Түскі ұйқыдан кейінгі жаттығулардың маңыздығы

Разное
Түскі ұйқыдан кейінгі жаттығу - бала әрекетіндегі негізгі дене қимыл түрі. Осы жаттығу арқылы балалар дене қимыл-қозғалысын игереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала осы жаттығуда қоғамдық, ұжымдық сипатта болады. Мәселен, кез-келген бала еш уақытта өзі өздігінен жаттығу істемейді, өз қатар құрбыларымен бірге, тәрбиеші жетекшісімен бірлесіп істейді, осы арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасайды.
Шаймуратов Еркебулан Канатович
Содержимое публикации

Түскі ұйқыдан кейінгі жаттығу - бала әрекетіндегі негізгі дене қимыл түрі. Осы жаттығу арқылы балалар дене қимыл-қозғалысын игереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала осы жаттығуда қоғамдық, ұжымдық сипатта болады. Мәселен, кез-келген бала еш уақытта өзі өздігінен жаттығу істемейді, өз қатар құрбыларымен бірге, тәрбиеші жетекшісімен бірлесіп істейді, осы арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасайды.

Түскі ұйқыдан кейінгі жаттығу тек қана дене тәрбиесінде қимылды әрекет ғана істеп қоймай - ол оның жанды тұлғасымен құрайтын, сауықтыру жұмысында көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Түскі ұйқыдан кейінгі жаттығу процесінде балалардың өздері өздерінің дені сау, қимылы ширақ, мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасты анықтайды және реттейтін ереже белгілейді.

Түскі ұйқыдан кейінгі жаттығу - бала үшін нағыз күрес. Егер тәрбиеші жаттығуды кешенді жақсы ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Жаттығу істегенде спорт құрал жабдықтарын мейлінше көбірек пайдаланса, еш қызықшылығын жоғалтпайды, тек жаттығу мазмұны, сипаты өзгереді. Ұйқыдан кейінгі жаттығу бала ағзасының дамуында үлкен рөл ойнайды. Ол бала ағзасының қимыл әрекетіне көп көмегін тигізеді. Түскі ұйқыдан кейінгі жаттығу баланы ұйқыдан оятуға, сергек болуға, физиологиялық түрде көмектеседі Осы арқылы бала көптеген аурулардың алдын алады, өзі сергек те, көңілді жүреді, тамаққа тәбеті артады. Күндізгі ұйқыдан кейін жаттығуларды реттеп, кешенді жаттығулар жиынтығын жасап, тоқсан сайын, жыл мезгіліне байланысты ауыстырып өткізген ыңғайлы. Кешенді жаттығуларға: рефлекторлы жаттығулар, қолға, аяққа және денеге жасалатын пассивті, пассивті-белсенді жаттығуларды қосып жасауға болады. Мысал ретінде алдарыңызда кешенді жаттығулардың жиынтығын айта кеткім келіп отыр.

Балаларды ұйқыдан ояту.

Ұйқыларын ашу үшін тыныс шығару гимнастикасын кереует үстінде жасату.

а) тартылу жаттығуы. «суық-ыстық»

б) тыныс шығару гимнастикасы

Бетке массаж, құлақ ұшын уқалау, аяқ өкшесі мен табанға массаж

уқалау жаттығулары.

Арнайы массаждық кілемшелерде жүргізу (бұл баланың жалпақтабандылығын алдын ала емдеу)

Жүгіру жаттығулары.

Сумен шынығу жұмысын жүргізуге болады.

Енді осыларға жеке тоқталып өтсек, түскі ұйқыдан кейінгі уақытта негізгі жаттығутыныс шығару гимнастикасы болып табылады. Осы гимнастиканы жүргізуді А.Е.Арапелянның тәжірибесін, Стрельниковтың кешенді тыныс шығару гимнастикасын қолдануға болады. Күндізгі ұйқыдан соң, бала көрпе астында жылынып жатқандықтан, төсектен тез тұрып кетпеуін тәрбиеші қадағалау керек. Кереуетте жатып та осы тыныс шығару гимнастикасынан әр түрлі жаттығу түрлерін жасап, ұйқысын ашуға болады. Тыныс шығару гимнастикасы ішкі ағза жұмыстарының жақсы жұмыс істеуіне, қан-тамырларының қалыпты жұмыс жасауына көп көмегін тигізеді. Осыдан кейін жалаң аяқпен жаттығу жүргізіледі, жалпы дамыту жаттығуларынан сапқа тұру, шашыратып жіберу және қайта сапқа тұру жаттығулары, музыка әуенімен би қимылдарын қолдануға болады.

