Сабақтыңтақырыбы: Мәтінмен жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылар компьютерлік презентацияны құру, шаблондармен жұмыс істеу барысында презентацияны қолдану және өңдеу технологиясының дағдыларын қалыптастыру және слайдты безендіру, оларға анимациялық эффектілерді қосу.
Дамытушылық: Оқушылар компьютерлік презентация түсінігін біле отырып және презентация құра, безендіре отырып оқушылардың ой өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулық, плакаттар, компьютер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
Сәлеметсіңдерме балалар! Класта кім жоқ.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ жауап
Презентация дегеніміз не?
Слайд деп нені айтамыз?
Power point програмасын жүктеу қалай орындалады?
«present» сөзінің мағынасы…
ІІІ. Жаңа сабақ.
POWER POINT программасында презентация құру әрекетін автомазмұн шебері көмегінен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орандауға болады. Оның бірі алдын – ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса, екіншісі ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып, одан кейін көркемдеу болып табылады. POWER POINT программасының бір ерекшілігі осы екі жағдайда да, құрылған презентацияны, алдын – ала безендіру элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түріне алмастыруға болады. POWER POINT програмасында безендіріліп, дайындалған презентациялар шаблондар түрінде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдала отырып, өз презентациямызды құруға болады.
Презентацияны шаблондар көмегімен құру.
Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін POWER POINT программасы іске қосылған мезетте ашылған сұқбат терезеде Презентациялар шаблоны (шаблон презентаций) опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар немесе Формат – слайдты көркемдеу (Формат – Оформление слайд) командасын орындап құруға болады. Осы опция таңдалғаннан кейін Жалпы (Общие), Презентациялық дизайндары (Дизайны презентация), Презентациялар, Web- парақтар (web-страницы)астарлы беттерінен тұратын, Презентацияны құру сұхбат терезесі ашылады. Осы сұхбат терезе Файл- Құру командасын орындағаннан кейін де ашылады. Презентацияның шаблоның тышқан көмегімен белгіліген кезде шығатын үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап ОК батырмасын шертеміз. Осы мезетте экранғаСлайд құру сұхбат терезесі шығады. Бұл сұхбат терезеде қажетті слайдтың түрін көрсетуіміз қажет. Экранда таңдалған шаблонға сәйкес бос презентация пайда болады. Осы презентацияға тиісті мәтіндерді енгізіп, арнайы эффектілер қосып, көрекмдейміз.
Слайдтарды безендіру элементтері.
Әрбір адам өз қалауы бойынша слайдтардың бір – біріне тәуелсіз мынандай элементтерін тағайындауға болады:
Слайд белгіленуі (Разметка слайда). Слайд белгіленуі ретінде слайдқа орналастыратын мәтін, сурет, диаграммалар т.б. формасын айтуға болады.
Түрлі түстер схемасы (Цветовая схема). Түстердің кең мөлшерлі спектрінен кез келген түсті таңдау мүмкіндігін береді.
Фон. Слайдтағы түстер тек біртүсті ғана болуы міндетті емес. Палитрадағы ұқсас түстердің бірінен басқасына біртіндеп ауысуға болады. Ол үшін Формат – Фон командасын таңдап, пайда болған қосымша тірізеден исключить фон образца өрісін белгілеп, осы өрісте өзімізге қажетті түсті таңдаймыз немесеҚосымша түстер (другие цвета)өрісін таңдаймыз. Бұл кезде қосымша сұқбат терезе ашылады Кәдімгі (Обычные),Спектр деген екі ішкі беттен тұратын бұл сұхбат терезеде кәдімгі немесе спектрден түсті таңдай отырып, жаңа түс дайындауға болады. Өзіміз дайындаған түс пен бұрынғы түсті Жаңа(Новый), алдыңғы (Текущйй) өрісте салыстыра аламыз. Фондық түс таңдалған соң Қолдану (Применить) батырмасын шертсек осы фон тек жұмыс жасап отырған бір ғана
ІV. Бекіту.Оқушыларға тапсырма беру.
1 – ші тапсырма.
25 қазан «Республика күні»і осыған презентация құрындар.
2 – ші тапсырма.«Рәміздер» тақырыбына презентация құрындар.
Берілген тақырыпта презентацияны құрып болғаннан кейін, өзінің жасаған көрмені сұрай отырып, қосымша мағлұматтар сұрау.
V. Бағалау. ( Жасаған көрме бойынша оқушыларды бағалау).
VI. Үйге тапсырма. (Еркін тақырыпта презентация құруға мәтін дайындап келу)