Тлегенов Даурен Аманжолович
Байқоңыр "Космос" колледжі білім мекемесінің арнайы пән оқытушысы
Техникалық кәсіптік білім беру үшін
(Арнаулы орта оқу орындарының мамандықтарына арналған)
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
БАЙҚОҢЫР "КОСМОС" КОЛЛЕДЖІ
АВТОКӨЛІКТЕРГЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Техникалық кәсіптік білім беру үшін
(Арнаулы орта оқу орындарының мамандықтарына арналған)
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ
Байқоңыр 2016 ж.
УДК
ББК
Дайындаған:
Тлегенов Даурен Аманжолович - Байқоңыр "Космос" колледжі білім мекемесінің арнайы пән оқытушысы.
Пікір жазғандар:
Альназарова Г.Ш. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты доценті.
Айтпаева М.А. - Қорқыт Ата атындағы ҚМУ "Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының қайымдастырылған професордың міндетін атқарушы, педагогика ғылымдарының кандидаты.
ISBN
Арнаулы орта оқу орындарының болашақ мамандарға арналған бұл оқулық халық шаруашылығындағы автокөлік агрегаттарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жұмыстарын меңгерту мәселелерін қамтиды.
Әдістемелік құралын осы салада жұмыс атқаратын барлық техниктер мен инженер педагогтер пайдалана алады
УДК
ББК
МАЗМҰНЫ
1. ТҮСІНІК ХАТ..........................................................................
2.СЕМЕСТР БОЙЫНША ОҚУ ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ САҒАТ САНЫНЫҢ БӨЛІНУІ...........................................................................
3. ПӘН БОЙЫНША ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ......................................................................
4. ПӘН БОЙЫНША ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ................................
5. ПӘН БОЙЫНША КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ...........
6. ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ..................................................................................
1. ТҮСІНІК ХАТ
"Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету" пәнінің осы үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартына (ҚР МЖМБС 4.05.118-2009) сәйкес 1201000 -"Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандығы бойынша әзірлеген.
Осы үлгілік оқу бағдарламасы "Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету" пәнінің даярлық деңгейіне және міндетті мазмұнына қойылатын талаптарды жүзеге асыруға арналған.
Осы үлгілік оқу бағдарламасы көліктерге техникалық қызмет көрсетуге және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, техникалық қызмет көрсету мен көліктерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу технологиясын, автокөліктерді, пайдаланылатын материалдар мен қосалқы бөлшектерді сақтау кәсіпорынның аймақтарын жобалауға арналған технологиялық құрал жабдықтарды оқып-үйретуді қарастырады.
Жалпы көлемі - 126 сағат
5 семестр бойынша
Теориялық сабақ - 30 сағат
Тәжірибелік сабақ - 30 сағат
6 семестр бойынша
Теориялық сабақ - 20 сағат
Тәжірибелік сабақ - 20 сағат
Курстық жоба - 20 сағат
Кеңес беру - 4 сағат
Емтихан - 2 сағат
Танымдық әрекеттерді ұйымдастыру нысаны ұсыныстық сипатта болады.
Осы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асырған кезде төмендегідей дидактикалық материалдарды қолдану ұсынылады: плакаттар, конструкциялар, макеттері, оқу
бейнефильмдер, электронды оқулықтар мен автокөлік мамандығы бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінде дайындалған және келісілген оқу немесе оқу -әдістемелік құралдар.
Үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып:
- үлгілік оқу жоспарында цикл пәндерін зерделеуге бөлінген оқу уақыты көлемін 15-25% шамасында құқылы (ҚР МЖМБС 4.05-2008 "Орта білім. Техникалық және кәсіптік білім. Негізгі ережелер.")
- бөлімдер мен тақырыптарға берілген жалпы сағат көлемін бөлуге (пәнді оқытуға берілген жалпы бюджеттік көлемдегі уақыт);
- бағдарламалық материалды бірізділікпен оқытуда дәлелденген өзгерістерді енгізуге;
- жеке тәжірибелік және зертханалық сабақтарды басқа мазмұны сәйкес сабақтармен алмастыруға.
Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі (соның ішіндегі резервті уақыт есебінде) жергілікті шарттарды және жұмыс берушінің талаптарын есептегенде аймақтық компоненттерді енгізген жағдайда тереңдетілген немесе кеңейтілген жағына өзгеруі мүмкін.
2. СЕМЕСТР БОЙЫНША ОҚУ ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ САҒАТ САНЫНЫҢ БӨЛІНУІ
Оқыту Түрі | Семестр бойыншабөлінуі | |||||||
семестр | Апта | Теориалық сабақ | Тәжірибе | Курыстықжоба | Кеңес беру | Емтихан | барлығы | |
Күндізгі | 5 | 12 9 | 30 | 30 | - | - | - | 60 сағат |
6 | 20 | 20 | 20 | 4 | 2 | 66cағат |
Оқушыныңбілімінбақылау.
№ | Сабақформасыжәнебақылаутүрі | Бал |
1 | Дайындық бөлімі -Оқушыларды түгендеу -Сәлемдесу -Сабақтыңтақырыбы мен мақсатынхабарлау | 2-5 |
2 | Ағымдық бақылау -Оқушылар төзімділігін бақылау -Оқушыларикемділігінбақылау -Оқушылардың сынақ жаттығуларын бақылау | 2-5 |
3 | Соңғыбақылау Бақылау нысаны Емтихан (IV) семестр | 2-5 |
Пәннің тақырыптық жоспары мазмұны
5семестр
№ | Бөлімдер мен тақырыптаратауы | Барлығы | Дәріс | Тәжірибе |
1 | Кіріспе | 2 | 2 | |
2 | I бөлім. Автомобиль және оны пайдалану жөндеу | 16 | 10 | 6 |
3 | II бөлім. Техникалық диагностика жасау және техникалық қызмет көрсету | 10 | 6 | 4 |
4 | III бөлім. Машина бөлшектерін жөндеу және жасау негіздері | 8 | 4 | 4 |
5 | IV бөлім. Материалтану негіздері | 8 | 2 | 6 |
6 | V бөлім. Қозғалтқыш | 16 | 6 | 10 |
Барлығы: | 60 | 30 | 30 |
6 семестр
№ | Бөлімдер мен тақырыптаратауы | Барлығы | Дәріс | Тәжірибе | |||
5 | VI бөлім. Автотрактордың трансмиссия агрегаттары мен жүріс бөлігін пайдалану |
40 | 20 | 20 | |||||
Курстық жоба | 20 | 20 | |||||
Барлығы: | 60 | 20 | 40 |
3. ПӘН БОЙЫНША ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
Кіріспе.Пәннің мазмұны, мақсаты мен міндеттері. Пәннің негізгі терминдері
I бөлім. Автомобиль және оны пайдалану жөндеу
1 тақырып: Автомобиль көлігінің қызметтік маңызы.
Автрмрбиль көлігі еліміздің тасмал кешенінде маңызды орын адады. Жыл сайын автомобиль көлігі арқылы халық шаруашылығында 80% -дан астам жүк тасылатын болса, тасымалдың 75% - дан астамы жолаушылар үлесіне тиеді.
2 тақырып: Автомобильдің жалпы құрылысы.
Автомобиль - механизмдер мен жүйелер жиынынан тұратын күрделі машина. Олардың құрылымы әр түрлі болуы мүмкін. Дегенмен көпшілік автомобильдердің негізгі механизмдерінің құрылымы мен жұмыс істеу принциптері бірдей болып келеді. Автомобильдің үш негізгі бөлігін атауға болады: кузовы, қозғалтқышы және шассиі.
3 тақырып: Қосиінді-бұлғақты механизм(ҚБМ).
ҚБМ цилиндрде пайда болатын газ қысымын қабылдап, ілгері қайтарымды поршеньнің қозғалысын иінді біліктің айналу қозғалысына айналдырады. ҚБМ -нің барлық бөлшектері қозғалатын және қозғалмайтын бөлігі болып екіге бөлінеді.
4 тақырып: Газ тарату механизімі.
Қозғалтқыштың әрбір цилиндріндегі өтетін жұмыс процесіне сәйкес газ таратушы механизмі цилиндрге жанғыш қоспаны енгізу (қарбюраторлы қозғалтқыштарында) немесе ауаны енгізу (дизльде) және жану қалдығын шығару қызметтерін атқарады.
