Қазақстан Республикасының оқу – ағарту министірлігі
Абай облысы Білім басқармасының
«Көлік колледжі» комуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
(Білім беру ұйымының аты)
«Келісілді» «Бекітілген»
Колледж әдіскері директордың оқу жұмысы
___________Куандыкова А.Б бойынша орынбасарының м.а.
«__»____________2025ж _________Касенова А.З.
«__»_______________2025ж
Ашық сабақ
Открытый урок
Пән атауы: Өндірістік оқыту және кәсіптік практика - «Станокты іс-тәжірибе»
Тақырып: Бұрғылау
Оқу нәтежиесі – Композициялық материалдарды өңдеу әдстерін қолдану.
Оқу критерилері:
1.Әр түрлі жұмыс түрлері үшін кесу режимдерін есептеу және тағайындау әдістемесін қолданады.
2.Токарлық жұмыстар үшін оңтайлы кесу режимдерін есептейді.
3.Бұрғылау жұмыстары үшін оңтайлы кесу режимдерін есептейді.
Дайындаған өндірістік оқыту шебері: Абдраимов Қ.А.
Өндірістік оқытупәндерінің циклды
комиссиясы отырысында қарастырылды.
хаттама №____
«____»____________ 2025жыл
Циклдық комиссия төрағайымы:
Каржаубаева Ж.К.______________
Семейқаласы, 2025 жыл
Қазақстан Республикасының оқу – ағарту министірлігі
Абай облысы Білім басқармасының
«Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
(Білім беру ұйымының аты)
Станокты іс-тәжірибе
сабақ жоспары №13
Бұрғылау
(сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы: Өндірістік оқыту және кәіптік практика бойынша жұмыс оқу бағдарламасы. Станокты іс тәжірибе.
Оқытушы дайындады : Абдраимов Қ.А.
"13" қазан 2025 жыл
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топтар: 21ТЭМк.
Сабақ түрі: практика өндірістік оқыту.
2. Мақсаттары, міндеттері
- Білімділік: Оқушыларды токарлық станоктармен және олардың маркалары мен түрлерімен таныстыру.Станокты тәжірибеде, білімдерін жинақтау, қолдану.
- Дамытушылық: Токарлық станоктарда өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
- Тәрбиелік: Тәжірибелік сабаққа деген назары мен ынтасын көтеру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. .-3 стр. 1я-1ть скручивание шатунаояние верхней и нижней головки шатуна.
3. Сабақтың жабдықталуы:ММ-проектор, құрал-саймандар және плакаттар.
3.1 Анықтамалық әдебиеттер:
Денежный .П.М. Стискин.Г.М. И.Е.Тхор
Токарлық істің негіздері .Оглоблен.А.Н.
Пән аралық байланыс:Металл технологиясы, сызу .
Сабақтың құрылысы:
№ | Сабақ құрылымы | Уақыт |
I. | Ұйымдастыру | 1 мин |
II | Презентация | 3мин |
III. | Үй тапсырмасын тексеру | 20 мин |
IV | Жаңа тақырыпты түсіндіру | 30 мин. |
V | Жаңа сабақты бекіту | 20 мин |
VI | Үй жұмысын беру | 1 мин |
VII | Тәжірибелік жұмыс | 240 мин |
VIII | Сабақты қорытындылау | 5мин |
4. Сабақ барысы
I. Ұйымдастырушылық сәт, қатысушыларды тексеру. Шеберхананың, құралдардың дайындығына және оқушылардың сабаққа дайындығына назар аударамыз. Журнал жазбаларын жасаймыз. Жоқ адамдарды белгілейміз.
II. Презентация
Сабақтың мақсаты: Бұрғылау, бұрғының түрлерімен құрлысымен таныстыру.
III. Үй жұмысын тексеру:
Тақырып бойынша алдыңғы сауалнама:
1. Конусты артқы тұғырмен қалай өңдейміз
2. Конусты көшіргіш сызғышпен қалай өңдейміз
3. Конусты өңдейтін тағы қандай әдістері бар
4. Конусты қайда қолданамыз
IV. Жаңа тақырып түсіндіру
Жоспар:
1.Жабдықтармен танысу
2.Жұмыс ережелерімен танысу
Тақырып: Бұрғылау
Бұрғы, металл, ағаш және басқа материалдарды тесуге арналған кескіш аспап, оның түрлері мен қолдану салалары әртүрлі.
Бұрғы - материалдарды, әсіресе металл мен ағашты, тесуге және дайын тесіктерді кеңейтуге арналған кескіш құрал. Бұрғының жұмысшы бөлігінің ұшында кескіш элементтері бар, ал сабы бұрғылау станогының шпинделіне немесе қол аспаптарына бекітіледі. Бұрғының негізгі қозғалысы - айналмалы және осьтік беріліс.
Винттік (бұрамалы) бұрғы: Спиральді құрылымы бар, жоңқа шығаруға арналған.
Центрлік бұрғы: Бір негізгі кесу жиегі бар.
Көп сатылы бұрғы: Бір уақытта бірнеше тесіктерді бұрғылауға арналған.
Қауырсынды бұрғы: Екі кескіш жиегі бар, тілімшемен аяқталады.
Электрлік бұрғы: Мұнай мен газ ұңғымаларын бұрғылауға арналған электр қозғалтқышы бар.
