___________
(күні, айы, жылы) Бекітемін
№ 1 педагогикалық Балабақшамеңгерушісі
Шешіміндеқабылданды Константиниди А.П_________
_____
Перспективалық жоспар
"Ақбота" бірінші сәбилер тобы 2018 жыл қыркүйек айы
Өтпелі тақырып "Менің балабақшам""Мой детский сад"
Мақсаты: балалардың бойына балабақша туралы түсініктерін, танымдық қабілеттерін, ой- өрістерін кеңейте отырып бірлескен әрекетке қызығушылықтарын дамыту
Міндеттері:
денсаулық сақтау технологиясы негізінде дене дағдылары мен негізгі қимыл түрлерін үйрету;
дидактикалық ойындар арқылы тілдік қарым –қатынас дағдыларын, сөздік қорларын қалыптастыру;
өз достарымен бірігіп ойнау барысында балалардың танымдық қабілеттерін дамыту;
балалардың эстетикалық қабылдауын қалыптастыру және шығармашылық әрекетке тәрбиелеу
Апта тақырыбы | «Денсаулық»-3 | «Қатынас»-1 Сөйлеуді дамыту-0,5 Көркем әдебиет-0,5 | «Таным»-2 Сенсорика-0,5 Құрастыру-0,5 Жаратылыстану-1 | «Шығармашылық»-3 Сурет салу-1, Мүсіндеу -0,25 Аппликация- 0,25, Музыка-1,5 |
Менің достарым (ҚР тілдер күні) 1 апта (03.09 – 8.09) | Дене шынықтыру (3. 5. 7) 1. Жұптасып жүруге дағдыландыру. Берілген бағытта жалаушаға дейін жүгіру. Қимылды ойын: «Менің досым» 2.Шеңбер бойымен жұптасып жүру. Қонжыққа дейін еңбектеу. Қимылды ойын: «Кім жылдам?» 3.Допты қос қолдап лақтыру. Алға қарай ұмтыла екі аяқтап секіру. Қимылды ойын: «Ақ қоянмен бірге» | Сөйлеуді дамыту. (4.) Тақырыбы:«Екі дос» (өлең) Қадыр Мырза Әли Мақсаты: оқылған өлеңді тыңдауда шыдамдылыққа, өзара сыйластыққа тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: «Досыңды тап» | Сенсорика (5) Тақырыбы: «Құлыншаққа арналған жол» Мақсаты:балаларға 4 мүмкіндіктің ішінен 2 берілген түс бойынша (қызыл, көк) затты таңдауға үйрету.Заттарды түсі бойынша топтастыру іскерлігін бекіту. Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу. Д/ ойын: «Жол сал» Жаратылыстану (6) Тақырыбы:«Мен щдостарым» Мақсаты: өзінің есімін, тегін атай білуге жаттықтыру. Топтағы балаларды атымен атауды үйрету, «ұл», «қыз» ұғымдары туралы түсініктерін үйрету. Адамдармен өзара түсінісіп, қарым қатынас жасай білуге үйрету. | Музыка(4.6) ( Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Сурет салу (7) Тақырыбы: «Көңілді жол» (екі түсті бояумен жол салу) Мақсаты: балаларды екі түсті бояумен түзу сызық сызуға үйрету. Дидактикалық ойын: «Досыма жол» |
Менің балабақшам 2 апта (10.09-14.09) | Денешынықтыру(10.12.14) 1. Тәрбиешініңартынан баяу жүру. Бірқалыпты жүгіру. Қимылды ойын: «Балабақшаға барамыз» 2.Шеңбер бойымен қол ұстасып жүру. Бірқалыпты жүгіру. Қимылды ойын: «Топта шар үрлейік» 3. Алаңның бір шетіне доптың артынан баяу жүру. Бір орында тұрып қос аяқпен секіру. Қимылды ойын: «Балабақшадағы көңілді доптар» | Көркем әдебиет (11) Тақырыбы:«Мен тәртіпті баламын» (өлең) Мақсаты:құрдастарымен өзара әрекеттестік ережелерін сақтауға үйрету. келіспеушілікті шешудің тәсілдерін таба білу қабілетін қалыптастыру. | Құрастыру (12) Тақырыбы:«Тар және кең жолдар» Мақсаты: балаларға тар және кең ұғымдарымен таныстыру . Құрылыс материалдарымен жұмыс жасай білуге, олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға және педагогтің ұсынған шарты бойынша құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыра білуге дағдыландыру. Ұқыпты жұмыс жасай алуға тәрбиелеу. Жаратылыстану (13) Тақырыбы:«Балабақша –біздің екінші үйіміз» Мақсаты:балалардың өз балабақшаларына деген ыстық сезімдерін ояту. Балабақшада қызмет істейтін апайларға құрмет көрсетіп, топта тазалық сақтауды үйрету | Музыка(11.) ( Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Мүсіндеу (13) Тақырыбы:"Доптар" Мақсаты:ермексазды шымшып алу әдісі және домалақ , жұмыр мүсін туралы мағлұмат беру.Ермексазды алақан арасына салып домалақтау тәсілдерін меңгерту. Тілдерін, саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру. Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу. Сурет салу (14) Тақырыбы: «Балабақшадағы әдемі бояулар» Мақсаты: қағазбен, майлы қарындашпен таныстыру. Көлденең, тігінен сызықтар сызуды үйрету. Дидактикалық ойын: «Көңілді сызықтар» |
Топтағы тірі табиғат бұрышы 3 апта (17.09-21.09) | Дене шынықтыру (17.19. 21) 1. Жұптасып жүруге дағдыландыру. Берілген бағытта жалаушаға дейін жүгіру. Қимылды ойын: «Менің досым» 2.Шеңбер бойымен жұптасып жүру. Қонжыққа дейін еңбектеу. Қимылды ойын: «Кім жылдам?» 3.Допты қос қолдап лақтыру. Алға қарай ұмтыла екі аяқтап секіру. Қимылды ойын: «Ақ қоянмен бірге» | Сөйлеуді дамыту (18) Тақырыбы:"Не қалай дауыстайды?" Мақсаты: Құстардың сайраған дыбыстарын тыңдату арқылы әр құстың дыбысын ажырата білуге үйрету. Дидактикалық ойын арқылы сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру. Жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру Дидактикалық ойын: "Дауысын сал!" | Сенсорика(19) Тақырыбы:«Су-көк, күн-сары, шөп-жасыл» Мақсаты: Көк,сары, жасыл түстерімен таныстыру. Сурет арқылы күнделікті өмірмен байланыстыра отырып түс атауларын балалардың естеріне бекіту. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Жаратылыстану (20) Тақырыбы:"Бөлме өсімдігі . Фикус гүлі." Мақсаты: гүлдерге деген қомқорлықтарын ояту. Дала гүлдерімен, үй гүлдерінің айырмашылықтарын ажырата білуді қалыптастыру. Олардың қалай өсіп өтетіндерін түсіндіру. | Музыка (18.20) ( Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Сурет салу (21) Тақырыбы:"Балықтар жүзеді" Мақсаты:езілген бояуды жүргізу арқылы қағаз бетін толық бояуға үйрету. Қылқаламмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Балалардың бояумен жұмыс істеуге деген қызығушылығын және өз жұмысына деген қуаныш сезімін ояту. |
Сүйікті ойындар мен ойыншықтар 4 апта (24.09-28.09) | Дене шынықтыру (24. 26 .28) 1.Бір бағытпен жүре отырып, кедергіден (жіп) аттап өту. Қимылды ойын: «Ойыншыққа жету» 2. Кілем бойымен допты қос қолмен ұстап жүріп өту. Жіптің астынан еңбектеп өту (биіктігі 30-40 см) Қимылды ойын: «Сызықты баспай, көжекке жет» 3. Қарқынды өзгерте жүру және жүруден жүгіруге ауысу. Қимылды ойын: «Қонжыққа қарай жүгірейік» | Көркем әдебиет (25) Тақырыбы:«Менің ойыншығым» Мақсаты: Ойыншықтарды сипаттап айтуға үйрету. Өздеріне ұнаған ойыншыққа зерттеу жүргізіп /аты, түсі, көлемі, материалы, жасалуына қарай алуан түрлі болатыны/, әңгімелеп айтып беруге, ойыншықтардың жекеше, көпше атауларын айтуға үйрету . Дидактикалық ойын: «Ойыншықтарды ата» | Құрастыру (26) Тақырыбы: «Қуыршаққа арналған моншақтар» Мақсаты: балаларды әр түрлі геометриялық бөлшектерді бауға тізбектеуге үйрету. Ұсақ қол моторикасын дамыту. Үстел-үсті ойыны: «Моншақты тіз» Жаратылыстану (27) Тақырыбы:«Менде қандай ойыншық бар?» Мақсаты: жануарлардың дене бөліктерін атауға үйрету (танау, құйрық, аяқтар) Дидактикалық ойын: «Қоянды сипатта» | Музыка (24) ( Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Аппликация (27) Тақырыбы: «Досымның доптары» Мақсаты: дайын үлгіні қағаз бетіне орналастырып қоя білуге үйрету. Сары түспен таныстыру. Дидактикалық ойын: «Үлкен –кіші доп» Сурет салу (28) Тақырыбы:«Ойыншық қақпалар» (екі түспен қақпалар салу) Мақсаты: қарындашты дұрыс ұстай алуды үйрету. Қысқа және ұзын сызықтарды жүргізе білуді үйрету. Дидактикалық ойын: «Әдемі қақпалар» |
Перспективалық жоспар
" Ақбота" бірінші сәбилер тобы 2018 жыл қазан айы
Өтпелі тақырып "Менің отбасым" " Моя семья"
Мақсаты: балалардың отбасы туралы түсініктерін қалыптастыру, отбасы мүшелерін ажырата білуге, оларды жақсы көруге, көмек беруге үйрету. Туыстық байланыс туралы түсініктерін дамыту: ана-әке, аға-апа, ата-әже.
Міндеттері:
-отбасы туралы алған білімдерін кеңейту, сөздік қорларын, танымдық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін ойын түрлерін ұйымдастыру;
- денсаулық сақтау технологияларын қолдана отырып, балалардың дене дағдылары мен негізгі қимыл түрлерін жетілдіру;
- отбасы мүшелеріне сүйіспеншілік пен сыйластыққа тәрбиелеу.