5 тақырып: Майлау жүйесі техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
Майлау жүйесі қозғалтқыш бөлшектерінің үйкеліс беттеріне май жеткізіп тұру және майлау қызметін атқарады. Үйкелген беттерге жеткен май үйкеліс күшін жеңілдетеді, қажалуын тежейді, беттерді салқындатады және бөлшек беттерін қажалу қалдықтарынан тазартады.
6 тақырып: Салқындату жүйесі.
Қозғалтқышта қалыпты жылу режимін біркелкі ұстап реттеу арқылы аса қызатын бөлшектерді салқындату қызметі атқарылады. Поршеньнің жұмыс жүрісі кезінде жану процесінен бөлінген жоғарғы жылу бөлшекткрдің тікелей жанасатын бөліктерін тез қыздырады (цилиндрді, цилиндр қалпағы, поршеньдер, клапандар).
7 тақырып: Карбюраторлы қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі.
Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі жанармай түтіні мен ауа қоспасынан түзілетін жанғыш қоспа дайындау, оны қозғалтқыш цилиндріне сору және жану қалдығын цилиндрден сыртқы шығару қызметін атқарады.
8 тақырып: Автомобильдің электрлік жабдықтары
Автомобильдің қалыпты жұмыс істеуі үшін кейбір қызметтер электр қуатын пайдаланып атқарылады. Барлық электр құралдары мен аппараттар, тоқ көзін қоса есептегенде автомобильдің электр жүйесін құрайды
II бөлім. Техникалық диагностика жасау және техникалық қызмет көрсету
1 тақырып: Автомобиль көлігінің қозғалыс құрамына техникалық қызмет көрсету және жөндеу ережесі.
Бұл құжат елімізде автомобильдерге қызмет көрстеу және жөндеу бойынша негізгі нормативтік құжат болып табылады. Оның негізінде техникалық қызмет (ТҚ) және жөндеуді жоспарлау мен ұйымдастыруды, АКМ -ді жобалау мен қайта жабдықтауды жүргізеді және бірқатар өндірістік нориативтік -технологиялық құжаттар жасалады
2 тақырып: Техникалық қызмет (ТҚ) жұмыстарының арналымы.
Көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жалпы бақылау, автомобильдің қалыпты сыртқы қалыпын сақтауға; автомобильге жанар май құю, жағармай және салқындату сұйығын құю, ал қозғалыс құрамының кейбір түріне кузовын санитарлық өңдеуден өткізу күнделікті техникалық қызметтің міндеті болвп табылады.
3 тақырып: Автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуде қойылатын талаптар.
Автомобильдерге техникалық қызмет көрсеткенде, өндіріс құралдарына технологиялық процестерді ұйымдастырғанда қойылатын санитарлық ереже мен гигиена талаптарын, сондай-ақ мемлекеттік стандарт талаптарын дұрыс орындау керек.
4 тақырып: Күрделі және ағымдық жөндеу.
Агрегаттарды күрделі жөндеу оны толық бөлшектеу, ақауын анықтау, қалпына келтіру немесе бөлшектерін ауыстыру, ретімен қайта жинау, реттеу және сынау жұмыстарын қарастырады. Агрегаттың негізгі және негізгі бөлшектері оны толық шешіп қалпына келтіруді қажет еткенде, сондай-ақ агрегаттың жұмыс қабілеті ағымдағы жөндеумен қалпына келтіруге болмайтын жағдайда күрделі жөндеуге жіберіледі.
5 тақырып: Маусымдық техникалық қызмет көрсету.
Күзгі-қысқы кезеңде пайдалану кезінде көрсетілген маусымдық техникалық қызметте салқындатқыш жүйесіне суықта қатпайтын сұйықтық құяды. Дара жылытқышты жұмысқа қосып, жылу ұстайтын қаппен жабады. Майлау кестесіне сәйкес қыста қыстық, ал жазда жаздық май сортына ауыстырады.
III бөлім. Машина бөлшектерін жөндеу және жасау негіздері
1 тақырып: Оймалар.
