I апта
Тақырыбы:«Сәлем жаз» апталығы.
1 маусым балалар күніне және жазғы сауықтырудың ашылу салтанаты (мерекеге сай безендіру). Мерекелік іс-шара (аниматорлар мен ойын түрлерін ұйымдастыру)
Мақсаты:«Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін қалыптастыру.
Балалардың өнерге деген қызығушылығын дамыту, әндерді нақышына келтіре айтуға үйрету. Бір-бірін сыйлауға, өзін жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
Білімділік:Балаларды қорғау күнімен таныстыру.
Түзете – дамытушылық:Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік:Тазалыққа, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын.
Көрнекі-құралдар:түрлі-түсті шарлар, доптар, т.б.
Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: қызмет алушылардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
1. Сәлемдесу.(ұраны, топ аты)
2. Мерекелік іс-шара
«Батпақ» ойын. Шарты:Екі топқа бөлініп тұрады.Мына алаңды батпақ басып жатыр деп есептейік. Сендер берілген жерге дейін батпақтан мына қағаздарды басып қана өте аласыңдар. Қағазды аласыңдар, аяқтарының астына қоясыңдар. Солай берілген жерге дейін жетіп, қағаздарды қолыңа алып, жүгіріп келіп өз тобыңның келесі ойыншысына беруің керек. Ойын осылай жалғаса береді. Қай топ бірінші келсе, сол топ жеңіске жетеді.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық
Қолды қолға ұрайық
Бір отырып, бір тұрып
Бір демалып алайық
«Жүйрік ат» Шарты: Балалар допты тақымға қысып, секіру арқылы жарысады. Ойынды сапалы әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.
«Допты шеңберге лақтыру» Шарты: Әр топ сайыскерлердің епті мерген екендіктерін анықтау. Балалардың алдында 2 метр қашықтықта биіктігі 1, 5 метрдей темір құрсау тұрады. Міне, осы құрсауға допты дәл лақтырса, сол көп ұпай жинайды.
Қорытынды:Жарайсыңдар, балалар! Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.
II апта
Тақырыбы:«Шығармашылық күн» апталығы. «Балалар өмірдің гүлі»атты жас фото суретшілер байқауы (топтық сурет салу сайысы). Шарлар күні(шарлармен ойнау, шарлармен жұмыс және тәжірибе жасау,т.б.) Ертегі бойынша «сюжеттік ойын» ұйымдастыру.
«Оқы, талма, жас Бөбек» кітаптар әлеміне саяхат.
Мақсаты:Балаларға табиғатты аялауды үйрету, сөздік қорларын дамыту, танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру.
Білімділік:топтық сурет салу сайысы, шарлармен ойындар туралы ойнатып үйрету.
Түзете – дамытушылық: Ұсақ қол моторикасын дамыту.
Тәрбиелілік: Тазалыққа, ұқыптылыққа,, ептілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын.
Көрнекі-құралдар:түрлі-түсті шарлар, түрлі-түсті бор, т.б.
Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: қызмет алушылардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
1. Сәлемдесу.(ұраны, топ аты)
2. Топтық сурет салу сайысы, шарлармен ойындар.
Сурет салу әдіс-тәсілі: Сары түсті бояумен көк түсті бояуды араластып жасыл түсті бояу жасаймыз. Қызыл + жасыл= қоңыр түсті бояу болады, қызыл + сары = қызғылтсары түс пайда болады. Бояу түстерін дайындап алып, кесіген алманың жартысына бояуға батырып, трафарет үстінен басып бояп шығамыз. - Алмұрттың түсі қандай түсті бояумен боямыз?
- Алмұрт жасыл, сары түспен боямыз. Әуен ырғағымен жұмыс жасаймыз.
Асфальтқа түрлі – түсті бормен еркін тақырыпта суреттер салу.
А 4 форматта ақ қағазға (гүл, күн, ай, үй, т.б.) салу. Түрлі – түсті борларды пайдалана отырып асфальтқа, тақтаға жеміс – жидектердің суреттер салу.
«Кім жылдам». Шарты: Балалардың алдында, себеттер қойылады, оның ішінде көкөніс пен жемістер салынған. Бірінші сайыскер көкөністерді отырғызады, ал екінші жинайды. Қай топ ұқыпты отырғызып, тез жинап шықса, сол топ жеңген болып табылады.
VI. Қорытынды: Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі сайыс сендерге ұнадыма?
III апта
Тақырыбы:«Спортшы күні» апталығы.Қимыл-қозғалыс ойындары: қозғалма заттармен ойындар (самокат, доппен ойындар, велосипедпен жүру,т.б.) Ұлттық ойындар. Үстел ойындары (шашка, домино) «Нысанаға дәлде» ойыны (дартс шар жару, допты нысанаға түсіру, шелекке шарды дәлдеп лақтыру ойындарын ойнату)
Мақсаты: Ойындармен таныстыру.
Білімділік:дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру.
Түзете – дамытушылық:Өзара сыйластық қарым‒қатынастарын дамыту.
Тәрбиелілік:Бір бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын.
Көрнекі-құралдар:ойынға қажетті заттар,стикерлер,журекше, гул бейнелері, қайшы түрлі-түсті қарындаштар, т.б.
Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: қызмет алушылардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
1. Сәлемдесу.
2. Қимыл-қозғалыс ойындар
«Допты шеңберге лақтыру» Шарты: Әр топ сайыскерлердің епті мерген екендіктерін анықтау. Балалардың алдында 2 метр қашықтықта биіктігі 1, 5 метрдей темір құрсау тұрады. Міне, осы құрсауға допты дәл лақтырса, сол көп ұпай жинайды.
«Жалауды тез жеткіз».Шарты: Команда капитандары қолына жалау ұстап ойынды бастауға белгі бергенде ойын аланына қойылған кегілені айналып өтіп, жалауды келесі балаға береді.Командалар тез өз тізбегінің соңына барып тұрады. Қай команда тез бітсе сол жеңіске жетеді.
«Жүйрік ат» Шарты: Балалар допты тақымға қысып, секіру арқылы жарысады. Ойынды сапалы әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.
Сергіту сәті:
VI. Қорытынды: Жарайсыңдар, балалар!
IY апта
Тақырыбы:«Табиғатқа саяхат» апталығы.Табиғат аясында флешмоб ұйымдастыру. Асфальтқа сурет салу байқауы. Табиғат аясында тынығу жұмыстарын ұйымдастыру (пикник, ойын сауық орталықтарына, паркке апаруды ұйымдастыру) Релаксация жаттығулары. Қорытындылау мерекелік шара (айды қорытындылау, ән айту, би өнерін ұйымдастыру)
Мақсаты: Табиғат туралы түсініктерін қалыптастыру.
Білімділік:Балаларға жалпы бояу туралы түсінік беру.Сурет салуғa деген ынталарын артыру.
Түзете – дамытушылық:Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік:Қауіпсіздік ережелерінің қарапайым қағидаларын есте сақтауға, достарна қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын.
Көрнекі-құралдар:ойынға қажетті заттар, сабын көпіршіктері,т.б.
Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: қызмет алушылардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
1. Сәлемдесу.
2. Асфальтқа сурет салу, флешмоб билеу.
Ойын: «Тамшылар мен жапырақтар» ( жерде тамшылар мен жапырақтар шашылып жатады. 2 – 4 бала шығып, бірінші себетке тамшыларды, екінші себетке жапырақтарды жинайды.)
Сергіту сәті:
VI. Қорытынды: Жарайсыңдар, балалар! Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.