Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін анықтау, диагностикалау және оны дамыту жолдары
Презентации
Бұл жоба арқылы мен әрбір тұлғаны қалыптастыруда айналадағы адамдар тарапынан болатын әртүрлі пікірлердің тиімді жақтарын меңгертуді мақсат еттім. Қазіргі уақытта мұндай психологиялық және педагогикалық жұмыстар балабақшалар мен мектептерде, арнаулы жоғарғы оқу орындарында үздіксіз жүргізіледі. Бұл сынып жетекшісі мен психологтың оқушыларға сапалы да тиянақты, жан-жақты білім берумен қатар, үнемі оқушы ұжымымен атқарылған зерттеу жұмыстарын/сауалнамаларды, тренингтерді/ тіркеп отыруы тиіс екендігін көрсетеді. Оқушы ұжымының жағдайын диагностикалау және окушылармен, ата-аналармен талқылау процесінде этикалық талаптардың орындалуы бойынша атқарылатын жүйелі жұмыс жүргізуде мен әр жеке тұлғаның қалыптасу деңгейін көтеруге бағытталған жұмыс жүргізу бағдарламасын дайындау үшін материалдар жинақтадым.