Нүктелі массажға тоқталатын болсақ, кез-келген дәрігер құлақ жарғағының ұшы арқылы бала денсаулығының қай деңгейде екенін, шынықтырумен қаншалықты шұғылданатынын айта алады. Бұрыннан белгілі, құлақ ұшы – рефлексогендік аймақ, ол ішкі ағзаның көптеген жүйесімен тығыз байланыста, сондықтан құлақ ұшын уқалауды қолдана отырып, шынықтыруда тағы басқа алдын ала емдеу шараларын жүзеге асырады. Осы жағдайда жүйелі, мазмұнды түрде жаттығудың нәтижесі түскі ұйқыдан кейінгі айтарлықтай болады: балалар сергек, дені сау, мықты болып өсуіне бірден-бір әсерін тигізеді.

Нүктелі массажында, өкше массажын да әртүрлі жаттығулар қолданылады. Мысалы: аяқ ұшымен қол орамалды еденнен көтеру, аяқ табанын гимнастикалық таяқшамен ары - бері сырғанату, тікенді кілемшелермен жүргізу, тұмау ауруы кезінде дәрігердің көмегімен бетте және қолдағы биоактивті нүктелермен массаж жүргізу.

Ұйқыдан тұрған соң жалаң аяқпен жүргізу керек. Жалаң аяқпен жүру ұзақтығы 2- 5минуттан аспауы тиіс. Жалаң аяқпен жүру түрлі тамақ аурулары, қанның миға құйылуына байланысты бас ауруларына бірден - бір ем. Жағдай болса жалаң аяқ жүруді серуенге шыққанда құм үстінде 3-15 минут жүргізуге болады. Бұндай жағдай аяқ ұлтанында емнің тиімділігі бірнеше есе арта түседі. Сол сияқты құм болмаса, бөлме ішінде тұз себілген кілемше үстінен жүргізудің ем-домы бар. Жалаң аяқпен жүргізуде Рижтық әдіспен шынықтыру мектепке дейінгі жастағы балаларға қолдану өте тиімді.

Тікені бар резеңке кілемшенің үстіне 10% ас тұзы ерітіндісімен

(1 шелек суға 1 кг тұз) суланған жұқа төсеніш төселіп, бала соның үстімен

5-7 секундтан 16 секундқа дейін бір орында адымдап тұрады. Осыдан кейін таза , құрғақ кілемшеге барып 15 секунд сонда адымдап жаттығу істеп, осыдан кейін ғана қолын, бетін, мойнын сумен шайып жібереді. Ортаңғы топтан бастап ауыздарын йод-тұзды ерітіндісімен (1 литр суға 1ас қасық тұз бен 3-4 тамшы йод) шаяды. Су бөлме температурасымен сәйкес болуы керек. Осындай әдісті ата-анаға түсіндіріп, таңертең ұйқыдан тұрған соң да істетуге болады. Ұйқысы қанған бала осы кешенді жаттығуларды дұрыс қолданса, баланың бойы сергиді, көңілі көтеріледі, тамақты тәбеттене жейді, қабілеті артады. Шынықтыру жұмыстарын басқа түрлерінде қолдануға болады. Мысалы: тікенді резеңке кілемшеде, қабырғалы тақтайда, түймелі кілемшеде, еденде жалаң аяқпен жүру жаттығуларының элементтері тікелей жалпақтабандылықтың алдын ала емдеу шараларына байланысты жүргізіледі.

