолдарыңды сүртіңдер. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымыздан жел есіп. Кіп – кішкентай ағаштар, Үлкен болып өседі.
Қортынды:
Боядың түрлері, іздердің әртүрлілігі жайында.
Арақашықтықты сақтай отырып бірдей іздер салуды.
Қылқаламның ұшын баса отырып бірдей бояуды дұрыс пайдалануды.
Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары
Күні: Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші» Тақырыбы:«Түлі түсті орамал»
Мақсаты: Балаларды шаршы пішінді орамалға өрнектер салуға жаттықтыру. Өздері салған өрнектерді дамуына мүмкіндік туғызу. Бояудың түсін таңдай білуге, көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.
Балалар менің иығымда жауылып тұрған не? Мен нені
Жамылып тұрмын?
Бұл орамал. Оны орамалды жамылып, оранып жүгендіктен орамал деп атаймыз. Орамал әдемі ме?Орамалдың түсі қызыл шаршы пішінде. Ормалдың шашақтары бар.
Кәне, балалар шашақ, орамал деген сөздерді бірнеше рет қайталайық.
Балалар сендер осындай әдемі орамалдың суретін салып беріңдерші. Өйткені орамалды біздің аналарымыз, әжелеріміз жақсы көреді. Олар оны сәнді және жылы болуы үшін бастарына салады. Өз аналарыңа не әжелеріңе арнап орамалды безендіреміз.
Кәне, балалар алдыларыңдағы орамылдың Суреті салынған, сол орамалдың ортасында дөңгелекті қызыл түспен, ал бұрыштарын сары түспен бояңдар. Артынан шашақтарын жасаңдар. Сергіту сәті: Доп –доп добым домалақ,
Қайда кеттің домалап.
Бір, екі деп екі ұрдым,
Шатырға сен секірдің.
Добым, добым домалақ,
Қайда кеттің домалап.
Үстел үстін бүлдірдің,
Тарелкені сындырдың,
Тұрмын сені жазалап.
Қортынды:
орамалдың не үшін қажет екенін. шаршы пішінді орамалды әшекейлеуді. бояуды біркелкі тегіс жағуды.
Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары
Күні: Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші» Тақырыбы:« Бұлт күнді жапты» Мақсаты: Балаларды күзгі табиғат құбылыстары ерекшеліктеріне бақылау жасауға үйрету. Күннің бетін аспанда қалқып жүрген бұлттардың қалқалаған суретін дөңгелек және сопақша пішінде сала білуге дағдыландыру. Табиғатты сүюге, қастерлеуге және ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сүр бұлт, түсі суық, Қаптайды аспан. Күз келіп дымқыл түман, Жерді басқан. Балалар далаға қараңдаршы.
Далалада күн бұлтты болып тұр. Бұлт күнді жиі жауып тұрады. Өйткені күз мезгілі келді.
Кәне, балалар мына сөздерді айтып тілімізді жаттықтырамыз:сүр бұлт, ақ бұлт,күз. Мына суретке қараңдаршы. Бұл суретте ауа – райының бұлтты екенін көрсеткен. Кәне, балалар осы суретке қарап күннің көзін жапқан бұлттың суретін саламыз. Күздігүні аспан түсті болмайды. Сүр бұлтты , көк түсті болады. Алдымыздағы қылқаламды сүр түске бояп, аспанды көк түске бояймыз. Сергіту сәті: «Қуырмаш»
Бас – бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек.
Бір үйде біз нешеуміз?
Біз үйде біз бесеуміз.
Жарайсыңдар балалар!
Қортынды
күзгі табиғаттағы ерекшеліктерді. күн де бұлт та аспанда болатындығын. тамшыны дөңгелекке, сопақшаға ұқсатып, айландырып бояуды.
Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары
Күні: Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші» Тақырыбы:« Кілемше» Мақсаты: Балаларды тұрмыстық заттардың әдемілігін байқай білуге үйрету. Кілеммен таныстыруды жалғастыру, кілемді түзу және ирек сызықтармен әшекелей білуге үйрету, сурет салуға дағдыландыру. Әсемділікті сезінуге, көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу. Балалар бүгін бізге қонаққа әже келіпті.
Әже бізге өзінің кілемін ала келіпті. Оны неге әкелді? Қандай кілем?
Әжей: Дұрыс айтасыңдар балалалр кілем үлкен, кіші болады. Төрт бұрыш, әдемі өрнектері болады. Қәзіргі кілемшелер суреттерімен де болады. Әр пішінде өрнектермен ілемдер болады. Түстері әр – түрлі болады.
Балалар мына кілемшеде қандай түстерді көріп тқрсыңдар?
- Балалар әжейдің кілемшесі аз екен, әжейге кілемше жасап береміз бе? Ол үшін біз кілемшенің суретін салуымыз керек. Әжейде жолақшалары бар кілемше жоқ екен. Кәне, бәріміз қосылып төрт бұрыш саламыз, ал енді түзу жолақша сызық арақашықтарын бірдей, әдемі етіп саламыз.
Сергіту сәті:
Кілемшеге отырып,
Аралаймыз бәрін біз.
Оңға – солға шайқалып,
Күлімдейміз шаттанып.
Керемет . Жарайсыңдар балалар!
