Диана Қайыржанқызы Нұрсұлтан

Разное
"Үштұғырлы тіл - кәсіби жетістіктің белгісі"
Нұрсұлтан Диана Қайыржанқызы
Содержимое публикации

Үштұғырлы тіл-кәсіби жетістіктің белгісі

Сөзімнің басын, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақ халқына жолдаған үндеуімен бастауды жөн көрдім: «Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілде де : қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылышын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылу керек». Иә, қазіргі заман Елбасымыз айтқандай, бойды жарыстыратын заман емес, ойды жарыстыратын заман. Үштұғырлы тіл - саналы ұрпаққа сапалы білім беруде көмегі мол, саяси идея. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында болса, сол жас ұрпақты тәрбиелеп, білім беретін, бұл біз - ұстаздар.

Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы” демекші, елімізде кәсіби жетік мамандар қызмет жасаса, келер ұрпақтың болашағы жарқын болатынына сенімім кәміл.

Қазіргі таңда, ең озық отыз елдің қатарына ену мақсатымен, елімізде жаңартылған бағдарламамен оқыту жүйесі іске асырылуда. Бұл бағдарламаның мақсаты, оқушыларға білімді теориялық түрде меңгерту ғана емес, оны өмірмен байланыстырып, тәжірибе түрінде қолданыста қолдана білуге баулу. Сонымен қатар, Қазақстанға қызмет ететін, білімді, жаңа технологияларды меңгерген, өзіндік ойы бар, көп тілді, жан жақты дамыған, шығармашыл, өз елінің патриот тұлғасын қалыптастыру болып табылады.

Осы мақсатта, білім беру саласында ұлағатты ұстаздарға қояр талап күшеюде. Неліктен дейтін болсақ, жоғарыда айтып өткенімдей, жан-жақты, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін, бізге кәсіби жетілген мамандар керек екені айдан анық. Сол үшін, үштұғырлы тіл саясаты, менің ойымша, әр ұстаздың кәсіби жетілуге деген талпынысы мен мақсатында орын алар болса, біздің елімізде бәсекеге қабылетті жас ұрпақ тәрбиеленіп, білім алып шығары анық.

Ол үшін не істеу керек? Әр істің бастауы бірінші мақсат пен талаптан басталады. Ең бірінші, әрине, мақсатымыз айқын, талабымыз нық болуы керек. Әр ұстаз өз тәжірибесінде үштілді қолдана білсе, бұл оның жасаған жұмысының жемісі болады деп ойлаймын.

Теңіз тамшыдан құралатыны сияқты, әр жасаған қадамымыз оңынан болса, үлкен бір істің жемісін берері хақ.

Ол үшін, қажырлы еңбек, талмас талап, қажымас қайрат болуы керек.

Әр істің нәтижелі аяқталуы үшін, әрине уақыт керек.

Уақытты тиімді пайдаланып, осы кезден қолға алатын болсақ, жақсы нәтижеге қол жеткізе аламыз деген пікірдемін.

Үштұғырлы тіл не үшін керек? Бұл сұраққа әрине жауап беру қиын емес. Себебі, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»-деп, Қадыр Мырза Әлі атамыз айтқанындай, жеті жұрттың тілін білу бұл - шеберлік, бұл-өнер. Тілді меңгерген адам қор болмақ емес, керісінше зор болмақ. Заманның талабы ғана емес, адамның өзін-өзі жетілдіруіне ғылым іздеп, білім алуына көмек. Басқа елдермен керегеміз кең, тереземіз тең болуы үшін, өзімізді жетілдіретін жарқын болашаққа бастар жолда, көп ізденіп, меңгеруіміз қажет.

Ана сүтімен дарыған туған тілімізді құрметтей отырып, өзге тілді оқып меңгеру арқылы өз еліміздің әдебиеті мен мәдениетін, тарихын бар әлемге паш ете аламыз.

Мен жас маман ретінде үштұғырлы тіл саясатын қолдай отырып, оны өз тәжірибемде қолдануды іске асырудамын.

Бейбіт елімізде белсенді, бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастыруда жұмыс жасап, өзіндік бір үлес қоссам екен деген арман, әр жас ұстаздың ойы мен мақсатында болмауы мүмкін емес.

Биылғы жыл-жастар жылы. Жалынды жастардың, жаңа идеяларға толы жақсы жаңалықтары көп болса, соның бірі осы үштұғырлы тіл саясатын қолдап, іске асыруда ерінбей еңбек ету.

Сөз соңында, еліміз еңселі елу елдің қатарына қосылуымен тоқтап қалмай, ең озық отыз елдің арасынан көрінуі үшін, кәсіби жетістіктің белгісі үштұғырлы тілді меңгере отырып, оны еліміздің ертеңі болар жас ұрпаққа меңгерту жолында қызмет жасау, өз Отаным алдындағы азаматтық борышым деп білемін!

Нұрсұлтан Диана Қайыржанқызы

Комментировать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ бесплатно!
Подробнее
Также Вас может заинтересовать
Иностранный язык
Разное по иностранному языку для 11 класса «Задание по английскому языку»
Иностранный язык
Презентации по иностранному языку для 7 класса «Презентация "Health is above wealth"»
Иностранный язык
Оценка знаний по иностранному языку для 7 класса «Letter task "News about my birthday"»
Иностранный язык
Уроки по иностранному языку для 11 класса «Childline (What is Bulling?)»
Комментарии
Добавить
публикацию
После добавления публикации на сайт, в личном кабинете вы сможете скачать бесплатно свидетельство и справку о публикации в СМИ.
Cвидетельство о публикации сразу
Получите свидетельство бесплатно сразу после добавления публикации.
Подробнее
Свидетельство за распространение педагогического опыта
Опубликует не менее 15 материалов и скачайте бесплатно.
Подробнее
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и скачайте рецензию бесплатно.
Подробнее
Свидетельство участника экспертной комиссии
Стать экспертом и скачать свидетельство бесплатно.
Подробнее
Помощь