Апта тақырыбы | «Денсаулық»-3 | «Қатынас»-1 Сөйлеуді дамыту-0,5 Көркем әдебиет-0,5 | «Таным»-2 Сенсорика-0,5 Құрастыру0,5 Жаратылыс тану-1 | «Шығармашылық»-3 Сурет салу-1, Мүсіндеу -0,25 Аппликация- 0,25, Музыка-1,5 |
Алтын күз 1 апта (01.10-05.10) | Дене шынықтыру (1.3. 5) 1.Түзу және ирек жолдармен жүгіру. Жиектері шектелген тура жолақтың үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру . Қимылды ойын: «Жапырақтар жинайық» 2. Түзу және ирек жолдармен жүгіру. Жиектері шектелген тура жолақтың үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру. Қимылды ойын: «Күзгі соқпақ жол» 3.Арқанның астымен нысанаға дейін төрттағандап еңбектеу. Допты нысанаға дәлдеп лақтыру. Спорттық іс-шара: «Себетті толтыр» | Сөйлеуді дамыту (2) Тақырыбы:"Ғажайып қалта" Мақсаты: көкөністер, жемістер туралы түсінік беру. Оларды сипаттап айтуға үйрету.Сөздік қорын молайту, сөз тіркестерін үйрету. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу. | Сенсорика (3) Тақырыбы:"Көкөністер" Мақсаты: дөңгелекпен таныстыру, ажырата білуге үйрету. Пазылдарға пішінді орналастыра отырып , дөңгелекті ("қызанақ") сопақшадан ("қияр") ажырата білуге үйрету. Қияр-сопақша, қызанақ- дөңгелек .Табиғатты аялауға тәрбиелеу. Жаратылыстану (4) Тақырыбы:«Қоңыр күз» Мақсаты: Күз мезгілімен-табиғаттағы маусымдық өзгерістермен (бұлтты, суық) таныстыру. Дидактикалық ойын: «Гүл күлтелерін жинайық» | Музыка (2.4) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Сурет салу (5) Тақырыбы:"Жау-жау , жаңбыр" (дайын үлгідегі бұлттың астына) Мақсаты: Тік сызықтарды қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалана отырып түсіруге жаттықтыру. Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр» |
Менің отбасым 2 апта (08.10-12.10) | Дене шынықтыру (8.10. 12) 1.Шеңбер бойымен бірқалыпты жүру. Белгі бойынша шашырап жүгіру. Қимылды ойын: «Біз көңілді отбасымыз» 2.Кілем бойымен жүру. Допты кеуде тұсынан қос қолдап лақтыру. Қимылды ойын: «Доптарды жинаймыз» 3.Доғалар астынан еңбектеп өту. Алға қарай ұмтыла екі аяқтап секіру. Қимылды ойын: «Маған еңбектеп жет» (тәрбиеші, апай, анасы) | Көркем әдебиет (9) Тақырыбы:"Әке мен бала"(әңгіме) Мақсаты:Әңгімені тыңдай білу дағдыларын дамыту. Үлкендерді тыңдауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. | Құрастыру (10) Тақырыбы:"Үй және қақпа" Мақсаты: балаларды құрылыс материалдарымен жұмыс жасауға үйрету. Олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру. педагогтың ұсынған шарты бойынша құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастырып үй және қақпаны құрастыра білуге үйрету. Жаратылыстану. (11) Тақырыбы:"Менің отбасым" Мақсаты:Отбасы мүшелері туралы жаңа сөздерді енгізіп,отбасы мүшелерін атау.Сұрақ-жауап арқылы сұхбатқа үйрету.Отбасы мүшелері туралы тақпақтар оқу, үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға үйрету. | Музыка (9) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Мүсіндеу (11) Тақырыбы:"Қуыршаққа арналған кәмпиттер" Мақсаты:балаларды ермексазды шымшып үзіп алуға және домалақ, жұмыр мүсіндер сомдауға жаттықтыру. Оларға домалақтау, илеу жолдарымен мүсіндеу тәсілдерін үйрету. Саусақтың ұсақ бұлшықет- терінің қимылын жетілдіру. Қайырымдылыққа тәрбиелеу. Сурет салу (12.) Тақырыбы:"Әжемнің жіптері" (үш түсті бояумен) Мақсаты: тұйықталаған (ирек) сызықтарды жүргізу арқылыфломастерді немесе майлы қарындашты пайдалана отырып сурет салуға үйрету. Үстел-үсті ойыны: «Көңілді жіптер» |
Отбасылық мерекелер, салт-дәстүр,әдет-ғұрып. 3 апта (15.10-19.10) | Дене шынықтыру (15.17. 19) 1.Кедергілер арасымен жүру. Отырып допты бір-біріне домалату. Қимылды ойын: «Көңілді доп» 2. Лентамен еденде 10 см қашықтықта (екі арқаннан тұратын жолақ арқылы) жатқан арқаннан секіру. Доғалар астынан еңбектеп өту. Қимылды ойын: «Допша секір» 3. Жүруден жүгіруге ауысу Ауданы 50*50см, биіктігі 10см мінбеге өрмелеу. Қимылды ойын: «Жолдағы таяқшалардан аттап өт» | Сөйлеуді дамыту (16.) Тақырыбы: «Қуыршақ Әйгерім және Динара балаларда қонақта» Мақсаты: Сөйлем құрастыра білуге, сұраққа дұрыс жауап беруге үйретуді жалғастыру. Зат есім және сын есімдерді байланыстырып сөз тіркестерін құрастыруды, дыбыстың дұрыс айтылуын бекіту. Қамқорлыққа баулу, мейірімділікке тәрбиелеу. Д/ойын:«Қонақ күту» | Сенсорика (17) Тақырыбы:"Шуақты күн" Мақсаты: шеңберден шықпауға, олардан қарапайым композиция жасауға, таныс пішіндерді бейнелеуге үйрету. Ауызекі сөйлеу тілін дамыту.Ұсақ қол моторикасын жеілдіру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу. Жаратылыстану (18) Тақырыбы:"Менің тату-тәтті отбасым" Мақсаты:Отбасы мүшелері туралы жаңа сөздерді енгізіп,отбасы мүшелерін атау.Сұрақ-жауап арқылы сұхбатқа үйрету.Отбасы мүшелері туралы тақпақтар оқу,үлкендерді құрметтеуге,сыйлауға үйрету. | Музыка (16.18) ( Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Сурет салу (19) Тақырыбы:"Қуыршақ Сәуленің көйлегін безендіреміз." Мақсаты: қылқаламмен немесе саусақ арқылы көйлекті дөңгелек пішіндермен (үлкен,кіші) безендіруге үйрету. негізгі түстер туралы білімдерін бекіту. |
Менің көшем Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік. 4 апта (22.10-26.10) | Дене шынықтыру (22.24. 26) 1. Бірбағытпен жүре отырып, кедергіден (жіп) аттап өту. Арқанның астымен нысанаға дейін төрттағандап еңбектеу Қимылды ойын: «Көшедегі ағаштар» 2.Заттардың арасымен шеңбер бойынша жүгіру. Допты қағып алуға дағдыландыру. Қимылды ойын: «Қоңырауды сылдырлат» 3. Отырып допты бір-біріне домалату. Белгі бойынша шашырап жүгіру. Қимылды ойын: «Жаңбырдан тығылайық» | Көркем әдебиет(23) Тақырыбы:«Жақсы деген немене, жаман деген немене» Мақсаты: балаларға әрбір істің жақсы, жаман жағы болатынын түсіндіру Дидактикалық ойын: «Болады, болмайды!» | Құрастыру (24) Тақырыбы:«Екі жол» Мақсаты: балаларды құрылыс материалдарынан (текшелер) кеңістікте жалпақ және жіңішке жол жасауға үйрету. Үстел –үсті ойыны: «Машина жолы» Жаратылыстану(25) Тақырыбы:«Абайла балақай» Мақсаты: балаларға бағдаршамның атқаратын қызыметі туралы түсіндіреді. Ойын арқылы жол жүру ережелерін түсіндіреді. | Музыка (23) ( Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Аппликация (25) Тақырыбы:«Ашық шамдар» Мақсаты: Қызыл, сары, көк түсті дөңгелек пішіндерді түзу сызық бойына желімсіз орналастыруға үйрету. Дидактикалық ойын: «Шамдарды орналастыр» Сурет салу (26) Тақырыбы:«Ұзын, қысқа жолдар» Мақсаты: оңнан солға қарай түзу сызықтар сызуды жалғастыру, қарындашпен жұмыс істеу дағдыларын бекіту. Дидактикалық ойын: «Жолдан өтейік» |
Қазақстанға саяхат 5 апта (29.10-02.11) | Дене шынықтыру (29. 31. 2) 1.Бағытты өзгерте отырып жүру. Заттардың арасымен шеңбер бойынша жүгіру. Қимылды ойын: «Қызыл, сары орындықтар» 2.Жіптің бойымен жүру. Лентамен еденде 10 см қашықтықта (екі арқаннан тұратын жолақ арқылы) жатқан арқаннан секіру. Қимылды ойын: «Жолыңмен жүр» 3. Шеңбер бойымен бағытты өзгерте отырып жүру. Еңіс тақтайдың үстімен еңбектеу. Спорттық іс-шара: «Орындығыңа тез жет» | Сөйлеуді дамыту (30) Тақырыбы:«Шай қайнатуды үйренеміз» (дидактикалық ойын) Мақсаты:Тағам және шай ішуге арналған ыдыстармен таныстыру, түрлерін атай білуге үйрету, ойын жағдаяттарын көрсету арқылы шай дайындауды түсіндіру (шәйнекке шай салып, су құю). Есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайту. Балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: "Дастархан дайындаймыз" | Сенсорика (31) Тақырыбы: «Мұнара» Мақсаты: Үш түсті (текшелер, конустар, цилиндрлер) бөліктері біртіндеп кемитін, бір өлшемді шарлар мен текшелерден мұнаралар құрастыру Дидактикалық ойын: «Түстерін ата» Жаратылыстану (1.) Тақырыбы: «Менің Қазақстаным» Мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. (рәміздер мен таныстыру) Үстел-үсті ойыны: «Бөліктерді құрастыр» | Музыка (30.1) ( Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Сурет салу (2 ) Тақырыбы:«Мұржадан түтін будақтайды» Мақсаты: Қарындашпен үзбей ирек сызықтар салу дағдыларын қалыптастыру. Дидактикалық ойын: «Суретті толықтыр» |
Перспективалық жоспар
" Ақбота" бірінші сәбилер тобы 2018 жыл қараша айы
Өтпелі тақырып " Деніміз сау болып өсеміз " "Растем здоровыми"
Мақсаты: Балаларға денсаулық сақтау, шынығу және дәрумендердің адам ағзасына пайдалы екенін түсіндіру. Таза жүру, жеке бас гигиенасын сақтау ережесін үйрету.