Қортынды
қонақты қалай құрметтеп қарсы алуды.
кілемдер әртүрлі екенін, соның ішінде жолақша кілем болатынын.
арақашықтарын бірдей сақтап, түзу сызықтарды сыза білуді.
Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары
Күні: Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші» Тақырыбы: «Кесені әшекейлейміз» Мақсаты:Балалардың қазақтың ою – өрнектері туралы түсініктерін қалыптастыру. Кесені әшекейлегенде «тұмарша», «ерексу» ою- өрнек элементтерін пайдаланып салуды үйрету. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тазалыққа, салт – дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Балалар шеңберге тұрып, «жүрек жылуы» ұшырады.
Балалар мына қоржынды шопан атай жайлаудан беріп жіберіпті.
Кәне, балалар қоржынды бірге ашайықшы.
Балалар ішіндегі хат бар екен. Сендерге оқып берейін.
«Балалар қалдарың қалай? !
Жайлауда қозы – лақтар секіріп ойнақтап жүр. Барлығы жақсы. Бірақ бір мәселе болып тұр. Мереке болса жақындап қалды, соған көп қонақтар келеді, ал менің наурыз көже құйып беретін кеселерім аз. Сендер тура осындай кесені маған жасап бересіңдер ме?»
Балалар мына суретке қараңдарщы. Бұл кеселердің сыртындағы үлгілері әр – түрлі. Балалар көбінесе кеселердің сыртында гүлдердің суреті болады, және ою – өрнектердің суреттері әшекейленген. Кеселер әр – түрлі болады: үлкен және кіші мына тақтада «қой ізі» мен «тұмарша» оюының суреті ілініп тұр.
«Тұмарша» деген ою үш бұрышты тұмарға ұқсағандықтан «тұмарша» деп атайды.Ал, «қой ізі» деген ою, қойдың ізіне ұқсағандықтан «қой ізі» деп атайды.
Кесе сыртын «қой ізі» оюымен қөрнектейміз.
Қоңыр түсті гуашьпен көрсетілген сұлбаны бастырамыз, бұл ізге ұқсастықтан арақашықтарын сақтаңдар.
Саусақ жаттығуы.
Саусақ жаттығуларын жасайды.
Екі қолмен қайшылайды.
Медуза қимылын жасайды.
Жұм – аш жасайды.
Қортынды:
Керемет жарайсыңдар! шопандар жыл мезгіліне байланысты қоныс аударып, жазда жалауда тұратынын.Қазақтың әр-түрлі ою - өрнектері ішінде
«тұмарша» мен қой ізі өрнектерін жасауды.
«Қой ізі» өрнектерін салуды, атаға көмектесуді, жақсылық жасауды.
Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары
Күні: Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші» Тақырыбы: «Сүлгіні әшекейлеу» Мақсаты: Сәндік қолданбалы өнермен таныстыруды жалғастыру, тік төртбұрышты пішіннің ортасына «тұмарша» оюын дұрыс орналастыра білуге үйрету, сүлгінің шетіне шашақтарды түзу сызықпен сызуға жаттықтыру. Эстетикалық тәрбие беру. Балалар бүгін бізге қонаққа Алма келіпті. Алма жақында әжесінің туған күні болатынын айтады. Алма әжесіне сүлгі сыйлағысы келеді екен. Ол сендерден көмек сұрап келіпті.
Алмаға көмек береміз бе?
Алмаға сүлгіні әшекейлеуге көмектесеміз.
Балалар сүлгі бізге не үшін керек?
Сүгіні төртбұрыш, үшбұрыш өрнектермен өрнектеуге болады.
Ал енді ортасына үшбұрышты өрнегін саламыз. Артынан шеттеріне шашақтарын жасаймыз.Сергіту сәті:
Ақ матадай түгі бар,
Қызыл – жасыл гүлі бар.
Жұмсақтығы мамықтай,
Сүртінесің жалықпай.
Тазалықтың досы-
Сүлгі деген осы.
Қортынды:
Сүлгігің әртүрлерін, тазалық үшін маңызын
Маңайындағы адамдарға, достарға көмек көрсету қажеттігін.
Қылқаламды, мөртаңбаны пайдаланып сүлгіні әшекейлей білуді.
Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары
Күні: Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші» Тақырыбы: «Тікенекті кірпі» Мақсаты: Балалардың тікенекті кірпі туралы түсініктерін жетілдіру. Қысқа түзу сызықтырды сызу арқылы кірпінің суретін салуға жаттықтыру. Жануарларға, аңдарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. Балалар бүгін бізге тиын қонаққа келіпті. Ол өзінің досы туралы жұмбақ жасырғысы келетінін айтады:
Бір мақұлық бар екен төрт аяқты,
Таңыпты арқасына мың тікенді.
Ашуланса аяқ-қолын көрсетпей ді,
Көресің көзің салсаң ғажайыпты.
Балалар мына суретке қараңдаршы кірпінің тікенектері көп болады. Ол бірдеңеден қорықса домаланып жиырылып қалады.Кірпі орманда көп жүреді. Ол алманы, саңырауқұлақты және басқалармен қоректенеді.
