Сабақ – логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылған оқу-тәрбие үрдісі. Оның құрамында күрделі тығыз байланыста оқу процесінің негізгі элементтері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, оқушы мен оқу арасындағы іс-әрекеттің байланысы.
Сабақ өз алдына мұғалімнің шеберлігінің айқын көрінісі болғанымен , бір жағынан оқытудың психолого – педагогикалық заңдылықтарына, екінші жағынан білім беру стандартының қоятын талаптарына негізделген
Сабақ талдау түрлері мен типтері
Сабақты талдау мен өзіндік бағалаудың өзі мұғалімнің шығармашылығының элементі:
Өзіндік талдаусыз мүмкін емес:
оқытудың толық жүйесін құру;
шеберлікті арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту;
озат педагогикалық іс – тәжірибені жинақтау;
техникалық жұмысқа уақытты жұмсауды қысқарту;
мұғалімнің өзіндік қорғау мен психологиялық ахуалды қамтамасыз ету.
Сабақ талдау типтері
– толық — мұғалім іс-әрекетінің стилін анықтау мен іс тәжірибесін, оқу – тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыруды бақылау мақсатынды жүзеге асырылады.
– қысқа — жалпы сапасын бағалау мақсатында және негізгі дидактикалық категорияларды айқындайды;
– кешенді – сабақты ұйымдасту формасы, әдісі, мазмұны, мақсаты арасындағы байланыс пен бірлінін жан – жақты қарастыруды болжайды. Көп жағдайда бір тақытыпқа байланысты бірнеше сабақтарды талдауда және жас мамандарды оқытуда қолданылады.
– аспектілі – сабақты бір түрін терең қарастыру қажеттілігі туындаған кезде мұғалімнің іс — әрекетіндегі жекеленген амаладрың тиімділігі мен кемшіліктерін айқындау мақсатында қолданылады.
Сабақты талдаудың жалпы критерилері
Нәтижелік. Сабақтың нәтижелігі сабақты өткізу технологиясына тәуелді деп саналады, оқу үрдісін ұйымдастурудың негізгі ережелері орындауға негізделген және неғұрлым технология сапалы, соғұрлым сабақты нәтижесі жоғары. Сондықтан мұғалімнің және оқушының барлық іс-әрекеті қазіргі заманғы психолого – педагогикалық жетістіктерді ескеру негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Сабақты өзіндік талдау деңгейі:
Эмоционалдық — ырықсыз деңгей, мұғалімнің өзінің педагогикалық іс — әрекетіне толық қанағаттануы немесе қанағаттанбау деңгейі.
Бағалау – сабақтың нәтижесінің қойылған мақсат пен жоспарға сәйкестігін бағалау;
Әдістемелік – сабаққа қабылданған талаптар негізінде сабақты талдау жасау;
Рефлексивті – себептері және одан шығатын нәтижені айқындау. Бұл талдаудың жоғары түрі, оны іске асыру үшін психолого – педагогикалық теорияны да қатыстыру қажет.
Сабақты өзіндік талдау
Сабақтың жалпы құрылымын бағалау:
Бұл өткізілген сабақ сабақтың қандай түріне жатады?
Бұл сабақтың бөлім, тарау, тақырып ішіндегі орны қандай?
Осы үлгідегі сабақтардың ішінде элементтері нақты белгіленген бе?
Сабақтың әр бөлігіне жұмсалатын уақыт мөлшері дұрыс белгіленген бе?
Сабақтың дидактикалық мақсатын жүзеге асыру:
Осы тақырыптағы (сұрақтағы) бағдарламаның талаптарының барлығы байқалды ма?
Жаңа материалды түсіндірген кеде оқушылар қаншалықты белсенді болды(қабылдауы, түсінуі, танымдылық қызығушылықтың оянуы)?
Жаңа материалдың жеке «бөліктерінің» шешілу жолдары дұрыс таңдалды ма?
Жаңа материалды оқыту кезінде нені өзгертуді қажет етті және қалай?