Міндеттері:
-шынықтыру-сауықтыру шаралары арқылы балаларды мықтылыққа, шымырлықа тәрбиелеу, дербес қимыл белсенділігін дамыту;
- дұрыс тамақтану жолдарын насихаттау арқылы алғашқы түсініктерін қалыптастыру;
- әңгімелеу, қызықты ойындар ұйымдастыру арқылы балалардың ертегі және шағын әңгімелердің мазмұнын түсінуіне ықпал жасау;
Апта тақырыбы | «Денсаулық»-3 | «Қатынас»-1 Сөйлеуді дамыту-0,5 Көркем әдебиет-0,5 | «Таным»-2 Сенсорика-0,5 Құрастыру0,5 Жаратылыс тану-1 | «Шығармашылық»-3 Сурет салу-1, Мүсіндеу -0,25 Аппликация- 0,25, Музыка-1,5 |
Өзім туралы 1 апта (05.11-09.11) | Дене шынықтыру (5.7.9) 1 . Бағытты өзгерте отыра жүру. Алға қарай ұмтыла екі аяқтап секіртпемен секіру. Қимылды ойын: «Мен шыныққан баламын» 2. Белгі бойынша тоқтап жүгіру. Допты жоғарыға лақтыру (қағып алмай) Қимылды ойын: «Дәл түсір» 3. Бір орнында тұрып 15 см биіктіктен секіру. Арқанның астымен еңбектеп өту. Қимылды ойын: «Бірге қонаққа барайықшы» | Сөйлеуді дамыту (6.) Тақырыбы:«Бұл мен!» (суреттерді көрсете отырып, әңгімелесу) Мақсаты: Тәрбиешінің көрсеткен суреттері арқылы. (Кім? Не? Не істейді?) сұрақтарға жауап бере білуге үйрету. Дидактикалық ойын: «Бұл кім?» | Сенсорика. (7.) Тақырыбы: «Мен сияқты жаса» Мақсаты: 3 түсті, көлемі әр түрлі текшелерден пирамида құрастыру. Үстел-үсті ойыны: «Пирамида» Жаратылыстану (8) Тақырыбы:«Өзім туралы» Мақсаты: балаға өзінің толық атын жөнін айтуды үйрету. Сұрақтарқа толық жауап берулеріне дағдыландыру. | Музыка (6.8) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Сурет салу (9) Тақырыбы:«Менің моншақтарым» Мақсаты: Дөңгелек сызықтар жүргізу арқылы моншақ суретін салуға үйрету. Үстел-үсті ойыны: «Моншақтарды тізбекте» |
Дұрыс тамақтану Дәрумендер 2 апта (12.11-16.11) | Дене шынықтыру (12.14. 16) 1.Шағын топқа бөлініп жүгіру. Гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдік сақтап жүру. Қимылды ойын: «Дәрумендер жолындағы кедергілер» 2. Бір қатармен тізені жоғары көтеріп жүру. Құм салынған қапшықты нысанаға лақтыру. Қимылды ойын: «Дәрумендерді тап» 3. Допты алға домалату, қуып жету. Бір сызықтан қос аяқпен секіру. Қимылды ойын: «Допты қуып жет» | Көркем әдебиет (13) Тақырыбы: «Жемістер жыры» (өлең) Рза Қунақова Мақсаты: Өлеңді тыңдай білуге, қайталап айтуға үйрету. Жемістерді (алма, өрік, қара өрік, шие) атау барысында балалардың сөздік қорын жетілдіру. Ойын жаттығу: «Жемістерді ата» | Құрастыру. (14) Тақырыбы:«Тостаған» Мақсаты: Үш бөліктен тұратын тостағанның суретін қағаздан кеңістікте дұрыс орналастыра отырып құрастыруға үйрету. (қиылған бөліктер) Дидактикалық ойын: «Атын ата» Жаратылыстану (15) Тақырыбы:«Жемістер. Алма» Мақсаты: Балаларды жемістердің түрлерін атауға және алманың түсін, дәмін ажыратып айта білуге үйрету. Қимылды ойын: «Кім жылдам?» | Музыка (13.) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Мүсіндеу (15) Тақырыбы:"Қонжыққа арналған жидектер" Мақсаты:балаларға -заттың бөлшегі не, оның атқаратын қызметін зерттеуді үйрету. Бүлдіршіндерге кішкене домалақ заттарды мүсіндеуді. оны негізіне ептілікпен жабыстыруды үйрету. Мүсіндеуге деген қызығушылықтарын арттыру.Тілдерін дамыту Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қимылын жетілдіру.Балаларды жақын адамдарға жақсылық жасауға тәрбиелеу. Сурет салу (16) Тақырыбы: Қызыл алма Мақсаты:Тұйықталған дөңгелек пішіндерді ажырату. Алманың суретін сала білуді үйрету. Алма жемісін салуда өз еркімен бояу түстерін таңдай білу. Жоғарыдан төмен қарай қылқаламмен сызықтар жүргізе отырып толық, тегіс бояуға үйрету. Ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Жеміс-жидектерге деген сүйіспеншілік сезімдерге тәрбиелеу. |
Айналамыздағы өсімдіктер 3 апта (19.11-23.11) | Дене шынықтыру (19.21 .23) 1.Бір қалыпты жүру. Бір орында тұрып бірқалыпты секіру. Қимылды ойын: «Ормандағы аю» 2.Бір қалыпты жүгіру. Қар түйіршіктерін себетке лақтыру. Қимылды ойын: «Себетке жина» 3. Еңіс тақтайдың үстімен еңбектеу. Жиектері шектелген тура жолақпен жүру. Қимылды ойын: «Кім жылдам?» | Сөйлеуді дамыту (20) Тақырыбы:“Гүлге су құямын” Мақсаты:Өлеңді жаттауға үйрету. Балалардың ой-өрісін,білімділігін, сөздік қорларын дамыту, сұрақ-жауап беруге дағдыландыру. Балаларды ұйымшылдыққа, татулыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа ,табиғатқа, гүлдерге деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу. | Сенсорика (21) Тақырыбы:«Түрлі – түсті шалғын» Мақсаты: Әртүрлі заттарды өлшемі бойынша салыстыруды және оларды үлгідегідей орналастыруды үйрету. Үстел-үсті ойыны: «Шалғынды құрастыр» Жаратылыстану(22) Тақырыбы:«Өсімдіктерге күтім жасау» Мақсаты: Өсімдіктерге күтім жасауға баулу, тәрбиешінің суару тәсіліне назар аудару. Дидактикалық ойын: «Гүлді құрастыр» | Музыка (20, 22) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Сурет салу (23) Тақырыбы: «Бөлме гүл» Мақсаты: гүлдердің түрлерімен таныстыру. Дайын гүлдің суретін бояу. Саусақ бұлшықеттерінің қимылын дамыту. Айналадағы өсімдіктерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. |
Спорт. Спорт түрлері. Спортшылар. 4 апта (26.11-30.11) | Дене шынықтыру (26, 28 ,30) 1. Берілген бағытта жалаушаға дейін жүгіру. Допты қос қолдап лақтыру. Қимылды ойын: «Жалаушаға дейін жет» 2. Гимнастикалық орындық үстінде тұру, қолын жоғары көтеру және түсу. Қимылды ойын: «Сызықты басып кетпе» 3. Шеңберден шеңберге аттау. Жүруден жүгіруге және керісінше ауысу. Спорттық іс-шара: «Біз күштіміз, ептіміз» | Көркем әдебиет(27) Тақырыбы:«Шалқан»(орыс халық ертегісі) Мақсаты: балаларды әдеби кейіпкерлерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрысын талдауға , оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету. | Құрастыру (28) Тақырыбы:"Ұзын -қысқа" Мақсаты: түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді негізгі түсі салыстыруды жəне іріктеуді үйрету. Қимылдардың үйлесімділігін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін, «көз-қол» сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімділігін дамыту Жаратылыстану (29) Тақырыбы:«Табиғаттағы еңбек» Мақсаты: Ауладағы ересектердің еңбегіне қызығушылықтарын дамыту. (Суреттер арқылы) Дидактикалық ойын: «Кім, не істеді?» | Музыка (27.) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Аппликация (29) Тақырыбы:"Вагон сүйреген паровоз" Мақсаты:Балаларды көлік түрлерімен таныстыру; 2-5 бөліктен тұратын түрлі заттарды орналастыруды үйрету.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Төзімділікке тәрбиелеу. Сурет салу (30) Тақырыбы:"Әжемнің жіп шумақтары" Мақсаты:балаларды түрлі түсті фломастерлермен жіп орамының суретін салуға, фломастерді қатты қыспай, қағаздың ортасынан бір нүктені белгілеп, сол жағынан жоғарыдан бастап қолды үзбей дөңгелетіп салуды үйрету; балалардың қол қимылдарының қозғалысын дамыту; ұқыптылыққа тәрбиелеу. |
Перспективалық жоспар
"Ақбота" бірінші сәбилер тобы 2018 жыл желтоқсан айы
Өтпелі тақырып "Менің Қазақстаным""Мой Казахстан"
Мақсаты:Балалардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, олардың патриоттық сезімдерін оятуға ықпал жасау. Туған өлкелерінің ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Астана қаласымен, мемлекеттік рәміздермен және еліміздің Тұңғыш Президентімен таныстыру;
- туған жерге деген мақтаныштарын, қызығушылықтарын ояту;
- балаларды тыңдаған әңгімелер мен тақпақтардың мазмұнын тыңдай білуге және түсінуге үйрету.