Сөздік жұмыс: тікенекті кірпі. Балалар тиын сендерге өзінің кірпі досының суретін салып беруді сұрайды. Тиынға салып береміз бе? Балалар алдыларыңда үзік сызықпен көрсетілген кірпінің суреті берілген, сол суретті бастырып шығасыңдар. Ал, енді ішін бояңдар. Балалар кірпінің несі жетіспей тұр. Дұрыс айтасыңдар тікенектері жетіспей тұр.Олай, болса тікенектерін салыңдар.Тікенектерді тік сызықтармен арақашықтарына қарап сызасыңдар. Сергіту сәті: Ал, балалар, тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп, Жоғары – төмен қарайық, Орнымызды табайық.
Қортынды:
Тікенекті кірпі туралы түсінікті.Достардың әрқашан бір – біріне көмектесуі қажет екендігін.
Үзік сызықтарды қосып, қысқа, түзу сызықтарды сызу арқылы кірпіні салуды.
Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары
Күні: Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші» Тақырыбы: «Тәрелкені әшекейлеу» Мақсаты: Балаларды шеңберге өрнек сала білуге үйрету, бояу реңктерін таңдауға және үлгіге қарай отырып оны сақтауға дағдыландыру, жқмыс кезінде сызбаны пайдалану, әсемдікті сезіне білу арқылы эстетикалық тәрбие беру. Балалар бізге бүгін қылқалам қонаққа келіпті. Қылқалам: Балалар сендер қандай ою түрлерін білесіңдер?Балалар мен өзіммен бірге дайын табақтар ала келдім, ол табақтардың шетінде, ортасында ою – өрнектермен өрнектелген.Балалар табақты не үшін пайдаланады?Балалар табаққа көңіл бөліп қараңдаршы.
Балалар алдыларыңда табақтың суреті берілген, сол табақтың сыртында, ортасында сызықпен өрнек көрсетілген. Табақты өрнекпен әшекейлеңдер.Балалар өрнектерді бастырып шығыңдар, артынан жасыл, көгілдір түсті гуашьпен, табақтың шетіне солдан оңға қарай мөртаңба арқылы орындалатын үшбұрышты өрнекті салыңдар.
Балалар өрнекті мақта оралған таяқшамен салуға болады. Балалар бұл өрнекті «тұмарша» деп атайды. Балалар табақтың ортасына үлкен дөңгелекті, артынан кіші дөңгелекті салыңдар. Ал, енді табақтың шетіне «тұмарша» өрнегін салып шығыңдар.
Сергіту сәті:
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ!
Қала салсақ, жол салсақ.
Қортынды:
Ою – өрнек элементтерінің атауын.
Тәрелкенің не үшін қажеттігін.
Мөртаңба, қылқалам, мақталы таяқшамен жұмыс істеу дағдыларын.
Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары
Күні: Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші» Тақырыбы: «Сүйікті ойыншықтар (мұнара, көлік) Мақсаты: Балалардың ойыншықтар жайлы түсініктерін кеңейту. Өз ойыншықтарын сипаттап әңгімелету арқылы сөздік қорын молайту. Сүйікті ойыншықтарының суретін салуға жаттықтыру. Сурет салу дағдыларын қалыптастыру, Ойыншықтарына ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Аю, қасқыр жолбарыс,
Арыстанмен піл барыс.
Ойыншықтар тұрыңдар,
Ойын – сауық құрыңдар.
Кәне, балалар ойыншық бұрышынан өздеріңе ұнайтын ойыншықтарды алып, сипаттап беріңдерші.
Сөздік жұмысы: жаңа ойыншықтардың атауылары. Балалар мына суретке қараңдаршы. Осы суреттегі ойыншық атауларын атаңдар.
Ал, балалар енді осы ойыншықтардың түріне, түсіне, пішініне талдау жасайықшы.
Балалар алдыларыңда мұнара мен көліктің суреті берілген. Ол сурет үзік сызықтармен берілген.
Балалар енді осы екі суретің біреуін таңдап, қарындашпен бояңдар, артынан сыртына шығармай бояумен бояңдар. Cергіту сәті:
Ал балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.Қортынды:
Ойыншықтар не үшін қажет екендігін.
Ойыншықтар туралы түсініктерін тереңдетеді.
Сүйікті ойыншықтарының суретін салуды, түрлі түсті қарындашпен тегіс бояуды.
Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары
Күні: Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші» Тақырыбы: «Құстар» Мақсаты:Құстар туралы түсініктерін кеңейту. Құстардың үнін, қимыл – қозғалысын бейненлеп, дене бөліктерін ажырата білуге үйрету. Құстардың бейнесін сала білуге үйрету, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру. Құстарға қамқорлық жасап, қорғай білуге тәрбиелеу.
Торғай, торғай торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем берейін тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
Балалар бері жақын келіп терезенің алдына келіңдерші. Даладағы құсатардың сайраған дауысына көңіл бөліп тыңдайық.
Балалар бұл көктем мезгілінің келгенін білдіреді. Көктемде күн жылынып, құстар жылы жақтан ұшып келеді.Құстардың сайраған дауыстары жақсы естіледі.Балалар құстар қанаттарын қағып ұшады.Құстар қалай сайрайтынын бәріміз қосылып дыбыстайықшы.
