Конспект урока "Химиялық реакциялардың теңдеулерін құру "

Конспект занятия
Барлық оқушылар: Оқушылар зат массасының сақталу заңы негізінде химиялық теңдеулерді құра біледі . Оқушылардың басым бөлігі: Химиялық реакция кезінде зат массасының сақталатындығын біледі, тәжірибе жүзінде реакцияға түсетін заттардың арақатынасын анықтай алады. Кейбір оқушылар: Химялық теңдеулер алгоритімін құра біледі, әрекеттесуші заттардың атом сандарын сақтай отырып, химиялық реакцияларды теңестіре алады.
Битабарова Хадиша Исабековна
Содержимое публикации

Тақырыбы: Химиялық реакциялардың теңдеулерін құру

Сынып:8

Қатысқан:Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

8.2.3.4 эксперимент жүзінде әрекеттесетін заттардың арақатынасын анықтау

8.2.3.5 реакцияға қатысқан әрбір заттың формуласын жазу арқылы химиялық реакцияның схемасын құрау

8.2.3.6затмассасының сақталу заңына сүйеніп, реакция теңдеулерін теңестіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:Оқушылар зат массасының сақталу заңы негізінде химиялық теңдеулерді құра біледі .

Оқушылардың басым бөлігі:Химиялық реакция кезінде зат массасының сақталатындығын біледі, тәжірибе жүзінде реакцияға түсетін заттардың арақатынасын анықтай алады.

Кейбір оқушылар: Химялық теңдеулер алгоритімін құра біледі, әрекеттесуші заттардың атом сандарын сақтай отырып, химиялық реакцияларды теңестіре алады.

Табыс критерийлері

химиялық реакция теңдеулері туралы ұғым қалыптасады.

химиялық реакция теңдеуін жазады

химиялық реакция теңдеуін жазып теңестіреді, сипаттайды

Тілдік мақсат

Оқушылар: Оқушылар химиялық теңдеулерге қатысты сұрақтарды түсіне және жауап бере алады, оларды қалай теңестіретіндіктерін түсіндіре алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Химиялық теңдеу, атомдар,теңдеудіңсол/оңбөлігі, теңдеулерді жазу, бірдей, сақтау

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар: Неліктен химиялық теңдеу дейді?

Бұл реакцияны қалай теңестіреді?

Сіз неліктен, бұл бөлікте х атомдар у бар, сондықтан басқа бөлікте де атомдардың осындай саны болуы тиіс екенін айта аласыз ба?

Жазылым бойынша ұстанымдар: химялық теңдеулер алгоритімін құра білу

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша толық орындауда, бір-бірінеқолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Физика мен математика

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы.

Алдыңғы оқу

Қосылыстар мен қоспаларды түсіну

Атомдық массаға қатысты қарапайым формулаларды білу

Қосылыстар формуласын жаза білу

Жоспар

Жоспар-ланған уақыт

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)

Ресурстар

Басы

Шеңбер болып тұрып бір-біріне химиялық тілек айтады.

Оттектің қуатын тілеймін

Фосфордың жарығын тілеймін

Азоттың өміршеңдігін тілеймін

Полонийдің ыстық жүрегін тілеймін

Висмуттай ақ бол

Сурьмадай пәк бол

Қорғасындай салмақты бол

Мінезің мыстай майысып,

Сынаптай сырғып кетпесін.

Шаштарың қара көмірдей,

Мүсінің құйған темірдей болсын.

Асыл металдар алтын, күміс, платинаның асылдығын тілеймін

Сілтілік металдар литий, натрий, калийдің белсенділігін тілеймін,

Барлық элементтердің энергиясын тілеймін

Топқа бөлу: химиялық ыдыстар құты мен стақан суреттерін таңдау арқылы «өнім», «реагент» деп екі топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын сұрау: Зат құрамының тұрақтылық заңын топтастыру стратегиясы бойынша айтады.

1-топ: «Реагент»

19 ғасырда ғалымдар Бертолле мен Жозеф Луи Пруст арасында зат құрамы тұрақты ма, жоқ ауыспалы ма деген ғылыми қарама-қайшылық болды. Бұл қарама-қайшылықта Пруст жеңді. Әрбір күрделі заттың алыну тәсіліне, кездесетін жеріне қарамастан құрамы тұрақты болады. Мысалы:

Адамдар және жануарлар тыныс алатын оттектің құрамы О2;

Ауаның құрамындағы оттектің құрамы О2;

Еріген судағы оттектің құрамы О2;

Әр елде әр түрлі тәсілдермен алынған оттектің құрамы тұрақты болады.