Апта тақырыбы | «Денсаулық»-3 | «Қатынас»-1 Сөйлеуді дамыту-0,5 Көркем әдебиет-0,5 | «Таным»-2 Сенсорика-0,5 Құрастыру-0,5 Жаратылыс тану-1 | «Шығармашылық»-3 Сурет салу-1, Мүсіндеу -0,25 Аппликация- 0,25, Музыка-1,5 |
Қыс мезгілі Қазақстанда 1 апта (03.12-07.12) | Дене шынықтыру (3,5,6) 1.Еңіс тақтайдың үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру (ені 25 см, бір басы 15 см көтерілгенде ). Допты екі қолмен төменнен лақтыру. Қимылды ойын: «Қарды домалат» 2. Белгі бойынша шашырап жүгіру. Арқанның астымен еңбектеу. Қимылды ойын: «Аққалаға дейін еңбекте» 3. Түзу бағытта заттарды аттап өту. Допты жоғары лақтыру. Спорттық іс-шара: «Шынықсаң шымыр боласың!» | Сөйлеуді дамыту (4) Тақырыбы:«Қыс» (өлең) Мақсаты: Өлең жолдарына қызығушылықты, көтеріңкі көңіл күйді қалыптастыруға баулу. Іс-қимыл әрекеттердің атауы: қалтырайды, ағарады, қар, қыс, үлбіреген, аққала сөздерін қолдану арқылы сөздік қорларын молайту. Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қалта» | Сенсорика (5) Тақырыбы:"Үйшік" Мақсаты:заттарды өлшемі бойынша (беттестіру және қасына қою) салыстыру тәсілін балаларға үйрету. Заттардың өлшемін сөзбен білдіру. Пішіні бойынша геометриялық фигураларды топтастыру икемділігін бекіту.Ұсақ қол моторикасын жетілдіру. Оқу іс-әрекетіне деген қызығушылыққа тәрбиелеу. Жаратылыстану. (6) Тақырыбы:"Көңілді қыс" Мақсаты:Жылы киініп , шанамен сырғанап, аққала жасайтын көңілді қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру. Баланың зейінін, ойлау қабілетін дамыту. Достыққа тәрбиелеу. | Музыка (4,6) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Сурет салу. (7) Тақырыбы:"Жапалақтап қар жауды" Мақсаты:Қағазға саусақ арқылы қардың суретін салуға үйрету. Балалардың саусақ бұлшық еттерін дамыту. Қимылды ойын: «Қар жинаймыз» |
Тәуелсіз Қазақстан 2 апта (10.12-14.12) | Дене шынықтыру (10,12,14) 1.Шеңбер бойымен жүру. 30-40 секунд бойынша үзіліссіз жүгіру. Жәй қимылды ойын: «Ұшты, ұшты» 2.Құм салынған қапшықты нысанаға лақтыру. Бір сызықтан қос аяқпен секіру. Қимылды ойын: «Жалаушаға тез жет» 3.Заттардың арасымен шеңбер бойынша жүгіру. Ауданы 50*50см, биіктігі 10см мінбеге өрмелеу Спорттық отбасылық сайыс: «Алға, бүлдіршін» | Көркем әдебиет(11) Тақырыбы: «Менің Қазақстаным» Мақсаты: Балаларды ҚР Тұңғыш Президенті, мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. Үстел-үсті ойыны: «Суретті құрастыр» | Құрастыру. (12) Тақырыбы:«Бәйтерек» Мақсаты: Балаларды құрылыс материалдарымен жұмыс жасауға үйрету, олардың түсін, пішінін, көлемін ажырта алуға дағдыландыру. Қызықты ойын жаттығу: «Мұнара қала» Жаратылыстану(13) Тақырыбы:«Тәуелсіз Қазақстан» Мақсаты: Еліміздің рәміздерімен таныстыру, ой-өрісін кеңейту. Дидактикалық ойын: «Тапқырлар» | Музыка (11) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Мүсіндеу (13) Тақырыбы:«Пирамида» Мақсаты: Балаларға ермексазды шымшып үзіп алу және домалақ жұмыр мүсіндер жасауға үйрету. Шар пішініне келтірген соң алақан арасына салып сопақша етіп есу. Үстел-үсті ойыны: «Пирамида жасаймыз» Сурет салу(14) Тақырыбы: "Шуақты күн"(дөңгелек үлгісі) Мақсаты: Фломастермен түзу сызықтар арқылы күн сәулесін салу әдісін дамыту. Қимылды ойын: «Күн және түн» |
Туған өлкем 3 апта (17.12-21.12) | Дене шынықтыру (17,19, 21) 1.Еденде ирелеңдеп жатқан жіптің үстімен жүру. Сызықтардың, жіптердің арасымен жүгіру. Қимылды ойын: «Кішкентай мергендер» 2.Бағдар бойынша кілемнің бойымен жүріп келіп, бір орында баяу айналу. Қимылды ойын: «Қуыршақпен бірге айналайық» 3.Жүруден жүгіруге және керісінше ауысу. Құм салынған қапшықты нысанаға лақтыру. Қимылды ойын: «Кім күшті?» | Сөйлеуді дамыту(18) Тақырыбы:"Туған өлкем" Мақсаты:Балаларды тақпақ жаттап үйрету. Туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Тілдерін дамыту. | Сенсорика(19) Тақырыбы:"Ұзын-қысқа ағаштар" Мақсаты:«ұзын», «қысқа» ұғымдарымен таныстыру; беттестіру (бетіне қою) әдісі арқылы ұзындықты салыстыруды үйрету. Қашықтан заттарды ұзындықтары бойынша салыстыруды, көз мөлшерді дамыту; саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жаратылыстану (20) Тақырыбы:«Табиғат туған үйіміз» Мақсаты: Табиғаттағы құстарға, өсімдіктерге, жан-жануарларға көмек көрсете білуге үйрету. Дидактикалық ойын: «Құстың ұясы» | Музыка (18,20) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Сурет салу (21) Тақырыбы:"Мұржадан түтін будақтайды" Мақсаты:Қыс мезгілі ерекшелігін түсіндіру қарындашпен үзбей ирек сызықтар салу дағдылыарын қалыптастыру.Саусақтарын қимыл-қозғалыстырын және икемділігін дамыту. Әсемділігін сезіне білуге тәрбиелеу ,сурет салуға деген қызығушылық сезіміне тәрбиелеу. |
Ғажайып қыс 4-апта (24.12-28.12) | Дене шынықтыру (24,26,28) 1.Еңіс тақтайдың үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру (ені 25 см, бір басы 15 см көтерілгенде ). Допты екі қолмен төменнен лақтыру. Қимылды ойын: «Қарды домалат» 2. Белгі бойынша шашырап жүгіру. Арқанның астымен еңбектеу. Қимылды ойын: «Аққалаға дейін еңбекте» 3. Түзу бағытта заттарды аттап өту. Допты жоғары лақтыру. Спорттық іс-шара: «Шынықсаң шымыр боласың!» | Көркем әдебиет(25) Тақырыбы:"Жасыл шырша" (өлең) Мақсаты:өлеңді оқу, өлең мазмұнымен таныстыру Мәңгі жасыл шыршаның қысы-жазы бір түсте болатындығын айтып өту. Шырша туралы толық мағлұмат беру. Сөйлеу қабілеттерін дамыту. Д/ойын:"Шыршаны безендіру" | Құрастыру(26) Тақырыбы:«Шырша ойыншықтары» Мақсаты: Қағазбен жұмыс жасауда умаждау әдісін жетілдіру, қағаздарды умаждау арқылы, домалақ пішінге келтіруге үйрету.Дидактикалық ойын: «Шыршаны безендіреміз» Жаратылыстану. (27) Тақырыбы:"Қысқа ағаштар. Шырша" Мақсаты:Ағаштардың түрлерімен таныстыру. Оның ішінде шыршаның әдемі болып өсуі үшін адамдардың көмегінің қажет екендігін балаларға түсіндіру. | Музыка(25) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Аппликация(27) Тақырыбы:"Жаңа жылдық шырша" Мақсаты: жаңажылдық мереке туралы түсінік беру. Жаңа жылдық шырша ойыншықтарын (дөңгелекті) шыршаға орналастыруға үйрету. Тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: «Түсін ажырат!» Сурет салу(28) Тақырыбы:"Ақ ұлпа қарлар" Мақсаты: Бояуды парақ бетіне сүйкей жағу тәсілі арқылы жіңішке сызықтар түсіре отырып, жауып тұрған ұлпа қардың бейнесін салуға үйрету. Дидактикалық ойын: «Бұл не?» |
Перспективалық жоспар
" Ақбота" бірінші сәбилер тобы 2019 жыл қаңтар айы
Өтпелі тақырып "Табиғат әлемі " "Мир природы"
Мақсаты:Балалардың тірі,өлі табиғат және жыл мезгілдері құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-дидактикалық ойындар ұйымдастыру арқылыбалалардыөсімдіктерді атап, көкөністер мен жемістерді ажыратып айта білуге үйрету;
-қоршаған табиғаттың сұлулығын қабылдауға баулу;
-эстетикалық қабылдауларын, түрлі сенсорлық әсерлерін дамыту.
