Ұйымдастырылған оқу қызметінің
№ 8 технологиялық картасы
Өткізген:Кузеубаева Ж.Ж.
Өткізу мерзімі: 20.10.2020ж
Топтың жас ерекшілігі: № 10 мектепалды даярлық тобы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі:ҚМҰҚ
Тақырыбы: Салмақ туралы түсінік. Қарама-қарсы көрсет-кіштерде (алақандарда) заттардың салмағын салыстыру.
Мақсаты: Балалардың салмақ туралы түсініктерін қалыптастыру
Міндеттері:БМ: Балаларды таразымен, салмақты өл-шеу бірлігімен таныстыру. Салмақты алақандарда және судың көмегімен салыстыруды үйрету. 3-ке дейін санау-ды бекіту
ДМ: Математикалық тілдерін, ойлағыш-тық белсенділіктерін дамыту.
ТМ:Басқа балаларды тыңдау іскерлік-терін тәрбиелеу, оқуға деген жағымды ынталарын қалыптастыру.
Қолданатын құрал - жабдық: жұмыс дәптері, көркем суреттер
Сөздік жұмыс:таныстыру, көрсету, жазу жұмыстары
Қөптілдік компонент: ауыр – тяжелый –heavy, жеңіл – легкий –easy
Қызметтің кезеңдері | Тәрбиешінің іс - әрекеті | Балалардың іс - әрекеті |
Мотивациялық – қозғаушылық | Тәрбиеші бөлмеге үлкен рюкзакты алып кіреді және оны әрең көтеріп келе жатқандай ауыр қозғалады. Содан соң екінші кішкентай рюкзакты алып келеді. Оның жеңіл екенін байқатады. Содан соң балалардан сұрайды: «Бұл рюкзактар туралы не айтуға болады?» | Балалар Тәрбиешінің қимылын бақылап отырады. Өздерінің салмақ туралы пікірлерін білдіреді. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Тәрбиеші балалардың жауаптарын нақтылауға тырысады: үлкен рюкзак ауыр, ал екінші кішкентай рюкзак жеңіл. - Балалар, бүгін біз заттарды салмағына (массасына) қарай салыстырамыз. Біз оны анықтау үшін қолданылатын сөздермен (ауыр және жеңіл) танысамыз. Қөптілдік компонент: ауыр – тяжелый –heavy, жеңіл – легкий –easy Содан соң бөлмеден ауыр және жеңіл заттарды табуларын сұрайды. Сол арқылы балалардың салмақ туралы түсінік деңгейін анықтайды. - Суреттерді мұқият қарап шығыңдар. Кәне, бәріміз бірге онда бейнеленген оқиғаны суреттеп көрейік. Балалармен спорттың пайдасы мен үлкендерге көмектесу қажеттігі туралы шағын әңгіме-дүкен құруға болады. Кестеге ауыр және жеңіл заттарды жапсырыңдар. - Сол жақтағы заттар қандай заттар? Неге? Оң жақта ше? - Ауыр рюкзак көтергендей, содан соң жеп-жеңіл рюкзакпен жүгіріп келе жатқандай қимылдар жасауға болады. - Балалар, заттың салмағын қандай құралдың көмегімен салыстыруға болады? Кім біледі? Қарапайым таразымен таныстырады. Балаларға қарапайым таразының өзін немесе таразының суреті салынған плакатты көрсетеді. - Табақтың қайсысы төмен түседі? Ауыр зат тұрған жағы ма, әлде жеңіл жағы ма? Таразыарқылы қайсысы ауыр екенін анықтаңдар? Суреттерді көрсетеді немесе таразының табақтарына жануарларды салады (түсінікті болу үшін бір-біріне салмағы қарама- қарсыларын салу қажет). - Бұл тапсырмада ыдыс-аяқтардытостағандар мен тәрелкелер деп жіктеу қажет. - 2 зат дегеніміз екі тәрелкені немесе бір тәрелке мен бір тостаған дегенді білдіруі мүмкін. | Сөздерді қайталайды. Ауыр және жеңіл заттарды атап көрсетеді. Суретте не бейнеленгенін сипаттайды және себебін түсіндіреді. Тиісті жапсырмаларды тауып, жапсырады. Сұрақтарга жауап береді: салмағы жағынан салыстыру үшін затты көтеріп, қолға салып көреміз немесе таразыга салып өлшейміз. - таразы Таразының қай жағы басым болса, сол жағында ауыр зат жатыр деген сөз. |
Рефлексиялық- түзетушілік | -Қандай жаңа сөздер үйрендік? Салмақты қалай таптық? Қолға салып анықтадық. Көлемі бойынша: үлкен - ауыр, кішкентай - жеңіл болады (бірақ бұл белгінің бүрыс болатын кездеріде болады. | Сабақты қорытады. Дәптерге орындалған тапсырманы көрсетеді. Үстел үстін реттейді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:заттың салмағын сипаттайтын «ауыр - жеңіл», «ауырлау - жеңілдеу» сөздері;
Игереді:заттың салмағын қарапайым таразының көмегімен, «қолмен» өлшеу, заттың көлемі мен оның салмағының бір-біріне бағыныштылығы (біртектес заттар туралы сөз болғанда) туралы түсінік;
Меңгереді:заттардың салмағын қолмен, көзбен, қарапайым таразының көмегімен анықтау; сөз арасында «ауырлау - жеңілдеу» деген сөздерді пайдалану
Тексерді:
Ескерту:
Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар: