№ 35 ҰОҚ ТАҚЫРЫБЫ: Бауырсақ пен құрт. Б дыбысы мен əрпі Мектеп/МҰ: Саны: Педагогтің аты-жөні: СЫНЫП-ТОП: Қатысқандар саны: Қатыспағанд ар саны: ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары 0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту. 0.1.1.2 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау. 0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу. Күтілетін нəтиже 141 Барлық тəрбиеленушілер: Сұрақтарға толық жауап береді. Б дыбысы – дауыссыз дыбыс, б дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі б дыбысының орнын ажыратады. Қолды үзбей сызуға жаттықтырады. Көпшілік тəрбиеленушілер: Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратып, дыбыстық талдау жасай алады. Б дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы б дыбысының орнын ажыратады. Сұарққа жауап бере отырып, шағын əңгіме құрайды. Жазу жолына б əрпінің элементтерін жазады. Ұлттық тағамдарды атайды. Кейбір тəрбиеленушілер: - Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды. Б дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады. Қазақтың дəстүрлері туралы айтады Тілдік мақсат Тəрбиеленушілер : - Суреттегі заттардың аттарын атай алады, таниды; - Қол жаттығуына арналған тапсырмаларды орындай алады; - Ұлттық тағамдармен танысады. - Қазақтың дəстүрлері туралы біледі. Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Бидай масағы ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары. Суреттен Б дыбысы естілетін зат атауларын ата. Қазан бетінен аспанға ұшып жатқан не? Зат атауларын буынға бөліп, дыбыстық талдау жаса. Бауырсақты неден жəне қалай пісіреді? Қай цифр Б-ға ұқсайды? Өткен ҰОҚ-дан алған білім Дыбыстарды ажыратады. Сөйлем түлерін қолданады. Қолды үзбей жазады. Сөйлем түрлерін ажыратып, сөйлемдегі сөздердің санын анықтап, сызба бойынша сөйлем құрайды. Жоспар Жоспарланған уақыт Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурст ар І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату. 0–2 мин. Оқу іс-əрекетіне балалардың назарын тарту үшін педагог жағымды атмосфера туғызады. Тəрбиеленушілер өлеңді қимылмен, жақсы көңіл күймен 2-3 рет қайталайды. Өсті ақыл, ойларың, Өсті, міне, бойларың. 142 II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин. Иіліп сəлем береміз, Əдепті боп өсеміз. Жақсы сөздер айтамыз, Үлкендерді сыйлаймыз. (Ұ) Педагог ортаға наубайшыны шақырады. Наубайшы қолында табаққа салынған нан түрлері мен бауырсағын ала келеді? Педагог: Наубайшы, сен ұннан неше түрлі тəтті тоқаш пен дəмді бауырсақтар пісіресің. Сол ұнның қайдан келетінін білесің бе? Наубайшы: Жоқ, менде де осы ұнның қайдан келетінін білмеппін. Мүмкін балалар білер, солардан сұрап көрейікші. Педагог: Сұрасақ сұрайық! Балалар, ұнның неден жасалатынын білесіңдер ме? Балалар өз ойларын айтады. Педагог слайд көрсете отырып, балалардың жауабын толықтырады. Нан түрлері салынған ыдыс. Слайд: «Нанның дастарқанға келгенге дейінгі жолы. ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 6 – 27мин. (Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс 1-тапсырма. Педагог «Бауырсақ пен құрт» туралы шағын ертегіні оқып береді. «Нан – қадірлі ас» деген ұғымды түсінеді. Педагог балалардан ұлттық тағамдар жəне дəстүрлер туралы сұрайды. Педагог балалар жауабын толықтырады. Балалар «Ас атасы – нан» мақалын естеріне сақтайды. Бауырсақ туралы ертегіні мазмұндайды. Бауырсақ сөзін буынға бөледі. Осы сөзді қатыстырып, сөйлем құрайды. 2-тапсырма. Суреттен Б дыбысы естілетін зат атауларын ата. Сурет бойынша əңгіме құрайды. Балалар суреттегі заттарды атайды. Бауырсақ, табақ, бота, бұзау. Қазаннан шыққан бу туралы балаларға педагог түсіндіреді. Сол сияқты жаңбыр туралы айтып өтеді. Заттардың атауларының астындағы дыбыстық сызбаға қарап, сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды. Педагог балаларға сұрақ қойып, тапсырманы пысықтайды. Əліппедəптер. Суреттер. Дыбыстық сызба жазылған плакат. Бауырсақ суреті. Масақтың суреті. 143 Қазан бетінен аспанға ұшып жатқан не? Бауырсақ, бұзау, бота сөздеріне арналып сызылған төртбұрыштардың ішіне осы сөздерді дыбыстық белгілермен жазып көрсетеді. Тамақ сөзіндегі м дыбысының орнына б дыбысын қойып, табақ деген сөз шығатынын анықтайды. 3-тапсырма. Осы тапсырманы орындау арқылы бауырсақты неден жəне қалай пісіретіні туралы мəлімет алады. Масақ, ұн, нан сөздеріне дыбыстық талдау жүргізіледі. Масақ сөзіне сөздік жұмыс жүргізіледі. Масақ – астық дақылдарының дəнді басы. Б – ұяң дауыссыз дыбыс. (Ұ) Сергіту сəті. Нан қоқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып, қастерлеп, Торғайларға тастаңдар. Өлеңді қимылмен 2-3 рет қайталап, есте сақтайды. 4-тапсырма. Б əрпімен танысайық. Б дыбысын айтқанда еріннің бір-біріне əуелі нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болады. Педагог тақтаға Б əрпінің баспа түрін іліп қояды. Балалар Б əрпіне ұқсас заттарды атайды. Педагог атаған образдарды атайды. Б əрпінің баспа жəне жазба түрі жазылған плакат. 6 цифры жазылған плакат. Таяқшалар. Ермексаз. 144 Ауада Б əрпінің баспа түрін жазады. 5-тапсырма. Қай цифр Б-ға ұқсайды? Тақтаға 1-ден 6-ға дейінгі цифрларды іліп қояды. Балалар тура жəне кері санайды. 5-тен кейін қандай цифр тұратынын табады. Тақтадағы үзік сызықпен берілген 6 цифрын балалар бастырып салады. 6-тапсырма. Педагог балаларға таяқшалар беріп, б əрпін жасауды көрсетеді. Балалар қайталайды. Ермексаздан педагог Г жəне о əрпілерін бейнелейді. Енді осы əріптердің көмегімен Б əрпін құрастырады. Балалар берілген ермексаздан педагогтің көрсетуімен Б əрпін жасайды. Жазу дəптеріне Б əрпінің баспа түрін жазады. Алдымен ауада жазып көрсетеді. IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия. 28-30 мин. Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды. (Ұ,Ө) Рефлексия.