Тақырыбы: Мен мемлекеттік тілде сөйлеймін.
Сабақтың мақсаты:
1. Мемлекеттік тіл туралы жалпы мәлімет беру.
2. Тіл туралы мақал — мәтелдер, нақыл сөздер айтқызу, оқушылардың ойлау белсенділігін, ой — өрісін, сөздік қорын молайту.
3. Мемлекеттік тілге қызығушылық тудыру, құрметтеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Нақыл сөздер арқылы оқушылар тілдің қадірін түсіне алады, топпен жұмыс істей алады. Сөз қорын байытады.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, жұптық жұмыс
Көрнекіліктер: бағалау жұлдыздары, флипчарт, фламастерлер, стикерлер
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды тексеру, ай, күн, аптаны сұрау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
27 бет 8-тапсырма. Мәтіннен көптік және тәуелдік жалғаулы сөздерді тіркескен сөздерімен теріп жазып,
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ынталандыру сәті.
«Достық» видео ролик
Кіріспе сөз.
Құрметті оқушылар, жиылған қауым сіздерді бүгінгі тілдер мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге ден саулық, шығармашылық табыс тілеймін.
Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы – сөздік қор әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға қалып отыратын баға жетпес мұра.
Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі — тіл, бірі — ділің жүректегі.
Тіл – елшінің қылышы, тіл қылыштан да өткір.
Елдіктің өзегі – білік, кілті – тіл, қадір-қасиеті – кісілік.
Жүсіп Баласағұн
Игі істің басы – тіл,
Тәрбие басы – тіл.
Махмуд Қашқари
Әдеп басы — тіл.
Ердің жүзін күйдіретін нәрсе –– тіл.
Ахмет Йүгінеки
Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгін не туралы өтеміз?
(Оқушылар жауап береді.)
1-тапсырма. Сөйлесейік
1.Сіз қай елде тұрасыз?
2.Ол қандай мемлекет?
3.Қазақстан көп ұлтты ел ме?
4. Сіздің ұлтыңыз кім?
5. Сіз үйіңізде қай тілде сөйлейсіз?
6. Ал басқа тілдерде сөйлей аласыздар ма?
7. Өз оқу мекемеңізде сіз қай тілдерді оқып жүрсіз?
8. Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?
9. Мемлекеттік тілде сөйлей аласыз ба?
10. Қазақша түсінесіз бе?
11. Қазақ тілі өте қиын тіл ме?
12. Сіз қазақ тілінің тарихын білгіңіз келе ме?
2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс
Топ-группа
Сияқты- как
Тараған-распространенный
Еркін – свободно
Есептеледі – считается
Жақын – близкий
Дәуір -эпоха
Уақыт – время
Тармақ – время
Қажеттілік – необходимость
3-тапсырма: Мәтінді түсініп оқып, аударыңыздар
Қазақ тілі туралы мәлімет
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Бүгінде Қазақстанда тұратын орыстар, украиндер, түріктер, немісьер, кәрістер тағы басқа ұлт өкілдері қазақ тілінде сөйлей бастады.
Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Тәуелсіз елдерінің Достастық мемлекеттерінде отыздан астам тіл түркі тілдер тобына жатады. Атап айтқанда : қырғыз, татар, әзірбайжан, өзбек ұйғыр, башқұрт. т.б
Қазақ тілін білу осы мемлекеттегі жергілікті халықпен сөйлесуге , түсінісуге мүмкіндік береді.
Ертеректе қазақтар таспаға жазу үлгісін пайдаланған.Кейінірек арап қарпін, сосын латын әліпбиін қабылдады. 1940 жылдан бері орыс жазбасына негізделген таңбалар тұрғысында жаңа әліпбиді пайдаланып келеді.
Ал қазақ әліпбиін орыс таңбасы негізінде құруда ағартушы -қстаз Ыбырай Алтынсаринның еңбегі зор. 1879 жылы жазылған «Қырғыздар хрестоматиясы» кітабына орыс ағартушының тәрбиелік мәндегі шығармалары мен орыс ертегісі енгізілді.
Сондықтан қазіргі қазақ әдеби тілін дамытуға Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаевтың зор еңбегі сіңді.
4-тапсырма. Мына сөздерді қазақ тіліне аударып , әр ұлттың ана тілін жазыңыз.
Үлгі: руский-орыс, орыс тілі
Казах, немец, американец, англичанин, француз, испанец, итальянец, турок, таджик, туркмен, кореец, монгол, китаец.
