Мектеп: «М.Мақатаев атындағы №47жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі | |||
Күні: | Мұғалімнің есімі: Битабарова Хадиша Исабековна | ||
Сынып: 8 | Оқушылар саны: 15 | ||
Сабақ негізделген оқу мақ саты: (мақсаттары) | 8.4.2.1. Оттектің физикалық және химиялық қасиеттерін естеріне түсіре отырып, салыстыру арқылы сутегінің қасиеттері туралы жаңа білім біру; 8.4.2.2. Сутегінің қолданылуы жөнінде түсінік беру; 8.4.2.3. Оқушылардың химиялық элемент туралы алған білімдерін толықтыру, есептер шығарту арқылы білімдерін дамыту | ||
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: | ||
А. Сутектің қасиеттері және қолданылуы туралы біледі | |||
Оқушылардың басым бөлігі: | |||
В. Сутектің қасиеттерін оттектің қасиеттерімен салыстыра алады | |||
Кейбір оқушылар: | |||
С. Сутегінің химиялық қасиеттерін дәлелдейтін реакция теңдеулерін жазып, есептеулер жүргізе алады | |||
Тілдік мақсат | Оқушылар: Оқушы өзіндік ой түйеді. | ||
Негізгі сөздер мен тіркестер: | |||
Терминмен жұмыс жасайды | |||
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: | |||
Талқылауға арналған тармақтар (тыңдалым) | |||
Сутектің физикалық қасиеттерін сипаттап айтып беріңдер. Не себепті сутектің жылуөткізгіштігі жоғары екенін түсіндіріңдер | |||
Сіз неліктен .... екенін аласыз ба?(айтылым) | |||
Мына суреттер нені білдіреді? Айтып беріңіз. | |||
Жазылым бойынша ұсыныстар: | |||
Алдыңғы оқу | Сутек периодтық жүйедегі орнын түсіну (7.1В) Сутектің алу әдісін білу(7.2 В) Сутек қосылыстарының формуласын жаза білу(8.2A) | ||
Жоспар | |||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз ) | Ресурстар | |
Басталуы | Кіріспе. Таныстырылым (2мин) -сынып оқушыларымен амандасып, көңіл-күйлерін бақылай отырып, сыныпта жағымды орта құрамын. Күндеріне сәттілік тілеймін. -сынып оқушылары химиялық элементтер арқылы топтасады. Үй тапсырмасын тексеру (3 мин) А) Тест тапсырмасы 1.Сутегінің латынша аталуы A) оксигениум B) гидрогениум C) гидраргирум D) силициум E) аурум Б) «Күн шуақ" ойыны. Сөйлемді аяқтаңдар (2 мин) 1. Мольмен өрнектеледі ............ . 2. Заттың 1 молінің массасы ………… деп аталады . 3. Оттектің(О2) молярлық массасы тең …….. 4. Мыстың (Сu ) молярлық массасы тең …….. 5. 1 моль гелийдің (Не)атом саны - … 6. Молекула санын есептеу формуласы ……. 7. 2 моль оттектің массасы тең…. 8. 1 моль оттектің (О2) молекула саны - … Тұсаукесер. (3 мин) Оқушыларға жалпы химиялық элементтердің қазақ, орыс,латын тілінде оқу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын айқындап алады. Сабақтың тақырыбы тақтаға, дәптерге жазылады. | Интереактивті тақта, бағалау парақтары, слайд, Дәптермен жұмыс | |