2-топ: «Өнім»

Заттың құрамын оның молекуласындағы атом сандарының және массаларының қатынастары арқылы сипаттайды. Мысалы, СО2 молекуласы үшін элементтердің қатынасы m(C):m(O)=3:8

Мысалы:

Адамдар тыныс алғанда көмірқышқыл газы СО2 бөлінеді;

Отын жанғандакөмірқышқыл газы СО2 бөлінеді;

Кейбір күрделі зат айырылғанда түзілетін көмірқышқыл газдарының құрамы тұрақты массаларының қатынасы m(C):m(O)=3:8 болады.

Француз ғалымы Жозеф Луи Пруст 1799-1806 жылдары әр түрлі қосылыстардың құрамын зерттей келе, мынадай тұжырым жасаған: Химиялық таза заттың құрамы алыну әдісі мен алыну көзіне қарамай тұрақты болады.

1. Химиялық формула дегеніміз не?

2.Химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қасиеті.

3.Тұрақты валенттік, ауыспалы валенттік ұғымдарына түсінік бер.

4. Бір заттың екінші бір затқа айналуы

5. Химиялық реакцияның белгілері

Топтарбірін бірі бағалайды

Жауап толық түсінікті.

Толықтыруды қажет етеді.

Түсініксіз болды.

Интерактивті тақта

Ортасы

Жаңа сабақ: оқушыларға тақырыпты өз беттерімен оқып, топта талдап, постер құрады.

1 топ

2 топ

Химиялық реакция теңдеуі дегеніміз– химиялық реакцияны химиялық таңбалар және химиялық формулалар арқылы шартты түрде жазу.

есеп шығару (оқушыларды жұппен тақтаға шығару арқылы есеп беру)

1 жұп:

азот пен оттегін әрекеттестір: 2N2+3O2=2N2O3

2 жұп:

Фосфор мен оттегін әрекеттестір: 4P+3O2=2P2O3

3 жұп:

Мыс пен оттегін әрекеттестір: 2Cu+O2=2CuO

4 жұп: темір мен оттегін:          Fe +O→FeO

топпен жұмыс ( оқушыларды фигуралар арқылы топқа бөлу, электронды тақтада көрсетілген есептерді топпен орында отырып шығару, шығарғандарын екі топ бір-біріне беріп тексеру)

реакция теңдеулерін жазып, коэффициенттерін қойып теңестір.

1 топ:

Калий және оттегі                  2K+O2→ 2K2O

Фосфор (V) және оттегі        4P +5O2→2P2O5

Күкірт (VI) және оттегі         S+O2→SO2

2 топ:

Натрий және оттегі            4Na + O2→2Na2O

Магний және оттегі           2Mg +O2→2MgO

Күкірт (IV) және оттегі      2S+3O2→2SO3

5.сергіту сәті

Постер қорғайды. Топтар бірін-бірі екі жұлдыз бір тілек әдісі арқылы бағалайды.

1.І –ІІ топқа

- Неліктен химиялық реакция теңдеулері деп аталады?

-Химиялық реакция теңдеулері алгоритімі қалай жазылады?

Оқушылар А2 қағазға теңдеуді жазады.

«Химиялық теңдеулер, зат массасының сақталу заңы» тақырыбы мәтінімен топтық жұмыс жүргізе отырып, талдау жасап, негізгі мәліметтерді топтастыру арқылы оқулықтағы мәтінді игереді.

Екеуара бірлескен жұмыс

...+І2=АlI2 …+Br2=AlBr3

Fe+…=FeCl3 S+…=SO3

Ba+…=BaO Cu+ …= Cu2O

2. Темір күкіртпен, алюминий мен күкірт әрекеттесу тәжірибесі көрсетіледі. Оқушыларға тапсырма . Осы тәжірибенің реакция теңдеуін жазу. (әр топтан бір-бір оқушыдан келіп тақтаға жазады.)

Зат массасының сақталу заңын пайдаланып, химиялық реакциялардың теңдеулерін жазады.

Реакция теңдеулерін химиялық формулалар арқылы түрлендіріп жаз.

А) натрий +хлорнатрий хлориді

В) темір +азот қышқылы темір нитраты +сутек

С) магний оксиді + тұз қышқылы магний хлориді + су

(химиялық теңдеудің құрамдас бөліктері Коэффицент,индекс, реагент, өнім сипаттап жазады)

Сөзбен жазылған химиялық реакция теңдеулерін формуламен түрлендіріп жаза алады.