Негізгі ойма майда оймаға қарағанда үнемді. Қалыпты оймасы бар бұрандаманың жүк көтергіш қабілеттілігі майдаға қарағанда орта есеппен 20-25% жоғары. Негізгі оймасы бар тартылып бекітілген бұрандаманың кернеуі ағым шегінің 0,9-на тең, ал майда оймалы бұрандада 0,7-ге тең.
2 тақырып: Біріктірмелер.
Айналу моментін машинаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне беру үшін, сондай-ақ білік пен оқытққа тиісті доңғалақтарды қондыру үшін, белдікті берілістердің тегершігін және басқа бөлшектерді салу үшін сыналы біріктірмелер қолданылады.
3 тақырып: Машина бөлшектері.
Машина бөлшектерінің конструкциясын ойластырғанда, біз ең алдымен оларға қойылатын талаптарды білуіміз қажет және оларды сол талаптарға сәйкес жасауымыз керек. Сонымен қатар машина бөлшектерінің қауіпсіз жұмыс істеуі үшін оларды айналмалы, жылжымалы бөлшектері жабық етіп жасаған жөн.
4 тақырып: Машина бөлшектері мен механизмдерін пісіру арқылы жөндеу
Машина бөлшектері жұмыс барысында істен шығады. Болаттан жасалған бөлшектер сынады, жарықшақтанады, бір-бірінен үзіліп ажырауы да мүмкін. Шойын бөлшектер морт сынады. Болат бөлшектердің сынған, жарылған жерлерін электр-доғалы пісіру арқылы жөндейді.
IV бөлім. Материалтану негіздері
1 тақырып: Машина жасауда қолданылатын материалдар.
Қандай машинаны алсақ та, олар әр түрлі бөлшектерден құралады, автомобильдер бөлшектерінің саны 15 мыңға жуық, ал ұшақтардың бөлшектері миллионнан асады. Машина жасауға арналған негізгі материалдар: шойын, болат, түсті металдар, оның қорытпалары және бейметалл материалдар.
2 тақырып: Металдарды өңдеу.
Жылу арқылы өңдеу кезінде бөлшектерді белгілі температураға дейін қыздырады және сол температураны өзгертпестен тиісті уақыт бойына ұстайды да, қажетті жылдамдықпен салқындатады. Жылумен өңдеудің әсерінен қорытпаның құрылымы мен механикалық қасиеттері өзгереді.
3 тақырып: Түсті металдар және олардың қорытпалары.
Машина жасау өнеркәсібінде түсті металдар таза күйінде қолданылмайды, себебі олардың беріктігі шамалы және жұмсақ келеді. Сондықтан іс жүзінде таза металдардың әр түрлі қорытпасы пайдаланылады.
4 тақырып: Пластмассалар, отын және жағармай материалдары
Олар толықтырғыш және бояғыш заттар қосу арқылы синтетикалық немесе жоғары молекулалы табиғи полимерлерден алынады. Бұл заттар пластмассаға сан алуан физикалық-химиялық қасиеттер береді. Пластмасса құрамындағы полимер толықтырғыштарды байланыстырушы элементтер болып саналады.
V бөлім. Қозғалтқыш.
1 тақырып: Іштен жану қозғалтқышын жіктеу.
Автомобиль, трактор, басқа да өндірістік құралдар жылу қозғалтқышының ең көп тараған түрі - поршеньді іштен жану қозғалтқышын пайдаланады. Бұл қозғалтқыштың көлем ықшамдылығы, отын үнемділігі, үлестік қуаты, сенімділігі мен төзімділігі сияқты аса маңызды көрсеткіштері бүгінде жоғары деңгейде.
2 тақырып: Бензинді қозғалтқыштарға арналған жанармайларды пайдалану қасиеттері мен қолданылуы.
Іштен жанатын қозғалтқыштарда жанармай жанған кезде химиялық энергия алдымен жылу энергиясына, содан соң жылу энергиясы механикалық жұмысқа айналады. Жанғыш қоспаларды дайындау мүмкіндігіне байланысты іштен жанатын қозғалтқыштарды екі түрге бөледі.
3 тақырып: Қозғалтқыштағы жылулық процестер.
