Күні: 10.12. 2016ж Сынып: 1 «в» | Қатысқандар саны: 27 Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Санның жартысы | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.1.5 2-ден 20-ға дейін сандық топтармен тура және кері санау; 2, 4, 6, 8, 10 сандарының жартысын практикалық амал арқылы табу | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы : 20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санайды; тәжірибе арқылы 2, 4, 6, 8, 10 заттың жартысын табады Көбі: 20-ға дейінгі сандар тізбегін/ондықтар мен 100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастырады; Кейбірі: 100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңдылық-тарын анықтайды. | ||
Жетістік критерийлері | Қосудың ауыстырымдылық қасиеті дағдысын дамыту; | ||
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыс | ана тілі сабағы,көркем еңбек | ||
АКТ қолдану дағдылары | таныстырылым. | ||
Тірек сөздер | жарты. | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы 2 минут | Шаттық шеңбері Өткенді пысықтау: | Шаттық шебері | |
Сабақтың ортасы 10 минут | Сыныптағы заттарды тәжірибеде екіге тең бөліп нәтижесінде тек саны жұп болып келген заттарды ғана екіге бөлуге болатынын үйренеді. Яғни 2, 4, 6, ..., 20 сандары. Себебі оқушылар “жұп сандар” деген терминмен таныс емес. Кіріспе тапсырма. Сабақты оқулықтағы “Сандары жұп заттардың жартысын табуға болады” ұғымды түсіндіру Осы мақсатта “Алты қонжықтың тең жартысы үш қонжық болады. екі бұтаққа суықторғайлар мен кептерлер тең бөлініп қона алады, себебі олардың саны 4 және 2; — екі бұтаққа қарлығаштар мен үйректер тең бөлініп қона алмайды, себебі олардың саны 1 мен 3 (сондай-ақ үйректер ағаштың бұтағына қона алмайды). Әр топтағы заттар санының жартысын тап. Оқушылар заттарды тең бөлуге тиісті және 10, 4, 8 сандарының жартысын табулары керек. Жауабы: а) 5 кітап; ә) 2 фломастер; б) 4 дәптер. | Оқулық суреттер | |
Сергіту сәті 1 минут | « Кім білгір?» ойыны Қосу мен азайтуға кері амалды ауызша кім шапшаң айтса,сол білгір болғаны. | ||
Дәптермен жұмыс: 10 минут Қосымша тапсырма 5 минут Сабақтың соңы 5 минут | Дәптердегі тапсырмаларды орындау. Оқушылар заттарды тең бөлуге тиісті және 10, 4, 8 сандарының жартысын табулары керек. Жауабы: а) 5 кітап; ә) 2 фломастер; б) 4 дәптер Оқушыларға тапсырманы өз бетінше орындауды ұсыныңыз. Оларға құмыралардағы гүлдерді санатыңыз. Тапсырманы әркімге жеке орындауды ұсыныңыз. Құмыралардағы гүлдердің саны туралы не ойлайтынын сұраңыз. Қызғалдақтың саны — 5, түймедақ — 12. 5 саны мен 12 санының айырмашылығын сұраңыз. Оқушылардың пікірін тыңдаңыз. Олар 12 түймедағын тең етіп бөлуге болатынын, ал 5 қызғалдақты тең етіп бөлуге болмайтыны туралы қорытынды жасайды. Жауабы: қызғалдағы бар құмырадан жарты гүлді бөліп алуға болмайды. | . |
Қорытындылау 2 минут | Рефлексия Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Бағдаршам арқылы |