Lesson Study тәсілі арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру

Планирование
Лессон Стади зерттеу сабағы оқушының оқуына, мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпал ететін педагагогикалық тәсіл, яғни оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып, білім сапасын арттыруда тиімді тәсіл екенімен танысқаннан кейін, рефлексивтік-практик ретінде осы зерттеу сабағын тәжірибеге енгізсек, өзіміздегі өзекті проблеманың шешуін табады.
Оразбаева Айнагуль Алгалиевна
Содержимое публикации

ФИО:Оразбаева Айнагуль Алгалиевна

Место работы: Тимирязевская общеобразовательная школа-гимназия им.С.Муканова

Должность:замдир по УВР

Lesson Study тәсілі арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру

Лессон Стади зерттеу сабағы оқушының оқуына, мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпал ететін педагагогикалық тәсіл, яғни оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып, білім сапасын арттыруда тиімді тәсіл екенімен танысқаннан кейін, рефлексивтік-практик ретінде осы зерттеу сабағын тәжірибеге енгізсек, өзіміздегі өзекті проблеманың шешуін табады.

«Ойлау оңай, әрекет қиын, ал ойды әрекетке айналдырған қиынның қиыны» – деп, неміс халқының ақын-жазушысы Иоганн Гете айтқандай, зерттеу сабағын тәжірибеге енгізу барысында, біраз қиындықтар болады. Бірақ «қиын болды» деп ісімізді аяқсыз қалдырмау керек. Қиындық туғызған проблеманы бірлесе, ақылдаса отырып шешу керек. Соның нәтижесінде өткізген зерттеу сабақтар біршама нәтиже береді. Осы зерттеу сабақтарында алған тәжірибеменн бөлісу мақсатында семинар-сабақ ұйымдастыру керек. Мысалы, тақырыбы: «Лессон Стади – біздің мектебімізде». Мақсаты: Зерттеу сабақтары бойынша іс-тәжірибемен бөлісу. Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру үшін, пән мұғалімдерімен кездесіп, оқушылардан сауалнама алғаннан кейін кейбір оқушылардың оқуға деген ынтасы төмен екені анықталады. Материал үлгермеуші оқушыларға бағытталған уақытта үлгерімі жоғары оқушының көбіне іші пысады, ал үлгермеушілігі төмен оқушылар сабақ темпіне үлгермей, қызығушылығын жоғалтады. Оқушылар барлық оқушылардың көзінше сұрақ қоюға ұялады, қайсыбір уақытта дұрыс сұрақты қалай қою керек екенін де түсінбей жатады. Сондықтан дәстүрліден гөрі интербелсенділікке бағытталған дағдыны қолдануы дұрыс.
Зерттеу мақсаты:
- Диалогтік оқытудың әдістерін қолдана отырып, мұғалімдер оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттырады; - Оқушылардың мотивациясын арттырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады; - білім сапасын арттырады.
Міндеттері:
- Оқушылардың білім аймағын кеңейту; жұмысқа деген жауапкершілікті арттыру; оқушыларды біріге отырып жұмыс жасауға, ынтымақтастыққа баулу; үлгермеуші оқушыларды қызықтыру, өзін - өзі бағалауды, бір - бірін бағалауды үйрету.
Күтілетін нәтиже:
- диалогқа негізделген топтық жұмыстың оқушылардың белсенділігінің арттыратынына көз жеткізу; - ынтымақтастыққа тәрбиелеу; - оқушының өзін - өзі бағалауы сәйкестендіріледі; - оқуға деген ынтасы артады.

Ақпаратты жинау әдістері:
1.Нақты бір сыныпты таңдап, оқушыларын бақылау.
2.Сынып жетекшісімен кеңесу.
3. Оқушылардан сауалнама алу.
4. Оқушылардың сабақтағы әрекеттерінің фото, видеоға түсіру.(алдын ала ата-аналарынан рұқсат алу)
Lesson Study мұғалімдер тобы жүзеге асырады, біріге отырып: жоспарлау, оқыту, бақылау, оқыту анализін, қорытындыларын құжат ретінде рәсімдеу.
Біріге отырып сабақтың элементтерін жоспарлау мұғалімдерге оқытудың жаңа стратегияларын қолданып, оқушылардың жетістік критерийлерін талқылауға мүмкіндік береді.
Фокус топтағы оқушылар: А оқушы – жан - жақты, барлық сабақтардан үлгерімі жоғары оқушы. Танымдық қабілеті тұрақты, оқу ынтасы жоғары. Жетістік критерийі: оқушының көшбасшылығын дамыту. В оқушысының үлгерімі орташа, тапсырманы ешкіммен талқыламай, өзі орындағанды ұнатады. Жалпы орташа зияткерлік қабілетін көрсетеді. Жетістік критерийі: тек мұғалім сұрағанда ғана белсенділік танытуға емес, сонымен қатар коммуникативтік дағдысын дамыту. С оқушының оқу үлгерімі төмен, өйткені үй тапсырмаларын әр кезде орындап жүрмейді. Оқу үрдісі оны қызықтырмайды. Жетістік критерийі: топтық жұмысқа тартып, оқуға деген ынтасын арттыру.

L.S. зерттеу сабағының тиімділігі:

Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады.

Ұжымдық мәдениетті қалыптастырады.

Мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады.

Бағдарламаны, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінуге көмектеседі.

Мұғалімдер кәсіби педагогикалық білімін дамытады.

Мұғалімдер сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастырады.

Мұғалімдер білімның ғылыми мағынасына түсінеді және зерттеушілерге айналады.

Оқушының оқуы жақсарады.

Функционалдық сауаттылығы дамиды.

Қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады.

Комментировать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ бесплатно!
Подробнее
Также Вас может заинтересовать
Иностранный язык
Оценка знаний по иностранному языку для 2 класса «Тест "Согласные звуки"»
Иностранный язык
Конспект занятия по иностранному языку для 6 класса «"Транспорт в Лондоне"»
Иностранный язык
Факультативы по иностранному языку для 4 класса «"Веселый английский"»
Комментарии
Добавить
публикацию
После добавления публикации на сайт, в личном кабинете вы сможете скачать бесплатно свидетельство и справку о публикации в СМИ.
Cвидетельство о публикации сразу
Получите свидетельство бесплатно сразу после добавления публикации.
Подробнее
Свидетельство за распространение педагогического опыта
Опубликует не менее 15 материалов и скачайте бесплатно.
Подробнее
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и скачайте рецензию бесплатно.
Подробнее
Свидетельство участника экспертной комиссии
Стать экспертом и скачать свидетельство бесплатно.
Подробнее
Помощь