Өнерлі бала сүйкімді

Конспект занятия
Конспект урока «Өнерлі бала сүйкімді» для 3 класса направлен на развитие творческих способностей и привитие важных ценностей. Материал включает план-сценарий с целями, этапами работы и практическими заданиями. Учителя найдут готовые методы для объяснения понятия «өнер», групповые творческие задания и техники рефлексии. Урок воспитывает трудолюбие, честность и художественный вкус через сочинение стихов, рукоделие и анализ притч. Используйте этот готовый план для проведения глубокого и увлекательного занятия по прикладному творчеству и самопознанию.
Кабаковой Жайне Алипбаевна
Кабаковой Жайне Алипбаевна
Содержимое публикации

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп:№12.Мерзімі: 29.02.2016 ж.Мұғалiмі:Кабакова Жайна Алипбаевна.

Сынып: 3Оқушылар саны - 25№ 15 Тақырып: Өнерлі бала сүйкімді (1 сағат)

Құндылық:Дұрыс әрекет Қасиеттер:Адалдылық,еңбексүйгіштік, өнерпаздылық.

Сабақтың мақсаты:оқушыларға«өнер»ұғымы туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет етуге баулу.

Міндеттері:

Білімділік:оқушыларға адал болудың маңыздылығын ұғындыра отырып, адалдылық қасиеті туралы түсінік беру;

Дамытушылық:оқушыларды табандылыққа баулу арқылы еңбексүйгіштікке жетелеу;

Тәрбиелік:оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке,өнерпаздылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар(материалдар, дерексөздер).

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасу, топқа бөлу, 5 «Т» ережесін еске түсіру.

5 «Т» ережесі:

Т-Тәртіп

Т-Талап

Т-Тыныштық

Т-Тазалық

Т-Татулық

1.Тыныштық сәті: "Ғажайып табиғат" (Баяу ән жүреді)

Ыңғайланып, терең тыныс алып жайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмсаңдарда болады.

Көз алдымызға сондай керемет табиғат көрінісін елестетейік. Хош иісті гүлдер, сылдырап аққан бұлақ, әнші құстар. Осынау ғажайып бақтың ортасымен бір өзің ғана табиғаттың әсем көрінісіне көзің тоймай жүріп келесіз. Кенет, бір талдың түбінде жатқан жаралы киікті көрдіңіз, ол жаныңызға қатты батты. Қуанышқа толы көңіл - күйіңіз су сепкендей басылды. Осы кезде сіздің айналаңызға өмірдегі ең жақын жандарыңыз ата – анаңыз, бауырларыңыз, достарыңыз келіп, біз біріксек қандай қиыншылық болса да жеңеміз деп, демеу көрсетті. Осылайша сіз жаралы киікті бірнеше күнде емдеп жаздыңыз. Бәрінің көңіл - күйлері өте тамаша. Сізде отбасыңыздың, достарыңыздың, жақындарыңыздың жаныңыздан табылғаны үшін өмірге ризасың. Осылайша сіз әсем табиғат аясында өзіңе жақын жандарыңызбен тату әрі әдемі ғұмыр кешіп жатырсыз.

Ендеше көзімізді ашып, бұрынғы қалпымызға енейік. Рахмет!

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтағы К.Сегізбаевтың «Құмға салған сурет» мәтінін оқып келу.
«Ортадағы қаламсап» стратегиясы.

Әбілханның өнерге құштарлығы қалай көрінді?

Әбілхан Қастеевтің атақты суретші болуына кімдер көмектесті?

Өз өнерлеріңді қалай шыңдап жүрсіңдер?

Оқулық

3.Дәйексөз.

«Адамның сәні – өнер, білім, ақылы»

Халық мақалы.

4.Әңгімелеу

Өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Өнерліге өлім жоқ» мәтінін әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады.

5.Шығармашылық жұмыс.

Оқушылар 4 топқа бөлініп, жұмыс жасайды.

1-топ: Ұйқас сөздердің көмегімен өлең шығарады.

2-топ: Кез-келген ақынның өлеңін мәнерлеп жатқа оқиды.

3-топ: Өз қолдарымен түрлі бұйымдар жасайды.

4-топ: Өнергебайланыстымақал-мәтелайтады.

6.Топтық жұмыс.Топпен ән айту

                       Бала тілегі

Сөзі мен әні:Ғафур Кенжебаевтікі

1.Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауғажаралған

Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер,  2рет

Гүлденсіндепатамекен-қараорман.

2.Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде,    2рет

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз

3.Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мүңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,    2рет

Ұлы Отаным,тілегім сол менің де.

7.Үй тапсырмасы.

«Өнерліге өлім жоқ» әңгімесін оқу.

Дәптермен жұмыс (дәптердегі 1 – тапсырманы орындау).

Шығармашылық жұмыс: «Мен өнерлі баламын» тақырыбына эссе жазу.

8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі өткен сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңыздар. Сабағымыз аяқталды. Жақсы күнде жақсы болып жүздескенше. Сау болыңыздар.

Комментировать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ бесплатно!
Подробнее
Также Вас может заинтересовать
Прикладное творчество
Конспект занятия по прикладному творчеству для «Краски лета»
Прикладное творчество
Разное по прикладному творчеству для 6 класса «Брошь. «Бабочка»»
Прикладное творчество
Презентации по прикладному творчеству для 7 класса «Шахматы, созданные на Ленинградском (Императорском) фарфоровом заводе»
Прикладное творчество
Прикладное творчество
Разное по прикладному творчеству для 1 класса «Творческий проект «Народные промыслы Нижнего Тагила»»
Комментарии
Добавить
публикацию
После добавления публикации на сайт, в личном кабинете вы сможете скачать бесплатно свидетельство и справку о публикации в СМИ.
Cвидетельство о публикации сразу
Получите свидетельство бесплатно сразу после добавления публикации.
Подробнее
Свидетельство за распространение педагогического опыта
Опубликует не менее 15 материалов и скачайте бесплатно.
Подробнее
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и скачайте рецензию бесплатно.
Подробнее
Свидетельство участника экспертной комиссии
Стать экспертом и скачать свидетельство бесплатно.
Подробнее
Помощь