Қозғалтқышта жұмсалатын жылуды механикалық жұмысқа айналдыдырудың пайдалылығын зерттеу үшін идеалдық қозғалтқыш деп аталатын ұғым ендіріледі. Бұл теориялық зерттеулер қозғалтқыш құрылысының өзгешелігіне байланыссыз, оның пайдалы әсерінің коэффициентіне қандай негізі факторлар әсер ететінін анықтауға мүмкіндік береді.
4 тақырып: Қозғалтқышты майлау.
Май қолданғанда үйкеліс күшін азайту, демек үйкелуші бөлшектердің тозуы мен қызып кетуін барынша кеміту мақсаты көзделеді. Мұнымен қоса, үйкеліс азайса, қозғалтқыштың механикалық әсер коэффициенті ұлғаяды.
5 тақырып: Карбюраторларды реттеудің әдістері.
Автомобильдің жұмыс процесі кезінде әрдайым толық қуатпен жұмыс істеуге келе бермейтіндігін еске алып, карбюраторды отыны азайтылған қоспа алынатындай етіп реттеу қажет, ал қажет болған жағдайда, мысалы, автомобиль шаңды аймақта жұмыс істегенде немесе өрге қарай қарай жүргенде жиклердің инесінің ашылуын арттырып қоспаны байытып реттеу керек
6 тақырып: Дизельдерге отын беру жүйесін күту және олардың ақаулары.
Компрессорсыз дизельдерге отын беру жүйесі органдарының атап айтқанда, форсунка мен сорғының жұмысы аса ауыр жағдайларда жоғары қысым мен үлкен температура, ағып өтудің үлкен жылдамдығы, форсунка соплосы мен сорғы цилиндрінің көлденең қиығының өте кішкене болуы т.т. жағдайларында өтеді.
7 тақырып: Дизельдің қоректендіру жүйесі элементтеріне диагностика жасау.
Форсунка ақаулығы - дизель қуатының төмендеуі мен оның экономикалық көрсеткіштерінің нашарлауының бірден-бір себебі болып табылады. Форсункада ақау болған кезде
қоғалтқыш тұрақсыз, шалыс және көп түтін шығарып жұмыс істейді.
8 тақырып: Берілістер.
Берілістер санын реттеу сатылы және сатысыз болуы мүмкін. Сатылы реттеу - тиісті доңғалақтар арқылы, жылдамдық қорабында жүзеге асырылады. Сатысыз реттеу фрикцион, шынжырлы вариаторлардың көмегімен атқарылады.
VI бөлім. Автотрактордың трансмиссия агрегаттары мен жүріс бөлігін пайдалану
1 тақырып: Трансмиссия.
Трансмиссия автомобильдің жетекші доңғалақтарына қозғалтқыштан айналу моментін жеткізу қызметін атқарады. Айналу моментін жеткізу барысында оның өзгеруі мен жетекші доңғалақтарға таралуы болады. Соған сәйкес трансмиссиядағы айналу моментінің өзгеруіне байланысты жетекші доңғалақтарда тарту күші де өзгеріп отыруы тиіс.
2 тақырып: Беріліс қорабы.
Автотрактор беріліс қорабы деп тістерінің саны әр түрлі шестернялардан тұратын, олардың жеке парларын тістестірумен, қозғалтқыштан жетекші механизмге бірнеше берілістер санын беретін механизмді айтады.
3 тақырып: Трансмиссияның қызметі.
Трансмиссияның екінші қызметі жүріс доңғалағына берілетін мықты атқаратын шаруа түріне қарай өзгерту болып келеді.
Осы үстінде көрсетілгеннен басқа трансмиссия доңғалаққа берілетін қуат бағытын реттейді. Өйткені, жұртшылық жағдайда, ол двигательдің ұзындық бойымен, ал қозғағыш доңғалақтар осі көлденең бағытта орналасады. Олар осылайша бұрыш жасап орналасқандықтан берілетін қуат та бұрылып жеткізіледі.
4 тақырып: Механикалық трансмиссия.
Механикалық трансмиссия құрылысына қарай екі түрге бөлінеді. Беріліс жылдамдығын сатылы сонымен қатар сатысыз өзгертетін трансмиссиялар етеді. Жылдамдықты сатылы өзгертетін трансмиссияда беріліс санын өзгертуге мүмкіндік беретін беріліс қорабы қойылады. Сол қораптың көмегімен жүмыс бабына қатысты ілінісетін шестерняларды ауыстырып отырады.
