Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
«М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК
«Бекітемін»___________
Колледж әдіскері: Алибекова А.А.
«Келісемін» ___________
Сынып жетекшісі: Қозыбаева Қ.К.
Тақырыбы: «Қандай кәсіби мерекелер бар?»
Өтетін орыны: "N8 көркем-эстетикалық білім беру және тәрбиелеу жалпы орта білім беретін мектеп-кешені" КММ
Сынып: 4 «В»
Мерзімі: 07.12.2023
Тобы: БББ 21-09-2
Машықкер: Тұрсынғалиева Назерке
Баға: «___»__________________
Семей, 2023
Бөлім: Мамандықтар әлемі | ||||||||
Педагогтың аты-жөні: Тұрсынғалиева Назерке | Күні: 07.12.2023 | |||||||
Сынып:4 «В» | Қатысушылар саны:28 | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақтың тақырыбы: Қандай кәсіби мерекелер бар? | ||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: | 4.1.6.1 – зерттеулер негізінде кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылық түрде таныстыру. | |||||||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар:«кəсіп», «мамандық», «кəсіби мереке» түсініктерінің мағынасын түсіндіреді; ауыл, қала тұрғындары айналысатын кəсіп түрлерін атайды. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың кезең/уақыты | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||
Сабақытың басы (6 мин) | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сәлемдесу. 2.Оқушыларды түгендеу. Психологиялық ахуал. Үй тапсырмасын тексеру. Тақырыпты ашу. Educaplay платформасы арқылы. https://www.educaplay.com/learning-resources/17225208-4b_word_search.html Тақырыппен таныстыру. | Сәлемдеседі. Суретте берілген қимылдарды қайталайды. | Презентация Educaplay платформасы | |||||
Сабақтың ортасы (30 мин) | Суреттерге қара. Оларды не біріктіретінін айтып бер. «Кәсіби мерекелер» туралы бейнематериал тамашалау. https://youtu.be/oK6eI-xdp4A?si=jdjWmweNBR_kxEbo Оқулықпен жұмыс. 55-бетті оқу. Дәптермен жұмыс. Ойланып, кәсіби мерекелердің не үшін қажет екенін анықтап көр. Ойыңды дәптеріңе жаз. Оқулықпен жұмыс. 56-бетті оқу Оқып, салыстырайық! Ұстаздар күнінің аталып өту тарихын оқы. Отбасындағы аға буын өкілдері бұрын өздерінің ұстаздарын қалай құрметтеген? Қазір сен ұстаздарыңа қандай құрмет көрсетесің? Неліктен ұстаз еңбегі жоғары бағаланады? Flippity бағдарламасы арқылы оқушы таңдап, төмендегі сауалнаманы жүргізу: • Ата-анаң қандай кәсіби мерекелерді атап өтеді? • Олар қайда жұмыс істейді? • Қандай кәсіптің түрімен айналысады? • Олар өздерінің жұмысын жақсы көре ме? • Қандай мамандық қызықты? Жұптық жұмыс. Біздің елімізде аталып өтілетін кәсіби мерекелердің күнтізбесінжаса. Ұжымдық жұмыс. Мемлекеттік және кәсіби мерекелерді салыстырыңдар. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңдар. Суреттерге қараңдар. Қандай мамандық иелері туралы айтылғанын болжаңдар. Олар кәсіби мерекесін қай айда атап өтеді? Өздік жұмыс. Кәсіби мерекелердің біріне құттықтау ашық хатын жазыңдар. «Дәптер» әдісі арқылы бекіту сұрақтарына жауап беру: -Кәсіби мерекелер дегеніміз не? -Қандай кәсіби мерекелермен таныстың? -Мемлекеттік мереке дегеніміз не? -Кәсіби мерекенің маңызы неде? | Суретке қарап, оларды не біріктіретінін айтады. Бейнематериалды тамашалайды. Мәтінмен танысады. Дәптерге кәсіби мерекелердің не үшін қажет екенін жазады. Мысалы: Өз кәсібіңнің маңызын сезіну үшін; Үздіктерді марапаттау үшін т.б. Мәтінмен танысады. Сұрақтарға өз пікірлерін білдіреді. Сауалнама сұрақтарына жауап береді. Жұп бойынша кәсіби мерекелер күнтізбесін жасайды. Мемлекеттік және кәсіби мерекелердің айырмашылығы мен ұқсастығын айтады. Аспаз күні- 20 қазан Сауда қызметкерлерінің күні- шілденің 4 жексенбісі Медицина қызметкерінің күні- маусымның 3 жексенбісі Кәсіби мерекенің бірін таңдап, ашық хат жазады. Оқушылар бекіту сұрақтарына жауап беру арқылы бүгінгі алған білімдерін қорытындылайды. | Өзін өзі бағалау Өзін өзі бағалау Өзін өзі бағалау Өзін өзі бағалау Өзін өзі бағалау Өзін өзі бағалау Өзін өзі бағалау Өзін өзі бағалау Өзін өзі бағалау | Презентация Бейнематериал Оқулық Дәптер Оқулық Flippity бағдарламасы Кәсіби мерекелер тізімі, күнтізбе Презентация Презентация Ашық хат, түрлі түсті қарындаштар Дәптер |
Сабақтың соңы (4 мин) | Рефлексия «Бүгінгі білгенім...» әдісі. Үйге тапсырма: 54-56 бет мазмұндау. | Кері байланыс жасайды. | Таратпа материал |