Апта тақырыбы | «Денсаулық»-3 | «Қатынас»-1 Сөйлеуді дамыту-0,5 Көркем әдебиет-0,5 | «Таным»-2 Сенсорика-0,5 Құрастыру-0,5 Жаратылыс тану-1 | «Шығармашылық»-3 Сурет салу-1, Мүсіндеу -0,25 Аппликация- 0,25, Музыка-1,5 |
Жануарлар әлемі 1 апта (31.12-04.01) | Дене шынықтыру (31,2,4) 1.Берілген бағыт бойынша аяқтың ұшымен жүру. Алаңда шашырап жүгіру. Қимылды ойын: «Қозыны ұстап алайық» 2.Алға қарай ұмтыла затқа дейін екі аяқтап секіру. Кедергілі жазықтың бетімен нысанаға дейін еңбектеу. Қимылды ойын: «Ақ қоян» 3.Қар түйіршіктерін себетке лақтыру. Еңіс тақтайдың үстімен жүру. Қимылды ойын: «Қарды нысанаға лақтыру» | Сөйлеуді дамыту(1)(демалыс) | Сенсорика(2) Тақырыбы: " Иттер -менің достарым" Мақсаты:Балалардың назарын әртүрлі көлемдегі заттарға аудару,үлкен және кішкентай сөздердің мағынасын түсінулерін қалыптастыру. Балаларды әр түрлі көлемдегі заттарды көрсете білуге үйрету. Сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыру; ұсақ қол моторикасын жетілдіру.Үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу. Жаратылыстану(3) Тақырыбы:«Үй жануарлары және оның төлдері» Мақсаты: Үй жануарлары мен оның төлдерімен таныстыру. Атауға үйрету. Дидактикалық ойын: «Төлін тап» | Музыка(3) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Сурет салу.(4) Тақырыбы: "Қардағы іздер" Мақсаты: Парақ бетіне бояу жағу арқылы дақ түсіруге үйрету. Бояумен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Жануарлардың қимыл-қозғалысын және іздерін қарға түсіріп жаттығу. Табиғаттың әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: «Іздерді ата» |
Құстар-біздің досымыз 2 апта (07.01-11.01) | Дене шынықтыру (9,11) 2.Шеңбер бойымен қолдарымен әртүрлі қалыптар жасай жүру. Доптарды бір-біріне домалату. Қимылды ойын: «Торғайлар мен машина» 3. Орнынан ұзындыққа секіру.(20-25 см) Бір және екі қолымен допты еденге ұру. Қимылды ойын: «Көпірден өт» | Көркем әдебиет(8) Тақырыбы:"Торғай мен мысық" (өлең) Мақсаты: өлеңді есте сақтауға ,педагогтен кейін қайталауды үйрету. Сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағының көркемдігін қалыптастыру.Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. | Құрастыру(9) Тақырыбы: «Құстардың ұясы» Мақсаты:текше мен үшбұрышты пайдаланып құстарға ұя жасауды. Педагогтің көмекінсіз өздері жұмыс жасауды үйрету Жаратылыстану(10) Тақырыбы:«Құстар- біздің досымыз. Торғай» Мақсаты: Балаларға дала құстары туралы түсінік беріп, оның ішінде торғаймен жақын таныстыру. Суреттер бойынша тілдік қорларын жетілдіру, есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарға қамқорлықпен қарауға, көмек бере білуге тәрбиелеу. Қимылды ойын: «Ұшты-ұшты» | Музыка(8) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Мүсіндеу (10) Тақырыбы:"Торғай" Мақсаты:ермексазбен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін үйрету. саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын дамыту. Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Сурет салу(11) Тақырыбы:Құстар сайрайды Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай отырып үзік сызықтарды салу дағдыларын бекіту.Құстар үнін тыңдау арқылы қуанышты көңіл күй туғызу, оны өз іс-әрекетінде маңайындағыларға бере білуге дағдыландыру. Құстарға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу. |
Қыс қызықтары 3 апта (14.01.-18.01) | Дене шынықтыру (14,16,18) 1.Бөренелерден аттап жүру. Бір орында тұрып бірқалыпты секіру. Қимылды ойын: «Ғажайып кедергі» ойыны» 2.Орнынан ұзындыққа секіру(25-30 см) Шеңберден шеңберге аттау. Қимылды ойын: «Қоянша секір» 3.Қарлы төмпешікке өрмелеу. (ауданы 50*50см, биіктігі 10см мінбеге өрмелеу) Қимылды ойын: «Мені қуып жет» | Сөйлеуді дамыту(15) Тақырыбы:«Ғажайып қыс» Мақсаты: Өлі табиғат құбылысы қармен таныстыра отырып, қардың жұмсақ, түсі ақ, мұздай, ериді деген негізгі қасиеттерін айта білуге үйрету. Ойын жаттығу: «Аққала құрастыр» | Сенсорика(16) Тақырыбы:«Ғажайып күн шуағы» Мақсаты: Дайын үлгідегі дөңгелек пішіннің ішіне, көлеміне, түсіне сәйкес келетін пішіндерді орналастыру. Үстел-үсті ойыны: «Сәйкесін тап» Жаратылыстану(17) Тақырыбы: «Қар кесегі» Мақсаты:Қардың қасиеті туралы білімдерін нақтылау. қардан мүсін жасау, домалатып кесек жасау. Қарды қолмен ұстағанда еріп, суға айналады.Ұқыптылыққа баулу. Дидактикалық ойын: «Не өзгерді?» | Музыка(15,17) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Сурет салу (18) Тақырыбы: " Мұз айдынындағы іздер" Мақсаты:қылқаламды дұрыс ұстай отырып, берілген фонның үстінен коньки ізін ирек сызықтар сызу арқылы көрсетуге үйрету. Ирек сызықтар сызу дағдыларын қалыптастыру. Табиғаттың әсемдігін түсіне білуге тәрбиелеу. |
Жабайы жануарлар және олардың төлдері 4 апта (21.01-25.01) | Дене шынықтыру (21,23,25) 1.Бағытты өзгерте отырып жүру. Заттардың арасымен шеңбер бойынша жүгіру. Қимылды ойын: «Қорқақ қоян» 2.Жіптің бойымен жүру. Лентамен еденде 10 см қашықтықта (екі арқаннан тұратын жолақ арқылы) жатқан арқаннан секіру. Қимылды ойын: «Жолыңмен жүр» 3. Шеңбер бойымен бағытты өзгерте отырып жүру. Еңіс тақтайдың үстімен еңбектеу. Қимылды ойын : «Аю-аю тұршы» | Көркем әдебиет(22) Тақырыбы:«Түлкі мен қоян» (ертегі) Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсінуге және кейіпкерлерді атай білуге үйрету. Дидактикалық ойын: «Үйін тап» | Құрастыру(23) Тақырыбы:"Жануарларды пойызға отырғызайық" Мақсаты: балаларды құрылыс материалдарымен жұмыс жасауға үйрету.Олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру. Педагогтің ұсынған шарты бойынша құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыра отырып пойыз құрастыра білуге текшені, кірпішті бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Жаратылыстану (24) Тақырыбы:"Жабайы аңдар Аю" Мақсаты:балаларға жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейтіп, оның ішінде аюмен жақын таныстыру. Аюдың не себепті жабайы аңдардың қатарына жататындығын түсіндіру, оның тіршілігі туралы әңгімелеу. Аңдарға, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға баулу. | Музыка(22) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Аппликация (24) Тақырыбы:"Ұзын құлақ ақ қоян" Мақсаты: қоян туралы түсініктерді нақтылау; қоянның дене бөліктерін атай білуді үйрету. Қоянның дене бөліктерін қағаз бетінде дұрыс орналастыра білуге, жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сурет салу (25) Тақырыбы: "Маймақ маң-маң басады" Мақсаты: Аюдың ізін қылқаламмен, қарындашпен үлкен және кіші дақ түсіру арқылы салуға үйрету; Жұмыс барысында балалардың өз алдына жеке дербес әрекет етуі мен белсенділігін дамыту; Қыс мезгілінде аңдарға, жан-жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. |
Көмекшіміз табиғат 5 апта (28.01-01.02) | Дене шынықтыру (28,30,1) 1.Бағытты өзгерте отырып жүру. Заттардың арасымен шеңбер бойынша жүгіру. Қимылды ойын: «Қызыл, сары орындықтар» 2.Жіптің бойымен жүру. Лентамен еденде 10 см қашықтықта (екі арқаннан тұратын жолақ арқылы) жатқан арқаннан секіру. Қимылды ойын: «Жолыңмен жүр» 3. Шеңбер бойымен бағытты өзгерте отырып жүру. Еңіс тақтайдың үстімен еңбектеу. Спорттық іс-шара: «Орындығыңа тез жет» | Көркем әдебиет(29) Тақырыбы:«Бөлме жасаймыз» (Фланелеграф тақтада) Мақсаты: балаларға жиһаздарды атап айтуға үйрету. (Үстел, орындық, керуерт). Дидактикалық ойын: «Қуыршаққа орындық» | Құрастыру(30) Тақырыбы:«Үстел» Мақсаты: текшелер-мен кірпіштерді үйлестіру. (Фребель материалдары) Ойын тапсырма: «Үстел» Жаратылыстану(31) Тақырыбы:"Үй жиһаздары. Төсек" Мақсаты: Балаларға үй жиһаздары және олардың қажеттілігі туралы түсіндіру. Үй жиһаздарының бірі -төсек , оның түрлерімен таныстыру және балалардың белсенді сөздік қорын дамыту.Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Үстел –үсті ойыны: «Орындықты құрастыр» | Музыка(29) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Мүсіндеу (31) Тақырыбы:«Қуыршаққа арналған орындық» Мақсаты:балаларды сазбалшық, ермексазбен таныстыру. Дидактикалық ойын: «Таяқшалар» Сурет салу (1) Тақырыбы: «Менің керуетім» Мақсаты:Түзу көлденең сызықтар жүргізу арқылы парақ бетіне бейнені орналастыруға үйрету. Дидакикалық ойын: «Әдемі керуерт» |
Перспективалық жоспар
"Ақбота" бірінші сәбилер тобы 2019 жыл ақпан айы
Өтпелі тақырып " Бізді қоршаған әлем " " Мир вокруг нас"
Мақсаты: Балалардың өздерін қоршаған орталары туралы түсініктерін кеңейту, танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларын қалыптастыру
Міндеттері:
-қоршаған ортамен өзара әрекет етуге қажетті танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларына ие бала тұлғасын дамыту;
- адамгершілік нормаларын, төзімділікті және адамдарға құрмет таныту сезімдерін жетілдіру;
- қызықты қимылды жаттығулар, сенсорлық ойындар ұйымдастыру арқылы түсініктерін кеңейту.