Балалар құстарға қамқор болу керек. Оларға жем беру керек. Ұя жасап ағашқа іліп қою керек.Балалар мына суретке
қараңдаршы. Бұл құстардың суреттері. Қандай құстарды көріп отырсыңдар атайықшы: торғай, қарлығаш, көкек, шымшық, қарға, тоқылдақ.
Ал балалар осы суретке қарап құстардың бейнесін салыңдар.
Кәне, балалар суретке қарап құстың денелері қандай пішінде болатынын айтайықшы.
Денесі сопақша, басы дмалақ, тұмсығы, қанаттары үшбұрыш, аяқтары жіңішке таяқша сияқты болады екен.Ал, енді балалар торғайдың бейнесін ауа да салып көрейікші.Балалар алдыларыңда торғайдың суреті берілген, сол суретті біркелкі, сыртына шағармай бояңдар.
Cергіту сәті: Торғай болып ұшайық, Ұшып – ұшып алайық. Бүркіт болып аң аулап, Қыран құс боп самғайық. Қортынды: Құстарды қорғап, қамқорлық жасау керектігін. Құстардың көктемдегі тіршілігі жайындағы түсініктерді. Құстың суретін сызықтың сыртына шығармай біркелкі бояуды.
Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары
Күні: Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші» Тақырыбы: «Жапалақтап алғашқы қар жауды тұр» Мақсаты:Балалардың алғашқы табиғи құбылыстарға қуана біуіне ықпал ету, қоршаған ортаға – үйлерге, заттарға, ағашқа, жерге қарай қардың қалай әдемі болып жауатындығын бақылату. Көк түс пен ақ түстің бір – бірімен үйлесімділігіне көңіл бөлуді үйрету. Таяқшаларды пайдаланып тіс пастасымен қар салуды үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Балалар терезенің алдына келіңдерші. Далада не жауып тұр?
Дұрыс айтасыңдар қар жауып тұр. Даланың бәрі аппақ болып, әдемі болып тұр.
Балалар қәзір қай мезгіл?
Қыс мезгілінде ауа – райы қандай болады?
Қардың түсі қандай?
Дұрыс айтасыңдар айнала аппақ, қар жауып тұр.Ауа – райы суық, аяз.
Балалар мына суретке қараңдаршы. Бұл орманның суреті . Орманда айнала аппақ, тып – тыныш
Балалар ал енді көз алдыларыңа қарды елестетіп, тыныс алу жаттығуын жасаңдар.Балалар енді бәрің бірге сурет дәптерге жауып тұрған қардың суретін саласыңдар. Қарды сүйкеп жағу арқылы жағасыңдар.Бұлттардан жауып келе жатқан қарды қылқаламмен, жердегі жатқан қарды тіс пастасымен саласыңдар. Сергіту сәті:
Қар жауыпты далаға,
Қар жауыпты қалаға.
Сырғанаймыз енді біз,
Отырып ап шанаға.
Қортынды:
Қыс мезгілі басталғанда алғашқы қар жауатынын.
Қар аспаннан жерге қонақтап, жер бетін басып қалатындығын.
Таяқшамен жағу арқылы қар суретін салуды.
Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары
Күні: Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші» Тақырыбы: Қыстағы шуақты күн.
Мақсаты: балалар бойында байқағыштық, қысқы табиғат құбылыстары ерекшелігін сезіне білушілік, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік қасиеттерін тәрбиелеу.
Қысым-ақ, қысым-ақ,
Жібердің қысып-ақ.
Қалмаспыз біз деген,
Боранға ұшырап.
Аппақ қар жауа бер,
Риза гой саган ел!
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінің қандай ерекше белгілері бар?
- Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?
-Қыс мезгілі.
-Суық, аяз, қар жауады, боран болады. Судың бетіне мұз қатады т.б.
Сергіту сәті:
Қолды белге қояйық, Басты оңға бұрайық. Басты солға бұрайық. Бір отырып, бір тұрып, Бір отырып, бір тұрып, Біз демалып қалайық.
-Бүгін қыстың бір жайдарлы, жылы, шуақты күнін салып көрейік. Алдарыңдағы үлгі ретіндегі үлкен суретке назар аударыңдар. Жылы, аспан ашық, қыстағы шуақты күн.
—Енді өзіміз осы қыстағы шуақты күннің суретін салып үйренейік. Суретті салу жолдары, орындалу реті түсіндіріледі.
Қортынды:
қыс мезгілінің негізгі белгілері мен ерекшеліктерін біледі.
Қыс бейнесінде күнді салу арқылы көңілді, шуақты қыс бейнесін көрсете білу іскерлігін.
Әр жыл мезгілінің ерекшелігін ескеруді, қоршаған орта, табиғатқа деген қамқорлың жасаудың қажеттігін меңгереді.
Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары
Күні: Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші» Тақырыбы:«Түзу жолда, мен жүремін тура» Мақсаты: Балалардың бояумен сурет салуға қызығушылықтарын арттыру. Қылқаламды оң қолдарына ұстап, сурет салуға жаттықтыру, саусақтың ұсақ бұлшық еттерін дамыту. Жолақ «жолдарға» бояуды біркелкі жаға білуге дағдыландыру, қағаз бетінде кеңістікті бағдарлауға үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Мойныны моншақ іліп - ап,
Мысық жатыр пырылдап.