Түскі ұйқыдан кейінгі жаттығу тек қана баланың дене қимылын нығайтумен ғана жұмыс істемей, олардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға, айналамен танысуға, қоршаған ортаны танып білу ұғымдарын қалыптастыруға, білімді меңгертуге көмектеседі. Олар табиғат құбылыстары, транспорттың, жан-жануарлардың алуан түрлерін дыбыстап салуға, ертегілердің кейіпкерлерінің қимылын көрсетеді. Бұл жаттығуларда баланың дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады.

Түскі ұйқыдан кейінгі жаттығуды күнделікті жүйелі түрде ұйымдастырылып жүзеге асып отырса, баланың дем алу жүйесі, жүрек-қан тамырларының жұмыс істеуі жақсарып, ағзаның жұмыс істеу қабілеті өседі. Гимнастика көмегімен тәрбиеші балалардың бұлшық еттің қатаюына, дербес жұмыс істеуіне көмегін тигізеді.

Тәрбиешілер мен ата-аналарға берер кеңесіміз:

Алдарыңыздағы тәрбиеленушілердің үнемі сергек сезінуін, денсаулығының мықты болуы, ауырмауы, ұзақ жасауы үшін мынадай шарттарды сақтау қажет.

дұрыс тамақтану;

тұрақты түрде дене жаттығуларын жасату;

сезімі мен көңіл күйің бақылап, реттеп отыру.

дер кезінде тынықтырып, дем алдырту.

денені үнемі тазартып отыру.

Енді сіздермен бірге, бір мезгіл бала болып осындай ұйқыдан тұру сәтін көрсетіп жіберейік. Бұл ұйқыдан оятуды саз жетекшісі Рахметова Алмагүл Ануарбекқызы шығарған. Осыны біздің тәрбиешілеріміз өз жұмыстарында қолданып жүр деп айта аламыз. Алдарыңызда таратылған парақшадан қарап, менімен қайталап көрсетіңіздер. Музыка баяу ойналады, бізде баяу қимылмен көрсетеміз.

Жайлап көзді ашайық. (көзімізді жайлап ашамыз)

Бетімізді басайық. (массаждық қимылмен шекемізден бастап, көздің айналасын, мұрын үстін, иегімізді айналдыра басып шығамыз)

Керілейік оң жаққа. (оң жаққа қарап керілеміз)

Керілейік сол жаққа. (сол жаққа қарап керілеміз)

Уқалаймыз құлақты. (құлақ ұшын уқалаймыз)

Ұстап қолмен мұрынды. (мұрынды қолмен ұстаймыз)

Айналдырайық оң жаққа. (мұрын ұшын оң жаққа қарай айналдырымыз)

Айналдырайық сол жаққа. (мұрын ұшын сол жаққа қарай айналдырамыз)

Дем созайық, босатайық. (ішімізді ұстап терең дем аламыз да, босатамыз)

Тыныс жолын ашайық. (қолымызды кере жылан сияқты тынысымызды сыртқа шығарамыз. Екі рет қайталаймыз.

Ұйқымыздан арылдық.

Кереуетті қалдырып,

орнымыздан тұрайық. (жаймен кереуеттен тұрамыз).

Рахмет, бала да болып, мына өмір сахнасында уайымымыз жоқ болып жүре берейік. Енді бір сәт, сіздер күні бойы шаршағанды басу үшін, жүйкені орнына келтіру үшін мына кешенді жаттығуды ұсынғым келіп отыр.

Кешенді жаттығу. «Егер де жүйкеңіз жұқарса...»

Орындықта отырып, орындықтың екі жағынан ұстаймыз. Осылай 6 рет кеудені көтеріп, жоғары-төмен көтеріліп, тартыламыз. Жаттығу біткен соң, қолымызды босатып, денені қалыпты жағдайға келтіреміз.

Қолды айқастыра мойнымызды ұстаймыз. Қолымызды мойнымызға батыра күш түсіріп, қарсылық көрсетеміз. 10рет қайталанады.

Қолды бос жіберіп, төбеге бір нүктеге қарап тұрып, ішімізден 10 рет санаймыз. Басымызды төмен түсіргенде терең тыныс алып, демімізді жаймен шығара отырып, қалыпты жағдайға келеміз.

