№ 20 сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы | Электрсыйымдылығы. Конденсаторлар. Конденсаторларды жалғау. Электр өрісінің энергиясы; |
Курс, топ | 1 курс |
Модульдің атауы/пән | Физика |
Оқытушы | |
Мерзімі | |
Сабақтың типі | Аралас |
Сабақтың оқу мақсаттары | Қарапайым электр тізбегіндегі конденсатордың рөлі |
Сабақ мақсаттары | Өткізгіштің электрсыйымдылығын түсіну Қарапайымэлектртізбегіндегіконденсатордыңролінтүсіну; C=Q/U-конденсатордың электрсыйымдылығын анықтайтын формулаларды білу, есеп шығаруда қолдана алу конденсатордың құрылысын, түрлерін, қолданылуын білу; |
Бағалау критерийлері | Білу және түсіну: Сыйымдылықты түсінеді, өлшем бірлігін сипаттай алады. C=Q/U формуласын біледі; Деректерді қолданып, Электр сыйымдылықтың формулаларын қолдана алады . Қолдану.Талдау: Кернеу мен зарядтың тәуелділігін талдап, сыйымдылықты анықтайды. Қуатталған конденсатор мен қуаттан ажыратылған кездегі энергия өзгерісін талдап, салыстыра алады, білімді жинақтап, қорытынды жасайды. |
Оқу-әдістемелік, техникалық жабдықтау, анықтамалық әдебиет | Студенттер интернетте ақпаратты табу үшін жұмыс істейді |
Пәнаралық байланыстар | математика (есептер шығаруда) |
Сабақтың барысы
Жоспарланған мерзімдер | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар |
мин. | І. Ұйымдастыру Сабақтың мақсатын, жетістік критерийлерін талдау | |
Сабақтың басталуы 2-10 мин. | Алған білімді тексеру.Сұрақтар: Электростатика және электродинамика бөлімі қандай бөлім? Заряд дегеніміз ... Кулон заңын тұжырымдаңыз Күш сызықтарының қасиеттері Кернеулік дегеніміз не? Бағыты? Өткізгіш дегеніміз не? Диэлектрик және диполь дегеніміз не? | |
Сабақтың ортасы | Тізбектегі конденсатордың зарядталу процесіне арналған видеороликті көрсету. Көрсетілім алдындағы қойылатын сұрақтар : Конденсатор қандай бөліктерден тұрады? Конденсаторды зарядтау кезінде пластиналардағы зарядтардың жіктелуі қалай жүреді? Пластинка арасындағы электрондар қозғалысының жылдамдығы уақыт өтуіне байланысты қалай өзгереді? Конденсатор пластинкасы зарядталуы кезінде алатын заряд туралы не айтуға болады? Көрсетілімнен кейін сұрақтарға жауап беру: Конденсатор пластинка арасында электр өрісі бола ма? Конденсаторпластикаларындағы зарядтың өріс кернеулігімен қаншалықты байланысы бар? Конденсатор пластинкалары арасындағы кернеу зарядпен және өріс кернеулігімен қандай байланысы бар ? Сабақ басында конденсаторды зарядтау кезінде алынған графикті қарастырып,электрондар қозғалысы баяулауымен бірге U(t) кернеудің және q(t) зарядтың өзгерісін көруге болады. Яғни конденсатор зарядталуы кезінде заряд пен кернеу өзгерістері бірдей q U екендігіне көз жеткізеді. Оқушылыр үшін сапалы түрде зарядтың кернеуге қатынасы тұрақты шама екендігін түсіндіру: Осы қатынасты нақтылау үшін виртуалды зертханалық жұмысты орындап көз жеткізеді.. Миға шабуыл: Теле радиоаппаратураны жөндеу маманының көмегіне жүгінген уақытыңыз болды ма? Қалай ойлайсыз ол немен айналысады? Осы бөлшектерді атай аласыз ба? Бұл маманға физиканың қай бөлігін білген дұрыс? Сабақтың тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Мультимедиялық оқулық, таныстырылым арқылы тақырыпты түсіндіру. Конденсатор деп диэлектриктердiң жұқа қабатымен бөлiнген модульдары бойынша тең әр аттас зарядталған зарядтардың екi өткiзгiштен тұратын жүйесiн айтады. Бұл өткізгіштерді (пластиналарды) конденсатордың астарлары деп атайды. Жазық конденсатордың электрсыйымдылығы: мұнда S – әр пластинаның ауданы, d – пластиналар арасындағы арақашықтық. Сфералық конденсатордың электр сыйымдылығы: Түрлері Конденсаторлар жазық, сфералық және цилиндрлiк деп ажыратылады. Жазық конденсатор бiр-бiрiнен аз арақашықтықта орналасқан бiрдей екi параллель пластинадан тұрады Конденсаторларды сыртқы механикалық әсерлерден қорғау үшін оларды арнайы корпустармен қаптайды. Конденсаторлар не