8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 15. Бөкей хандығының құрылуы Жәңгір хан.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Бөкей ордасындағы 1836-1837 ж. көтеріліс алдындағы саяси және шаруашылық дамуға баға беру, ордада жүргізілген өзгерістерге Жәңгір ханның тікелей әсерін ашу;
Б) Дамытушылық:Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, басты оқиғаны көресете білуге, жеке тұлғаға баға беруге, оның істеріне талдау жасауға баулу;
Ә) Тәрбиелік: Өз халқына деген мақтаныш сезімін ояту, адамгершілік тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру,сұрақ – жауап
Оқытудың технологиясы: проблемалық оқыту технологиясы
Сабақтың көрнекілік:
А)карта
Ә)сызба
Б)сабаққа қажетті құрал жабдықтар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Білім дағдыларын тексеру
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Жаңа сабақ
Үйге тапсырма.
Үй тапсырмасын сұрау:
Билер, билер соты және олардың жергілікті тұрғындар өмірінде қандай рөл атқарды?
Қазақтарда жазаның қандай түрлері қолданылды?
Барымта дегеніміз не?
Қуәлер қалай тағайындалды?
Патша үкіметі қазақтардың дәстүрлі билер сотына қатысты қандай саясат ұстанды?
Жаңа сабақ жоспары:
Қазақтардың Жайықтың оң жағына өтуінің негізгі себептері. Ресей патшасы І Павелдің 1801 ж. 11 наурыздағы жарлығы.
Жәңгір хан.
Аймақтың әлеуметтік - экономикалық, саяси дамуындағы өзгерістер.
Жәңгір ханның мәдени - ағартушылық қызметі.
Бөкей хандығының Қазақстан тарихындағы орны.
1801 жылы Еділ мен Жайық аралығына Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі көшіп барады. 1812 жылы онда Бөкей хандығы құрылып , ол 1845 жылға дейін өмір сүреді. «XVIII ғ. Қазақ хандығы» картасын пайдалана отырып, оқушыларға қазақтарды Жайықтың оң жағына өтуге мәжбүр еткен оқиғалар жөнінде айтып беру. Және осы тұста патша үкіметінің қазақтар жөніндегі ұстанымын айта кету. Сонан соң Бөкей хандығының басқару құрылымының ерекшеліктеріне жан -жақты тоқталу, Жәңгір хан билекке келгеннен кейінгі өлкедегі саяси, әлеуметтік - экономикалық дамуы және оқулық пен хрестоматиядағы материалдар негізінде ханның жеке басы жөнінде әңгімелеп беру. Қосымша әдебиеттерді пайдалану негізінде оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттыру.
№1 тапсырма:
Оқулықтың 99-100 беттеріндегі мәтінді оқыңдар және қазақтардың Жайықтың арғы жағына өтуінің негізгі себептерін анықтаңдар.
Сендер қалай ойлайсыңдар, Ресей үкіметі неліктен өзінің ішкі аумағында мемлекеттік құрылымның орнауына жол берді. (Ресей қандай мақсат көздеді.)
№2 тапсырама.
Картадан Ішкі Орданың аумағын көрсетіңдер, халқының санын, хан ордасының орналасқан жерін анықтаңдар.
Жаңа мемлекеттік білім беру мәртебесі жөнінде әңгімелеңдер.
№3тапсырма
Әр түрлі дерек көздерінен алынған ақпараттарға сүйене отырып, кесте құраңдар. Онда халықтың экономикасындағы, басқару құрылымындағы, өмірі мен тұрмысындағы, мәдениетіндегі өзгерістерді көрсетіңдер.
№4 тапсырма:
«Мәдени-ағартушылық миссия» терминының мәнін ашыңдар. Параграфты оқып шығып, Жәңгір хан оқу ағарту, денсаулық, мәдениет, дін салалары бойынша қандай шаралар өткізгені туралы жұмыс дәптерлеріне жазыңдар.
Жәңгір хан мына салаларда іс-шара атқарды | |||
Ағарту ісі | Денсаулық | Мәдениет пен дін | Экономика |
Тақырыпты бекіту: тақырыптың соңындағы сұрақтарды талқылау.
Сұрақ:
Қазақтардың Жайықтың оң жақ жағалауына көшіуінің себеттерін атап беріңдер?
Жәңгір хан туралы әңгімелеп беріңдер?
Жәңгір хан басқарып тұрған жылдары қандай өзгерістер болды?
Жәңгір хан қазақтардың экономикалық, қоғамдық және рухани өмірінде қандай рөл атқарды?
Жаңа сабақты ситуациялық тапсырманы оқушылар орындалуымен қортындылады: (тренинг пікір сайыс түрінде жалғасады)
№1 тапсырма. «Кімдікі дұрыс» 3 мин.
Екі оқушы Жәңгір ханға екі мінездеме береді.
Үйге тапсырма:
Кестені толтырып, онда Жәңгір хан жүргізген шаралардың жағымды және жағымсыз жақтарын көрсетіңдер.
Жәңгір хан жүргізген шаралар | ||
Жағымды | Жағымсыз | |
Мына терминдердің мәнін анықтаңдар (сөздікпен жұмыс):
«Бөліп ал да, билей бер» принципі, автономия, салық, мал басынан алым алу, аренде (жалға беру), жеке меншік, жер иелену түрі, жәрмеңке, алым-салық, зайырлы мектеп.
Мысалы:
Мешіт – мұсылман қауымының намаз оқуға жиналатын, Аллаға сиынатын орны.
Зайырлық – діни емес, азаматтық өмір салты.
М.Мақатаев атындағы 19 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Сабақтың тақырыбы: § 15. Бөкей хандығының құрылуы.
Қазақстан тарих.
8- сынып.
Пән мұғалімі:
Ешімбетова Ш.С
2013 жыл