5 тақырып: Басты беріліс.
Қазіргі автомобильдерде жылдам жүрісті қозғалтқыштарды қолданады, кіші көлемде олар үлкен қуат күшін береді. Оларда айналдыру моменті бірнеше есе айналу жылдамдығынан аз болады. Доңғалақтардың қозғалу қажеттілігінен төмен момент болып келеді.
6 тақырып: Жүріс бөлігі.
Жүріс бөлігі жетекші доңғалақтың жартылай осіне берілетін айналдыру моментін трактордың не автомобильдің ілгерілемелі қозғалысына түрлендіреді. Ол рамадан, аспадан және қозғаушыдан тұрады.
7 тақырып: Басқару механизімінің күтімі.
Автомобильдің бағытын қозғалыс барысында өзгерту басқару доңғалақтарын бойлық бағыт осінен бұру арқылы жүзеге асырылады. Басқару доңғалағы болып әдетте алдыңғы доңғалақ есептеледі. Бұрылыс салдарынан, параллеь бағыттағы қозғалу жылдамдығы векторларының сәйкестігі ауытқиды және айналу бағытынан өзгереді.
8 тақырып: Автомобильдер рессорлар.
Автобустарда және жүк автомобильдерінде серіппе ретінде рессорлар, торсиондар және пневмобаллондар қолданылады.
Жеңіл автомобильдердің артқы асқышына көбіне рессорларды, ал алдыңғы асқышынасеріппелерді пайдаланады. Рессорлардың алдыңғы шеті жапсырмалы құлақшаға бекітілген, артқы шеті сырғымалыболады. Рессор
астары артқы рессорортасынан жетекші белдік картеріне үзеңгі арқылы бекітіледі. Рессор астары құлақшасы жоқ шеті сырғанамалы болады.
9 тақырып: Амортизатор.
Амортизаторлар механикалық тербеліс энергиясын жылу энергиясына айналдырып, автомобильдің жатық(селкілдемей) жүруін қамтамасыз етеді.
Амортизаторлар екі топқа бөлінеді-бір және екі түтікті. Олар қос әрекетті сұйық телескоптық немесе сұйық пен газды болады.
Бір түтікті амортизаторлар сұйық телескопты немесе сұйық пен газды телескопты болады. Сұйық пен газды амортизаторларда газ және сұйық бір-бірімен бөлектеуші поршеньнің әсерінен жанаспайды.
10 тақырып: Доңғалақ.
Доңғалақ автомобиль мен жол арасын байланыстырып тұрады. Ол автомобильдің қозғалысын, оның тербелісін жеңілдетіп, бағыты өзгеруін және автомобильден жолға тік салмақ күшін беріп тұруды қамтамасыз етеді.
11 тақырып: Рульдік басқарудың ақауы.
Рульдік басқаруда мынадай ақаулар болған жағдайда трактор мен автомобильдерді пайдалануға рұқсат етілмейді: рульдік басқарудың тұтылып қалуы, рульдік доңғалақтың люфтісінің шамадан тыс болуы, рульдік басқару бөлшектерінің көбірек тозуы, бекітулерінің босап және шплинттің бұзылуы.
12 тақырып: Басқару доңғалақтарының динамикасы.
Басқару доңғалақтарының динамикасын қарастырудағы негізгі мақсат - бұрылуға қажетті күшті анықтап, оны доңғалақтың жер бетімен ілінісу күшімен шектеу мүмкіндіктерін табу
13 тақырып: Көлік құралдарының жүріс бөліктерінде орналасуы.
Доңғалақтар атқаратын қызметіне қарай екі түрге бөлінеді: жетектелуші және жетекші доңғалақтар. Олардың жұмыс динамикасындағы айырмашылығы сырттан түсетін күштерге байланысты. Жетектелуші доңғалақтарға жетекші момент берілмейді. Сондықтан олар тарту күшін тудыра алмайды.
14 тақырып: Дифференциал
Дифференциалдың қызметі жетекші доңғалақтарға айналу моментін таратып, ол доңғалақтардың автомобиль қозғалысында бұрылыс және жол кедергілерінен өту жағдайында әр түрлі жиілікке айналуына мүмкіндік береді.