Оқушылар Ана тілі туралы өлеңдерін оқып шығады.
1 – оқушыКоролева Виктория
«Ана тілі» өлеңі
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
2 – оқушы. Сагиндиков Ануарбек
«Туған тілде сыры терең жаным бар...»өлеңі
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар!
Туған тілім – жүрек үнім, наныңдар!
Нанбасаңдар, жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
3 – оқушы. Гойко Анастасия
«Туған тілім – тірлігімнің айғағы»өлеңі
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, менде бірге өшемін!
4- оқушы.Гориводский Олег
«Ана тілі» өлеңі
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! (Қ.Мырзалиев)
5-оқушы. Комарь Анастасия
«СҮЙЕМ ӨЗ ТІЛІМДІ»
Сүйсем өз тілімді,
Боламын білімді:
Өз тілім үйретер,
Өнерді, ғылымды.
Сүйем өз тілімді. (Әдібай Табылды)
6-оқушы: Федорова Ксения
«АНА ТІЛІ»
Мейірі мол балаға
Барлық, барлық анаға,
Басымызды иеміз,
Бабамыздың тілі деп.
Даламыздың үні деп,
Ана тілін, Ана тілін сүйеміз. (Ш.Сариев)
7-оқушы: Байдали Ислам
«Ана тілі »өлеңі
Ана тілі – біздің туған анамыз!
Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.
Ана тілін бағаласақ, қалай біз
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
“Анасынан безген ұл!” – деп қараңыз.
(М.Әлімбаев)
8 оқушы: Кравченко Елена
Автор: (С.Кәттебайұлы)
«Ана тілі»өлеңі
Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым,
Ана тілім – болмаса
Мықты болмас тұрағым
9-оқушы: Слесарская Милана
«Туған тілім» өлеңі
Туған тілім – бабам тілі - өз тілім.
Туған тілім – анам тілі - өз тілім.
Туған тілім – далам тілі - өз тілім.
Туған тілім – адам тілі - өз тілім. (Д.Әбілев)
10 оқушы: Власова Галина
Автор:Ысқақ Әкім
Ана тілі
Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.
11 оқушы: Гавриш Виктория
Автор:Гүлсана Тілеубекова
Тілім менің
Тіліп түсер білгенге тіл дегенің,
Тілім барда мен басқа түрге енемін.
Тілімнің арқасы ғой әрқашанда,
Бойыма дарыса егер білмегенім.
12 оқушы: Ковленко Римма
Автор: Оразақын Асқар
Үйрен ана тіліңді
Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,
Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.
Өз халқыңа бола алмайсың азамат,
Білмей тұрып туған ана тіліңді.
5-тапсырма: Төмендегі сөздерді пайдаланып, үлгі бойынша мәлімет беріңіз.
Үлгі: Данияр-Қазақстан, ол-қазақ, оның ана тілі – қазақ тілі
1.Марина-Ресей.
2.Питер-Ұлыбритания
3.Жан -Франция
4.Кейко-Жапония
5.Шахзода-Өзбекстан
6.Мао-Қытай
6-тапсырма:Екі минут уақытта төмендегі екі мақалға сурет салыңыз.
Тіл қылыштан өткір
Піл көтермегенді тіл көтереді.
7-тапсырма. Диалогті толықтыра отырып, өзара сөйлесіңіздер
Сен қандай жағдайларда қазақша сөйлейсің?
............................
Сенің таныстарыңның арасында кім қазақша еркін сөйлейді ?
.........................
Қазақ тілін жетік білу үшін сабақты қалай оқу керек?
............................
Қазақ тілін не үшін білу керек?
..................................
Оқушылар тобымен 3 жұлдыз, 1 тілек береді
Сергіту сәті. «Қаңқалар биі» 1,5 минут
Рефлексия
Тіл жайында бір ой-пікір қалдырсаңыздар (стикерге оқушылар жазады)
Үйге тапсырма беру. Тілге байланысты мақал – мәтелдер жазып келу.
Бағалау. Оқушыларға 3 жұлдыздан беремін, жұлдыздар арқылы бір бірін бағалайды.
Бағалау.
Тіл бойынша «Не білдім? Не білгім келеді?» деген сұрақтарға жауап жазу.
Нені білдім? | Не білгім келеді? |
|
|
|
|
|
|
|
|