Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы
Бекітемін
БЖШО директоры
______________
Абыкаева А.Б:
Ашық сабақ
Тақырыбы: Түс датчигі. Түс датчигінің режимдері.
ҚББП: Аукенова Надина Джалдыбаевна
Қордай ауылы – 2022 жыл
«Робототехника» үйірмесі | ҚББП: Аукенова Надина Джалдыбаевна |
Сабақтың тақырыбы: Түс датчигі. Түсті анықтау.
Сабақтың мақсаты: Түс датчигімен таныстыру, оның жұмыс істеу принциптерін түсіндіру және түсті анықтауға арналған бағдарламаны құруды үйрету.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Оқушыларға түс датчигінің атқаратын қызметі мен 3 режимін түсіндіру және еркін бағдарламалауды жүргізуді уйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту, үйірмеге деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу:
Күтілетін нәтиже:
Түс датчигімен және оның қызметімен танысады
Объектінің түсін анықтауға арналған бағдарлама жасайды.
Алгоритмді дұрыс тізбектеу дағдысы қалыптасады.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: : «true, false», «Миға шабуыл», «Полиглот» «Орнын тап», «Сұрақ-жауап» және практикалық тапсырмалар.
Пән аралық байланыс: Биология, физика, информатика.
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:интерактивті тақта,презентация, ноутбуктар, робот, 7 тусті стикер, EV3 бағдарламасы, түс датчигі (Color Sensor), 7 түсті карточка;
Сабақтың барысы:
САБАҚ КЕЗЕҢДЕРІ | МҰҒАЛІМНІҢ ӘРЕКЕТІ | ОҚУШЫНЫҢ ӘРЕКЕТІ |
Ұйымдастыру кезеңі | оқушылармен сәлемдеседі; техн. қауіпсіздік ережесін презентациядағы суреттер арқылы еске түсіреміз: «true, false» ойыны | мұғаліммен сәлемдеседі; техн. қауіпсіздігі ережесін еске түсіреді. |
Үй тапсырмасы Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару. | «Миға шабуыл»: 1. Датчик дегеніміз не? /әр түрлі ақпаратты (қашықтық, жылдамдық, сәуле, түс, дыбыс) өлшеуге арналған құрал/ 2. Тию датчигінің қызметі /қарсы кедергілерді анықтаушы 3. Тию датчигінің режимдерін ата... / 3 режимін ажырата алады. (Опущено. Нажата, Щелчок) 4. Датчиктер қандай портқа қосылады? /датчик сандық порттарға қосылады 5.Жалпы роботқа неше датчик қоса аламыз /4 датчик қосылады Түстер не үшін қажет? Адам көзінің салмағы небәрі 7 граммды құрайды. Ал шыны тәріздес денесі 4 грам шығады. Бірақ, біздің көзіміз 10 миллион түстерді көре алады екен. Дей тұрғанмен шыбын-шіркей мен құрт-құмырсқалар секілді ультракүлгін сәулелерді көре алмайды екенбіз. Сабағымыз не туралы болуы мүмкін? | Берілген сұрақтарға жауап береді Сабақтың тақырыбын болжайды және мұғаліммен бірлесе отырып сабақтың мақсатын анықтайды. |
Жаңа сабақ | Түс датчигі (Color Sensor) 3 режимде жұмыс жасайды. RGB 3 светодиоды бар. - түсті анықтай алады - шашыраңқы жарықты және жарықтың шағылысуын өлшеу. - жарықтықтың деңгейін анықтай алады. Бүгінгі сабақта түсті анықтау режимін өтеміз. | Жаңа тақырыпты меңгереді | ||||||||||||||||
Алгоритмді құрып үйрету, практикалық жұмыс №1 | Практикалық жұмыс: Түс датчигіне 1 түсті анықтауы үшін программа берудің мысалы: СТАРТблогынаРульдік басқарублогын қосыңыз. Қосу(On) режиміне ауыстырыңыз. Қуатты40 тең етіп қойыңыз. Рульдік басқару блогынаКүту блогын жалғаңыз. Датчиктен ақпарат алу үшін оның режимін өзгертіңіз: Түс датчигі (ColorSensor) ->Салыстыру (Compare) - >Түс (Color) Бастапқы блогтың параметрінде қызылтүсті анықта. Күту блогына тағы бір Рульдік басқарублогын жалғаңыз. Датчик қызыл түсті анықтаған кезде моторларды тоқтату үшін Өшірілу(Off)режимін қосыңыз. Бағдарламаны роботқа жүктеңіз Өзіндік жұмыс Тапсырма:Робот алға қарай жүріп келе жатады, Түс датчигі сары түсті анықтағанда тоқтайды, «сары» деп дауыстап айтады, 1 оборот арқа шегінеді | Түс датчигіне программа беруді үйренеді және берілген тапсырманы орындайды. | ||||||||||||||||
Сергіту сәті | ТЕСТ: Түстерді қаншалықты ажырата аласыз? Интерактивті тақтада түстерден құралатын жолақтар шығарылады. Оқушылар естімеген көз туралы қызықты 5 факт оқылады | Оқушылар экрандағы түстерден құрылған жолақтарын санап, тест жасап, райызын шығару арқылы өздерінің қай топқа жататынын анықтайды. | ||||||||||||||||
Жаңа сабақты жалғастыру, Практикалық жұмыс №2 | Переключатель және цикл блоктары арқылы түс датчигіне 7 түсті анықтайтындай етіп, және оны дауыстап айттатындай программа құрғызу. | Көрсетілген мысал арқылы роботтың түс датчигіне түсті анықтау программасын жазады | ||||||||||||||||
Сабақты қортындылау | Тапсырма.«Полиглот» Берілген түстерді ағылшын тілінде жаз
Жауабы: NoColor,Black,Blue,Green,Yellow,Red,White,Brown | Берілген түстерді ағылшын тілінде жазып кестені толтырады | ||||||||||||||||
КЕРІ БАЙЛАНЫС | «Сұрақ-жауап» арқылы кері байланыс орнатылады: Оқушылар бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар, сендерге қызық болдыма? Берілген тапсырмалардың қайсысы қызықты болды? Қай тапсырма сендер үшін қиындық туғызды? | |||||||||||||||||
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА | Түс датчигі. Түсті анықтау тақырыбы туралы іздену. |