Методы и приемы развития мелкой ручной моторики у детей с ограниченными возможностями.

Разное
«Бала қабілетінің қайнар көзі – оның саусақтарының ұшында» Бұл кемеңгер ғалым, педагогиканың атасы В.А.Сухомлинскийдің сөзі. Балалардың ұсақ моторикасын дамыту қазіргі заманда ең өзекті мәселе болып табылады. Балалардың психикасы мен бас миының іс-әрекетін зерттеген кезде ғалымдар оларға қол функцияларының үлкен ықпал тигізетінін атап өтті. Баланың қалай дамып келе жатқанын көрсететін, оның интелектуалдық қабілетін айғақтайтын дәл ұсақ қол моторикасы екендігі белгілі. Практика көрсеткіші бойынша, қазіргі заманғы балалардың жалпы моторикасы және тіл дамуының жетілуі төмен деңгейде, ол көбінесе кіші жас балаларда байқалады. Қол моторикасы жетілмеген балалар өзі-өзіне қызмет көрсету іс-әрекеттерін епсіз орындайды, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте де (сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыру) басқа балаларға ілесе алмайды. Осы себептен, өзіне деген сенімі, өзін бағалауы, эмоционалдық көңіл-күйі төмендейді. Шынында, баланың саусақтарындағы ұсақ моторикаларды дамыту туралы біз көп естиміз. Ұсақ моториканы дамыту бұл ең алдымен сөйлеуді, тілді дамыту үшін керек екен. Балалардың саусақтарының қимылы немесе ұсақ моториканың жақсы жетіліп дамуы, ол мидың және тілдің жетілуімен тікелей байланысты. Мүмкіндігі шектеулі балалармен ұсақ моторикасын дамыту мақсатымен күнделікті саусаққа арналған ойын дарын ойнап тұрғаны жөн. Ойындар арқылы баламен қарым-қатынасты нығайтып, баланың өз-өзіне деген көзқарасын өзгертіп ойынға, оқуға ынтасын көтеру. Сөйлеу тілін жетілдіру. Қимыл қозғалыс қабілеттерін арттыру, икемділігін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, танымдық деңгейін арттыру. Қол мен көздің үйлесімділігін және дәлдігін жетілдіру, қолдың икемділігін, ырғағын дамыту. Қолдың бұлшық еттері мен саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту. Тілдік функциясының дамуына көмектесу. Әр түрлі заттарды қолданғанда қолдың ұсақ моторикасы мен икемділігін жаттықтыру.
Сейдахметова Акмарал Зикиралиевна
Содержимое публикации

Мүмкіндігі шектеулі балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту әдіс-тәсілдері.

«Бала қабілетінің қайнар көзі – оның саусақтарының ұшында»

Бұл кемеңгер ғалым, педагогиканың атасы В.А.Сухомлинскийдің сөзі. Балалардың ұсақ моторикасын дамыту қазіргі заманда ең өзекті мәселе болып табылады. Балалардың психикасы мен бас миының іс-әрекетін зерттеген кезде ғалымдар оларға қол функцияларының үлкен ықпал тигізетінін атап өтті. Баланың қалай дамып келе жатқанын көрсететін, оның интелектуалдық қабілетін айғақтайтын дәл ұсақ қол моторикасы екендігі белгілі. Практика көрсеткіші бойынша, қазіргі заманғы балалардың жалпы моторикасы және тіл дамуының жетілуі төмен деңгейде, ол көбінесе кіші жас балаларда байқалады. Қол моторикасы жетілмеген балалар өзі-өзіне қызмет көрсету іс-әрекеттерін епсіз орындайды, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте де (сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыру) басқа балаларға ілесе алмайды. Осы себептен, өзіне деген сенімі, өзін бағалауы, эмоционалдық көңіл-күйі төмендейді.

Шынында, баланың саусақтарындағы ұсақ моторикаларды дамыту туралы біз көп естиміз. Ұсақ моториканы дамыту бұл ең алдымен сөйлеуді, тілді дамыту үшін керек екен. Балалардың саусақтарының қимылы немесе ұсақ моториканың жақсы жетіліп дамуы, ол мидың және тілдің жетілуімен тікелей байланысты. Мүмкіндігі шектеулі балалармен ұсақ моторикасын дамыту мақсатымен күнделікті саусаққа арналған ойын

дарын ойнап тұрғаны жөн. Ойындар арқылы баламен қарым-қатынасты нығайтып, баланың өз-өзіне деген көзқарасын өзгертіп ойынға, оқуға ынтасын көтеру. Сөйлеу тілін жетілдіру. Қимыл қозғалыс қабілеттерін арттыру, икемділігін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, танымдық деңгейін арттыру. Қол мен көздің үйлесімділігін және дәлдігін жетілдіру, қолдың икемділігін, ырғағын дамыту. Қолдың бұлшық еттері мен саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту. Тілдік функциясының дамуына көмектесу. Әр түрлі заттарды қолданғанда қолдың ұсақ моторикасы мен икемділігін жаттықтыру.

«Жаңа технология тиімді әдіс-тәсілдері арқылы балаларды шығарма

шылыққа баулу» ұғымының мазмұны оқытудың жүйесіне жаңа көзқарас

пен қарауды талап етеді. Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту мәселесін қойып отыр. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жазу техникасын меңгерудегі қиындықтарының бірі – қолдың моторлық аймағының бұзылысы, саусақ бұлшық еттерінің дамымауы , қолының барлық білектеріндегі ұсақ бұлшық еттерінің қимылының жетіспеушілігі немесе бұзылуы болып табылады. Баланың қолын ұстай отырып, саусақтарына ат қойып, оларды бірде бүгіп, бірде жазып ойнау – баланың көңілін ғана аулап қоймай балалардың бірлесіп қайталануына, дыбыстарды дұрыс айтуына, есте сақтауына, психикалық демалуына таптырмайтын әдіс.