15 тақырып: Жетекші белдік.
Доңғалағы жетекші болып саналатын белдікті жетекші дейді. Ол корпусты, басты берілісті, дифференциалды және доңғалақ жетегін қамтиды. Жетекші шестерниялар білікпен бірге немесе алынбалы болып жасалады.
16 тақырып: Автомобильдердің маневр жасауы.
Жалпы машиналарды басқару жұмыстары оларды атқаратын жұмыс технологиясына қарай бағындыру болып табылады. Солардың ішіндегі ең негізгілеріне машиналардың жүретін жол бағытына қарай бұру мен жүріс жылдамдығын өзгерту, яғни тежеу жұмыстары жатады. Бұл жұмыстардың машина құрылысына қарай өзіндік ерекшеліктері болады және тиісті талаптар қойылады.
17 тақырып: Автомобильдің тежеуіш жүйелері.
Жүрістің қауіпсіз болуын қамтамасыз ету үшін автомобильде тежеу жүйе орнатылған. Тежеуіш автомобильді тіпті жылдам жүріспен келе жатқанның өзінде де, ілгері қарай көп ұзатпай тоқтата алады. Мейлінше сенімді болу үшін автомобильдер тәуелсіз қызмет атқаратын екі түрлі тежеуіш жүйемен жабдықталған.
18 тақырып: Электр жабдықтарының күтімі мен ақаулары.
Томенгі температура аккумулятор батареяларының күйі мен жұмыс қабілетіне әсер етеді. Аккумулятор батареялары сенімді жұмыс істеуі үшін оларды қамтап ұстау қажет. Генераторды күту сымдардың түйіспелерімен қосылатын жерлерін таза ұстау болып табылады.
ПӘН БОЙЫНША ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1. Автомоьильдің жетекші доңғалақтарына қозғалтқыштың айналу моментін .... жеткізеді?
а) қозғалтқыш
ә) трансмиссия
б) генератор
в) аккумулятор
2. Автомобиль трансмиссиясына......кіреді?
а) ілініс, беріліс қорабы, карданды беріліс, басты беріліс
ә) жетекші белдік, поршен, шатун
б) үлестіргіш қорап, басты беріліс, цилиндр
3. Автомобильдің ток көзіне жатады?
а) қозғалтқыш
ә) генератор
б) стартер
4. Дизельмен жүретін көлікте енгізу клапаны ашылғанда..... құйылады?
а) бензин
ә) солярка
б) жанғыш қоспа
в) газ
5. Трансмиссия түрлері?
а) механикалық, гидравликалық, электрлі
ә) гидравликалық, карданды
б) механикалық, жетекші белдік
6. Беріліс қорабы .... бөлінеді?
а) жоғары, төмен
ә) сатылы, сатысыз
б) оңға, солға
7. Аккумулятордың қуат мөлшері?
а) 15 В
ә) 12 В
б) 14 В
в) 10 В
8 Беріліс қорабының және жетектегі белдікті басты беріліске.... жалғайды?
а) гидрокүшейткіш
а) беріліс қорабы
ә) жетекші белдік
б) карданды беріліс
в) ілініс
9. Қозғалтқыштың ненгізгі қызметі?
а) қозғалту
ә) әр түрлі жылдамдықпен жүргізу
б) жылу энергиясын механикалық энергияға айналдыру
в) жылыту үшін
10. Карданда және дөңгелекте метал пластиналар не үшін жабыстырлады?
а) біркелкі айналу үшін
ә) біркелкі айналмас үшін
б) сәндік үшін
в) зауытан солай шығарылған
11. Жүгізуші жұмысын оңайлату, автомобиль маневрлігін жоғарлату және қауіпсіздігін көтеру үшін қолданылады?
а) гидрокүшейткіш
ә) беріліс қорабы
б) амортизатор
12. Іліністе жетекші дискпен маховик арасында қандай күш арқылы жүреді?
а) сырғанау
ә) үйкеліс
б) домалау
в) кинестатикалық
13. Ойлы қырлы және жолсыз жерлерде бедері.....шиналар қолданылады?
а) майда
ә) ірі
б) тегіс
14. Басты берілістің қызметі?