Бұрғылау процесі
Бұрғылау - материалдарды механикалық өңдеудің бір түрі. Бұл процесс барысында арнайы кесу құралдары -бұрғылар қолданылады. Бұрғылау арқылы әртүрлі диаметрлі және тереңдіктегі тесіктерді жасауға болады. Бұрғылау операцияларының мақсаты –қажетті тесіктерді жасау, сонымен қатар, табиғи тасты өндіру кезінде жарылғыш заттарды отырғызу үшін де қолданылуы мүмкін.
Қорытынды
Бұрғы - құрылыс, машина жасау, және басқа да өнеркәсіп салаларында кеңінен қолданылатын маңызды құрал. Оның түрлері мен қолдану әдістері әртүрлі, бұл оны көптеген жұмыстарда қажетті етеді. Бұрғылау технологиясы мен жабдықтары туралы тереңірек ақпарат алу үшін, арнайы әдебиеттер мен ресурстарды қарастыру ұсынылады.
V. Жаңа сабақты бекіту.
- Тақырып бойынша Quizizz платформасы арқылы тест сұрақтар
1. Бұрғының хвостовигына байланысты қандай түрлері бар?
А) 2 *
Б) 4
В) 3
Г) 1
2. Бұрғы қандай материалдан жасалынады?
А) Болат
Б) Шойын
В) Тез кескіш болат *
Г) Олово.
3. Цилиндрлік хвостовикті бұрғының диаметрі нешеден –нешеге дейін болады?
А) 6мм – 80мм
Б) 1мм- 20 мм*
В) 20мм – 80мм
Г) 5мм - 10мм
4. Конустық хвостовикті бұрғының диаметрі нешеден –нешеге дейін болады?
А) 6мм – 80мм*
Б) 1мм- 20 мм
В) 20мм – 80мм
Г) 5мм - 10мм
5. Бұрғының өңдеу дәлдігі?
А) 0,5 – 0,8 мм
Б) 1- 2 мм
В) 1,5- 2,5 мм
Г) 0,1- 0,5 мм*
6. Бұрғылау кезінде қандай сұйықтықтар қолданамыз?
А) Су
Б) Тосол
В) СОЖ *
Г) Керосин
7. Винтовой канавка не үшін қажет?
А) Бұранда салу үшін
Б) Темір ұнтағын шығару үшін *
В) Ыстықты шығару үшін
Г) Жылдам тесу үшін
8. Бұрғыдағы лента қандай қызмет атқарады?
А) Бұрғының үйкелісін азайту үшін *
Б) Темір ұнтағын шығару үшін
В) Ыстықты шығару үшін
Г) Жылдам тесу үшін
9. Конустық бұрғыда маркировка қай жерінде жазылған?
А) Басында
Б) Артқы бөлігі (хвостовик)
В) Денесінде
Г) Мойнында *
10. Терең тесу деген не?
А) Тереңдігі бұрғының 2 диаметрінен асса
Б) Тереңдігі бұрғының 7 диаметрінен асса
В) Тереңдігі бұрғының 5 диаметрінен асса *
Г) Тереңдігі бұрғының 3 диаметрінен асса
- Тақырып бойынша алдыңғы сауалнама
VI . Үй жұмысын беру: жаңа тақырыпқа есеп, конспект жазу.
VII. Тәжірбиелік сабақ: токарлық станокта жумыс,
"Бұрғылау" тарауын заңдастыру
- тақырып бойынша жазбаша есеп жасаңыз
VIII. Сабақты қорытындылау: Оқушылардың практикалық тапсырманы қалай орындағанын хабарлау, сабақ үшін кешенді бағалауды жариялау.
Өндірістік оқыту шебері :_____________ Абдраимов Қ.А.
Қазақстан Республикасының оқу – ағарту министірлігі
Абай облысы Білім басқармасының
«Көлік колледжі» комуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
(Білім беру ұйымының аты)
АШЫҚ САБАҚҚА ШАҚЫРУ – КАРТОЧКАСЫ
«Станокты іс-тәжірибе»
(пәннің/модульдің атауы)
Топ: 21 ТЭМ-к
Өткізілу уақыты: 13. 10. 2025 сағат 12:00
Сабақтың тақырыбы:Бұрғылау.
Оқытушы:Абдраимов Қ.А.
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Оқушыларды токарлық станоктармен және олардың маркалары мен түрлерімен таныстыру.Станокты тәжірибеде, білімдерін жинақтау, қолдану.
- Дамытушылық: Токарлық станоктарда өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
- Тәрбиелік: Тәжірибелік сабаққа деген назары мен ынтасын көтеру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. .-3 стр. 1я-1ть скручивание шатунаояние верхней и нижней головки шатуна.
Сабақтың түрі: Күрделі кешенді жұмыстарды орындау сабағы.
Сабақтың жабдықталуы: Құрал-саймандар, мм-проектор және плакаттар.
Пән аралық байланыс: Металл технологиясы, сызу .
Қолданылатын технология: Ақпараттық-коммуникациялық технологиясын қолдану
Көрнекіліктер:Презентация, құрал-саймандар.
Өндірістік оқыту пәндер
цикл комиссиясының төрағасы Каржаубаева Ж.К.