Ұсақ қол моторикасын дамыту мақсатындағы жұмысты үзбей, күніне 5-10 минут уақыт бөле отырып жүргізу қажет. Осы мақсатта әр түрлі ойындар мен жаттығуларды қолдануға болады. Мысалы: « Алақанды аш, саусақтарыңды қос», «Пианинода ойнау» - столдың шетін кезекпен саусақтармен соғу. «Шынжыр», «Салат», т.б. жаттығуларды үздіксіз жасау баланың тілінің дамуына да үлкен әсер етеді.

Мүмкіндігі шектеулі балалар, даму жүйесінде ауытқушылықтар болған

дықтан өз қатарластарынан артта қалған, кейбір балалар денсаулығына байланысты жәй қимылдайды, көбінесе көңіл-күйі төмен болғандықтан да қатты сөйлегенді қабылдай алмайды. Мүмкіндігі шектеулі балалар өзіне-өзі сенімсіз, кейбіреулері шектен тыс ызақор болып келеді. Олардың эмоциялары әлсіз, алайда күйзелістері тұрақты, тұрақсыз, терең болады. Мұндай балалар айқайлауға, жүгіруге, рұқсатсыз зат алуға, шулауға болмайтындығын түсінбейді. Міне, мүмкіндігі шектеулі балалар

мен жұмыс істеудің қиыншылығының өзі де осында.Коррекциялық жұмыс түрлерін жүргізу барысында балалар өзіне дос табады, еңбектенуге талпынады, қызығушылығы оянады, іскерлік қабілеті артады. Сол арқылы баланың өмірге құлшынысын, тұлғалық танымын арттыруға болады.

Даму мүмкіндігіне қарай мұғалім тапсырма бере отырып, балаға дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, ата-аналарымен бірлесе отырып тәрбиелеу, оларды келешек қоғамдық орында өзін-өзі басқаруға ықпал жасайды. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу өте қиын, қиын болса да мұғалім үздіксіз еңбек етуден жалықпайды. Баланың танымдық және жеке көңіл-күйінің ауқымын терең психологиялық эксперимент жүргізе отырып, бала бойындағы ерекшеліктерді анықтауға болады. Себебі, мұндай балалардың арасындағы дарынды балалар қоғамға бір пайдасын тигізетін қолынан шыққан түрлі зергерлік бұйымдарынан дайындалған көрмелер ұйымдастыры

лып, оларды жоғары дәрежеде бағалап, сатылым-сұранысына ие болып, шетел қонақтары өздеріне ескерткіш ретінде алып кетіп жатады. Бала әр түрлі психо-диагностикалық әдістерді пайдалана отырып анықтап, психоло

гиялық қорытынды жасау Г.А.Цукерманның – «Көңілді қуыршақтар», «пирамидалар», «жиек бойымен жүргізіп шық», т. б Ойынға пайдаланыла

тын барлық заттар бала өміріне қауіп төндірмеуі керек. Баланың қол моторикасын дамытуға арналған ойындар: 
1.Тамшуырмен тапсырма 
2.Кішкентай заттарды сұрыптау 
3. Помпон мен қысқыш 
6 Бір қорап қыстырғыш 
7. Моншақ 
8. Тұқымды сұрыптау 
Қорытынды Осылайша, жұмыс нәтижесі тиімді болуы үшін саусақтың нәзік қозғалысын қалыптасыру бойынша түрлі әдіс–тәсілдер мен қабылдаулар міндетті түрде пайдаланылуы қажет. Жұмысымның нәтижесі ретінде түрлі жұмыстар атқару барысында балалар қызығушылығының артқанын байқадым. Көрнекті ғалым - Мария Монтессори: «Жұмыс жасамас бұрын баланы үйретудің амалын табу, қайталама жаттығулар арқылы қозғалыстар дайындау қажет деп айтқан. Бала затты алғанда жаман қылық жасағанын байқаса, өзін жеке қателік жасадым деген сезімге бой алдырады, сонымен қоса баланың алғашқы әсері немесе ойы – өте анық және күшті» екенін естен шығармау керек деп жазған болатын. Міне, сондықтан да шығармашылық процесстен, өзі жасаған істен, әр жұмысты немесе әр қимылды жоғары қызығушылықпен жасауға үйретеміз.

Комментировать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ бесплатно!
Подробнее
Также Вас может заинтересовать
Социальная педагогика, психология
Социальная педагогика, психология
Социальная педагогика, психология
Социальная педагогика, психология
Разное по социальной педагогики, психологии для ««СОЛНЕЧНЫЙ ГОРОД» - А ЧТО ЭТО ЗНАЧИТ?»
Комментарии
Добавить
публикацию
После добавления публикации на сайт, в личном кабинете вы сможете скачать бесплатно свидетельство и справку о публикации в СМИ.
Cвидетельство о публикации сразу
Получите свидетельство бесплатно сразу после добавления публикации.
Подробнее
Свидетельство за распространение педагогического опыта
Опубликует не менее 15 материалов и скачайте бесплатно.
Подробнее
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и скачайте рецензию бесплатно.
Подробнее
Свидетельство участника экспертной комиссии
Стать экспертом и скачать свидетельство бесплатно.
Подробнее
Помощь