Ортасы | Негізгі бөлім Тақырып қаталдау жасауға бағыт беру (топтық 1 тапсырма: оқып, жұпта талдап, бір біріне сұрақ қояды. (топтық жұмыс) 1 топ. Оттек Сутектің физикалық қасиеттері 2 топ. Сутек Сутектің химиялық қасиеттері 3.топ. Хлор Сутектің қолданылуы" (10 мин) |
Металдармен: 2Na + Н2 = 2NaН Са + Н2 = СаН2 Оттекпен: 2Н2 + О2 = 2Н2О Күкіртпен: Н2 + S = Н2S ↑ Хлормен: H2 +Cl2 = 2HCl↑ Cумен: Н2 + СuО = Сu + Н2О Тиімді жағы | Сутекті отын ретінде пайдалануға болады; Жанған кезде кәдімгі су түзіледі яғни бұл экологиялық таза өнім; Жанған кезде кәдімгі су түзіледі яғни бұл экологиялық таза өнім; -Экологиялық және экономикалық тиімді энергия көзі; Сутек таусылмайтын табиғи қорға жатады; |
Сутектің қолданылуы, оның жанғанда көп жылу бөлінетіндігіне негізделген. Әсіресе экологиялық таза отын ретінде сутектің болашағы зор. Себебі сутек жанғанда түзілетін өнім – су ауаны ластамайды. Әзірше сутекті көп мөлшерде метан мен судан алу қымбатқа түседі. Сутектің тиімдіракета отыны болатыны туралы кезінде Ц.Е.Циолковский де айтқан. Қазіргі кездегі негізгі энергия көзі – табиғи газ , мұнай, таскөмір. Жер қыртысындағы олардың қоры да шектеулі. Оның үстіне бұл аталған шикізаттарды пайдалануды сыртқы ортаның ластануына жол беріледі. |
2. тапсырма. «Жарқыраған шың» ойыны
1.топ. Есептер шығару
«Кубизм стратегиясы»
1. Есептер шығару
Оттектің сутегі бойынша тығыздығы
Н2СО3 затындағы көміртектің
массалық үлесі (%)
1,5 · 1023 молекула саны бар сутегінің
зат мөлшері (моль)
Аммиак ауадан
жеңіл
Нәтижесінде 10 г сутегі
түзілу үшін сумен әрекеттескен
кальцийдің зат мөлшері (моль)
0,2 моль суды
Ыдыратқан кезде түзілген
сутегінің көлемі (л) және
зат мөлшері (моль)
2. топ. Реакция теңдеуін аяқтау
1. Реакция теңдеуін аяқтау:
Ca + CI2 →
Na + Н2 →
P + Н2 →
AI + CI2 →
K + S →
Zn + Н2SО4 →
Fe + H2SO4 →
AІ +HCІ →
K+H2O→
Ba + H2O→
3.топ. Сәйкестіктітабу
3.Сәйкестіктітабыңдар:
Элементтердіңлатыншаатыментаңбасынсәйкестендіріңдер:
А) K a) гидраргирум
B) Cu b) цезий
C) Hg c) купрум
D) H d) калиум
E) Cs e) гидрогениум
Сәйкестікті орнатыңыз.
Шаманың Шаманың шартты
атауы түрде белгіленуі
А) заттың массасы 1) M
Б) зат мөлшері 2) m
В) молярлық масса 3) NA
Г) Авогадро саны 4) n
Плакаттар,
Флипчарт, маркер, А4 қағаздары.
Оқулықпен
жұмыс
Тақтамен
жұмыс
Аяқталуы
"Мерген" ойыны. Химиялық формуланы атау:
Мысалы:
Мерген" ойыны. Химиялық формуланы атау:
NH3 – эн аш үш
Al(OH)3 – алюминий о аш үш еселік
K3BO3 – калий үш бор о үш
CH3COOH
Na2SO4
AlCl3
Бағалау.Оқушылар өздерін бағалау парағы бойынша бағалайды.
Рефлексия (кері байланыс)
Кері байланыс:
Бүгінгі сабақтан:
- Өзіңіз үшін не ала алдыңыз?
- Сіз үшін әлі де меңгерілмей жатқан не?
- Келесі сабаққа қандай
өзгеріс енгізілгенін қалар
едіңіз?
Үйге тапсырма:
§43.Сутек –физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы, оқу.