Шырылдайды шегіртке,
Мысықтың мазасын алып. -Балалар бізге бүгін қонаққа мысық әдемі болып келіпті. Көңіл бөліп қараңдаршы. Қолында бояуы бар екен.Мысық:
Мен сендерге арнап үнтаспаға қоятын әуен ала келдім. Оған қоса әдемі бояу ала келдім. Бүгін бояумен сурет салуды үйренейік.
Кәне, балалар бояулардың
Атауын атайық:сары, ақ, қызыл, көк, дасыл, күлгін, қара.Кәне, балалар үнтаспадағы әуенді тыңдаймыз.Ой! балалар жақсы әуен екен.Кәне, балалар осы әуенді тыңдап, неше түрлі жүрістермен жүрейік.Жарайсыңдар балалар! Ал, енді мысықтың жүргісі келіп тұр.Алдымен боялған сулы қағаздың үстімен жүреді де, содан соң таза қағазды басып жүріп, ізін көрсетеді. Көрдіңдер ме мысықтар, адамдар жүрген кезде артынан із қалады.Әсіресе қыста қарды басқанда артынан із қалады.
Балалар кәне бәріміз бірге «бояу, із» деген сөздерді айтайықшы:
Ал, балалар қоңыр бояудың көмегімен іздің суретін салыңдар.
Ақ қағаз бетіне қылқаламды бояуға батырып алып, ізді саламыз.
Жарайсыңдар балалар!Ал енді қолдарыңды сүртіңдер. Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымыздан жел есіп.
Кіп – кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.
Қортынды:
Боядың түрлері, іздердің әртүрлілігі жайында.
Арақашықтықты сақтай отырып бірдей іздер салуды.
Қылқаламның ұшын баса отырып бірдей бояуды дұрыс пайдалануды
Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары
Күні: Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші» Тақырыбы: « Мерекелік отшашу» Мақсаты: Балаларды қарындашты дұрыс пайдаланып сурет салуға жаттықтыру. Мерекені қуанышпен қарсы алу арқылы эмоциялық көңіл күйлерін көтеру. Үзік сызықтардыүйлестіре қосу арқылы отшашудың суретін салуға үйрету. Қоршаған ортаны бақылап, оның өзгерістерін байқай білуге үйрету. Ұқыпты жұмыс жасауға, өз өлкесіне сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Балалар мына бейне таспаға қараңдаршы. Бұл бейне таспада қандай мерекені көрдіңдер.
Мереке сендерге ұнайды ма?
Мереке де адамдар көңілді жүр.
Мереке де тағы не көрдіңдер?
Мереке де отшашу жаққанда айнала жап – жарық болып, әдемі түстерге боялады.Отшашу мерекенің нағыз сыйы. Адамдар көтеріңкі көңіл күймен жүреді. Балалар Сендерге отшашау ұнаса суретін салайық. Суретті бастамас бұрын сергіту сәтін жасайық.
Кәне, кәне, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Оң жақтағы балаға,
Сол жақтағы балаға.
Шапалақта, шапалақ
Шапалақта, шапалақ.
Алдарыңдағы сурет дәптерде өзіміз тұратын қаланың суреті берілген, жақында еліміздің туған күні болып өтті. Сонда өте әдемі, жарқыраған оттары көп отшашулар атылды, Бояудың өздеріңе ұнаған түстерін пайдаланып, қылқаламмен сызық арқылы сол отшашу бейнесін салып көрейік.Балалар отшашу түрлі түсті жарыққа бөленуі үшін қызыл, сары, жасыл, көк түстерді пайдалануға болады.
Қортынды:
Мерекеде аспанда отшашулар шашылатынын.
Отшашуды тек аспанғаату керектігін.
Қарындашпен әдемі етіп түрлі түсті сурет салуды.
Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары
Күні: Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші» Тақырыбы: «Ұзын құлақ сұр қоян» Мақсаты:Бірнеше бөліктерден тұратын пішіндерді үлестіре біуге жаттықтыру, дөңгелек және үлкен – кіші сопақша дөңгелектерді қосу арқылы қоянның бейнесін салуға жаттықтыру. Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу
Балалар бір – бірімен қолдарын ұстасып амандасады да, жақсы көңіл күй сыйлайды.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Ұзын құлақ, жылдам аяқты, сәбізді жақсы көретін, ол не?
Балалар мына суретке қараңдаршы.
Бұл суретте нені көріп тұрсыңдар?
Балалар қоян қайда тіршілік етеді?
Балалар қоянның құлағы неге ұзын?
Қоян қалай жүреді?
Дұрыс айтасыңдар балалар қоян өте сезімтал, жылдам секіріп жүреді, Қояндар қорқақ болады. Балалар қоянның түсі қандай?
Олай болса ұзын құлақ сұрқоянның суретін салайық
Қоянның дене мүшелерін: басын дөңгелек, денесін үлкен сопақша, аяқтарын кіші сопақша дөңгелектер болады.
Балалар осы көсетілген үлгілер бойынша қоянның суретін саламыз.
Балалар сурет әдемі болу үшін сұр түсті қарындашпен немесе бояумен солдан оңға қарай бояуға болады.
