Активвити 3.4 Матниязова Г. К.
Пән/модуль бойынша Блум таксономиясына сәйкес өлшемдерді жасаңыз.
Оқытушы оқушының алған бағасы туралы нақты түсінікке ие болуы үшін бағалардың әрқайсысына қойылатын талаптарды егжей-тегжейлі сипаттайды. Оқу жетістіктерінің нәтижелерін бағалау үшін критерийлерді әзірлеу мысалы төменде келтірілген.
Кәсіби орыс тілі пәнінің "Марки тракторов. Имя числительное." тақырыбы бойынша ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу кезінде оқу жетістіктерінің нәтижелерін бағалау критерийлері»
Сандық эквивалент | Бағалау | Критерийлер |
Бағалау «Өтежақсы | Бағалау «А» | Тракторлардың маркалары туралы толық мәлімет біледі, оны орыс тілінде сауатты жеткізе алады. Трактор маркаларының атауларындағы сан есімдерді сауатты оқиды және жазады. Өз бетінше ізденіп, қосымша материалдар пайдалана алады. Орыс тіліндегі сан есімдердің қалай жасалғанын түсінеді және түсіндіреді, логикалық дәйектілікпен қорытынды жасайды Сан есімдердегі жіңішкелік белгінің жазылу емлесін біледі. |
Бағалау «А-» | -Тракторлардың маркалары туралы толық мәлімет біледі, оны орыс тілінде жеткізе алады. Трактор маркаларының атауларындағы сан есімдерді сауатты оқиды және жазады -Сан есім сөздердің қалай жасалғанын талдап салыстырады және қорытынды жасайды. -Өз жұмысын бағалайды, қателер анықталған кезде оларды өздігінен түзетеді және қорытынды жасайды. | |
Бағалау«Жақсы» | Бағалау «В+» | Трактордың маркалары жайлы мәлімет біледі, сан есімдерді ішінара таблицаға сүйеніп, орыс тілінде айта алады. Сан есімдердің айтылуы мен жазылуын түсінеді. Ережені біледі. Қателерін мұғалімнің ұсынысымен түзейді. |
Бағалау «В» | - Трактордың маркалары жайлы мәлімет біледі, сандардың жазылуын таблицаға сүйеніп орындай алады, орыс тілінде ауызша айта алады. Сан есімдердің айтылуы мен жазылуында ішінара қателік жібереді. Қателерін түсіндірсең, түсінеді, қорытынды жасайды. | |
Бағалау «В-» | -Трактордың маркалары жайлы мәлімет біледі, орыс тілінде сандардың жазылуын таблицаға сүйеніп орындайды, ауызша да ішінара қателікпен айтады. -Топта тапсырманы орындауда белсенділік танытады. -Қателіктер мұғалімнің ұсынысы бойынша түзетіледі. | |
Бағалау «С+» | Трактордың маркалары жайлы мәлімет біледі, оны орыс тілінде жеткізуде қиналады. Орыс тілінде сөйлем құрастыруда мұғалімнің көмегін қажет етеді. - Санды оқуда және жазуда қателіктерге жол береді. -Оқытушының бақылауымен түзететін кемшіліктер мен өрескел қателіктер жібереді. | |
Бағалау«Қанағаттанарлық» | Бағалау «С» | - Трактордың маркалары жайлы мәліметті оқып береді, оны орыс тілінде өз ойын жеткізуде қиналады. -Сан есідерді айту үшін алдын ала дәптерге жазып алады. Сан есімдерді үлгі бойынша жазады және айтады. |
Бағалау «С-» | - Трактордың маркалары жайлы мәліметті ішінара қателермен оқып береді, оны орыс тілінде өз бетінше жеткізуде қателіктер жібереді. Орыс тілінде сауатты сөлем құрастыруда қателіктерге жол береді. -Тапсырманы шешу қадамдарын негіздеу қиын. -Оқытушының бақылауымен орындалатын тапсырмада қателіктер жібереді. | |
Бағалау «D+» | - Трактордың маркалары жайлы мәліметті оқу кезінде қателіктерге жол береді, оны орыс тілінде өз бетінше жеткізуде қиналады. -Орыс тілінде өз ойын тұжырымдауда үлкен қателіктерге жол береді. | |
Бағалау «D» | - Трактордың маркалары жайлы дайын мәліметті орыс тілінде жеткізуде қиналады. -Сандарды оқу және жазу кезінде қателіктер жібереді. - Жаттығуды соңына дейін жұйелі орындай алмайды.. | |
Бағалау«Қанағаттанарлықсыз» | Бағалау «F» | - Трактордың маркалары жайлы мәліметті жеткізуде ой тұжырымдауы, сөйлем құрастыруы қиын. -Сан есімдерді оқуда, жазуда, қолдануда қателіктер жібереді. -Оқытушының бірнеше жетекші сұрақтарынан, нұсқауларынан кейін де қателіктер жібереді. |