Әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: | 1-бөлім: Көне күндерден жеткен жәдігерлер |
Педагогтің аты-жөні: | Набиева Г.Б |
Күні: | 13.09.2022 |
Сыныбы:7А | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Базарбайдың теріс батасы.Төлеген мен Бекежан.Бекежан мен Қыз Жібек. |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 7.2.4.1; Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып,үзінділерді жатқа айту. 7.2.4.1 Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар үшін: Білім алушылар әдеби шығарманың эстетикалық құндылығын түсінеді. Қазақтың көшпелі өмірі мен әдет-ғұрпын кең көлемде суреттеп, қазақты күллі әлемге танытқан «Қыз Жібек» жырын теңрек таниды. |
Құндылықтарға баулу: | «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 7 мин. | Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) Оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру. | Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру. | Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. | Оқулық, жұмыс дәптерлері | |
Жаңа сабаққа кіріспе 5мин | (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады. Өз ойымен бөліседі. | 1.Жырдың туған жерін атаңдар. 2.Жырдың негізге кейіпкерлері кімдер? 3.Жыр мазмұнының негізгі арқауы не? 4.Жырдағы Базарбай, Төлеген, Сансызбай деген кімдер? 5.Жібек туралы Төлеген кімннен естиді?Қандай шешім қабылдайды? 6.Төлеген мен Жібек қалай кездеседі? Төлегенге кім көмектеседі? | ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. | ||
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 26 мин. | №2-тапсырма: «Қыз Жібек» жыры туралы алған мәліметтеріңді тірек сызба арқылы көрсетіп, баяндап беріңдер. | Дескриптор: Жалпы – 3 балл. -тапсырманы орындайды. | Оқулық, жұмыс дәптерлері, құлаққап. | ||
№3-тапсырма. Жырдың басты кейіпкерлерін атаңдар. (перінің қызы секілді,толған айдай, ақ сазандай, танадай көзі,) | Дескриптор: Жалпы – 4 балл. -тапсырманы орындайды | Оқулық, жұмыс дәптерлері |
Жеке жұмыс | №4-тапсырма. Қыз Жібек пен Төлегеннің диалогін тыңдап, түсінгендеріңді дәптерлеріңе жазыңдар. | Жазылым: Дескриптор: Жалпы – 3 балл. - Берілген тапсырма түсінгендерін жазады. | Оқулық, жұмыс дәптерлері | ||
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | «Аяқталмаған сөйлем» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. | Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім. - бүгін сабақта қуантқаны..... - мен өзімді.....үшін мақтар едім. - маған ерекше ұнағаны..... - сабақтан соң маған........келді - бүгін маған..........сәті түсті. - қызықты болғаны..... - ......қиындық тудырды. - менің түсінгенім..... - енді мен......аламын. | Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Жақсы! Талпын! Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. |