Сергіту сәті. Қояным, қояным, Орныңнан тұршы, Айнаға қарашы, Шашыңды тарашы. Бетіңді жуушы, Қолыңды жуушы, Орныңда секірші!
Қоянның дене мүшелерінің атауларын. Қоянның дене мүшелерін, жейтін азық түрлерін. Суретті түрлі түсті қарындашпен біркелкі етіп бояуды.
Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары
Күні: Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші» Тақырыбы: «Аққала» Мақсаты:Балалардың қыс мезгілі және қысқы ойындар туралы түсініктерін кеңейту, Аққаланың бейнесін үзік сызықтарды бір – бірімен қосу арқылы салуды үйрету, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру. Эстетикалық талғамын дамыту.
Балалар қәзір жылдың қай мезгілі?Қыс мезгілінде ауа- райы қандай болады?Балалар қыста қар жауады. Балалар қармен ойнайды. Сырғанақ ойнайды.
Аққала туралы жұмбақ:
Мені ешкім өсірген жоқ,
Мені қардан жасаған.
Мұрным – сәбіз, ернім – ағаш,
Аппақ қармын, мәссаған!
Үп – үлкенмін, сұп – суықпын,
Ал, атымды айтады кім?
Балалар бөлмеде Аққала бар, соны тауып беріңдерші. Балалар алдыларыңда үзік сызықпен көрсетілген Аққаланың
Суреті берілген, сол суретті бастырып, бояймыз. Балалар сызықтың сыртына шығармай бояңдар.
Сергіту сәтіі:
Ауыл алды аққала,
Ақша қарда балалар .
Соғып жатыр Аққала,
Жалқауы жоқ жұмысқа.
Керемет, Жарайсыңдар балалар!
Қортынды:
Қыста болатын өзгерістер жайлы .
Акққаланы үлкен – кіші дөңгелектерді қосу арқылы салуға болатындығын.
Қылқаламмен дайын дөңгелектердің ішін сызықтан шығармай бояуды..
Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары
Күні: Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші» Тақырыбы: «Қысқы шыршалар» Мақсаты: Балалрдың сурет салу іскерлік дағдыларын жетілдіру, тіс пастасымен жұмыс істеуге жаттықтыру. Табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай білуге, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Аппақ, аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман, қар жамылған,
Маужырайды түңгі аспан.
Балалар терезеден далаға қараңдаршы.Даладағы ағаштардың бәрін қар жауып қалған.Қыста ауа – райы суық, аяз болады. Орманды да аппақ қар жауып қалалды, орманда ақ қардың бетінде аңдардың ізі қаладыБалалар сендерге ақ ұлпа қарлар ұнайдыма?
Ормандағы шыршаны аппақ қар жапқан көрініс ұнайды ма?
Олай болса сурет дәптерде ормандағы шыршалардың суреті берілген, сол суретті тіс пастасымен ақ қардың суретін саламыз.
Мақта оралған таяқшаның көмегімен тіс пастасын алып, шыршаның төбесіне бояңдар. Қар жамылған бейнесін бейнелеңдер. Сүйкеп жағу арқылы жағады.
Негізгі көрініс аясын көкшіл түспен бояуға болады.
Сергіту сәті:
Ақ көрпесін жапты да,
Аяз кенет аптыға,
Айналаны үрледі,
Ақ бораны гуледі.Қортынды:
Қыста ағаштардың қар жамылатынын, қардың ағаштарға пайдасын.
Қыста ағаштың жапырақтары болмайтынын.
Мақта оралған таяқшамен сүйкей жағу арқылы қардың суретін
Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары
Күні: Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші» Тақырыбы:«Сиқырлы таяқшалар» Мақсаты: Балаларды қағаз түрлерімен және түрлі түсті қарындаштармен таныстыруды жалғастыру. Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру, қарындашты оң қолмен ұстауға үйретіп жаттықтыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, дөңгелек, таяқшаларды салуға үйрету. Ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу.
Кел, балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Күліп – күліп жүрейік. -Балалар бізге бүгін Айсана қонақа келіпті.- Сәлеметсіңдер ме балалар!
- Балалар мен жолда келе жатып, сиқырлы қорапша тауып алдым, ол қорап біздерді сурет салуға үйретеді. Сендер сурет салғанды ұнатасыңдар ма?
Қорап ішінде неше түрлі таяқшалар бар. Бар сиқыр осы қарындаштың қшында екен. Бұл сиқырлы таяқшалар.Балалар қарындашты алып қатты баспай әдемілеп сызықтар сызамыз. Қызыл, сары, жасыл, көк түстерімен сызамыз.Ол үшін бізге қатты қағаз керек. Қарындашты оң қоға, үш саусақпен ұстап, қатты баспай сызықтар, нүктелер, дөңгелектер сызамыз. Балалар Айсананың досы күлдіргіштің қолындағы шарларының жіптері үзіліп қалыпты. Шарлар жеңіл болғандықтан ұшып кетуі мүмкін. Өздерің қалаған түспен шарды бояимыз да, жіп тағып сызып қоямыз. Сергіту сәті: Оң саусағым шаршады, Сол саусағым шаршады. Саусақтарым бірігіп, Билеп, билеп алады. Жарайсыңдар балалар! Қортынды: Қарындашпен дұрыс сурет салуды, қарындашты үш саусақпен ұстауды. Әртүрлі суреттер салуға болатындығын. Сызықтар, дөңгелектер салуды.
Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары
Күні: Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші» Тақырыбы: «Қар кесегі» Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі, қар туралы түсініктерін кеңейту. Көк түс пен ақ түстің бір – біріне үйлесімділігіне көңіл бөлуді үйрету. Тіс пастасын сұқ саусақты малып, қар кесегін салуды үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Аппақ, аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман, қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.
Балалар сендер балабақшаға келе жатқанда жерде нені көрдіңдер?
Қардың түсі қандай?
Қардың түсі аппақ, өзі суық. Балалар сендер қолдарыңа қарды ұстасаңдар, қолдарың тоңып қалады.
Жұмбақ:
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады,
Ол не? Балалар иллюстрациялық суреттерді көрейік.Балалар қар жылдың қай мезгілінде жауады?Қыс мезгілінің басқа мезгілден айырмашылығы неде?Балалар сендер қармен далада не істейсіңдер?Қайтып ойнайсыңдар?Дұрыс қар кесегімен ойнайсыңдар. Ал енді қарт кесегін көз алдыларыңа елестетіп, қолдарыңа ұстап, жентектеп бір – біріне лақтырған қимылды жасаңдар.Балалар енді сурет дәптерде берілген қар кесегінің суретін, сұқ саусақты иіс пастасына батырып қар кесегінің бейнесін салыңдар. Қарды көп салып, үлкен қар үйіндісін жасайсыңдар.Сергіту сәті: Ақ көрпесін жапты да, Аяз кенет аптыға, Айналаны үрледі, Ақ бораны гуледі,
Қортынды:
Қыс мезгіліндегі табиғаттағы құбылыстарды.
Қардан әртүрлі бейнелер жасауға болатынын.
Сұқ саусақпен қар кесегін салуды.
Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары
Күні: Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші» Тақырыбы: Атама арналған тымақ.
Мақсаты: балаларды ер адамға арналған баскиімнің түрлерімен, олардың ерекшеліктерімен, баскиімнің басқа да киімдерден өзгешелігімен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрін сыйлап-қадірлеуге тәрбиелеу.
Балаларға қонаңқа қарт атай
(жоғары сынып оқушысына рөл
ойнатуға болады) келеді. Ол өзімен
бірге балаларға сыйлыңқа құрт ала келеді. - Балалар, атай сендерді дұрыс ести алмай отырған сияқты, себебін сұрап та үлгердім. Атай баскиімсіз
жүрем деп, құлағына суық тигізіп алыпты. Атайдың құлағы жақсы естуіне көмектескілерің келе ме?Атай сендерге сыйлығын алып асығып келе жатқанда, боран басындағы тымағын ұшырып,ол қалың болғандыңтан, тек қыс айларында ғана қолданылады. Өзінің пішініне қарай ол бас пен желкені, мойынды суықтан, қатты желден қорғайды. Себебі құлақшалары болады. Тымақ жануарлар терісінің сыртынан қалын матамен қапталып тігіледі. Сергіту сәті: Ал, балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып, бір тұрып Біз тынығып алайық. - Балалар, енді үлгі ретінде ілінген суретке қарап отырып, тымақтың суретін салып, қонаққа келген атамызға тарту етейік. Зер салып қарап алыңдар, тымақ неше бөліктен тұрады? Оның әрқайсысын жеке салған дұрыс па, әлде біріктіріп саламыз ба? Ата балаларға алғысын білдіреді. Тапсырманы жаңсы орындаған балаларды тәрбиеші ерекше атап шығады.Тымақ деген қандай болатынын білесіңдер ме?Адамдарға арналған баскиім.
Қортынды: Ер адамның баскиімі тымақ туралы мәліметтерді, оның қандай бөліктерден құралатыны туралы біледі.Тымақтың суретін салу дағдысын игереді.Тымақтың түрімен бірге құлақшадан тұратынын және оның тері сыртынан қалың матамен қапталып тігілетінін меңгереді.
Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары Күні: Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші» Білім беру саласы:«Шығармашылық» Бөлімі:Сурет салу Тақырыбы: «Әдемі көйлек» Мақсаты: Көйлек үлгісін әшекейлеуге үйрету. Саусақпен немесе мөртаңбалармен, қылқаламмен сурет салудағдыларын қалыптастыру. Эстетикалық талғамын арттыру, әдемілікке тәрбиелеу. Билингвальды компонент: көйлек – платье, әдемі – красивая. Сөздік жұмыс: әдемі көйлек Көрнекілігі:демонстрациялық материалдар, қуыршақ Айсана. Мотивациялық-қозғаушылық
Балалар қуыршақ Айсан жылап отыр екен. Айсананы кім ренжіткенін сұрайықшы.