Формулалар жазылған слайдтар
Парақтарына әр тапсырманың критерийі бойынша ұпайларын қойып шығады. Жинаған ұпайларын бағаға айналдырады
Кері байла-
ныс. «Екі
жұлдыз, бір
тілек» тәсілін
қолдануға
стикерлер
тарату
Қосымша ақпарат www.youtube.com/watch?v=GWZyB0FGxr8 | ||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
Барлық оқушылар: -сутектің жай заттармен реакциясын жазып, теңдеудегі барлық коэффициент жиынтығын таба алады; Көптеген оқушылар -әректтесуші заттардың атом сандарын сақтай отырып, химиялық реакцияларды теңестіре алады Кейбір оқушылар: -электронды оқулықтан сутектің мыс (ІІ) оксиді тәжірибесі көрсетіледі. Көргендеріңді есте сақтай отырып реакция теңдеулерін жазып,теңестіріп, есептеулер жүргізе алады | Формативті бағалау әдістері, «Бағалау парағы» арқылы бағаланды | Оқушылардың топтық жұмыс жасау арқылы бірлескен қарым-қатынас орнады. Оқушыларды топқа бөлуде жаңа сабақтың тақырыбымен байланыс болды. Бірегейлік және сындарлық оқушылардың тәжірибеден алған деректерді өңдеу кезінде қолданатын әдіс-тәсілдері арқылы байқалады. Жұптасып және топта жұмыс, сондай-ақ бір - бірімен және мұғаліммен жұмысты талқылау, басқалар пікірін құрметтеуді және бір-бірімен және мұғаліммен тиісті үлгіде араласу қасиетін дамытуы керек. |
Рефлексия Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз | |
Жалпы сабақ 7 модуль идеясына негізделіп құрылды. Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың проблеманы шешу құзіреттілігі, ақпараттық құзіреттілігі және коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту мақсатында әртүрлі стратегиялардың тиімді қолданылуына ерекше мән бердім. Сабақ мақсатына жетті деп ойлаймын. Бұған дейін оқушылар сутекті тек жай зат ретінде танып білсе, аталған сабақта олар оны химиялық тұрғыдан танып білді. Оған дәлел оқушыларға сабақ басында «Білдім. Білгім келеді. Үйрендім» кестелері таратылып берілді. Олар бұл кестеде сутек қосылыстары туралы білгілері келетіндіктерін көрсеткен. Сабақта «Жигсо», «Кубизм» стратегиялары қолданылды. |
Негізгі бағалау Қандай екі зат өте жақсы өтті (екеуінде қарастырыңыз, сабақ беруді де, оқытуды да)? «Қызығушылықты ояту» кезеңі өте сәтті болды деп ойлаймын. Оқушылар «Элементтердің аттарын табу» ойыны арқылы мақалды шешіп, сабақтың тақырыбын өздері болжауы олар үшін өте қызықты болды. Рефлексияға алынған стратегия өте тиімді болды, оқушылар нені түсініп, нені түсінбегендіктері нақты көрініп, келесі сабақты жоспарлағанда ескерілетін болады. Қандай екі зат сабақты одан да жақсы ете алатын еді (екеуінде қарастырыңыз, сабақ беруді де, оқытуды да)? Химия пәнінен мәтін есептерді шығару оқушыларға қиындық тудыртады. Осы тұрғыда диалогтік оқыту тиімді бола ма деген ойдамын. Себебі мәтін есептерді шығаруда оқушылардың жүйелі ойлауы, түсінуі, талдауы әңгімелесуі диалог арқылы орындалады. Құзырлы оқытудың негізгі идеясы оқушы тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруі, түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Әлі де болса осы бағыттағы жұмыстарды жандандырып, «оқушы үніне» баса көңіл бөлу қажет Келесі сабақты жоспарлау үшін қолдана алатындай осы сабақта сынып немесе жеке тұлғалар туралы нені білдім? Сабақтарды осындай әдіс – тәсілдермен өткізу арқылы мен оқушылардың білімді өз бетімен оқып-үйрене алатынына, өзінің оқуы үшін өзі жауапты екендігін сезінетіндігін, қызығушылықтары оянып, белсенділіктері артатындығын, олардың ой еркіндігі дамитындығына көзім жетті. Жалпы оқушылар жаңа тақырыпты сөзбен түсіндіргеннен гөрі тәжірибе, видео арқылы тез меңгеріп кететіндіктерін аңғардым. Оқушыларды өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалау, ойларын жүйелеу, салыстыру, ынталандыру, қызығушылығын арттыру үшін тиімді пайдаланғым келеді. Бірлесіп жұмыс істей білуге, өздігінен шешім қабылдай алуға, білмегенін үйренуге, білгенін ортаға салуға оқушыларды үйреткім келеді. Балаларды өз беттерінше ізденуге, болжауға, ойларын еркін, жүйелі жеткізе білуге дағдыландырғым, белсенділігі мен қызығушылығын арттырғым келеді. Сондықтан да мен, бұл бағдарламаны барлық ұстаздар меңгеріп, барлық мектептерде қолдау тауып, тиімді қолданылуы керек деп ойлаймын. |
Тексердім:
П.Шакенова