Алғашқы, жалғасқан бекіту өз орнын таба алды ма? (сабақтың арнайы таңдалған кезеңінде жаңа материалмен түсіндіру барысында бекіту орын аблы ма)
Оқушылардың білім, білік, дағды деңгейінің сапасы қалай бағаланды (оқушылардың қамтылуы қаншалықты, тақтаға шығару принципі т.б.)?
Оқыту үрдісінде оқушылардың дамуын жүзеге асыру:
оқушылардың ойлау операцияларының негізіне (талдау, синтез, жалпылау, топтастыру, жүйелеу) қамтылуы орын алды ма?
Пәннің ішінде және пән аралық байланыс құру жүзеге асырылды ма?
Шығармашылық ойлауды дамыту әдістері қолданылды ма?
Жалпы дамуына қатысты қандай – бір ақпарат орын алды ма?
Оқушылардың эстетикалық дамуы орын алды ма?
Сабақ барысында тәрбиелеу.
Оқу материалының мазмұнындағы барлық тәрбие мүмкіндіктері қолданылды ма?
Дүние танымын қалыптастыруда қандай жұмыс жүргізілді?
Сабақта оқытудың өмірмен байланысы қалай жүзеге асырылды?
Мұғалім тұлғасының тәрбиелік әсері қандай болды?
Дидактиканың негізгі принциптерін сақтау.
Оқытудың принциптерін жүзеге асыруда мұғалімнің іс әрекеті мен оқушы іс — әрекеті дұрыс ұйымдастырылды ма?
Оқыту әдістерін таңдау.
Оқытудың әдістерін таңдауда жалпы талаптар ескерілді ме (дидактикалық мақсаты, оқу материалының спецификасы, пәннің, оқушының жас ерекшелігі мен жеке қабілеттерінің жалпы мақсаттық бағытылыққа байланысы т.б.)?
Сабақтағы мұғалімнің жұмысы.
Сабақта мұғалімнің қандай іс-әрекеті орын алды қандай көлемде (сөйлеу іс-әрекеті, тыңдау, жазу, оқушыларға көмек т.б.)?
Класпен қарым-қатынасқа орнатылды ма?
Оқушылардың сабақтағы жұмысы.
Сабақтың әртүрлі кезеңдеріндегі оқушылардың белсенділігі қандай болды?
Сабақта оқушылардың қандай іс-әрекеті орын алды?
Сабақта қандай тәртіп болды және неге?
Сабақтың гигиеналық жағдайы.
Класс бөлмелері жеткілікті жарық болды ма?
Оқушылар денсаулығы, бойы, үлгерімене байланысты отырғызылған ба?
Сабақ кестесіне дұрыс қойылған ба?
Кейбір әлеуметтік міндеттер.
Педагогикалық кеңес, әдістемелік бірлестік немесе мектептің зерттеуімен қабылданған шешімімен байланысты міндеттер.
Жағдайға байланысты талдау барлық параметр негінде аталғандардың ішіннен талдаудың бір-екі түрін ғана алуға болады.
Өзіндік талдау – мұғалімнің келесі сабаққа дайындалудың бастамасы.
Мұғалімнің өзі өткізген сабағын талдау кестесі үлгісі
Сабақтың талдаушы: Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты Математика пән
мұғалімі Сыздыкова Самал
Сабақ өткізуші: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шоринов Қанат Сембіұлы
Күні: 26.01.2013 ж. Сыныбы: 6 “В” сынып Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Есімдіктен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: Есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану, ауызша, жазбаша жұмыстарын жүргізе отырып білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, ой қорытып, нақты шешім жасауға үйрету, халқымыздың салт – дәстүрін, жеті атасын білуге топпен жұмыс жүргізіп, бірін – бірі тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
№
Ескертпелер
Мұғалім пікірі
1
Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді?
Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді.
2
Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма?