Әрбір саусағымызды жеке - жеке уқалаймыз. Әйел адамдар оң қолынан бастаса, ер адамдар сол қолынан бастайды.

Ішке ауаны жұтуда ішімізден 6 рет санаймыз, ауаны іште 1-2секунд ұстап, сыртқа шығарғанда 12 рет санаймыз. 3 рет қайталанады. Міне, кішкене болса да, шаршағандарыңызды ұмытып, көңіл - күйлеріңіз көтеріңкі болады.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен-көп рахмет.

Ұйқымыздан тұрайық.

Авторы: Рахметова А.А

Жайлап көзді ашайық. (көзімізді жайлап ашамыз)

Бетімізді басайық. (массаждық қимылмен шекемізден бастап, көздің айналасын, мұрын үстін, иегімізді айналдыра басып шығамыз)

Керілейік оң жаққа. (оң жаққа қарап керілеміз)

Керілейік сол жаққа. (сол жаққа қарап керілеміз)

Уқалаймыз құлақты. (құлақ ұшын уқалаймыз)

Ұстап қолмен мұрынды. (мұрынды қолмен ұстаймыз)

Айналдырайық оң жаққа. (мұрын ұшын оң жаққа қарай айналдарымыз)

Айналдырайық сол жаққа. (мұрын ұшын сол жаққа қарай айналдырамыз)

Дем созайық, босатайық. (ішімізді ұстап терең дем аламыз да, босатамыз)

Тыныс жолын ашайық. (қолымызды кере жылан сияқты тынысымызды сыртқа шығарамыз. Екі рет қайталаймыз.

Ұйқымыздан арылдық.

Кереуетті қалдырып,

орнымыздан тұрайық. (жаймен кереуеттен тұрамыз).

Кешенді жаттығу. «Егер де жүйкеңіз жұқарса...»

Орындықта отырып, орындықтың екі жағынан ұстаймыз. Осылай 6 рет кеудені көтеріп, жоғары-төмен көтеріліп, тартыламыз. Жаттығу біткен соң, қолымызды босатып, денені қалыпты жағдайға келтіреміз.

Қолды айқастыра мойнымызды ұстаймыз.Қолымызды мойнымызға батыра күш түсіріп, қарсылық көрсетеміз. 10рет қайталанады.

Қолды бос жіберіп, төбеге бір нүктеге қарап тұрып, ішімізден 10 рет санаймыз. Басымызды төмен түсіргенде терең тыныс алып, демімізді жаймен шығара отырып, қалыпты жағдайға келеміз.

Әрбір саусағымызды жеке - жеке уқалаймыз. Әйел адамдар оң қолынан бастаса, ер адамдар сол қолынан бастайды.

Ішке ауаны жұтуда ішімізден 6 рет санаймыз, ауаны іште 1-2секунд ұстап, сыртқа шығарғанда 12 рет санаймыз. 3 рет қайталанады.

Комментировать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ бесплатно!
Подробнее
Также Вас может заинтересовать
Физическое воспитание
Планирование по физическому воспитанию для 1 класса «Рабочая программа по физической культуре»
Физическое воспитание
Разное по физическому воспитанию для дошкольников «Физкультурно-оздоровительная технология «Сенсорное воспитание»»
Физическое воспитание
Физическое воспитание
Конспект занятия по физическому воспитанию для «Оздоровительный флешмоб "ЙогаДома"»
Комментарии
Добавить
публикацию
После добавления публикации на сайт, в личном кабинете вы сможете скачать бесплатно свидетельство и справку о публикации в СМИ.
Cвидетельство о публикации сразу
Получите свидетельство бесплатно сразу после добавления публикации.
Подробнее
Свидетельство за распространение педагогического опыта
Опубликует не менее 15 материалов и скачайте бесплатно.
Подробнее
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и скачайте рецензию бесплатно.
Подробнее
Свидетельство участника экспертной комиссии
Стать экспертом и скачать свидетельство бесплатно.
Подробнее
Помощь