Апта тақырыбы | «Денсаулық»-3 | «Қатынас»-1 Сөйлеуді дамыту-0,5 Көркем әдебиет-0,5 | «Таным»-2 Сенсорика-0,5 Құрастыру-0,5 Жаратылыс тану-1 | «Шығармашылық»-3 Сурет салу-1, Мүсіндеу -0,25 Аппликация- 0,25, Музыка-1,5 |
Ғажайыптар әлемі 1-апта (04.02-08.02) | Дене шынықтыру (4,6,8) 1.Бөренелерден аттап жүру. Бір орында тұрып бірқалыпты секіру. Қимылды ойын: «Ғажайып кедергі» ойыны» 2.Орнынан ұзындыққа секіру(25-30 см) Шеңберден шеңберге аттау. Қимылды ойын: «Қоянша секір» 3.Қарлы төмпешікке өрмелеу. (ауданы 50*50см, биіктігі 10см мінбеге өрмелеу) Қимылды ойын: «Мені қуып жет» | Сөйлеуді дамыту(5) Тақырыбы: "Ұшады-ұшпайды." Мақсаты:заттардың қасиеттеріне қарай талдауға, олардың аттарын атай білуге үйрету. Табиғатта не ұшатыны, ненің ұшпайтыны туралы түсіндіру арқылы зейіндері мен ойлау қабілетін дамыту. Ұйымшылдыққа баулу. Дидактикалық ойын: " Ұшады-ұшпайды" | Сенсорика(6) Тақырыбы:"Жоғары-төмен" Мақсаты:Кеңістіктің қатынастаремн таныстыру; «жоғары-төмен» сөздерінің мағынасын түсінуге үйрету және педагог соңынан қайталап айту; бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жаратылыстану (7) Тақырыбы: "Табиғат құбылыстары" Мақсаты:Балаларға табиғат құбылыстары туралы түсіндіру. | Музыка(5,7) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Сурет салу(8) Тақырыбы:"Мұз сүңгілері" Мақсаты:Үзік сызықты сыздырата отырып, кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.Баланың қиялын дамыту. Табиғаттың ерекшелігін сезіне білуге тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: " Қандай түс?" |
Көліктер 2 апта (11.02-15.02) | Дене шынықтыру (11,13,15) 1.Шашырап жүгіру. Еденде 10-20 см қашықтықта ( екі арқаннан тұратын жолақ арқылы) жатқан арқаннан секіру. Қимылды ойын: «Торғайлар мен машина» 2.Жол бойымен еңбектеу. Ұсақ заттарды 1 м қашықтыққа лақтыру. Қимылды ойын: «Паровоз» 3.Гимнастикалық орындық үстінде бір орында баяу айналу. Секіртпеден секіру. Қимылды ойын: «Кім жылдам?» | Көркем әдебиет(12) Тақырыбы:«Поезд»(өлеңі) Мақсаты: Өлеңді мұқият тыңдауға, мазмұнын түсінуге үйрету, балалардың поезд дыбысына еліктеп у- дыбысын созып, қимыл әрекеттерін жасап, айтуға үйрету. Қимылды ойын: «Поезд» | Құрастыру(13) Тақырыбы: «Трамвай» Мақсаты: Құрылыс материалдарының бірнеше бөліктерін құрастырып жасауға үйрету. Олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру. Дидактикалық ойын: «Суреттің сыңарын тап» Жаратылыстану (14) Тақырыбы:«Көліктер» Мақсаты: Балаларға көліктер туралы білім беру, автобус көлігімен таныстыру. Үстел –үсті ойыны: «Гараж» | Музыка(12) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Мүсіндеу(14) Тақырыбы:"Ұшақ" Мақсаты:Ұшақтар жайлы білімін толықтыру. Ақыл-ойын,тілін дамыту,саусақ бұлшық еттерінің жұмысын жақсарту. Еңбексүйгіштікке, ептілікке баулу. Сөздік жұмыс: ұшақтың екі қанаты болады. Сурет салу(15) Тақырыбы: "Машинаның дөңгелектері" Мақсаты:Дәстүрден тыс тәсілді (тығын) қолдана отырып машина дөңгелегінің суретін салуға үйрету. Дидактикалық ойын: «Үлкен және кішкентай» |
Киім, аяқ киім 3 апта (18.02-22.02) | Дене шынықтыру (18,20,22) 1.Түзу және ирек жолдармен жүгіру. Жиектері шектелген тура жолақтың үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру. Ойын-жаттығу: «Көреміз, қайталаймыз» (Экраннан көрсету және оны қайталау) 2.Түзу және ирек жолдармен жүгіру. Жиектері шектелген тура жолақтың үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру. Музыкалық жаттығу: «Кірпілер билейді» 3.Шеңберден шеңберге аттау. Жүруден жүгіруге және керісінше ауысу. Қимылды ойын: «Көлшіктен аттап өт» | Сөйлеуді дамыту(19) Тақырыбы:"Киім дүкені" Мақсаты:Балаларды киім түрлерімен таныстыру. Бір-екі сөздермен сөйлем құратып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту. Ұл мен қыздың киімін ажырата білуге үйрету. Дұрыс сөйлеуге үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: "Бұл не?" | Сенсорика(20) Тақырыбы:" Қуыршаққа арналған тартулар" Мақсаты:Балалар назарын заттардың өлшеміне аудару,өлшем айырмашылығы мен ұқсастықты орнатудың қарапайым тәсілдерін қалыптастыру. Заттарды негізгі қызыл, сары, жасыл, көк төрт түске топтастыра білу дағдыларын ойын арқылы жетілдіру, сөздік қорларын дамыту. Дидактикалық ойын : " Құламақты киіндірейік" Жаратылыстану (21) Тақырыбы:"Киімдер" Мақсаты:Киімдер туралы әңгімелей білуге үйрету. Киімдер туралы, балалардың жас шамасына сай түсініктерін кеңейту. Әңгімелеу барысында сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту. Өз ұлтының киімін, салт-дәстүрін құрметтей білуге тәрбиелеу. | Музыка(19,21) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Сурет салу(22) Тақырыбы:"Қуыршақ Сәуленің көйлегін безендіреміз" Мақсаты:Қылқаламмен немесе саусақ арқылы көйлекті дөңгелек пішіндірмен безендіруге үйрету, негізгі түстер туралы білімдерін бекіту. Сурет салуға деген қызығушылыққа және талғампаздыққа тәрбиелеу. |
Мамандықтың бәрі маңызды 4 апта (25.02-01.03) | Дене шынықтыру (25, 27,1) 1.Бір бағытта шеңбер бойымен жұптасып жүру. Доға астынан допты домалатып өту. Қимылды ойын: «Доп шеңбер ішінде» 2.Допты алға домалату, қуып жету. Бір сызықтан қос аяқпен секіру. Қимылды ойын: «Допты домалат» 3.Гимнастикалық орындық үстінде тұру, қолын жоғары көтеру және түсіру. Скаймен музыкалық жаттығулар орындау | Көркем әдебиет(26) Тақырыбы: «Дәрігер Айболит» (ертегі мультфильмін көрсету) Мақсаты: Балаларды мейрімділікке, өзге адамдарға, жануарларға қамқорлық қатынасын білдіруге талаптандыруды жалғастыру. Лото ойыны: «Топтастыр» | Құрастыру(27) Тақырыбы:«Машина» Мақсаты: Балаларды құрылыс матариалдарымен жұмыс жасауға олардың түсін пішінін көлемін ажыратуға үйрету. Қимылды ойын: «Жүргізуші» Жаратылыстану(28) Тақырыбы:«Дәрігер» Мақсаты: Балаларға дәрігер мамандығының не үшін қажет екендігін түсіндіру. Дидактикалық ойын: «Не істеу керек?» | Музыка(26) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Аппликация(28) Тақырыбы:"Құрақ көрпе" Мақсаты:Құрақ туралы түсінік беру. Геометриялық пішін-үшбұрышты қолдана отырып, құрақ көрпе жасауды үйрету. Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Төзімділікке тәрбиелеу. Сурет салу(1) Тақырыбы: "Әжемнің өрнектері" Мақсаты:түрлі түсті бояуларды пайдаланып текеметті безедіруге үйрету, негізгі түстер туралы білімдерін бекіту; Сурет салуға деген ынта-ықыластарын арттыру; Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік сезімін төрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар. |
Перспективалық жоспар
" Ақбота" бірінші сәбилер тобы 2019 жыл наурыз айы
Өтпелі тақырып " Салт-дәстүрлер және фольклор" "Традиции и фольклор
Мақсаты:Қазақ және басқа халықтардың салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Міндеттері:
-ұлттық мерекелер туралы туралы түсініктерін кеңейту және дамыту;
-шығармашылық білім беру саласы бойынша балаларды ұлттық өнерге, салт-дәстүрлерге баулу;
- ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру.
Апта тақырыбы | «Денсаулық»-3 | «Қатынас»-1 Сөйлеуді дамыту-0,5 Көркем әдебиет-0,5 | «Таным»-2 Сенсорика-0,5 Құрастыру-0,5 Жаратылыс тану-1 | «Шығармашылық»-3 Сурет салу-1, Мүсіндеу -0,25 Аппликация- 0,25, Музыка-1,5 |
Нұр төккен, гүл көктем 1 апта (04.03-08.03) | Дене шынықтыру (4,6) 1.Заттардың арасымен қолды белге қойып, аяқтың ұшымен жүру. Ауданы 50*50см, биіктігі 10см мінбеге өрмелеу. Қимылды ойын: «Секіргіш қөжектер» 2.Таяқшалардан қос аяқпен секіру. Қабырғадағы гимнастикалық баспалдаққа өрмелеу. Қимылды ойын: «Теңге алу» | Сөйлеуді дамыту(5) Тақырыбы: "Көктем" Мақсаты:Балалардың тілдерін дамытып, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, әңгімелеп айтуға, берілген сұраққа нақты жауап беруе үйрету, құстарға, ағаштарға, қамқор болуға, еңбекшіл болуға тәрбиелеу. | Сенсорика (6) Тақырыбы:"Бақбақ гүлдер" Мақсаты: Фланелеграфта түрлі түсті геометриялық пішіндерді – шеңбер мен үшбұрышты орналастыруды үйрету. Балалар назарын белгілі бір түстегі фигураны әртүрлі заттарды бейнелеу (Бақбақ гүлді) үшін қолданылуы мүмкін екеніне аудару. саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысын дамыт Табиғатты аялауға тәрбиелеу. Жаратылыстану (7) Тақырыбы:«Көктем келді» Мақсаты: Көктем мезгілімен, табиғаттағы маусымдық өзгерістермен, балабақшаның ауласында өсетін ағаштар мен бұталарды таныстыру. Дидактикалық ойын: «Құстарға ұя жаса» | Музыка(5,7) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Сурет салу (8) (демалыс) |
Ерте көктем, жануарлар мен өсімдіктер әлемі. 2 апта (11.03-15.03) | Дене шынықтыру (11,13,15) 1.10 см биіктікке көтеріле өрмелеу. Жолмен жалаушаға дейін еңбектеу. Қимылды ойын: «Тышқан мен мысық» 2.Кішкене қапшықты төбесіне қойып, тақтай үстімен жүру. Музыкалық -қимылды ойын: «Қамшы алу» 3.Таяқшадан қос аяқтап секіру. Доғаның астымен допты домалатып еңбектеу. Қимылды ойын: «Кім жылдам?» | Көркем әдебиет (12) Тақырыбы:" Балбұлақ" (өлең) Мақсаты:көрнекіліктер арқылы өлеңді мәнерлеп оқуға және есте сақтауға, барлық дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Дидактикалық ойын: "Қолшатыр" | Құрастыру(13) Тақырыбы:«Бақбақтар» Мақсаты: Жұмарлау, жырту, умаждалған және жыртылған қағаздардан құрастыру. (қағаздар) Дидактикалық ойын: «Бақбақтар жинау» Жаратылыстану (14) Тақырыбы:"Көктемгі табиғат" Мақсаты:Көктемгі табиғатты бақылатып, оның ерекшеліктерін түсіндіру. Сурет бойынша сөйлем құрап, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу. | Музыка(12) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Мүсіндеу(14) Тақырыбы:"Итке арналған тостақ" (итаяқ) Мақсаты:Балаларды ермексаздан домалақ пішін жасауға үйрету;балалардың шығармашылық, танымдық ой-қабілеттерін, тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру;балаларды жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу (ит-адамның досы екенін айтып беру) |
Наурыз 3 апта (18.03-22.03) | Дене шынықтыру (18) 1.Кішкене қапшықты төбесіне қойып, тақтай үстімен жүру. Музыкалық -қимылды ойын: «Қамшы алу» (20-22 демалыс) | Сөйлеуді дамыту (19) Тақырыбы:"Наурыз келді" Мақсаты:Балалардың жыл мезгілдері туралы түсінігін, Наурыз мерекесі туралы білімдерін кеңейту. Халықтық салт – дәстүрді құрметтеуге баулу. | Сенсорика(20) (демалыс) Жаратылыстану (21) (демалыс) | Музыка(19) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Музыка(21) (демалыс) Сурет салу (22) (демалыс) |
Ертегілер елінде. Театр әлемі 4 апта (25.03-29.03) | Дене шынықтыру (25,27,29) 1.Бір және екі қолмен еденге ұру. Еңіс тақтайдың үстімен тепе-теңдік сақтап жүру. Қимылды ойын: «Машаны қуып жет» 2.Гимнастикалық таяқшалардан аттап жүру. 30-40 секунд бойына үзіліссіз жүгіру. Қимылды ойын: «Бауырсақпен бірге аттайық» 3.Түзу сызық үстімен аяқ ұшымен жүру. Алға қарай ұмтыла затқа дейін екі аяқтап секіру (10-15см). Қимылды ойын: «Кім жылдам?» | Көркем әдебиет(26) Тақырыбы:«Қасқыр мен жеті лақ»(ертегіні қуыршақ театры арқылы сахналау) Мақсаты: Балаларды ертегі тыңдауға және әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрыстарына талдау жасауға үйрету. Дидактикалық ойын: «Кейіпкерлерді ата» | Құрастыру(27) Тақырыбы:«Құс» Мақсаты: Жұмарлау, жырту, умаждалған және жыртылған қағаздардан құрастыру. (қағаздар) Дидактикалық ойын: «Не қайда тұрады?» Жаратылыстану (28) Тақырыбы:«Төлдер айтысы» (Ертегіні үстел-үсті театрында сахналау) Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерін талдау, әңгімелеу. Дидактикалық ойын: «Төлін тап» | Музыка(26) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Аппликация (28) Тақырыбы:"Алдар көсенің бөрігін сәндейміз" Мақсаты:Қазақтың ұлттық баскиімі - бөрікпен таныстыру. Бөрікке ою-өрнекті орналастыруды үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Бір-біріне кедергі жасамауға тәрбиелеу. Сурет салу(29) Тақырыбы:"Бауырсақ қалай домалайды" Мақсаты:оңнан солға қарай түзу сызықтар сызуды жалғастыру, қарындашпен жұмыс істеу дағдыларын бекіту.Саусақтарының бұлшық еттерін дамыту. Ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу. |
Перспективалық жоспар
" Ақбота" бірінші сәбилер тобы 2019 жыл сәуір айы
Өтпелі тақырып " Бірге еңбектенеміз " "Трудимся вместе"
Мақсаты: Балаларды қарапайым еңбек дағдыларына баулу және еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Олардың сөйлеуін, зейінін және қиялын дамытуға ықпал жасау.
Міндеттері:
-мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек дағдыларын жетілдіру;
- үлкендердің еңбегін бағалауға үйрету;
-танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Апта тақырыбы | «Денсаулық»-3 | «Қатынас»-1 Сөйлеуді дамыту-0,5 Көркем әдебиет-0,5 | «Таным»-2 Сенсорика-0,5 Құрастыру-0,5 Жаратылыс тану-1 | «Шығармашылық»-3 Сурет салу-1, Мүсіндеу -0,25 Аппликация- 0,25, Музыка-1,5 |
Ас атасы-нан 1 апта (1.04-05.04) | Дене шынықтыру (1,3,5) 1.Берілген бағытта әртүрлі қарқынмен жүгіру. Гимнастикалық орындық үстімен жүріп келіп,бір орнында баяу айналу. Қимылды ойын: «Жолдан шықпа» 2.Шеңберден шеңберге секіру. Қабырғадағы гимнастикалық баспалдаққа өрмелеу. Қимылды ойын: «Төбешікке мінеміз» 3.Заттардың арасымен қолды белге қойып, аяқтың ұшымен жүру. Кішкентай допты оң қолдарымен себетке лақтыру. Қимылды ойын: «Астық жинаймыз» | Сөйлеуді дамыту(2) Тақырыбы:«Бауырсақ»(орыс халық ертегісі, ертегінің жаңа нұсқасын көрсету) Мақсаты: Ертегіні тыңдауға қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорын молайту, тілін дамыту. Ойын тапсырма: «Бауырсақтың жолы» Мақсаты: | Сенсорика (3) Тақырыбы:"Қиылған суреттер" Мақсаты: Балалардың сенсорлық қабілеттерін арттыру.Суретте бейнеленген затты тануға және оны атауға үйрету; сәйкес суреттерді табу.Ұсақ қол моторикасын жетілдіру; Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жаратылыстану (4) Тақырыбы:«Ас атасы-нан» Мақсаты: Балаларды нанның қасиетімен таныстырып, нанның қиқымын тастамай, оны қастерлей білуге баулу. Дидактикалық ойын: «Дәмін тап» | Музыка(2,4) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Сурет салу(5) Тақырыбы:"Дастархандағы бауырсақ" Мақсаты:(Дәстүрден тыс) Қақпақтармен батыру әдісі арқылы сурет салуға үйрету. Дидактикалық ойын: «Тәрелкеге бауырсақтарды жинау" |
Ғарышкерлер күні.Байқоңыр -ғарыш алаңы. 2 апта (08.04-12.04) | Дене шынықтыру (8,10,12) 1.Бір сызықтан қос аяқпен секіру. Допты себетке лақтыру. Қимылды ойын: «Дәл түсір» 2.Төрттағандап тақтайдың үстімен жүріп, бірнеше кедергіден (лента, текше) өту. Қимылды ойын: «Сызықтың бойымен жүр» 3.Шеңберден шеңберге аттау. Допты қағып алу. Қимылды ойын: «Допты қуып жет» | Көркем әдебиет(9) Тақырыбы: "Мен ғарышкер боламын" Мақсаты: өлеңді мәнерлеп оқу, сөздердің мағыналарын ашып түсіндіру арқылы ойлау, қиялдау қабілеттерін дамыту.Ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын ояту; ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру; Отанымыздың адал азаматы болуға тәрбиелеу. | Құрастыру(10) Тақырыбы:«Зымыран» Мақсаты: Әртүрлі түстегі және пішіндегі тұратын құрылыс материалдарынан бірінің үстіне бірін қою, текшелерді үйлестіре құрастыруға бекіту. Дидактикалық жаттығу: «Зымыран» Жаратылыстану (11) Тақырыбы: "Ғарышкер" Мақсаты: Ғарышкерлерің еңбегі және олардың атқаратын қызсеті жайлы балларға түсіндіру. Қазақстанда Байқоңыр ғарыш айлағы бар екені жайлы айту. Ғарышкерлер туралы білімдерін, тілін, ой-қиялын дамыту Ғарыш, ғарышкерлер туралы оларды сыйлау, еңбектерін бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу. | Музыка(9) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Мүсіндеу (11) Тақырыбы: Ұшақ Мақсаты:Балаларға қуаныш сыйлау, эстетикалық түсінікті түсіндіру, ой-өрістерін кеңейту, сабақта мүсіндер жасауды үйрету.тілін дамыту, саусақтық ұсақ бұлшықеттері қимылын жетілдіру, кішкентай нәрселер жасауға ынтасын арттыру. Сурет салу(12) Тақырыбы:"Аспан әлемі" Мақсаты:Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру. Балаларға түнгі аспан ,жұлдыздар,аспан әлемі туралы түсінік беру.Балалардың қиялын дамыту. ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. |
Жәндіктер мен қосмекенділер әлемі 3 апта (15.04-19.04) | Дене шынықтыру(15,17,19) 1.Бөренелерден аттап өту. Допты бір-біріне еңкейіп тұрып домалату. Қимылды ойын: «Ұсталған шыбындар» 2. Белгі бойынша тоқтап, жүгіру. Гимнастикалық орындық үстімен,қолды белге қойып жүріп өту. Қимылды ойын: «Аралар» 3.Кішкентай доппен кегельдер арасында ирелеңдеп жүгіру. Гимнастикалық орындық үстімен,қолды белге қойып жүріп өту. Қимылды ойын: «Тордағы құс» | Сөйлеуді дамыту(16) Тақырыбы:«Жәндіктер: құмырсқалар, көбелектер, аралар» Мақсаты: Кітапшалардағы суреттерге қарау, олардың мазмұны бойынша балаларға сұрақтар қойып, 3-5 сөзден тұратын сөз тіркестері арқылы жауаптар құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Дидактикалық ойын: «Көлеңкесіне сәйкес орналастыр» | Сенсорика(17) Тақырыбы: «Әдемі көбелектер» Мақсаты: Көбелектерді түстеріне және көлеміне сәйкес іріктеу. Негізгі түстер жайлы білімдерін бекіту. Дидактикалық ойын: «Көбелектер қонады» Жаратылыстану(18) Тақырыбы:«Жәндіктер» Мақсаты: Балаларды жәндіктермен, олардың өзіне тән белгілерімен таныстыру (көбелек, қоңыз). Үстел-үсті ойыны: «Қиынды суреттерді құрастыр» | Музыка(16,18) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Сурет салу (19) Тақырыбы: "Шөптегі қанқыз" (үлгідегі қанқыз) Мақсаты: Балаларға шөпті бояуды сүйкей жағу тәсілі арқылы салуды үйретуді жалғастыру. Шөпті бейнелегенде оның толық бетті қамтуын қадағалау. Дидактикалық ойын: «Қанқызының түймелерін орналастыр» |
Өзіңе және өзгелерге көмектес 4- апта (22.04-26.04) | Дене шынықтыру (22,24,26) 1.Кегельдер арасымен допты көтеріп жүру. Бір орнында тұрып 15 см биіктіктен секіру. Қимылды ойын: «Біз біргеміз» 2.Бір бағытта шеңбер бойымен жұптасып жүру. Доға астынан допты домалатып өту. Қимылды ойын: «Поезд» 3.30-40 секунд бойынша үзіліссіз жүгіру. Кедергі астынан еңбектеп өту. Қимылды ойын: «Маған көмектес» | Көркем әдебиет(23) Тақырыбы: «Шалқан» (орыс халық ертегісі) Саусақ театры арқылы сахналау. Мақсаты: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрыстарын қызығушылықтарын қалыптастыру. Дидактикалық ойын: «Кейіпкерлерді ата» | Құрастыру(24) Тақырыбы:"Көпір" Мақсаты:балаларды құрылыс материалдарының бірнеше бөліктерін құрастырып жұмыс жасауға үйрету. Олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру. Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу. Жаратылыстану (25) Тақырыбы:«Табиғаттағы еңбек» Мақсаты: Ауладағы ересектердің еңбегіне қызығушылықтарын дамыту. (Суреттер арқылы) Дидактикалық ойын: «Кім, не істеді?» | Музыка(23) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Аппликация (25) Тақырыбы:«Менің үйім» Мақсаты: Балаларға пішіндерден (үшбұрыш, төртбұрыш) геометриялық пішіндер арқылы үй құрастыруға үйрету. Дидактикалық ойын: «Қонжыққа үй жасайық» Сурет салу(26) Тақырыбы: «Торғайларға жем шашамыз» Мақсаты: Фломастер, қағазбен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, қағаз бетіне нүктелерді түсіруді үйрету. Дидактикалық ойын: «Торғайды тамақтандыр» |
Достық біздің тірегіміз 5 апта (29.04-03.05) | Дене шынықтыру (29,3) 1.30-40 секунд бойы үзіліссіз жүгіру. Арқанның астымен нысанаға дейін төрттағандап еңбектеу. Қимылды ойын: «Кім жылдам» 3.Шеңбер бойында қолдарын әртүрлі қалыптармен қимылдар жасай жүру. Ауданы 50х50см,биіктігі 10см мінбеге өрмелеу. Қимылды ойын: «Досыңа допты домалат» | Сөйлеуді дамыту(30) Тақырыбы: «Түлкі мен тырна» (орыс халық ертегісі) Мақсаты: Балаларға саусақ театры арқылы ертегіге қызығушылықтарын бекіту. Ойын тапсырма: «Құмыра мен тарелке құрастыр» | Сенсорика(1) (демалыс) Жаратылыстану(2) Тақырыбы:«Шуақты күннің сәулесі» Мақсаты: Жер бетіндегі тіршілік үшін күннің сәулесінің қажеттілігі туралы түсініктерін бекіту, күннің сәулесіне қуана білуге баулу. Қимылды ойын: «Күн мен түн» | Музыка(30) (1-демалыс) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Сурет салу(3) Тақырыбы: «Мерекелік отшашу» Мақсаты: Негізгі түстерді бояуларды ала отырып қыл қаламмен қағаз бетіне сүйкеу әдісі арқылы сурет салуды бекіту. Дидактикалық ойын: «Түстерді ата» |
Перспективалық жоспар
" Ақбота" бірінші сәбилер тобы 2019 жыл мамыр айы
Өтпелі тақырып " Әр қашан күн сөнбесін!" "Пусть всегда будет солнце!"
