Открытый ОУД

Конспект занятия
Сабитова Перизат Рымбековна
Содержимое публикации

Топ: 1-ші сәбилер "Ақбота" тобы

Ашық сабақ тақырыбы: "Менің үйім"
Мақсаты:

Білімділік: Балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін молайту. Отбасы және отбасы мүшелері туралы білімдерін тиянақтау. Үйлер туралы түсініктерін қалыптастыру, оларды ажыратып айта білуге үйрету. Геометриялық пішіндер мен түстер туралы білімдерін бекіту.

Дамытушылық : Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, зейінін, дамыту. Ойын барысында қимыл қозғалыстарын, қарым- қатынас дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты аялай білуге тәрбиелеу. Жақындарына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Ұжыммен бірлесіп жұмыс жасау дағдыларына тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал- жабдықтар: слайд,орман көрінісі , аю ,күшік, дидактикалық ойын.

Билингвалдық компонент: үй-дом ,ит-собака, аю-медведь,тиін-белка
Сабақтың барысы
Шаттық шеңбері:
"Отбасым-алтын бесігім"(музыкамен)

Тәрбиеші:Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз.
Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?

Балалар: -Отбасы тұрады
Тәрбиеші: Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір - бірімен тату - тәтті тұрады.
- Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.

Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?

Балалар: Отбасының
Тәрбиеші: Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.

Балалар бәріміздің де отбасымыз бар. Қане , айтып берейікші олар кімдер?

Балалар: ата, әже, әке, ана жене бала.

Тәрбиеші: Үй бізге не үшін керек?

Балалар: Біз онда тұрамыз.

Тәрбиеші: Үйдің төбесі қандай пішінге ұқсайды?

Балалар: Үшбұрышқа ұқсайды.

Тәрбиеші: Терезесі қандай пішінге ұқсайды?

Балалар: терезесі төртбұрышқа ұқсайды.

Тәрбиеші: Үйлер қандай болады , неден жасалады?

Балалар: жер үй және көп қабатты үйлер болады. Кірпіштен , ағаштан жасайды.

Тәрбиеші: Ал,енді балалар біздің отбасымыз сияқты аңдардың,құстардың да үйлері болады?

Қазір бәріміз қызықты саяхатқа шығамыз?(осы кезде паравоздың дауысы шығады) Балалар бұл ненің дыбысы?

Балалар: паравоздың

Тәрбиеші: біз саяхатқа осы паравозбен барамыз.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы мына жерде күшік ренжіп отыр ,ол үйін жасай алмапты көмектесеміз бе күшікке? Балалар иттің үйі қалай аталады?

Балалар: Үйшік

Тәрбиеші:Үйшік қандай геометриялық пішіндерден жасалады?

Балалар: төртбұрыш және үшбұрыш, дөңгелек.

Тәрбиеші : күшіктің үйін жасау үшін бізге бірінші қандай пішін керек?

Балалар: төртбұрыш пішіні

Тәрбиеші: Төртбұрыштың түсі қандай ?

Балалар: көк түсті, көк-синий

Тәрбиеші: шатырына қандай пішін керек?

Балалар: үшбұрыш

Тәрбиеші : үшбұрыштың түсі қандай?

Балалар: жасыл ,жасыл-зеленый.

Тәрбиеші: ал,есігіне біз дөңгелекті яғни шеңберді пайдаланамыз. Дөңгелек қандай түсі, неге ұқсайды?

Балалар: дөңгелек допқа, күнге ұқсайды.Дөңгелектің түсі қызыл. Қызыл-красный

Д/ойын: "Үйшік құрастыру"

Тәрбиеші: Балалар біз күшікке үйшік жасап бердік ,ол бізге рахметін айтып жатыр . Балалар сиқырлы баққа барғыларың келе ме? Онда орындарыңа жайғасыңдар.

Тәрбиеші: қараңдаршы балалар , мына жерде аңдар мен жәндік отыр , олар үйлерінен адасып қалыпты , көмектесеміз бе?

Балалар: көмектесейік.

Тәрбиеші: қандай аңдар мен жәндік екен, айтайықшы.

Балалар: тиін , тышқан, күшік, ара. (сөздік жұмысы)

Д/ойын: "Кімнің үйі"

Тәрбиеші: Тышқанның үйі - ін-мышиная нора , тиіннің үйі -дупло - иттің үйі -үйшік-домик, араның үйі - ұя-улей.

Тәрбиеші: балалар мына жерде жол бар екен, осы жолмен жүріп көрейікші, бізді қайда апарады екен.(музыкамен аюдың жүрісін салып жүру)

Сергіту сәті:"Аю-аю тұршы"

(Аю оянып үйінен шығады.)

Аю: (есінеп) Ой,рахмет балалар мені оятқандарыңа, ұйықтап қалыппын ғой көктем мезгілі де келіпті.Қош келдіңдер менің үйіме.

Тәрбиеші: Аю сенің үйің қалай аталады, балалардың білгісі келеді?

Аю: Менің үйім апан деп аталады.Апан-берлога. Келгендеріңе, мені оятқандарңа рахмет менің сендерге аздаған сыйлығым бар. Мінекей алыңдар.(Бал бөшкесіне салынған сыйлықтар).

Тәрбиеші: Бізге балабақшаға қайтатын уақыт келді . Орнымызға отырып балабақшаға қайтайық.

Міне ,бізде келдік ,балалар ,біздің балабақшамыз неше қабатты?

Дұрыс айтасыңдар . Неден жасалған? (Кірпіштен)

Қайда саяхатқа бардық? Аңдардың да өз үйлері болады екен, біз олармен таныстық.

Рефлексия :

Кішкентай үйіміз бар ( екі қолының саусақтарын қосып шатыр жасайды)

Шамы оның жағулы

Қабырғасы, қабырғасы (сұқ саусақтарымен оң және сол бетін көрсетеді)

Төбесі, (алақанымен маңдайына тигізеді)

Екі терезесі бар (сұқ саусағымен оң және сол көзін көрсетеді)

Мына жерде есігі бар. (сұқ саусағымен аузын көрсетеді)

Қоңырауды соғамыз "Дзинь" (саусағымен мұрынын көрсетеді)

Комментировать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ бесплатно!
Подробнее
Также Вас может заинтересовать
Окружающий мир
Окружающий мир
Разное по окружающему миру для дошкольников «Зимние забавы»
Окружающий мир
Окружающий мир
Презентации по окружающему миру для дошкольников «Презентация: "Памятники города Алапаевска"»
Окружающий мир
Презентации по окружающему миру для дошкольников «"Акулы- кто они?"»
Комментарии
Добавить
публикацию
После добавления публикации на сайт, в личном кабинете вы сможете скачать бесплатно свидетельство и справку о публикации в СМИ.
Cвидетельство о публикации сразу
Получите свидетельство бесплатно сразу после добавления публикации.
Подробнее
Свидетельство за распространение педагогического опыта
Опубликует не менее 15 материалов и скачайте бесплатно.
Подробнее
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и скачайте рецензию бесплатно.
Подробнее
Свидетельство участника экспертной комиссии
Стать экспертом и скачать свидетельство бесплатно.
Подробнее
Помощь