Сіздің ойыңызша химиялық реакция теңдеулерін төмендегі алгоритім бойынша жүргізген дұрыспа? Неліктен?

1) реакцияға түсетін зат формулаларын жазу

P + O2

2) реакция нәтижесінде түзілетін зат формуласын жазу

P + O2 → P2O5

3) оң және сол жақтағы атом сандарын теңестіре отырып, коэффиценттерін қою

10

P + O2 →P2O5

4)жалпы атом сандарына бөле отырып, атом санын табу

10

10:2=5 10:5=2
P + 5O22P2O5

5)Басқа атомдарды теңестіру

4 P + 5O2=2P2O5

Ойлан, тап (химиялық реакция теңдеулеріндегі қажетті заттардың формуласын  қойып, коэффициенттерін жазыңдар )

+O2→CuO2                            2Cu + O2→2CuO

+ … →Na2S                  2Na + S→Na2S

+CI2→ZnCI2                         Zn + CI2→ZnCI2

           2топ:

+ O2→Fe2O3                    4Fe +3 O2→2Fe2O3

+… →KBr                 2K+Br2→2KBr

+ CI2→AICI3                    2AI + 3CI2→2AICI3

Сергіту сәті:«Атомдар мен молекулалар» әдісі

Жүргізуші «атомдар» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, «молекулалар бесеуден» немесе «молекулалар

үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады.

Мұғалім реакция теңдеулері туралы ұғымды толық таныстырады.

Флипчарт

маркер

Соңы

Білімді бекіту: есептер шығару. Смайлик арқылы бағалау

Берілген жұп заттар әрекеттескенде жүретін химиялық реакция теңдеуін аяқтаңдар:

Сu + О2=

Na + Cl2 =

К+P =

Mg + О2=

Химиялық теңдеулерді теңестіріңдер

І топ

K + Cl2 = KCl

Ba + O2 = BaO

Ag + S = Ag2S

Al + Cl2 =AlCl3

P + O2 = P2O5

ІI топ

K+О2 = K2O

Ca+O2 =CaO

Na + S = Na2S

Fe + Cl2= FeCl3

P + O2 = P2O3

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Неліктен химиялық реакция теңдеулері деп аталады?

-Химиялық реакция теңдеулері алгоритімі қалай жазылады?

Бұл сұрақтар төңірегінде топтар Постер құрып бір-біріне сабақты түсіндіруге тырысты кейбір оқушылар топтық жұмыста белсенділік таныта алмады.

Сөзбен жазылған химиялық реакция теңдеулерін формуламен түрлендіре алуы

Тәжірибе жүргізу, тәжірибенің реакция теңдеуін жазу- жаттығуларын орындау барысында кейбір оқушылар әліде химиялық элемент таңбаларын білмейтіндігін байқадым, жаттықтырғышпен көбірек жұмыс істеу керектігін түсіндім.

Үйге тапсырма беру:§15 оқу. №7-8 есеп 42 бет.

Рефлексия

«Бес саусақ» әдісі.

Бас бармақ-не үйрендім?

Балан үйрек не білгім келеді?

Ортан терек-кімге көмектестім?

Шылдыр шүмек-көңіл күйім

Кішкентай бөбек-неден қиналдым?

Интерактивті тақта, смайлик, стикер

Қосымша мәліметтер

Саралау

(Дифференциация) –оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пән-аралық байланыс

-Сөзді іздеуге тапсырма қабілеті төмен оқушылар үшін мына есеппен жұмыс жасау.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен табыс критерийлері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Жеке және жұптық жұмыстар орындай отырып қорытынды жасайды.

Формативті деңгейлік жаттығулар орындау

Жоспарыма қандай өзгерістер енгізді және неге?

Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі нәрсені көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

1.

2.

Комментировать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ бесплатно!
Подробнее
Также Вас может заинтересовать
Комментарии
Добавить
публикацию
После добавления публикации на сайт, в личном кабинете вы сможете скачать бесплатно свидетельство и справку о публикации в СМИ.
Cвидетельство о публикации сразу
Получите свидетельство бесплатно сразу после добавления публикации.
Подробнее
Свидетельство за распространение педагогического опыта
Опубликует не менее 15 материалов и скачайте бесплатно.
Подробнее
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и скачайте рецензию бесплатно.
Подробнее
Свидетельство участника экспертной комиссии
Стать экспертом и скачать свидетельство бесплатно.
Подробнее
Помощь