Мақсаты:Балалардың бойында адамгершілік қасиеттерін анықтау, оларды достық сезімге, мейрімділікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
-балалардың топтағы қарым-қатынас дағдыларын анықтау және дамыту;
-достыққа, мейірімділікке жетелейтін іс-шаралар, ойындар т.б. өткізу;
-өз еліне құштарлық сезімдерін ояту, ой-өрісін дамыту.
Апта тақырыбы | «Денсаулық»-3 | «Қатынас»-1 Сөйлеуді дамыту-0,5 Көркем әдебиет-0,5 | «Таным»-2 Сенсорика-0,5 Құрастыру-0,5 Жаратылыс тану-1 | «Шығармашылық»-3 Сурет салу-1, Мүсіндеу -0,25 Аппликация- 0,25, Музыка-1,5 |
Отан қорғаушылар 1-апта (06.05-10.05) | Дене шынықтыру (6,8,10) 1.Орындық астымен еңбектеп өту. 0,5-1,5метр арақашықтықта отырған қалыпта доптарды бір-біріне домалату. Қимылды ойын: «Нысанаға дәлде» 2.Гимнастикалық орындық үстінде қолдарын жанына жая жүріп өту. Еден үстінде созылып жатқан арқан үстінде бір қырымен жүру. Қимылды ойын: «Ұшақтар» 3.Кішкене қапшықты төбесіне қойып,тақтай үстімен жүру. Доға астынан еңбектеп өту. Қимылды ойын: «Кішкентай мергендер» | Сөйлеуді дамыту.(7) (демалыс) | Сенсорика(8) Тақырыбы:"Құртақандарға арналған үй" Мақсаты:Түстің әртүрлі заттардың белгісі болып табылатынын және олардың сипатын білдіру үшін қолданылуы мүмкін екенін көрсете отырып, саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Қайырымдылыққа тәрбиелеу. Жаратылыстану(9) (демалыс) | Музыка(7,9) (демалыс) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Сурет салу(10) Тақырыбы: «Жұлдызша» Мақсаты: Балаларды дайын үлгідегі суретті қызыл түсті гуашпен бояуға, қылқаламды пайдалану дағдыларын бекіту. Дидактикалық ойын: «Бұл қандай пішін» |
Әлемді гүлмен безендірейік. 2 апта (13.05-17.05) | Дене шынықтыру (13,15,17) 1.Орнынан ұзындыққа секіру. (35-40см). Текшелерден аттап өту. Қимылды ойын: «Гүлдерді жинайық» 2.Ирелеңдеген баудың бойымен еркін жүру. Нысанаға дейін еңбектеу. Қимылды ойын: «Құмыраны толтыр» 3.Допты алдарындағы доғадан домалатып өткізу. Кеглилер арасымен қос аяқпен секіру. Қимылды ойын: «Доп шеңбер ішінде» | Көркем әдебиет (14) Тақырыбы:«Бақ-бақ гүлін қарау» Мақсаты: Балаларды өсімдіктерді күтуде еңбек әрекеттерін білдіретін сөздерді қолдана білуге үйрету. Өсімдіктерді аялап күтуге тәрбиелеу. Үстел-үсті ойыны: «Гүлді құрастыр» (Дьенеш блоктары) | Құрастыру(15) Тақырыбы: "Бақбақ" Мақсаты: Қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, түрлі түсті қағаздарды пайдалана отырып бақбақ гүлін жасай білуге үйрету, гүлдерді аялауға, күтіп-баптауға, қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. Жаратылыстану(16) Тақырыбы:«Кіп-кішкентай алқызыл гүл» Мақсаты: Гүлдерді ажыратып, атай білуді қалыптастыру, ауладағы гүлдер мен шөптердің түстерін атау. (ауладағы және бөлмедегі гүлдейтін өсімдіктер), Дидактикалық ойын: «Не істеу керек?» | Музыка(14) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Мүсіндеу(16) Тақырыбы: "Гүлге арналған ыдыс" Мақсаты: ермексаз бір бөлігін алқанына салып домалақтап алып, Екі саусақымен шымшу әдісімен шұңғылдау қылып гүл отырғызуға арналған ыдыс жасайды. Сурет салу(17) Тақырыбы: Егістіктегі бақбақтар Мақсаты: Жасыл түсті қағаз бетіне ақ түсті бояумен, мақталы таяқшаны қолдана отырып сурет салуға үйрету. Ойын тапсырма: «Құмыраны құрастыр» |
Мен жасай аламын 3 апта (20.05-24.05) | Дене шынықтыру (20,22,24) 1.Бір қалыпты жүру. Ұсақ заттарды 1 м қашықтыққа лақтыру. Қимылды ойын: «Мен дәл тигіземін» 2.Гимнастикалық орындық үстімен жүріп келіп,бір орнында баяу айналу. Музыкалық жаттығу: «Менен кейін қайтала» 3.Жол бойымен еңбектеу. Гимнастикалық орындық үстінде тұру, қолын жоғары көтеру және түсу. Спорттық іс-шара: «Біз спортшылармыз» | Сөйлеуді дамыту(21) Тақырыбы: "Қуыршақты шомылдырып ұйықтатамыз" Мақсаты:Балаларға дұрыс жуыну ережелерін үйрету. Киімдерін ретімен шешуді , киімдердің атын атай білуге үйрету. Қимыл-әрекетті білдіретін сөздерді меңгерту. Еңбекқорлыққа тазалыққа тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: " Не жоқ?" | Сенсорика (22) Тақырыбы:"Сақинаны ал" Мақсаты:балаларда заттық-жабдықтық әрекетті қалыптастыру. Таяқтың көмегімен түрлі түсті заттарды өзіне қарай жылжыту.Ұсақ қол моторикасын жетілдіру. Ауызекі сөйлеуде тілдерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: "Не қайда тығылды ? Жаратылыстану (23) Тақырыбы:«Құмды зерттеймін» Мақсаты: Балаларды құрғақ және дымқыл құммен таныстыру. Ерекше қасиеттерін атап айтқызу. Дидактикалық ойын: «Құмнан бәліш жасаймын» | Музыка(21, 23 ) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Сурет салу (24) Тақырыбы:«Доп саламын» Мақсаты: Балаларға қарапайым дөңгелек пішінді саусақпен құмда салуды бекіту.Өз жұмысының нәтижесіне қызығушылықпен қарауға үйрету. Ойын тапсырма: «Менің доптарымның түсін ата» |
Көңілді жаз 4 апта (27.05-31.05) | Дене шынықтыру (27,29,31) 1.Құм салынған қапшықты жәшікке лақтыру. Аласа орындық үстінде еңбектеу. Қимылды ойын: «Көбелекті ұста» 2. Бір және екі қолмен допты еденге ұру. Таспалардан аттап өту. Қимылды ойын: «Менің көңілді добым» 3.Жүруден жүгіруге және керісінше ауысу. Доптарды бір-біріне домалату. Қимылды ойын: «Көлшік судан атап өт» | Көркем әдебиет(28) Тақырыбы:«Жазда» (өлең) Нәсіпбек Айтов Мақсаты: Жыл мезгілдері жайлы ойларын кеңейту, жайқалған жаз, жазғы қызықтар туралы түсінік бере отырып суреттерде бейнеленгендер туралы айтып беру дағдыларын бекіту. Дидактикалық ойын: «Ғажайып қорап» | Құрастыру(29) Тақырыбы:"Жасыл шөп" Мақсаты:балаларды қағазбен жұмыс жасауға үйрету. Саусақ қимыл қозғалыстарын дамыту. Жолақ қағаздарды түзу қиюға дағдыландыру. Шөпті жұлуға болмайтынын түсіндіру. Дидактикалық ойын: "Көбелектер ұшты" Жаратылыстану (30) Тақырыбы: «Алақай жаз келді» Мақсаты: Жаз мезгілімен, табиғаттағы маусымдық өзгерістермен таныстыру (күннің көзі нұрын шашады, адамдардың киіміне назар аудару). Дидактикалық ойын: «Шіркейлер» | Музыка(28 ) (Маман конспектісі бойынша өткізіледі) Аппликация (30) Тақырыбы:"Алаңқайдағы балапандар" Мақсаты:балаларға үй құстарымен таныстыруды жалғастыру.Бейненің жеке бөліктерін құрау арқылы композиция жасауға үйретуді жалғастыру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Балаларды үй құстарына қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: " Не қалай дыбыстайды?" Сурет салу(31) Тақырыбы: "Балықтар жүзеді" Мақсаты: Аквариумды бояуда балаларды ересектермен бірге әрекет етуге (ересектердің салған суретін толықтыру) қызығушылықтарын бекіту. Дидактикалық ойын: «Балықтардың түстерін ата» |