үшін қажет? Ұқсастық:Банкаға құйылған сумен салыстыру: банканың көлденең қимасы-сыйымдылық, биіктігі-кернеу, су-заряд немесе энергия; Аккумуляторда банкадағы су жіңішке шлангпен ағады; конденсатордағы зарядтың ағып кетуі банканың түбі ашылып, су бірден ағып кеткенге ұқсас. Кластер-сызба жасау: Бекіту Конденсатордың негізгі сипаттамасы оның электрсыйымдылығы болып табылады. Қатты диэлектриктің болуы жүйенің электрсыйымдылығын арттырады; Диэлектриктің қалыңдығын азайтса, өткізгіштер жүйесінің сыйымдылығы артады; Диэлектриктің өтімділігі артқанда, жүйенің электрсыйымдылығы артады; Өткізгіштердің ауданын арттырғанда жүйенің электрсыйымдылығы артады; Конденсаторларды сыртқы механикалық әсерлерден қорғау үшін оларды арнайы корпустармен қаптайды. Альтернативті жауабы бар тест Конденсатор атқаратын қызметі электр зарядын жинақтау. Конденсатор деп жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйені айтады. Конденсатор астарларындағы зарядтар модулі және таңбалары бойынша бірдей болады. Конденсатордың заряды деп оның астарларының біріндегі заряд шамасын айтады. Электрсыйымдылық деп екі өткізгіштің қанша заряд жинақтай алатынын сипаттайтын шаманы айтады. Жазық конденсатордың электрсыйымдылығы өткізгіштердің ауданына ғана тәуелді. Тапсырма. Жеке жұмыс. Қысаша мәтінді оқып шығып маңызды ұғымдарды дәптерге жазыңдар: Электрсыйымдылық дегеніміз-конденсатордың электр зарядын сақтай алуын сипаттайтын физикалық шама. Ол конденсатордың электр зарядын жинақтау қабілетін көрсетеді. Сыйымдылықтың анықтамасы бойынша конденсатордың астарларындағы заряд пен пластинка астарлары арасындағы кернеуге пропорционал: q=CU, C=q/U. Конденсатордың сыйымдылығы әдетте 1 пФ –тан жүздеген мкФ –қа дейін, сонымен бірге сыйымдылығы ондаған Ф –қа дейінгі конденсаторлар да кездеседі. -Өлшем бірлігі - 1 Фарад. Конденсатор деп жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйені айтамыз. Ол латынның “condenso”- қоюлату, жинақтау деген сөзінен шыққан -Конденсаторзаряды деп- пластинка астарлары біреуінің абсолюттік мәнін айтады Негізгі формулалар: Электрсыйымдылық: Жазық конденсатор үшін :; Қосымша тапсырма: Конденсатор пластиналарының әр қайсысындағы заряд шамасын 2 есе ұлғайтса, конденсатор энергиясы қалай өзгереді? Сыйымдылықтары С1=1 мкФ,С2=3 мкФ, С3=5 мкФ үш конденсатор берілген. Осыларды қосып қандай ең үлкен сыйымдылық алуға болады? Сыйымдылықтары С1=2 мкФ және С2= 4 мкФ болатын тізбектей жалғанған екі конденсатор кернеуі U=120 В тұрақты ток көзіне қосылған. Бірінші конденсатордағы кернеуді анықтаңыз Конденсатордың электрсыйымдылығы 0,25 мкФ, ал пластиналарының арасындағы потенциалдар айырмасы 400 В болса, конденсатордың энергиясын анықтаңыз? | Презентация Презентация |
Сабақтың аяқталуы | Кері байланыс Білемін Білдім Білгім келеді Үй тапсырмасы Видеолар қарау § 8.10 – 8.11 Кернеуі U = 120 В болатын ток көзінен q = 6 · 10-5 Кл заряд алатын конденсатордың сыйымдылығы қандай? Жауабы: 0,5 мкФ Слюдадан жасалған конденсатор астарларының ауданы S = 15 см2, ал астарлар арасындағы қашықтық d = 0,02 см. Конденсатордың сыйымдылығы қандай? Жауабы: 400 пФ | |
§8.9. Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер тақырыбын оқуға Бағыттааушы картадағы тапсырманы орындау | 10 сыныпқа арналған физика оқулығы (Жаратылыстану –математика бағыты) Б.Кронгарт, В.Кем, Н. Қойшыбаев |
Жауаптары:
1) (1 б.) дұрыс жауаптар:
иә;
жоқ;
иә;
иә;
2) (1 б.) дұрыс жауаптар: 4;
3) (1 б.) дұрыс жауаптар:
3;электростатикалық индукция
1;поляризация
2;электромагниттік индукция
4) (1 б.) дұрыс жауаптар:
иә;
жоқ;
жоқ;
иә;
5) (1 б.) дұрыс жауаптар: 2 және3
6) (1 б.): дұрыс жауаптар: 50 мН
7) (1 б.) дұрыс жауаптар: 4
8) (1 б.): дұрыс жауаптар: оң және теріс зарядтардың таралу центрлерінің сәйкес келуі және сәйкес келмеуінде
9) (1 б.): дұрыс жауаптар: 3,5
10) (1 б.): дұрыс жауаптар: 20 В және 40 В