а)беріліс санын азайту, беріліс бағытын 90-қа бұру
ә) беріліс санын ұлғайту, беріліс бағытын 90-қа бұру
б) беріліс санын азайту, беріліс бағытын 120-қа бұру
15. Жеңіл автомобильдерде рама қызметін .... атқарады?
а) рама
ә) қозғалтқыш
б) кузов
16. Автомобиль тек тіке жүрмей, жол қисығына байланысты..... арқылы бұрылып отырады
а) дифференциал
ә) кардан
б) беріліс қорабы
17. Байытылған қоспа дегеніміз?
а) бензин үлесі ауадан көп
ә) бензин үлесі ауадан аз
б) бензин үлесі ауамен тең
18. Нива көлігінің жетекші доңғалағының орналасуы бойынша схемасы?
а) 4х2
ә) 6х4
б) 4х4
в) 6х6
19. Беріліс қорабының және жетектегі белдікті басты беріліске.... жалғайды?
а) беріліс қорабы
ә) жетекші белдік
б) карданды беріліс
в) ілініс
20. Автобустарда және жүк көлігінде серіппе ретінде?
а) ресорлар, пневмобаллон
ә) амортизатор, серіппе
б) пневмобаллон, серіппе
21. Жеңіл автомобильде серіппе ретінде?
а) поршень, амортизатор
б) ресор, пневмобаллон
в) амортизатор, серіппе
22. Жүгізуші жұмысын оңайлату, автомобиль маневрлігін жоғарлату және қауіпсіздігін көтеру үшін қолданылады?
а) гидрокүшейткіш
ә) беріліс қорабы
б) амортизатор
23. Тегіс жолда..... протектер шиналары қолданылады?
а) майда
ә) ірі
б) тегіс
24. Ойлы қырлы және жолсыз жерлерде бедері.....шиналар қолданылады?
а) майда
ә) ірі
б) тегіс
25. Автомобиль тек тіке жүрмей, жол қисығына байланысты..... арқылы бұрылып отырады.
а) дифференциал
ә) кардан
б) беріліс қорабы
ПӘН БОЙЫНША КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ
1. Автомобюильдің жалпы құрылысы
2. Қосиінді-бұлғақты механизм
3. Газтарату жүйесі
4. Майлау жүйесі
5. Салқындату жүйесі
6. Автомобильдің қоректендіру жүйесі
7. Автомобильдің электрлік жабдықтары
8. Трансмиссия
9. Беріліс қорабы
10. Қозғалтқыш
11. Автомобиль кузовымен қаңқасы
12. Машина бөлшектері
13. Техникалық диагностика жасау және техникалық қызмет көрсету
14. Машина бөлшектерін жөндеу және жасау негіздері
15. Автомобильдің тежеу жүйелері
16. Басқару механизмі және оның күтімі, жөндеуі
17. Электр жабдықтарының күтімі мен ақаулары
18. Жүріс бөлігі
19. Қозғалтқыштың жұмыс процестері
20. Машина жасауда қолданылатын материалдар
21. Жүктік автомобильдер тежегіш жүйесін талдау
22. Карбюраторларды реттеудің әдістері
23. Автомобильдің оталдыру жүйесі
24. Бензинді қозғалтқыштарға арналған жанармайларды пайдалану қасиеттері мен қолданылуы
25. Іштен жанатын қозғалтқыштар теориясы
Әдебиеттер және оқу құралдары
1.П. Жүнісбеков. Автомобильдердің құрылысы және пайдаланылуы. – Астана: Фолиант, 2007
2.Жүнісбеков П.Ж., Кобдиков М.А., Схиртладзе А.Г., Бекжанова С.Е. Организация перевозок и управление движением.-Старый Оскол: ООО «ТНТ», 2013
3.Б. А Алиев, П. Жүнісбеков. Тракторлар мен автомобильдер құрылысы.-Алматы,2007
4.М.А. Көбдіков, П.Ж. Жүнісбеков, О.Л. Гирш. Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
5.Жүнісбеков П. Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы - Астана 2013
6. П. Жүнісбеков. Жанпейісов М, Мамедалиев Г, Дүйсенбаев М. "Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет" - Астана: Фолиант, 2010