Маған ешкім тиіскен жоқ... Бірақ күшік досым қонаққа шақырған, қонаққа киетін әдемі көйлегім жоқ деп жылап отырмын. Балалар Айсанаға көмектесеміз бе? Ұйымдастырушылық-ізденістік Балалар әдемі көйлекті дөңгелектермен әшекейлеу үшін мөртаңбаны, қылқаламды, Саусақтарыңды пайдалануға болады.Қылқаламның көмегімен,сұқ саусақтарыңмен пайдалануға болады. Қылқаламның ұшымен тамызып бояуға, мақта оралған таяқшалар арқылы дөңгелек түсіруге болады, Сүрткішті дұрыс пайдалану керек. Бір – бірлеріңе бөгет жасамай дұрыс отыруларың керек. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз, Белімізді жазамыз. Жоғары – төмен қараймыз. Оңға-солға, түзу тұр. Бойымызға күш жинап,
Біз демалып қаламыз.Рефлексиялық-түзетушілік Балалар Айсана сендердің әдемі көйлек салғандарыңа қуанып, күшік досының үйіне баратындығын айтып жатыр. Сендерге рахметін айтып жатыр. Тыныс алу жаттығуымен аяқтаймыз. Күтілетін нәтиже:
Біледі: Көйлекте әртүрлі болатындығын. Игереді: маңайындағы басқа адамдарға көмектесу қажеттігін. Меңгереді: мөртаңба, қылқалам, саусақтардың көмегімен әдемі көйлекті әшекелей білуді.
Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары Күні: Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші» Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі:Сурет салу Тақырыбы: «Саты» Мақсаты:Балаларға жануарлардың бейнесіне лайқты дауыс ырғағына қарай баспалдаққа орналастыруды түсіндіру. Керіктің мойынының ұзындығына қарай түрлі бағыттарға сызықтар жүргізіп, оларды қиыстырып, саты салуға үйрету. Музыканы көғіл күйлеріне қарай қабылдау сезімдерін дамыту. Жануарларға деген сүйіспеншілікке, қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. Билингвальды компонент: Саты – лесница, керік - жираф Сөздік жұмыс:саты, баспалдақ Көрнекілігі:демонстрациялық материалдар, қиылған жануарлар суреті, металлофон Мотивациялық-қозғаушылық
Балалар мен бүгін металлофон аспабын тауып алдым. Міне аспабты таяқшамен ұрып ойнайды.Солдан оңға, біртіндеп жоғары, оңнан солға біртіндеп төмен ұрғанда әртүрлі дауыстар шығады.
Балалар сендер саты дегенді қалай түсінесіңдер?Мына суретте сатының түрлері бар.Саты баспалдақтардың санына, ұзындығына қарай
бөлінеді. Ұйымдастырушылық-ізденістік Кәне, балалар алдыларыңдаға саты тұр. Сатының баспалдақтарында жануарлардың, суреті бар. Суреттер рет – ретімен орналасқан. Кәне, балалар мен сатының баспалдақтарындағы жануарларды атап қалай дыбыстайтынын айтамыз. -Әтеш ерте тұрады. -Сондықтан ол бірінші баспалдақта тұр. -Әтеш қалай дыбыстайды? -Ал, мысық қалай дыбыстайды?Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Белімізді жазамыз.
Жоғары – төмен қараймыз.
Оңға-солға, түзу тұр.
Бойымызға күш жинап,
Біз демалып қаламыз.
Сөздік жұмыс: саты, баспалдақ.
Биалангвальды компонент: керік – жираф, саты – лесница Сатының баспалдақтарына жанурларды даусына қарай орналастырамыз. (қораз, мысық, күшік).Балалар енді мойны ұзын жанурға, керікке саты салып берейік. Мынау күшік . Күшік үреді. Балалар сендер сатыны әдемі етіп салдыңдарСатыны кімге жасадыңдар?
-Балаларкерік сендерге рахметін айтып, ризашылығын білдірді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жануарлардың дауыс ырғықтары әртүрлі болатындығын.
Игереді:саты баспалдақтардан құралатындығын.
Меңгереді: түзу сызықтарды сызу,бір – бііріне қосуды.
Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі:Сурет салу Тақырыбы: «Қуыршақтың мойынорағышы» Мақсаты: Балалардың мойынорағыш туралы түсініктерін қалыптастыру. Мойынорағыштың суретін салуда сызықтарды дұрыс сызу және ұқыпты бояй білуге үйрету. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: мойынорағыш, баскиім. Көрнекілігі:демонстрациялық материалдар, қуыршақ Айсана, қуыршақ киімдері. Билингвальды копонент:мойынорағыш - шарф. Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері: Шаттанайын менде, Шаттанасың сенде, Шаттанайық бәріміз, Арайлап аттқан күнде. Балалар менде кішкене әдемі сандықша бар, сол сандықшаның ішінде Айсананың киімдері бар.Балалар киімдер жыл мезгіліне қарйай іәртүрлі болады. МысалыАйсананың қысқы киімдері. Мынау баскиімі, шапаны, қолғабы, етігі. Ал, балалар Айсананың мойынорағышы жоқ екен.
Рефлексиялық - түзетушілік Балалар , сендер салған мойынорағыштар қуыршақ Айсанаға ұнады, Кім қандай түсті пайдаланды?
Балалар сендердің салған суреттерің әдемі болып шықты.
Ал, балалар енді «Қуыршақты киіндір» ойынын ойнап бүгінгі оқу қызметімізді аяқтаймыз.Күтілетін нәтиже:
Біледі:қуыршақ киімдерінің атауларын .
Игереді: мойынорағышты салуды.
Меңгереді: бояу қарындашпен біркелкі бояуды.