Саяхат сабағы. Сабақта жеті ата еліне саяхат жасай отырып, топпен жұмыс (белсенділіктерін арттыру) үшін, ойын элементтері (қызығушылығын, ойлау, есте сақтауын дамыту) үшін пайдаланылды. Бұл сабақ - өткен сабақты бекіту.
3
Сабақта қандай міндеттер алға қойылды?
А) білімділік
Ә) дамытушылық
Б) тәрбиелік; бұлардың арасында байланыс болды ма? Бұл міндеттерде сыныптың, жеке оқушылардың ерекшеліктері қалай алынды?
А) Есімдік туралы алған теориялық білімдерін бекітіп, ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізу;
Ә) Сауатты, таза, көркем жазуға, мәдениетті сөйлей білуге үйрете отырып, ойлау қабіліттерін, қиялдарын дамыту;
Б) Халықтық педагогика негізінде тәрбиелей отырып, Отанын, отбасын, туған жерін сүюге ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Бұл алған міндеттер байланысып бірін - бірі толықтыры тұрды. Абылайханның сөздік қоры төмен болғандықтан жеке сөздік жұмысы жүргізілді.
4
Аталған міндеттерді шешуде сабақтың бұл түрі неге тиімді болды?
Жеті атаға саяхат жасай отырып оқушыларды жеті атасын білуге жетелеп, жалықтырмас үшін, қызығушылығын арттыру барысында сабақтың әр кезеңінде әр түрлі - әдіс тәсәлдермен, ойындар өткіздім.
5
Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс
болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?
Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті.
6
Жаңа тақырыпты ашуда оқытудың әдіс – тәсілдерінде қандай үйлесім болды? Әдіс – тәсілдерді таңдау себептерін түсіндіру.
Ш.А. Амоношвилидің “Ойын арқылы оқыту”, В.В. Давыдовтың “Дамыта оқыту”, “Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтерін ізгілендіру педагогикасымен ұштастыра өткізіп, есімдіктен өткенді қайталауда оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастыру қарастырылды”.
7
Оқушымен жеке жұмыс болды ма? Ол қалай ұйымдастырылды? Неліктен?
Әрбір ауылға саяхат жасай отырып, Абутай А., Еңбекова Ә. сияқты ойын жеткізуге қиналатын оқушыларға жеке тапсырма берілді, себебі саяхатқа ілесу үшін үлестірмелі арнайы карточка таратылды.
8
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма? (себебін түсіндіру)
Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар ауыл – ауылдан түскен тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты.
9
Сынып бөлмесінде қандай оқу құрал - жабдықтары пайдаланылды? Неліктен?
Сабақ жеті атаға саяхат жасау болғандықтан үн таспадан З. Көпболсынұлының орындауында “Немерем” деген өлеңі тыңдалды.
10
Сабақ барысында оқушылардың арасындағы дұрыс психологиялық қарым – қатынас жасауына мұғалімнің тәрбиелік әсері қалай жүзеге асты.
Сабақ барысында оқушылардың ұлттық құндылықтарды қастерлеуге және намысшылдыққа, ұйымшылдыққа, елін, отбасын сүйуге тәрбиеленді. Үлкенге құрмет кішіге ізет көрсету басшылыққа алынды.
11
Үй тапсырмасын беру
Үйге тапсырма оқушылардың ерекшеліктерн ескере отырып, уақытты дұрыс пайдалануға негіздеп, өздері оқыған шығармадан есімдігі бар бес сөйлем жазу тапсырылды
12
Қандай да бір жағдайда артық әдіс – тәсіліңіз бар ма?
Сабақтың кезеңдеріңде келеңсіз жағдай бола қалса, ол тығырықтан шығуға талпынып қажетті тәсілді қолданамын.
13
Мұғалім көздеген мақсатына жетті ме?
Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. Математикалық ойын “Ғажайып алаң”, “Сөз жұмбақ”, “Бұл да қызық”, “Жұмбақ сұрақтар”, “Бұл қай есімдік ” сияқты тапсырмалар өз шешуін тапты. Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын.